Болтаева ә. М


Бақылау әдісінің жетістігі мен кемшілігі



Pdf көрінісі
бет33/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Бақылау әдісінің жетістігі мен кемшілігі.
Бақылау әдістігінің басты жетістігі
– зерттелетін объектідегі түрлі
өзгерістердің пайда болған «сәтін» тіркеу, бақылаудың тікелей процесте жүруі
болып табылады. Бұл көбіне топтарды, олардың қарым –қатынасын,
шиеленістерді т.б. зерттеулерде маңызды болып табылады. 
Кемшіліктері:
а) зерттеушінің қабылдау мүмкіндігінің шектеулілігі, яғни, ол маңызды
сәттерді жіберіп алуы мүмкін; 
б) зерттеушіні қызықтыратын сұрақтар бойынша бақылаушылар пікірі мен
тұжырымдарын бақылау арқылы білу мүмкін емес; 
в) бақыланатын жайттарды тіркеу қиынға соғатын жүріс-тұрыс формалары
эмоционалдық көрінулердің болуы; 
г) Бақылаудың адами және финанстық ресурстарды, уақыт жағынан
ұзақтылықты талап ететін қиын процесс екендігімен сипатталады.
д) субъективтілік және ретроспективтілік (өткен уақыттың қайтіп келмеуі).
Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері. 
Бақылаушы мен бақыланатын объекті арасындағы байланыс.
Зерттеуші
құбылыстар мен процестерді бақылаушы болумен қатар, өзі сол қоғамның
бөлшегі болып табылады. Осы өзара тығыз байланыс зерттеушінің объектіні
қабылдау, түсіну, талдау кезінде ықпал етеді. 
Зерттеушінің объектілерді қабылдаудағы эмоционалдығы
. Бұл бақылаудың 
субъективтілігі мен бақылау нәтижелерінің бұрмалануына себеп болуы мүмкін.
Қайталап бақылаудың күрделілігі.
Бұл кез-келген бақылау түрлі
факторлардың әсеріне ұшырайтынынан туады. Сондықтан да, бақылауға
алдын-ала жоғары дайындық әрі бір құбылыс туралы бірнеше бақылаудан
кейін ғана тұжырым жасау қажеттігі. 
Бақылау әдісін жүргізудегі объективті қиындықтар
,
біріншіден,
барлық
әлеуметтік фактілердің ғылыми бақылауға келмейтіні,
екіншіден,
барлық
бақыланатын фактілердің уақыты жағынан шектеулігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет