Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

ЫСТЫҚКӨЛ САПАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ 
Семейден шыққанда… 
Сәуірдің 18-жаңасында Семейден біз Аягөзге аттандық. Жол сусыз сортаң далада анда-
санда бір кезігетін казак бекеттері арқылы өтеді екен. Алғашқы көкті де біз сол станицалардан 
ұшыраттық. Жолға шыққан күніміз жайма-шуақ болып, бозторғайлар шырылдап, әдеттегі 
әніне басып тұрды. Саздауыт шабындықтардан, көлшіктерден үйректің талай тұқымын 
кездестірдік, әсіресе Атырау өлкесінде кең тараған тұрпаң аталатын үйректер көп-ақ. 
Бұлардың өзі кермек суды жақсы көреді. Ал қырда ондай су аз кездеспейді ғой. Өсімдік 
дегеннен пішендік шөптер баршылық, сәбізжапырақ пен бақбақ жиі. Тобылғы мен қараған 
әжептәуір екен, бірақ әлі жапырақ жайып үлгермепті. 
Аягөзде… 
Аягөз қасқа жолының бойындағы бекеттердің барлығы құдық суын пайдаланады. 
Аягөздің өзіне дейін ғана алты құдық бар. 
Осынау сортаң дала Аягөзге қарай жоталанып, Арқат тауына үласады да, одан әрі тағы 
еңіске қарай құлдилайды. Қалай айтқанмен де, Аягөз жотасы Ертіс қырқаларынан биігірек. 
Арқат тауларының тік шаншылған шыңдары мұнартып алыстан көз тартады. Сонысымен 
біркелкі сүреңсіз жолға тың бір серпін береді. Арқат тауларының мал отының молдығымен 
аты шыққан. Сондықтан Аягөз дуанына қарасты найман мен уақ болыстарының қыстақтары 
соның баурайына шоғырланған. 
…Айдың 20-жаңасында түнделетіп, біз Аягөзге келдік. Аягөз дегенің - шағын ғана 
станица. Мұнда дуанның найман руын басқаратын әкімі тұрады. Кенттің негізі 1824 жылы 
қаланған. 
Кешкісін біз Аягөзден шығып, Аягөз өзеніне құятын Тумырзаның ағысын бойлай 
отырып, өзеннің оң жағалауымен құз-жартасты қырқаларды басып, Қапал жолының 
бойындағы бірінші бекет - Көне Аягөзге келдік. 
Аягөзді жағалай отырып, біз табиғаттың тылсымына әбден бойладық. Дала теп-тегіс
жап-жасыл кілем жауып тастағандай. Қараған мен тобылғының және шіліктің жапырақтары 
жайылып, маужырап тұр. Шамасы, түстікке тән шуақты күннің қызуы табиғатты түгел 
исіндірген сияқты. Тау арасындағы сай-жылғаның барлығы қаулап өскен сәбізжапырақтан 
көрінбейді. Жиде, итмұрын, сәмбіталмен көмкерілген өзен жағасындағы тоғайдан көктеректер 
андағайлап, үш күн сортаң даламен жүріп құлазыған көңілге тәтті бір сезім себелегендей. 
Сортаң далада анда-санда бір ұшырасқан түп-түп ши мен қараған, тобылғыдан басқа ештеңе 
көзге түспеп еді. Жағаның көгорай шалғыны таптырмас жемшөп, ал тоғайлар қысқы боран 
мен бұрқасыннан күшті қорғаныш. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Аягөздің ағысы жырға 
қосылуы тегін де емес қой. 
Айнала қырдың айтақыр шөлейт екеніне қарамастан, Аягөз, шынында, да жұмақ 
сияқты көрінеді. Биігірек келген сол жағалауы шалғыны ат бауырынан келетін жылғалар мен 
шұрайлы шабындық. Сондықтан да ол орыстар келіп, бекеттері түспей тұрғанда қазақтардың 
тұрақты жайлауы болған. Қазақтар казак-орыстардың көршілігінен қорқады. Мұның нендей 
себептен туғанын қазір тап басып айту қиын. Әйткенмен, өзін-өзі сақтау сезіміне жететін не 
бар! Өз басым Аягөзге таңдай қағып, таңырқап қатты құмартамын. Бәлкім, бұл айдай ару 
Баянның алтын басты Қозы Көрпешке ғашықтығы жөніндегі жыр-дастанның әсері болар. Ол 
оқиғаның осы өзеннің бойында өтуінің маңызы аз болмасқа керек. Біз оған (Қозы Көрпеш 
мазары) ертеңгілік жетіп, сәресі шайын мазардың түбінде ішкіміз келді. Жол-жөнекей шайды 


70 
көбіне қираған кенттің жұртында немесе ежелгі мазарлардың түбінде ішіп келеміз. Мұның өзі 
өткенді ой елегінен өткізіп, ертеңге көз жіберуге итермелейді. Сол мақсатпен ат айдаушыға 
алдын ала тапсырма беріп қойғанбыз. Күн шашырап шығып, бозторғайлар шырылдап 
алғашқы әніне басқанда, қараңғылық сейіліп, түнгі бұлт терістікке қарай жөңкіп, шығыстан 
арайланып алтын күн шапақ шашқанда, ағаштардың басы нұрға шомылып, судың бетіне 
алтын шашырағандай болған ғажайып бір сәтте мазарға жететін болайық деп шешкенбіз. 
Адам ойланады да, Алла оңғарады ғой әманда. Түні бойы сабалап жаңбыр жауып, 
тарантастың шатырын ұрғылады да тұрды. Болдырған аттар сазда тайғанақтап, аяңмен әрең 
ілбіп отырды. Қамшының шартылы мен шаршаған аттардың пысқыруы, жәмшіктің шу-шуі 
ғана жаңбырдың біркелкі тысырын арагідік бөліп қояды. 
Түн сұмдық болды. Жол жүру де қиындай түсті. Жаңбыр алдын ала ойластырған 
жоспарымызды бұзып кетпес пе екен деген күдікпен әлденеше мәрте ат айдаушыдан: «Қалай, 
жаңбыр басылатын емес пе, күннің айығатын түрі бар ма?» - деп сұрадым. Бақайшағына дейін 
малшынған делбеші: «Жоқ», - деп бір бұрқ етеді де: «Бұл ауа райына не қыларсың, брр!» - деп 
етегіндегі суды бір сілкіп тастайды. Ат айдаушыны жаным аяп келеді. Шапшаң жүріп отырсақ 
қой, баяғыда-ақ жылы пештің үстінде қорылдап ұйықтап жатар ек? Баян сұлудың ескерткішін 
көре алмай қалсақ қой, өкініштің көкесі - сол. 
Осылай біз бір сағат жүрдік. 
- Жоғары мәртебелім, - деді бір мезгілде делбеші, - Міне, мазарға да жеттік. 
Сыртқа басымды шығардым. Бұлыңғыр күн жабырқау бұлттың арасынан сығалай 
бастапты. Аспанды түп-түгел алба-жұлба, айбақ-сайбақ қара бұлт торлап алған. 
Бұрынғысынша себелеп жаңбыр жауып түр. Ақ көбікке оранған аттар саздауыт жердің сортаң 
балшығынан аяғын әрең алып келеді. Сол жақта өзеннің арғы бетіндегі бәйтеректердің 
арасынан мазардың тік шаншылған мұнарасы көзге шалынды. Мазар қызыл кірпіштен өріп 
қаланған сияқты. Мұндай күнде шай ішіп ауыз жылыту жөнінде де, тіпті мынау қазақтың 
ежелгі мұрасын қызықтау жөнінде де ойлаудың өзі әбес. 
- Зайыры өзен тасып кеткен-ау деймін, жоғары мәртебелім. Арғы жаққа өте алмайсыз, - 
деді менің ішкі пікірімді сезіп түрғандай, ат айдаушы. 
- Онда алға жылжи бер, қайтар жолда көрерміз, - деп тонымды қымтанып, оң жамбасқа 
аунап түстім де, ұйықтап алғалы көзімді жұмдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет