Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Тайбурылдың тууы, өсуі 
…Бір күндері болғанда, 
Қара жолдың үстінен 
Қалың жылқы жарылып 
Екі жақта қалады. 
Құртқа сынды сұлуың 
Күймеден басын шығарып, 
Жылқыға көзін салады, 
Құртқаның көзі шалады. 
Тоқтатып қойып күймесін, 
Биені көріп сынады. 
- Мынау жатқан көп жылқы 
Кімдікі? - деп сұрады. 
- Сонау түрған биені 
Мені берсең де алғын, - деп, 
Батырға әмір қылады. 
Құртқа сұлу күймеден 
Қарғып түсіп, биені 
Маңдайынаан сүйеді. 
Көшіне тіркеп жөнеді, 
Көк ала бие дөңбекшіп, 
Домаланып сұлады. 
…Сонда жатып құлындап, 
Бурыл түлпар туады. 
Тұяғын жерге тигізбей, 
Құртқа сынды сұлуың 
Алтын тонға орады. 
Аршын басты Бурылы, 
Қабырғада қанаты, 
Сұлтанының жан аты. 
Күн түсірмей көзіне, 
Жел тигізбей өзіне, 
Үстіне шатыр тіккізді… 
 
Қобыланды мен Қараман батырдың Қазанға қарсы жорығы 


30 
Әлқисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының 
жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, 
Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып, жатып алды дейді. 
… Қазанның бұл хабарын төменгі қырық мың үйлі қиятта Сейілдің ұлы Қараман 
естіп, атадан ер боп туғасын, «Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз 
сүйекке таңба емес пе?» - деп, елінен аттанып шығады. Әлқисса, Қараман батыр Қазанды 
алуға бара жатқандығын айтқан жері: 
- Мен - Сейілдің ұлы Қараман, 
Қазанға кетіп барамын, 
Жүрмеймісің, құрдасым, 
Қазанның салған шәріне 
Сапар тартып жол шектім, 
Жүрмеймісің, жолбарысым? 
Жүрмейсің бе, құрдасым, 
Осы қылған сапарға 
Кетемін ертіп сені деп, 
Әдейі келдім, жолбарысым! 
Сонда Қобылан сөйлейді: 
- Мінетін атым қолында, 
Барар-бармас жолымды, 
Хабар салып алайын, 
Үйдегі Құртқам біледі, 
Жан серік атым қолында. 
Бағымды бастан алмасын, 
Алды-артымды шалмасын, 
Қияметтік жолдасым, 
Үйдегі Құртқам біледі. 
…Таң сарғайып атқанда, 
Шолпан жұлдыз батқанда, 
Ақ отаудың ішінде 
Құртқажан ұйықтап жатқанда, 
Естеміс келіп сөз қатты… 
Сонда сұлу қыз Құртқа, 
Көтеріп басын сөйледі. 
- Жұмсады ма сіздерді 
Үйдегі Бурыл тұлпарға? 
Дұғай сәлем дегейсің, 
Қарамандай құрдасқа, 
Заманы бірге сырласқа, 
Жылы бірге жылдасқа, 
Жауы бірге мұңдасқа. 
Атының күні толмай тұр, 
Зор салмасын жолбарысқа. 
…Әуелі Құдай алмасын, 
Алды-артымды шалмасын, 


31 
Тілімді алса, сұлтаным, 
Бұл сапарға бармасын, 
Бұл олжадан алмасын. 
Көп жылады дегейсің 
Үйдегі нашар жолдасың! 
…Сұлтаныма сәлем де, 
Тілімді алса, бармасын, 
Біз байлаған Бурылда 
Қырық үш күндік кемдік бар. 
Мынау сөзді естіп, 
Қобыланды келді құрдасқа, 
Жүремін деген жолдасқа. 
Қобылан сонда сөйлейді: 
- Бұл сапарға бармаймын, 
Бұл олжадан алмаймын, 
Саған да сәлем көп айтқан: 
«Құрдасым көңілі қалмасын, 
Өтініш қылып зарлаймын». 
…Қараман сонда сөйлейді: 
- Бұл барғаннан барсақ біз, 
Қазандағы сол елдің 
Қалың тобын жарсақ біз, 
Құйын да перен салсақ біз. 
Біз Қазанды өлтіріп, 
Қаласын бұзып алсақ біз, 
Еркек болып не етеміз, 
Әр тарапқа шығарда 
Қатынға ақыл салған соң, 
Асыл туған Қобыланды 
Қатынның тілін алған соң, 
Неше батыр болса да, 
Басында билік жоқ адам 
Арыстан туған, құрдасжан, 
Ол - қатын емей, немене?! 
Қараман бұл сөзді айтқасын, 
Қобыландыдай батырдың 
Тері тамып иектен, 
Түгі шығып білектен… 
…Неше бір құрдас айтса да, 
Қараманның бұл сөзі 
Өтіп бір кетті сүйектен. 
…Қатуланып, қаттанып, 
Буырқанып, бұрсанып, 
Мұздай темір құрсанып, 
Қабағынан қар жауып, 


32 
Кірпігіне мүз тоңып. 
Бұлаңдаған Құртқаның 
Сөзге сынық қылдың деп, 
Егер шықса алдынан, 
Басын кесіп алмаққа. 
Үйде отырған қыз Құртқа 
Дүбірін аттың есітті. 
Екпіні қатты кім болсын, 
Сұлтаным-дағы десіпті. 
Шылбырынан жетелеп, 
Бурыл атты қыз Құртқа 
Қобыландының алдынан - 
Қобыландыдай бөрінің 
Бұлаңдаған сұлуың, 
Алдынан кетіп барады. 
Туғалы күнді көрмеген, 
Түнектен шыққан Тайбурыл 
Айдалаға шыққан соң 
Түлкідей көзі жайнайды, 
Көлденең жатқан көктасты 
Сулығым ғой деп шайнайды. 
Он екі құлаш кезеңнен 
Атылып, Бурыл ойнайды. 
Қыз Құртқаны көтеріп, 
Бурыл көкке екі үшты. 
Салмағымен қыз Құртқа 
Алып жерге бұл түсті. 
Жазығы әйел демесең, 
Қыз Құртқа да тым күшті! 
Сол уақыттар болғанда 
Батыр жанына келгенде, 
Қамығып Құртқа сөйлейді: 
«Асқар төбе белдігі, 
Аздың бар ма теңдігі, 
Құрдастың бар ма елдігі?! 
Жалғыздарға жар болған 
Құданың көп-дүр кеңдігі. 
Үш үшар ең аспанға, 
Бір үшуың кем болды. 
Мен қайтейін, Бурылжан, 
Қырық үш күннің кемдігі». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет