519
позитивистердің тарихта алғаш рет ғылымның табиғи әлемді адамзаттан
мүлдем бөлек көрген дәуірде өздерін ғалымдар ретінде ұсынғанын
жеткізді
566
. Айердің бұл тұжырымы ғылымның объективті дәйектерінде
кәдеге жарайды. Бірақ сан қырлы адам сезімдерін зерделеуге жарамсыз.
Өлең немесе музыка сияқты дін де мұндай тұжырым мен пікірдің аясына
сыймайды. Соңғы кездері Энтони Флю сияқты философ-лингвистер діни
тәпсірден гөрі табиғи түсіндірме табудың ақылға сыятынын алға тартты. Ескі
«дәлелдердің» күні өтті. Мәселен, әлемнің тәртібі туралы көзқарас жарамай
қалды. Өйткені табиғи құбылыстардың өз ережесімен немесе сырттан бір
нәрсе арқылы қозғалып тұрған-тұрмағанын түсіну үшін жүйеден тыс жерге
шығып бақылауымыз қажет. Адам «кездейсоқ» немесе «кемшін» жаратылыс
деген тұжырым ештеңені дәлелдемейді. Өйткені кез келген құбылыстың
таңғажайып болмаса да, ақырғы бір анықтамасы бар. Флю Фейербах Маркс
немесе экзистенциалистерге қарағанда оптимист емес еді. Ешқандай
азаптың, ешқандай қаһармандық қарсылықтың керегі жоқ, тек ақыл мен
ғылымға сыпайы ұмтылыс қана – болашаққа апаратын дара жол.
Сонымен қатар, бүкіл діндарлардың әлемнің сырын түсіндіру үшін
«Құдай» ұғымына жүгіне бермегенін көрдік. Көпшілігі барлық дәлел ақылдан
адастыратын жаңсақ жол деп түйді. Киелі жазбаларды сөзбе-сөз оқып,
қағидаларды объективті дәйек мәселесі сияқты түсіндіріп әдеттенген Батыс
христиандары ғылымды қатерлі құбылысқа балады. Өз жүйелері арасынан
Құдайға орын бермеген ғалымдар мен философтар Құдай идеясына орта
ғасырда яхудилер, мұсылмандар мен грек православ христиандары тәрк
еткен алғашқы себеп деп қарайды. Олар іздеген субъективті «Құдай » әркімге
бірдей объективті құбылыс сияқты дәлелдеуге келмейді. Буддизмдегі
нирвана тәрізді Ол әлемнің физикалық жүйесіне орныға алмады.
Ницшенің идеясын құлшына қолдаған және «Құдай өлді» деп жар
салған 1960-жылдардың радикал теологтары философ-лингвистерден
де өткір көрінді. Томас Альтицер
Достарыңызбен бөлісу: