414
14-ТА РАУ
қатаң заң қабылданған соң төмендеді. Иммиграция 2008 жылға дей-
ін тұрақты өсіп отырды, кейін АҚШ-та
жұмыс орындары қысқарған
соң иммигранттардың қызығушылығы бәсеңдеді (Preston, 2009). Бола-
шақта иммиграция АҚШ экономикасының Мексика мен басқа да ел-
дерге қарағанда төзімділігі қандай болатынына байланысты.
АҚШ-қа шамамен жыл сайын 1 миллион иммигрант кіреді. Соңғы
иммигранттардың басым бөлігі - Латын Америкасынан немесе Азия-
дан келгендер. Иммигранттардың жартысы - көбінесе Мексикадан не
Орталық Америкадан келетіндер - шекарадан заңсыз өтуі мүмкін.
АҚШ иммигранттары екі топқа бөлінеді. Біріншісі - жоғары кәсіби
дайындығы бар, білімді, ағылшын тілін жақсы
меңгерген және заңды
жолмен келетін мамандар. Мысалға, үндістандық дәрігерлер мен ком
пьютер бағдарламашыларын айтуға болады. Екінші топ - білімі жоқ,
ағылшын тілінде сөйлей алмайтын, көбінесе шекарадан заңсыз өтетін-
дер. Бұл жұмысшылардың көпшілігі Латын Америкасынан келеді. Екі
топтың тағдыры мен олардың АҚШ-қа ықпалы әртүрлі.
Иммиграцияның арқасында АҚШ халық саны азаяды деп алаңда-
майды. Алайда елдің нәсілдік және этникалық қүрамы
қатты өзге-
реді. 2050 жылға қарай латынамерикалық иммигранттар мен «ақтар»
арасында туу көрсеткішінің төмендеуінен халықтың құрамдық үлесі
өзгереді болжам бар. Испантілді емес «ақтар» 2001 жылғы G9 пайыздан
50 пайызға дейін төмендеуі мүмкін (14.3-сызба.)
Көптеген иммигранттар,
заңдысы болсын, заңсызы болсын, өз
еліндегі экономикалық жүйенің жұтаңдығынан АҚШ-қа келеді. Бір
жағынан, АҚШ-та біліктілігі төмен, болмашы жалақыға жалданатын
жұмыс күшіне сұраныс бар. Бұрындары
иммигранттар қосымша та-
быс табу мақсатында АҚШ-қа қажеттіліктеріне қарай уақытша ғана
келіп-кетіп жұмыс істей алатын. Шекарадан өтуге тыйым салынған-
нан кейін елге бірнеше марте кіріп-шығу
қауіпті болып кеткендік-
тен иммигранттардың көбі АҚШ-та тұрақтап қалды (Massey, 2006).
Сонымен қатар шекара кесіп өтушілерге қысым көрсетуден де им
мигранттар саны азая қоймады. Зерттеушілер тәжірибесі көрсеткен-
дей, Мексиканың оңтүстігінен көшуге шешім қабылдаған 1000 адам-
ның барлығы да шекарадан өткен (Preston, 2009). Алайда АҚШ қазіргі
экономикалық дағдарыс салдарынан иммигранттар үшін
жайлы
болудан қалып, көшіп келушілер саны азайды.
Достарыңызбен бөлісу: