Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Қыз Жібектің түс көруі 
…Әлқисса, Төлеген үш ай қалыңдық ойнап, бір күні еліне қайтпақ болып, аттарын 
байлап қойып, таңнан жүреміз деп отырған күні Жібек түс көреді. Түсінен шошып оянып, 
кіші жеңгесін шақырып алып, былай деді: 
- «Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау, 
Төлегенге барып кел, 
Тілімді алса жүрмесін. 
Ата-анасы бар ма екен, 
Жал-құйрығы сай ма екен, 
Я болмаса, құдай-ай, 
Қаңғырып өскен қу ма екен? 
Атасының аты кім болар, 
Анасының аты кім болар, 
Сұрап келгін, жеңеше-ау, 
Қандай заман күн болар. 
Мен бүгін бір түс көрдім, 
Түсімде жаман іс көрдім. 
Төлеген мінген көк жорға ат 
Ер тоқымсыз бос көрдім. 
Ел жайлаған Ақжайық, 
Жағалай біткен бидайық. 
Алдында жанған шырағым, 
Біреу үрлеп өшіріп, 
Көзімнен болды сол ғайып. 
Қолымдағы түйғынның 


49 
Зулап келіп аспаннан, 
Желкесінен қиды бидайық. 
Пендем десең, құдай-ай, 
Бұл түс емес еді ғой - 
Көруге маған ылайық. 
Айналайын, жеңеше-ау, 
Төлегеннің мен білдім, 
Бір кеткен соң келмесін. 
Жарық дүние опасыз, 
Білдім көзге ілмесін». 
 
Базарбайдың теріс батасы 
Әлқисса, Төлеген неше милләт жол жүріп, еліне келеді. Сау-сәлеметтікпен ата-
анасымен қосылып, той жасады, тойдың үстінде Базарбай баласынан жауап сұрады: 
- Қандай адамға құда болдың? - деді. Төлеген барлығын баян етеді. Сонда Базарбай 
айтты: 
- Шырағым, қайныңа енді қашан барасың? - деді. Төлеген айтты: 
- Жазғытұрым барамын, - деді. 
Атасы айтты: 
- Шырағым, мен бір тілек тілейін, бересің бе, бермейсің бе? Ендігі жылы осы 
уақытқа шейін бармағын, онан кейін өзім қасыңа көп әскер қосып жіберейін, тілегімді 
бердің бе? - деді. Онда Төлеген айтты: 
- Ата, ел елден артық болмайды екен, ешкімнің қызын көргенім жоқ, жақтырғаным 
да жоқ, немді берейін, - деп шығып кетті. Сонда Базарбай кеп жұртына айтты: 
- Бұл балам тілімді алмады, тілегімді бермеді, Төлеген қайнына барамын десе, 
маған - көргенің ұстап, байлап алып келіп беріңдер, егер қошамет етіп, біреуің жолдас 
болсаң, қолымды жайып теріс бата беремін, - деді. Қарияның бұл сөзінен қорқып, жұрт 
ұстап бермекші болды. 
Асып туған Төлеген 
Жағалбайлы халқынан 
Жабдықтап атын мінеді, 
Гауһар, лағыл, алтыннан. 
Жолдас ермей елінен 
Жалғыз өзі жөнеді, 
Бір ғашықтың зарпынан. 
Қаздың дауысын есітіп, 
Сабыр етіп түрмады, 
Дүниеге мойын бүрмады. 
Кетіп бара жатқанда - 
Сансызбай жылап жүгірді, 
Төлегеннің артынан. 
Рахымы түсті басына, 
Көзден аққан жасына, 
Қу бауыры қия алмай, 
Қайырылып келді қасына. 


50 
Сансызбайдың Төлеген 
Пәруана болды басына. 
Бала келді жүгіріп, 
Аш күзендей бүгіліп. 
Төлеген тұрды кете алмай, 
Көзінен ағып қанды жас, 
Қандай қиын бауырлас, 
Бордай болып үгіліп. 
Қабырғасы сөгіліп. 
Сөйлегенде бүй деді: 
- «Айналайын қарағым, 
Жауға барсам, жарағым, 
Қабырғамда қанатым, 
Артымдағы жалғызым, 
Жетегімде жан атым! 
Айналайын, жылама, 
Жібек сынды жеңгеңді, 
Алып келуге барамын…» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет