САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА 397 Бұл тәсіл бүкіл ел бойынша қабылданған болатын. Кәсіпорын-
дар, зауыттар жабылып, жұмыс орындары қысқарады деген қауіпті
алға тартқаннан кейін жұмысшылар төмен жалақы мен жәрдемақы
алуға келіссе, қалалар кәсіпкерлерге салынатын салықты төмендегу-
ге келіскен.
Л И Б Е Р А Л Д Ы Қ ТӘСІЛ: Ү К ІМ Е Т САЯСАТЫ. Либералдар жеке табыс эконо-
микалық әрекеттің жалғыз ғана мақсаты болмауы керек дейді. Оның
орнына үкіметке жұмысшыларды қорғауды ұсынады. Сонымен қатар
либералдар (1) үкіметке жақсы жұмыспен қамтамасыз ететін сала-
ларға инвестиция құюға кеңес береді, (2) жұмысшылардың мүддесін
қорғау үшін корпоративтік бірігу мен кәсіпорындардың жабылуын
қадағалайды, (3) АҚШ-та өндірілген тауарларды бәсекеге қабілетті ету
және шетелдік тауарлардың АҚШ-тағы басымдылығын азайту үшін
субсидиялар мен қосымша төлемдер бөлуді қолдайды.
Сонымен қатар либералдар жұмысынан айырылғандарды қорғау үшін
әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қолдайды. Бұл саясат бойынша
жұмыссыздарға көлемді жәрдемақы беріледі, жұмыстан шығарылған-
дарды қайта даярлайтын бағдарламалар жасалады және корпорация-
ның талабымен жұмысшыларға зауыгтың жабылуы жайында алдын
ала ескертіледі. Мүндай саясат Батыс Еуропада әсіресе Скандинавия
елдерінде кең таралған.
Ә Л Е У М Е Т Т ІК И Н В Е С Т И Ц И Я Л Ы Қ Т Ә С ІЛ . Кейбір бақылаушылар (либе
ралдар да, консерваторлар да) төмен технологиялы жүмыс орында
ры - тек қана қаражат үнемдеу үшін, ал жоғары технологиялы жү-
мыс орындар ақша үнемдеумен қатар білімді жұмысшыларды табу
үшін шетелге ауысып жататынын айтады (Lohr, 2006). Бұл бақылау-
шылардың түжырымдауынша, АҚШ-та жоғары табысты жүмыс
орындарын (ақпараттық технологиялар және медициналық зерт-
теулер сияқты) сақтап қалу үшін америкалық студенттерді баста-
уыш мектептен жоғары мекгепке дейін ғылым және математика
түрғысынан жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ету керек.