1-қыркүйек білім күні!
Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Тәрбиеші:Ортаға мектепалды даярлық тобының оқушыларын шақырамыз!!! (музыка қойылады)
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Құттықтау сөзі:____________________________________________________
Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып,жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.
Ендеше бүгін Білім күні мерекесін сиқырлы пойызда атап өтеміз бе?Әр станцияда пойыз тоқтап сендер түрлі тапсырмаларды орындайсыңдар.Тапсырманы дұрыс орындасаңдар пойыз әрі қарай жүреді.Ал,дайынсыңдар ма? Ендеше кеттік! (Балалар пойызбен жүреді)
Бірінші станция «Әндер» деп аталады.
Видео қойылады балалр бірге ән орындайды
Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар!Әрі қарай кеттік.
Келесі станция «Ойын» деп аталады.
Балалар біз бір ойын ойнайық мына столдың үстінде тұрған заттарды 2-ге бөліп себетке саламыз 1-себетке ойыншықтарды салсақ 2- себетке сабаққа керек құралдарды жинаймыз.
Жарайсыңдар балалар!
Келесі станция «Орман» деп аталады.
Жүрг: Біз орманға келдік.Самал жел соғып,ағаштар шулайды.
Жүрг: Қане,құстардың дыбысын тыңдайықшы.
Мыстан: Ал сендер кімсіңдер? Орманға не үшін келдіңдер?
Жүрг: Бізде бүгін мереке,саяхаттап жүрміз.
Мыстан: Қалайша,менсіз бе?Мені білмейді деп ойладыңдар ма? Менің мұрным бәрін сезеді. (түшкіреді). Не, менен қорықпайсыңдар ма?Дұрыс!Кім көңілді жүрсе,ол ештеңеден қорықпайды.Иә,бүгін менің көңіл-күйім тамаша болып тұр,тіпті билегім келіп тұр.Менімен билейсіңдер ме?
Жүрг: Балалар,қараңдаршы,Мыстан әжеміз әдемі киініп алыпты,өзі сондай мейірімді.Бізді биге шақырады.Билейміз бе?
Балалар: Иә!
Жүрг: Ендеше, балаларды биге шақырамын.
«Достық» биі
Мыстан: Жарайсыңдар!
Келесі станция «Жұмбақтар» деп аталады.
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.(Кітап)
Басы — тарақ, арты — орақ.(Қораз)
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу(Түлкі)
Келесі станция «Көңілді алақандар» биі
Видеоролик арқылы балалар билейді
Ал балалар саяхаттып өзіміздің станцияғада жеттік жарайсыңдар барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар!!!
Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |