Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Төлегеннің Шекті еліне келіп, Қаршығамен кездесуі 
Әлқисса, бұл сөзді айтып, шешесі қайтып кетті. Енді Төлеген жігіттерге айтты: 
- Маған шешем жылқыдан жорға ал деп айтты. Мен я кірекеш, я жортуылшы 
емеспін, маған байлық, ырзалықты елге көрсетіп жүру керек, - деді. Жылқыдан жорға 
аламын деп қайтып келіп, екі жүз елу жорға таңдап алып айдап, бірнеше күн жол жүріп, 
Шекті деген елге келді. Осы Шекті деген ел алты тайпа болады екен, һәммасының ханы 
Сырлыбай деген болады екен, ол Сырлыбайдың алты үлы бар екен, ең кенжесі жалғыз 
қызы Жібек сүлу деген екен және Сырлыбайдың Қаршыға деген ақын уәзірі бар екен. 


45 
Әлқисса, сонда Төлеген шатырда жатыр екен. 
Осы келген Қаршыға, 
Топтан асқан ер еді. 
Төлегенге келеді -
Келіп сөйлей береді: 
- «Ауыл алды бел дейді, 
Белден көшкен ел деді. 
Сексен жігіт ішінде 
Базарбайдың баласы, 
Төлеген мырза сен деді. 
Алты Шекті елінде, 
Сырлыбай датқа уәзірі - 
Қаршыға жыршы мен деді. 
Мен бір сұлу табайын, 
Падишамыздың жалғызы, 
Аты Жібек сұрасаң, 
Кереметім көр деді». 
Базарбайдың Төлеген, 
Қаршығадай ақынның 
Бұл сөзін мақұл көреді. 
Қаршығамен ілесіп, 
Ақжайыққа жөнеді. 
 
Төлегеннің Шекті елінің қыздарын көруі 
Әлқисса, енді Қаршыға айтты: - Біздің ел жайлауға қарай бұзыла көшкен екен, мен 
енді Жібекті Төлегенге көш-жөнекей көрсетейін, - деп, қасындағы бес жолдасын сол 
жерге тастап, жай келерсіздер деп, екеуі қалың көшті аралап жүрді. 
Базарбайдың Төлеген 
Талай көштен өтеді. 
Көш алдына қараса, 
Бір қыз кетіп барады; 
Шытырма көйлек етінде, 
Нұр сәулесі бетінде, 
Бұралып кетіп барады, 
Перінің қызы секілді. 
Осы екен деп Қыз Жібек, 
Жетіп келді қасына - 
Базарбайдың Төлеген. 
Артынан келіп Қаршыға, 
Жібек емес деген соң, 
Онан өтіп жөнеген. 
…Тұлпардан туған көк жорға ат, 
Көзі оттай жанады. 
Сымға тартқан күмістей, 
Сүмбідей болып жарады. 


46 
Тағы айқасты бір көшке, 
Көш алдына қараса, 
Бір бәйбіше нұр жүзді 
Көшті тартып барады. 
Көш алдында бәйбіше 
…Асылдай болып есіліп, 
Нұрдай болып шешіліп, 
Ақ маңдайы жарқылдап, 
Танадай көзі жалтырап, 
Алтынды кебіс сартылдап, 
Көшті тартып барады, 
Жібекті тапқан шешесі. 
Мұны көріп Қаршыға, 
Атының басын бұрады, 
Әңгіме-дүкен құрады. 
Шешесінен сол жерде, 
Сылтауратып сұрады. 
- Жібекжан ерте кеткен деп, 
Болжалды жерге жеткен деп, 
Көшпен бірге жүргенде, 
Бетіме тозаң тиер деп, 
Көк пәуеске күймесін 
Азаннан тұрып жеккен деп. 
Шешесінің сол жерде 
Бұларға берген жауабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет