72
ақ келеді, үлкендігі алақандай. Бұл сөзді қазақтар да бекіте түседі. Шелектің жоғарғы жағында
бетегеден басқа шөп өспесе де, қандай қары қалың қатты қыстың өзінде мал шығыны
болмайды. Ешқандай боран болғанын сексен жылдан бері қариялар білген емес. Шелек
бойындағы Алатау жоталарын шыршалы орман әдіптеп жатыр. Шелек жағасындағы жазықта
жусан мен қызғалдақтан басқа мал азығындық шөп шамалы.
Оның есесіне жаға шілікке,
жидеге, тобылғы мен жыңғылға, итмұрын мен талға сыңсып тұр. Бұл бұталар өзеннің екі
жағынан жасыл алқап жасайды. Өзеннің орта ағысына таман оны қоршап тұрған шілік тал
биік тоғай құрайды. Оны қазақтар Бауағаш атайды. Ілеге барып құяр тұста бұл тоғайды қамыс
пен сексеуіл басып кетеді. «Шелек пен Іледен құралатын Қаратұрыққа дейінгі мүйісте
жағалауға жақын жақсы шабындық болады» дейді жергілікті жердің адамдары.
Тауға таман
бұл алқапта тек шеңгел мен ши ғана өседі.
Қаратұрықтан Шелекке дейін сол жақ қолда, қазақтар белгілі батыр Қорамның бейітіне
байланысты Қорам атап кеткен, жылап ағып жататын жылға бар. Жолды жағалап жүріп
отырады да, аяғы келіп Шелекке жақындағанда сазға айналып, елді шабындыққа кенелтеді.
Оның құрғақ екінші басында бекіністердің жұрты,
былайша айтқанда, жар жатыр. Оның
түбінен құдық қазылған. Қазақтардың аңызына қарағанда, бұл арада қалмақ бекеті болған.
Абылай хан ол бекетті талқандап, Шелек алқабын дінсіздерден тазартқан. Шелектің өзінде
Бауағаштан жоғарырақ тағы бір әйдік қорғанның жұрты жатыр.
Сарбағыштар маған марқұм
Орман батыр бұл жерді қоныстанған кезде әйелдер мен балалар меруерт-маржан алқа және
басқа заттар тапқанын айтты. Ал өзім болсам, алғашқы қорғаннан балшық құмыралардың
сынығын таптым.
Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын керуен жолы Темірлік арқылы Қарқараға түседі.
Екінші бір жол бұдан қолайлырақ. Ол Шелектің жоғарғы
жағынан Сөгеті тауын бойлап,
Сөгеті асуынан асып, Торайғыр тауына тартады. Сөйтіп, Үш Мерке арқылы Қарқараға түседі.
Шарын жазығында Қарқараға баратын Темірлік жолы Меркімен ұштасып, бірден-бір өткел
Санташ арқылы өтеді.
Темірлік жолы қолайлырақ. Тіпті дөңгелекті көлікпен жүруге де болады. Бір ғана бөгет
– Темірлік өзенінің ағысынан пайда болған сай ғана. Сөгеті мен Мерке арқылы өтетін жол
түйе
керуеніне қолайлы болғанымен, доңғалаққа қиын. Ал біздің жасағымызда бір арба мен
бір шағын зеңбірек болатын. Сондықтан да зеңбірек пен арбаны түйеге теңдеп, Сөгеті арқылы
өтетін жолды таңдадық.
Достарыңызбен бөлісу: