Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Сансызбай мен Хореннің айқасы



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Сансызбай мен Хореннің айқасы 
…Кәпір қалмақ жөнеді, 
Қаһарланып келеді, 
Дәл он бір күн болғанда 
Сансызбайдың қарасын 
Хорен қалмақ көреді… 
Алладан дәрмен сұрады, 
Жібек пенен Шегені 
Ілгері қарай жөнелтіп, 
Келетін кәпір қалмақтың 
Жолын тосып Сансызбай, 
Көлденең тартып тұрады. 
…Сансызбайдың қасына 
Хорен жетіп келеді. 
Келіп сөйлей береді: 
- Қарсы алдыңнан қарасам, 
Жасың кіші баласың, 
Оттай қаулап жанасың, 
Менің атым - хан Хорен, 
Неден үміт қыласың? 
Мен жайымды сөйлесем… 
Сансызбай сонда сөйлейді: 
- Хорен қалмақ сен болсаң, 
Сансызбай бала мен едім, 


54 
Мен де өзіңдей кең едім. 
Жібек сынды жеңгемді 
Елімнен іздеп кеп едім, 
Жеңгемді тауып алған соң, 
Мәжет тілеп Алладан, 
Еліме алып жөнедім… 
Сонда қалмақ сөйлейді: 
- Қарсы алдыңнан қарасам, 
Жасың кіші жас ұлсың, 
Кезегімді бер, - дейді. 
Сансызбай атты жас берен 
Толғана мойнын бұрады, 
Алладан пәрмен сұрады… 
Кезегін беріп қалмақтың, 
Қасқайып қарап тұрады. 
Атаңа лағынет қу қалмақ, 
Қорамсаққа қол салды, 
Бір салғанда мол салды. 
Садақты қолға алады, 
Толықсып тұрған баланы 
Толғап тартып қалады. 
Кірестен оғы кетеді, 
Сансызбайға жетеді. 
Тоғыз қабат сауыттың 
Сегізінен өтеді. 
Өтер еді мұнан да, 
Жібермеді бұл оқты, 
Ғayас-Ғаяс, қырық шілтен 
Болған екен панасы… 
- Қор қылма, - деп, - кәпірге, 
Алладан пәрмен сұрайды. 
Бұлайша толғап Сансызбай 
Қорамсаққа қол салды, 
Бір салғанда мол салды, 
Садақты қолға алады, 
Толықсып тұрған кәпірді 
Толғап тартып қалады. 
Зырқырап оғы кетеді, 
Қалмаққа таман жетеді, 
Көкірек қысқан көбеден, 
Қармаулы қабыл жебеден, 
Зырлауменен өтеді… 
Оқ тоқтаған кезінде 
Хорен аттан құлады, 
Туы қолдан сұлады… 


55 
Шүкір қылып Аллаға, 
Кәпір жаудан құтылып, 
Бірнеше күн жол жүріп, 
Еліне аман келеді. 
Ата-анасын қуантып, 
Қырық күн ұдай той қылып, 
Сансызбай Жібекті алады. 
Сипатын көріп Жібектің 
Ел-жұрты қайран қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет