Әкем маған ататегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
«– Кімнің баласысың?» –
деп сұрайтын. «– Мен Момыштың ұлымын.» «– Момыш кімнің баласы?» «–
Момыш – Имаштың баласы.» Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып сана-
тады.
Бір күні үлкендермен амандасуды ұмытып кетіп, әкесінің сөзінен ұялып, үйге
қайта кіріп амандасқаны да бар.
Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді.
– Қозы маңырайды, бұзау
мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады... Әжем
бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл
сұңқар жайлы ертегілер айтатын. Осындай уақыт талқысы ғана, өмір өткелдері
ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл»,
«немақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды. Қазір жыл сайын ба-
ланың туған күнін тойлау дәстүрге сіңіп болған әдет. Ал менің балалық
шағымда туған жылды, туған күнді емес, мүшелді кезеңдерді тойлаушы еді.
Алғашқы мүшел – нәрестенің қырқынан шығатын күн. .
Екінші мүшел – бала-
ның жеті жасқа толған күні. Ендігі мүшел – 13 жас. «Он үште отау иесі» де-
ген мақал бар.
Әкем маған жастайымнан қазақша жыл қайыруды, күн мен ай аттарын,
жыл аттарын жаттатты.
«Тышқан жылы, сиыр жылы, жылан жылы, жылқы
жылы, мешін жылы, тауық жылы, доңыз жылы, қоян жылы, қой жылы, барыс
жылы, ит жылы, ұлу жылы» деп жаттаушы едім.
Достарыңызбен бөлісу: