Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Лепсі мен Ақсу бойында 
Станицаның жарты жолында Лепсіге таяу Арғанатыдан Лепсі бекетіне дейін бірақ 
таулар сілемі жатады. Оның арғы жағында жер сипаты мүлдем өзгереді. Бұл тау сілемдерінің 
түстігінде айналасын қамыс басып кеткен көл жатыр. Жазда ол құрғап қалатын сияқты. 
Көктемде Лепсі суының жайылуына орай айнадай жарқырап жатады. 
Оған біз күн батар алдында жеттік. Қаздардың қаңқылы құлақ құрышын қандырады. Ал 
бүл өңірде аса көп құрбақаның айрықша бір түрінің үні құлақты жарады. Сондықтан біз 
құлағымызға мақта тығып алдық. Өзеннің жағасында тауға қарай Лепсінің сағасына таман 
қазақ бейіттері көрінді. Оларда тіпті сан жоқ. Қыстаулардың жұртын жолда көргенбіз. Ал бұл 
өңірде ауылдар бар. Бейіттерге қарағанда осы өңір рулардың жиынтық қонысы болған сияқты. 
Дәл қазір қазақтар Балқаштың қамысын қыстап отыр. Ал жазда тауға тартады. Бұл араға 
көктеу мен күздеуде он шақты күн тыныс алып тынығып кету үшін ғана тоқтайтын тәрізді. 
Бұл көлдің арғы жағында Лепсінің дәл өзіне дейін бұйрат-бұйрат құмдар. Құмы және 


71 
сусымалы. Қамыс пен ши жеткілікті. Ара-тұра көкпек, шеңгел, ақтаспа ұшырасады. 
Өсімдігінің бар болғаны - осы. Құмда тасбақа мен жылан өріп жүр. 
Осы тұстан Лепсінің айдын ағысы ашылды. Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау 
алып, Балқашқа құяды. Оның суы терең. Жағасында қалың тоғай өседі. Шынар, көктерек, 
қызылтал, жиде, шілік сияқты бұталы ағаштар көп. Сағасы қалың нар қамыстан көрінбейді. 
Қамыстың арасы – бықыған құс. Ара-тұра жолбарыс та ұшырасады. Бірде жолбарыс бекеттің 
күзетшісін жарып кетіпті. 
Бұл өңірдің ауа райы әрқалай. Ақпанның аяғына таман қар болмапты. Пасха 
мейрамының алдындағы аптада бекетшілер қаз жұмыртқасына лық тойса керек. Бұл жазықта 
кесіртке мен бүйілер көп деп сендіреді. Бұдан бірнеше жыл бұрын осы өзен орыс иелігінің 
түстіктегі шегарасы болыпты. Сондықтан бұл арқылы өтуге тыйым салынған екен. Ал қазір… 
қазір мәселе басқаша. 
Түнде Басқаннан өтіп, ертеңгілік Ақсуға жеттік. Лепсі сияқты Ақсу арқылы өтетін де 
өткел бар. 
Ақсу өзенінің ағысы қатты. Жағасы қызыл талға бай, әрі бір тегіс. Тақтайдай тегіс дала 
Лепсіге дейін созылып, одан Қисықауыз тауларына ұласады. 
Ақсудан көзімізге Алатаудың таулы шыңдары шалынды. Одан әрі көгілдір таулар 
асқақтап, бұлтпен астасып кетеді екен. Әредік шыңдар бұлт арасынан жалт етіп шығып, 
көтеріліп келе жатқан күннің арайымен алтын қызыл реңкке боянады. Суреті көз 
қарықтырардай ғажайып. Ал мынау Қисықауыз болса, Алатауға қарағанда, жүз жасаған 
еменнің түбінде өсіп түрған шөп сияқты. Біз жүріп келе жатқан дала теп-тегіс. Жусаннан 
басқа қылтанақ жоқ деуге болады. Оң жақта да, сол жақта да бекініс сияқты бейіттер көз 
алдырмайды. Көбі төрт құлақты зираттар. Жол-жөнекей жайылып жатқан үйір-үйір 
жылқылар, отар-отар қойлар, қазақ үйлері көзге шалынады. Бізді көрген бойда қазақтар көзге 
түспей жедел кетіп қалуға тырысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет