«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


«ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ» АБАЙ



Pdf көрінісі
бет79/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

«ЛАЙ СУҒА МАЙ БІТПЕС ҚОЙ ӨТКЕНГЕ» АБАЙ
«
Түсінік: 
Кемел адам ойы қозғалады. Өзінің айналасынан оны түсінетін бір жан таппағанына өкініш біл-
діреді. Адам баласында мақсат болу керек, мақсатсыз өмір сүру мүмкін емес деген түпкі ойын анық айтқан.
Сонымен бірге адам өмірі таусылғанда «қайту» - ізсіз жоқ болу емес, керісінше берілген өмірді мәнді, ғи-
братты өткізу деген терең ойды жеткізеді.
«
«Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
Берген бе тәңірім саған өзге туыс?
Қыласың жер-жиһанды бір-ақ уыс.
Шарықтап шартараптан көңіл сорлы
Таппаған бір тыянақ не еткен қуыс?
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,


Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа104 махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі — дәһрі.
Өзгені ақыл ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен,
Талпынып тағы да ойлап зор қылады.
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.
Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,
Иілтіп екі басын ұстаған хақ.
Имек жолда тыянақ, тегістік жоқ,
Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.»
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІ:
«1 ҚАРА СӨЗ»
«
Түсінік: 
Өзінің жазуға, ақ қағаз бен қара сияға қалай келгені жайлы түсінік береді.
«
Маңызды деректер:
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлы-
стық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық;
қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған
өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет