«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын



Pdf көрінісі
бет91/248
Дата18.09.2024
өлшемі3,69 Mb.
#204595
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248
Байланысты:
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау (1)

ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын.
Әкем ол күні 
Әулиеата шаһа-
рында екен.
Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып, әкеме де ха-
баршы жіберіпті.
Әулиеатадан әкем қайтып келгенде, ағайын-жегжат құтты болсынға жиналып
қалған екен. 
«– Ақментей бабасындай батыр болсын!» «– Ақмоладағы Ба-
тырбасыдай мәрт болсын!» «– Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!» «–
Домалақ анамыз жар болсын!»
– десіпті. Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты.
Той соңында 
Имаш атам алақан жайып, ел қарияларынан бата сұраған
екен.
Жарық дүниеге келгеніме
 екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шыға-
рып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш
отырғызып 
жүр екен. «– Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді,» –
депті. Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмір-
лік өнеге болсын деп, әкем сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының ба-
сын қайта қосыпты
Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен.
Әжем жарықтық әкемді ба-
лаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Әкем өз бетінше тал-
пынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты, өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол
есеп-қисапты, орыс алфавитін де білетін. 
Жас күнінде ағаш ұста болыпты,
етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы
көрген.
Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күйінде қыз-келін-
шектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда та-
стамаған.
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті.
Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ
жатқа айта алмаушы еді.
Имаш бабамның көзі тірісінің өзінде біздің шағын ауылды 
«Момыш ауылы»
дейді екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет