Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Алатау қырғыздары жыршысы



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Алатау қырғыздары жыршысы 
Мамырдың 26-жаңасында маған Алатау қырғыздарының жыршысы келіп кетті. Ол 
«Манас» дастанын жатқа айтады. Дастанның тілі ауызекі сөзге қарағанда әлдеқайда түсінікті. 
Жырдың қаһарманы Манас – ноғайлы. Тек оның мінез-құлқы шығыс халқына 
ұқсамайды. Оләкесіне тіл тигізіп, малын айдап кетеді. Үлкенді сыйлап, сыпайылық таныту 
жағы нашар. Мұнысы бір ғажап. Жалпы көшпелі жұрт қарттықты қастерлеп, қарттарды 
сыйлайды, олардың арасында ақсақалдан құрметті кісі жоқ. Дастанда Шу, Ташкент, Іле және 
Ыстықкөлде үш бірдей халық ноғайлар, қазақтар мен қырғыздар тоқайласады. Зайыры, олар 
бұрын жақындаспаған сияқты. Барлығының да көлдің төңірегіне қоныстануы, айтуға 
қарағанда, жетпіс жылдан көп аспайды. Тау қырғыздарына ноғайлылардың аңыздары ежелден 
әйгілі болса керек. Олар Едігені жақсы біледі. Әңгімесі де қазақтардыкіне ұқсас. Олар да: 
Орманбет би өлгенде, 
Он сан ноғай бүлгенде, 
Қара орманды өрт шалды, 
Көкіректі дерт шалды, -
деп жырлайды. 
Бір ғажабы, ноғайлылықтар Орта Азияның барлық көшпенділерінің күллі аңыз-
әңгімесінде қоса жүреді. Ташкент ноғайлары «Манас» жырында да кездеседі. Жәнібек пен 
Асанқайғы мұнда да мәшһүр. Елді бөріктіріп, бүлдірген қазақтардың Ала тайы бұларда да бар. 
Ноғайлылар жөнінде жыр да жеткілікті. 
Тобылғыты жазығынан біздің көзімізге арнайы іздеп келе жатқан Ыстықкөл жарқ ете 
қалды. 
Саяхатымызға айдан асқанда, мамырдың 28-жаңасында, алғаш рет сона мен масаны 
кезіктірдік. Санташтан көлге қарай құлдилағанда күн әжептеуір ысиын деді. Тауға кіргелі 
бірде-бір жақсы күнді көрген жоқ едік. Шыбын-шіркейді де өте сирек ұшыратқанбыз. Сол 


75 
күні кешкісін шыбын-шіркейді көп кездестірдік. Мүнда күндіз ыстық та, түнде тым салқын 
болады екен. Айтуларына қарағанда, көлдің айналасы ұдай ыссы. Сондықтан жаңбыр 
«тілеуге» тура келеді дейді қазақтар. 
Олардың арасында зікір салып, жауын-шашын шақыратын бақсылар болады екен. 
Оларды жайшы атайды. Бұл наным ежелгі түркілерге тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет