Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет142/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

И ндустриялы ң қоғам дар
200 жыл бұрын Батыс Еуропада өндірістегі үшінші ірі төңкеріс жү- 
зеге асырылып, индустрияландыру өмірге келді. 
Индустриялық
қоғам 
- экономикасы механикалық, электр қуатын немесе қазба 
отын энергиясын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына емес, 
тауарлардың жаппай өндірісіне негізделген қоғам. Жануарлар мен 
адам еңбегінен жаппай өндіріске ойысу қалаларды өркендетіп, саяси, 
әлеуметтік және экономикалық институттарды өзгертті. Білім беру 
сияқты ескі институттар қанат жайып, ғылым, медицина және заң 
сияқты жаңа институттар пайда болды.
Индустриялық қоғамға ауысу gemeinschaft-тан gesellschaft-қа 
ойысу процесімен қатар жүрді (Brint, 2001). 
Gemeinschaft 
- адамдар 
айналасындағы жұрттың көпшілігімен тығыз жеке байланыс орна- 
татын қоғам. Ал 
gesellschaft 
кезінде жүрт бір-бірімен адами тұрғыда 
емес, тек қажеттілік тұрғысынан байланыс орнатады. Бүл бетбұрыс 
ауылшаруашылық қоғамдарынан бастау алған; фермалардан фабри- 
каға, қалаларға ауысу қарқыны артқан сайын бүл тенденция да кең 
қанат жая түсті.
Индустриялық қоғамдар -
ауылшаруашылық өнімдеріне 
жатпайтын тауарларды жаппай 
өндірумен сипатталады.
Gemeinschaft 
- адамдар өзара тығыз 
жеке байланыс орнататын қоғам.
Gesellschaft 
- адамдар өзара 
адами тұрғыда емес, қажеттілік 
тұргысынан байланыс орнататын 
қоғам.
Постиндустриялық қоғамда
ақпарат шығару мен қызмет 
көрсетуге баса назар аударылады.
П остиндустриялы қ қоғам дар
Соңғы бірер жылдың көлемінде АҚШ сияқты бақуатты мемлекеттер 
постиндустрнялық қоғамға 
жылдам ауысты. Индустриялық қоғам 
киім-кешек, көлік, компьютер сияқты заттарды жаппай өндірумен 
әйгілі болса, постиндустриялық қоғамдар ақпарат шығару мен қыз- 
мет көрсетуге баса назар аударады. Постиндустриялық жұмыстарға 
ғалым, дәрігер, бағдарлама жасаушы, сондай-ақ үй қызметшісі, Wal- 
Mart дүкенінің кіреберісіндегі қарсы алушы жатады. Ал индустрия- 
лык; өнім өндіру (киім тігу және компьютер өндірісі) біртіндеп Банг­
ладеш, Перу сияқты кедей елдерге көшті.
Постиндустриялық қоғамға көшу әлеуметтік институттардың 
салыстырмалы түрде ықпалын өзгертті. Постиндустриалдық әлем- 
де жүмыс орындары көп жалақы төленетін жұмыс (торт немесе одан 
да көпжылдық жоғары білімі барларды алатын) пен аз жалақы төле- 
нетін жұмыс (жоғары білімі жоқтарды алатын) болып екіге бөлінді. 
Сондықтан білімніңмаңызы артты. Соныменқатар қазір ақпараттық 
технологиялар барлық әлеуметтік институттарға зор ықпал етеді. Ол 
біздің отбасымызбен арадағы байланысымызға, дінді ұстануымызға, 
білім алуымызға және т.б. көп өзгеріс енгізіп жатыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет