Бағдарламасы аясында іске асырылды Karen Armstrong



Pdf көрінісі
бет69/204
Дата04.10.2024
өлшемі28,29 Mb.
#205657
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   204
Байланысты:
Karen Armstrong. A History of God

«Tolle, 
lege!»
– «Ал да, оқы!» деп қайта-қайта айтқан бала дауысын естиді. Өзіне 
қарата айтып жатқандай болғанда, Августин орнынан атып тұрып, таңғалған 
көп азаптанған Алиппиге оралады да, оның қолынан апостолдық мәтіндерді 
жұлып алады. Кітап Павелдың римдіктерге жолдауы басталған жерінен 
ашылады: «...даңғазалық пен ішімдікке, азғындық пен арсыздыққа, дауласу 
мен көре алмаушылыққа берілмей, Құдайымыз Иисус Христоспен бол, тән 
күтімін азғындыққа ауыстырма»
236
.
Ұзаққа созылған күрес аяқталды. «Мен ары қарай оқығым келмеді, - деп 
еске алады Августин, - қажеті де болмады: осы мәтіннен кейін жүрегіме нұр 
құйылып, тыныштық орнады, күмәндерім сейілді»
237
.
Айтқандай, Құдай қуаныштың да қайнар көзі болады екен. Бір күні 
кешқұрым, дінді қабылдағаннан кейін, Августин анасы Моникамен бірге 
мистикалық ләззатқа куә болады (Остиде болған бұл құбылыс жайында біз 
жетінші тарауда айтатын боламыз).
234 Ibid., VIII: XII (28). – 
Указ

соч
. – 
С
. 210.
235
Конфликтлік
жағдайларды
жасау
көмегімен
басатын
эмоциялар
туындатқан
қысымнан
құтылу
. – 
Ауд
.
ескер
.
236
Рим
. 13:13–14.
237 Ibid., VIII.XII (29). – 
Указ

соч
. – 
С
. 211.


178
Платонизмнің жалғастырушысы ретінде әулие Августин Құдайды өз са
-
наңнан іздеу керектігіне сенді. «Тәубенің» оныншы кітабында ол 
memoria, 
жады деп атаған ерекше қасиет туралы ой айтады. Бұл ұғым әдеттегі еске 
түсіру қабілетінен күрделірек және психологтардың бейсаналық деген ұғы
-
мына жақын. Августин үшін жадыда саналы да, санасыз да ақыл қамтылған. 
Бұл қасиеттің күрделігліі мен көптүрлілігіне Августин қатты таңданған. Бұл 
«қорқыныш туындататын» бейнелердің ойдан тыс әлемі, өткеннің сансыз 
далалары, апандары мен үңгірлерінің жанды белгісі
238
. Дәл осындай шексіз 
бай ішкі әлемге Құдайды іздеп енген Августин, бір мезгілде жан тұңғиығынан 
және жоғарыдан өзін көреді. Құдайдың қатысуын қоршаған ортадан іздеу
-
дің мәні жоқ. Құдай тек 
осы сәтте 
– ақыл әлемінде ашылады:
Сендей Сұлулықты мен кеш сүйдім, қаншалық қариясың және қан
-
шалық жассың, Сені кеш сүйіп қалдым! Сен менде болдың, ал мен сы
-
ртқы әлемде болып, сол жерден Сені іздедім, осы ізгі, Өзің жаратқан 
әлемге ұсқынсыз мен бұзып-жара кірдім! Сен менімен бірге болдың, 
ал мен Сенімен бола алмадым. Сенде болмаса болмайтын әлем мені 
Сенен алыстатты
239
.
Басқаша айтар болсақ, Құдай – объективті ақиқат емес, жанның шатасқан 
шыңырауындағы рухани хәл. Бұл көрініс Августинді Платон және Плотин
-
мен ғана емес, сонымен бірге буддистермен, индуистермен және шаман
-
дармен, яғни Құдайы жоқ діндердің жолын қуушылармен теңестіреді. Басқа 
қырынан алып қарағанда, Августиннің Құдайы кейіпсіз емес, яхудилік-хри
-
стиандық дәстүрдің тұлғалық сипаттары бар Құдай. Бұл Құдай әлсіз адамға 
келіп, Өзі оны іздей бастайды:
Сен шақырдың, дауыстадың және менің меңіреулігімді бұзып-жар
-
дың. Сен жарқ еттің, жарқырадың және менің соқырлығымды сейілт
-
238 Ibid, X: XVII (26). – 
Указ

соч
. – 
С
. 253.
239 Ibid., X: XXVII (38). – 
Указ

соч
. – 
С
. 261.


179
тің. Сен гүлзарыңды маған құйдың, мен тыныстадым да, енді Сенсіз 
тынысым тарылып барады. Мен Сені татып көрдім де, енді Сені аңса
-
удамын; Сен мені баурадың да, мен Сенің әлеміңде күйіп-жандым
240
.
Грек теологтары әдетте ғалымдардың еңбектеріне өздерінің бастан 
кешіргендерін енгізбейтін. Бірақ Августин теологиясы нақ өзінің терең жеке 
діни тәжірибелерімен айқындалатын. 
Ақыл мүмкіндіктерімен қызыға айналысу Августинді өзінің Ү ғ. жазған 
«Үштік туралы» трактатында суреттеп берген психологиялық тринитаризмді 
жасауына алып келеді. Құдай адамды өз бейнесінде және өзіне ұқсата жа
-
ратқандықтан, әрбір адамның ақылында Үштікті айыра білу қабілеті табиға
-
тынан жасырын берілген. Егер де гректер метафизикалық ой қорытынды
-
лары мен танымдық ерекшеліктермен айналысқан болса, әулие Августин 
ізденісін барлығымыздың алдымыздан шығатын ақиқат сәтінен бастайды. 
«Құдай – бұл Нұр» немесе «Құдай - бұл Ақиқат» сөздерін естігенде біз ин
-
стинктті түрде рухани қызығушылық хәл сезінеміз; біз «Құдайдың» өміріміз
-
ге белгілі бір мағына мен мазмұн бере алатынын сеземіз. Алайда мұндай бір 
сәттік көріністен кейін біз бірден ескі ойларымызға қайта ораламыз, онда 
«әдеттегі және төмен заттар» үстемдік етеді
241
. Түсіндіре алмайтын бастан 
кешкен бұл хәлді қайтадан сезе алмайсың. Әдеттегі ойдың бұған көмегі аз; 
«Ол - Ақиқат»
242
сөздерін естігенде «жүректің не сезетініне» құлақ түре білу 
керек. Алайда танымайтын ақиқатты қалай сүйесің? Августин біздің ақылы
-
мызда Құдайлықты бейнелейтін өзіне тән Үштік бар дегенді дәлелдейді. 
Басқаша айтқанда, платондық идеялар сияқты негізінде біз жаратылған 
бастапқы үлгі – Архетип – үнемі бізді өзіне еліктіреді де тұрады. 
Егер өзіне ғашық болған ақылды ойлайтын болсаң, одан Үштікті емес, 
екілікті табасың: махаббат және ақыл. Бірақ ақыл өзі саналы түрде сезін
-
бесе, яғни өзіндік санасы болмаса, өзін сүйе де алмайды. Декартты таңғал
-
240 Ibid. 
241 «
О
Троице
», VIII: II.3
242 Ibid .


180
дырған Августин өзіңді тану кез келген өзге сенімділіктің негізі деп айтқан 
болатын
243

Осылайша, жанның үш қасиеті бар: жады, таным және ерік. Бұлар та
-
нымға, өз-өзін тануға және махаббатқа сәйкес келеді. Құдайдың үш Жүзі 
секілді бұл жанның қасиеттері болмыс жағынан біртұтас: олар жайында 
үшеуінің де еркін ақылы бар дей алмаймыз. Керісінше, әрқайсысы ақылды 
кемелдендіреді және қалған екі қасиетті қамтиды. «Менің жадым, түсінігім 
және еркім бары есімде; түсінетінімді түсінемін, есімде сақтаймын және де 
еркінмін; ерікпен ерікті екенімді, есте сақтайтынымды және түсінетінімді 
көрсетемін»
244
. Каппадокиялықтардың суреттемесіндегі Құдайлық Үштік си
-
яқты жанның барлық үш қасиеті «бір өмір, бір ақыл, бір болмыстан тұра
-
ды»
245
.
Ақыл жүйесіне қатысты мұндай көзқарастар тек бірінші қадамды біл
-
діреді: Үштік біздің ішімізде – Құдайдың Өзі емес, ізі, Жаратушымыздың 
бейнесі. Айнадағы бейне рәмізіне – Құдайдың адам санасындағы бейнеле
-
нуін сипаттауға Афанасий де, Григорий Нисский де барған. Бұл салыстыруды 
дұрыс түсіну үшін гректердің айна бетіндегі бейнеленудің шынайылығына 
сенгендігін еске түсіру керек, бұл кезде көзден шыққан жарық айна беті
-
не бейнесі түскен заттың жарығымен араласып кетеді
246
. Августин адам 
ақылының үштігі де бейнелену екендігіне сенімді болған, ол Құдайдың 
қатыстылығы мен Оған қарай ұмтылуды дәлелдейді
247
. Айнада бұлдырап 
көрінген бұл бейнеден ұзап, тысқары тұрған Құдайдың Өзіне қалай жетуге 
болады? Құдай мен адам арасындағы шексіз қашықтықты өз бетіңше жүріп 
өте алмайсың. Біздің күнәларымыздан өзгеріп, бұрмаланған Құдай бейнесін 
тұлғамызды, егер адамға айналған Сөздің тәніне енген Құдайдың Өзі бізге 
қарсы жүрсе ғана жаңғырта аламыз. Жаңғыртатын Құдайлық Әрекет бізге 
Августин сенім үштігі деп атаған Үштік ынта-жігер арқылы ашыла алады. 
243 Ibid., X: X.14
244 Ibid ., 
Х

Х
I.18.
245 Ibid. 
246 Andrew Louth, The Origins of the Christian Mystical Tradition (Oxford, 1983), p. 79.
247
Блаженный
Августин

О
Троице
, XIII.


181
Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   204




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет