Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.»
«САБЫРСЫЗ, АРСЫЗ, ЕРІНШЕК» АБАЙ
«
Түсінік:
Адамның ішкі жан дүниесі, оның бойындағы қасиеттер туралы, өзі өмір сүрген заманның кем-
кетіктерін әділ әрі өткір сынайды. Ел ішіне жік түсіріп қазақ халқын артқа тартатын жаман қасиеттерден
алыстамай, білімді әрі мәдениетті жұрттардың қатарына қосыла алмайтындығына алаңдаушылық білдіреді.
«
«Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін
Алты бақан алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі.
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сөйтіп құдай атады.
Бұл нең десе біреуге
Жоқ нәрсені шатады.
Құтылам деп ісінен,
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады.
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы
Үйде жаурап қатады.»
Достарыңызбен бөлісу: