37
3.1. Бақылау әдісі
Бақылау әдісі–эксперименттік психологиядағы
ең алғашқы және ең кең
тараған зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бақылау арқылы зерттелуші
алғашқы эмпирикалық мәліметтерді алады. Ғылыми әдіс ретінде бақылау алдын
ала мақсат қоюды зерттеу міндеттерін және зерттеу болжамын шығаруды қажет
етеді. Бақылау барысында зерттелуші зерттетелетін объектілерге немесе
жағдайларға ешкандай әсер келтірмейді, яғни бұл бақылаулардың енжарлық
(пассивтілік) сипатын көрсетеді. Алайда, бақылау
барысында болып жатқан
өзгерістер толықтай тіркелініп отырады. Бақылауды эксперимент әдісімен
салыстыруда оның негізгі 2-крийтерий бөліп көрсетіледі.
бақылаудың пассивтілігі,
бақылаудың тікелейлігі
Тікелейлік сипаттағы критерий
бойынша бақыланған объект туралы қандай
да бір қорытындыларды шығарып, интерпретациялау қажеттілігі жоқ. Барлық
мәлімет бақылаушыға эмпирикалық тұрғыда берілген.
Ғылыми-психологиялық зерттеулерде бақылау әдісі - болжам қалыптастыру
көзі, ол басқа әдіс нәтижелерінің
дұрыстығын тексеру, зерттелетін объект
туралы қосымша ақпарат қажет болғанда жиі қолданылады. Бақылау - бұл
зерттелетін объектіні мақсатқа бағытталған жоспарлы түрде ұзақ уақыт бойы
қабылдау әдісі
15
. Бақылаудың ғылыми және қарапайым түрлерін ажыратуға
болады.
Бақылаудың басты ерекшелігі - мақсатқа бағыттылығы мен
жоспарлылығы. Бұл біріншіден, психологиялық
бақылау белгілі-бір
практикалық немесе теориялық мақсатқа бағындырылған, екіншіден, ол
алдын-ала ойластырылып, жасалған нақты жоспар арқылы жүзеге асады.
Бақылау әдісінің негізгі мақсаты:
объект туралы жоғары ақпарат алу,
тіркелген белгілердің қайталануы мен тұрақтылығын анықтау.
Қолдану аймағы:
зерттеу объектісі мен пәнін нақтылау барысындағы
болжамды ұсыну мен растау, зерттеу қорытындыларына түзету енгізу.
Негізгі нормативтік талаптары:
зерттеушінің
айқын позициясы,
дербестігі, жақындау формаларының шектеулігі, бақылау объектісімен
теңестірілуі. Бақылаудың жоспарлығы тіркелген белгілерді түсіндірудегі бір
мағыналылық белгілерді өз уақытында тіркеу мен дәлдік.
Пайдаланудағы шектеулер:
бақыланатын құбылыстардағы зерттеу жүргізу
кезіндегі өзгерістерін ғана бақылау. Өткен уақиғалар тек бақыланған, нақты
тіркелген жағдайда ғана есепке алынады. (аудио-видео жазу).
Бақылау бағдарламасы:
қолданбалы зерттеу бағдарламасының барлық
элементін құрайды. Мұндағы басты міндет - бақыланатын ситуацияның
15
Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебник для вузов:-СПб: Питер, 2003. –
230с
38
фактілерін жіктеу. Бұл жіктеу зерттеудің жалпы
концепциясына негізделуі
тиіс.
Обьектісі
- әлеуметтік қауым, ұжым, топ, индивид және олардың түрлі
ситуациялардағы жағдайлары.
Пәні:
бақыланатын объект іс-әрекет факторлары, қасиеттері, белгілері,
ерекшеліктері, заңдылықтары т.б.
Шарты:
бақыланатын объектінің ситуациялық жағдайына қойылатын
талаптар (бұл талап бойынша объект бақылауға жату, жатпауы анықталады.)
Ситуация:
табиғи
немесе эксперименттік, бақылаушыға бағынатын немесе
бағынбайтын, ұйымдастырылған немесе кенеттен пайда болған, қалыпты
немесе экстремалды болуы мүмкін.
Бақылауға болатын психикалық құбылыстарға
: тұлға аралық қарым -қатынас
ерекшеліктері, индивидтің іс-әрекеті оның сыртқы формасы, тілдік сана (сөз
арқылы сана деңгейін бақылау), эмоцияларды қалыптастырудың сыртқы
(экспрессивті) формалары, тұлғалық қырлар және т.б.
Бақылау бірлігі:
бақылау объектісінің қарапайым немесе күрделі
әрекеттерінің актісі.
Бақылау категориясы:
бақыланатын объектінің
бақылау барысында
тіркелетін эмпирикалық белгілері. Бұл категориялар
сипаттаушы
немесе
бағалаушы
сипатта болуы мүмкін. Әрбір белгі зерттеу мәселесінің жайттық
және сандық-сапалық сипатын береді.
Сипаттау категориясы
- объект қасиетінің нақты көрінетін тіркелуі.
Бағалау категориясы
- бақылау қасиеттерінің көріну жағдайларына баға
береді.
Бақылау күнделігі:
бақылау нәтижелерінің ресми немесе ресми емес
түріндегі тіркелуіне арналған әдістемелік құжат болып табылады.
Бақылау
күнделігіне зерттеуші тек бақыланатын объекті туралы мәліметтерді ғана
емес, бақылау барысындағы өз әрекеттерін бағалап тіркейді.
Бақылау карточкасы:
Бақылау белгілерінің қатаң ресми, көбіне кодталған
түрінде тіркеуге арналған әдістемелік құжат. Бақылаушы бірнеше карточка
пайдалануы мүмкін.
Бақылау протоколы:
бақылау нәтижелерінің формальды және формальды
емес процедураларындағы комбинациялық тіркеуге арналған әдістемелік құжат
болып табылады.
Бақылаудың келісім коэффициенті.
Бір мезгілде түрлі
бақылаушылар
арқылы алынған мәліметтердің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Бақылаудың тұрақтылық коэффициенті
- әр кезде алынған мәліметтердің
сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Бақылаудың сенімділік коэффициенті
- түрлі бақылаушылардың әр түрлі
кезеңдерді алған нәтижелерінің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш
16
.
16
Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований: Учеб. пособие.