Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет454/530
Дата18.09.2024
өлшемі30,13 Mb.
#204657
түріБағдарламасы
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   530
Байланысты:
Бринкерхоф Әлеуметтану негіздері

14.1-СЫЗБА. Батыстағы
демографиялық ауысу
Индустриалды қоғамға дейінгі Батыста 
туу және өлім көрсеткіші жоғары 
болатын. Өмір суру жағдайы жақсарған 
сайын өлім азайды, халықсаны өсті. 
Алайда туу да азайды. Осылайша, 
халықсаны тұрақталды. Бұл процесс 
демографиялық ауысу деп аталады.
Заманауи уақыт кезеңі


404
14-ТА РА У
дағы табыс белгілі бір межеге - шамамен 6 400 долларға жеткеннен кейін 
өмір жасының ұзаруы бай мен кедейдің арасындағы айырмашылықтың 
қысқаруына байланысты болады (Wilkinson, 1996). Міне, сондықтан ку- 
балықтардың өмір жасының ұзақтығы америкалықтармен бірдей болса, 
шведтер америкалықтардан да ұзақ өмір сүреді.
Фертильділік коэффициентінің төмендеуі
Өнеркәсіптік революция туу көрсеткішіне тікелей болмаса да эсер 
етті. Индустриализация урбанизациями арттырды, білім деңгейін 
көтерді және дамушы экономиканы нақты ілгерілетті. Зейнетақы 
мен басқа да әлеуметтік жәрдемақылар көбейді, сондықтан да қар- 
тайғанда қамқорлығын көру үшін көп бала туудың қажеті болмады 
(Friedlander & Okun, 1996). Сонымен қатар ата-аналар өлім-жітімнің 
азайғандыгына байланысты екі-үш баласы тірі қалар деген үмітпен 
сегіз-тоғыз баланы дүниеге әкелуін тоқтатты. Тіпті индустриализа­
ция алдыңғы буыннан өзгеше әрекет ету керек деген ойды туындат- 
ты. Осылайша, индустриализацияның қатысы жоқ салалардың өзін- 
де белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін бала санын жоспарлау 
ұғымы пайда болды. XIX ғасырдың аяғына қарай шағын отбасы үлгісі 
қанатын кеңге жая бастады (van de Walle & Knodel, 1980). Еуропа мен 
Солтүстік Америкада қазіргі кезеңде туу және өлім көрсеткіштері 
бірдей.
Батыстан өзге айм ақтағы
дем ограф иялы қ өзгерістер
Батыстан өзге нашар дамыған елдерде XX ғасырдың алғашқы онжыл- 
дығына дейін туу және өлім көрсеткіші индустриалдық қоғамға де- 
йінгі деңгейде қалып отырды. Кейінірек Латын Америкасы, Тайвань, 
Сингапур және Оңтүстік Корея сияқты елдерде экономикалық даму 
мен өмір сүру деңгейінің жақсаруына байланысты дәл Батыстағыдай 
туу және өлім көрсеткіштерінің күрт төмендеуіне алып келді.
Ең кедей елдерде жағдай өзгеше болды. Бұл елдерде өлім коэффици­
ент! тек XX ғасырдың екінші жартысында, санитарлық ахуал түзеліп, 
денсаулық сақтау жетілдірілген (әсіресе балаларға вакцина егіліп, іш 
өтуді емдеудің жаңа әдістері қолданыла бастағанда) кезде қысқара баста­
ды. Өлім-жітім азайып, туу көрсеткіші тұрақты деңгейде қалғандықтан, 
алғашқыда халық саны өсіп отырды. Кейіннен туу көрсеткіші де төмен- 
деп, халық санының артуы баяулады. Сонымен қатар Ботсвана, Свази­
ленд және Лесото сияқты СПИД аса асқынған елдерде өлім-жітім көбейіп, 
халық саны күрт кеміді (UNAIDS/WHO, 2007).
Х а л ы қ ж ә н е ә л е у м е т т і к
қ ұ р ы л ы м : е к і м ы с а л
Бұл тарауда екі елдегі - туу коэффициенті жоғары Гана және туу ко­
эффициент! томен Италиядағы әлеуметтік құрылым мен түрғындар 
арасындағы заманауи қарым-қатынастар зерттеледі.
14.2-сызбада «халық саны пирамидасы» арқылы екі ел тұрғын- 
дарының айырмашылығы суреттеледі. Пирамидада халық саны жас 
ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп көрсетілген. Ерлер сол жақта, 
ал әйелдер оң жақта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   530




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет