ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын.
Әкем ол күні
Әулиеата шаһа-
рында екен.
Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де ха-
баршы жіберіпті.
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жегжат құтты болсынға жиналып
қалған екен.
«– Ақментей бабасындай батыр болсын!» «– Ақмоладағы Ба-
тырбасыдай мәрт болсын!» «– Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!» «–
Домалақ анамыз жар болсын!»
– десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты.
Той соңында
Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған
екен.
Жарық дүниеге келгеніме
екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шыға-
рып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш
отырғызып
жүр екен. «– Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді,» –
депті. Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмір-
лік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының ба-
сын қайта қосыпты
Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен.
Әжем жарықтық әкемді ба-
лаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше тал-
пынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты, өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол
есеп-қисапты, орыс алфавитін де білетін.
Жас күнінде ағаш ұста болыпты,
етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы
көрген.
Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күйінде қыз-келін-
шектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда та-
стамаған.
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті.
Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ
жатқа айта алмаушы еді.
Имаш бабамның көзі тірісінің өзінде біздің шағын ауылды
«Момыш ауылы»
дейді екен.
Достарыңызбен бөлісу: |