Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет219/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

Стратификация құрылымының
түрлері
Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам- 
дарда байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар са- 
натын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы 
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Теңсіздік екі жағдайда:
• 
теңсіздік әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметтік- 
нормаларға сүйеніп, институттандырылса;
• 
теңсіздік адамның жеке қасиеттерінен гөрі топ мүшелігіне негіз- 
делсе (мысалы, үйдің үлкендері немесе «көк жағалы жүмысшы- 
лар» деп) - стратификацияга айналады.
Теңсіздікті талқылау барысьшда назар аударатын шектеулі ресурс- 
тар әдетте үшке бөлінеді: бедел, билік және байлық. Бедел де мәртебе си- 
яқты, яғни ол бір адамға немесе топқа ерекше әлеуметтік ізет-құрмет біл- 
діру. Билік-басқалардыңқалауына қарамастан, оларға ықпал ету немесе 
үстемдік көрсету арқылы өз еркін жүзеге асыру. Егер бедел, билік немесе 
байлық теңсіздігі әлеуметтік құрылымдар мен ұзақ мерзімді әлеуметгік 
нормаларға сүйенін, топтық мүшелікке негізделген болса - стратифика­
ция бар деген сөз.
Стратификация - әлеуметтік 
мәртебелерді шектеулі ресурстарға 
қолжетімділік тұрғысынан 
анықтайтын теңсіздіктің 
институттық құрылымы.
Бедел - бір адамға немесе топқа 
ерекше әлеуметтік ізет-құрмет 
білдіру, мәртебе деп те аталады.
Билік - басқалардың қалауына 
қарамастан, оларға ықпал ету 
немесе үстемдік көрсету арқылы өз 
еркін жүзеге асыру.
Касталық жүйелер шектеулі 
ресурстарды аскриптивті 
мәртебеге сәйкес үлестіреді.
Таптық жүйелер шектеулі 
ресурстарды қол жеткізген 
мәртебеге сәйкес үлестіреді.
Стратификация құрылымының түрлері
Стратификация - кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғамда 
байлыққа, беделге немесе билікке ие болуға лайық адамдар сана- 
тын анықтайтын қағидалар болады. Алайда теңсіздік құрылымы 
жағынан қоғамдардың бір-бірінен айырмашылығы көп.
Қоғамдар арасындағы басты айырмашылық теңсіздіктің белгілен- 
ген және қол жеткен мәртебелеріне негізделу деңгейінен туындайды. 
4-бөлімде айтылғандай, аскриптивті (белгіленген) мәртебе - туа біткен 
табиғи және мирас жолымен берілетін, өзгермейтін мәртебе.
Қол жеткізген мәртебе - адамның өмір жолында иеленетін мәрте- 
белері. Мысалы, афроамерикалық болу немесе ер адам болу - белгілен- 
ген мәртебе, ал сотталған, бұрын сотталған адам болу немесе дәрігер 
болу - қол жеткізген мәртебе.
Әрбір қоғам шектеулі ресурстарды кейбір белгіленген, кейбір 
қол жеткізген мәртебелерге қарай үлестіреді, бірақ олардың арасын- 
дағы тепе-теңдіктен айырмашылық басым. Шектеулі ресурстардың 
бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификация- 
ның қүрылымы касталық жүйелер деп аталады; қол жеткізген ста- 
тусқа негізделген қүрылым тапты қ жүйелер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет