Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет38/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1.  Емельянов-Лукьянчиков М. А. Иерархия радуги. «Рус.мир», -М: 2008.  

2.  Румянцева Т.Г. Шпенглер // История философии: Энциклопедия. 

Интерпрессервис; Книжный Дом. –Мн.: 2002. — 1376 с. 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық: Освальд Шпенглер. «Өлке», –Алматы: 2004. 122б. 

4.  Освальд Шпенглер. Закат Европы. Очерки морфологии мировой 

истории. Том 2: Всемирно-исторические перспективы./ Перевод с 

немецкого и примечания Маханькова И.И. «Мысль», -Москва: 1998.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        

381 


 

                      ЗИГМУНД ФРЕЙД

 

(

СИГИЗМУНД ШЛОМО ФРЕЙД) 

 

(6 мамыр, 1856ж, Фрайберг,



 

Австро-


Венгрия (қазіргі Пршибор, Чехия) –   

23 қыркүйек, 1939ж, Лондон)



 

 

     —  австриялық  психолог,  психиатр 



және 

невролог, 

психоаналитикалық 

мектептің негізін қалаушы.                                                                               



Философиялық шығармалары: 

«Түсті  жору»,  «Күнделікті  өмірдің 

психопатологиясы», 

«Психоанализ 

туралы» және т.б.  

           Алғашында 

фрейдизм 

невроздарды түсіндіретін және емдейтін 

ілім ретінде қалыптасты, кейін келе дау-

жанжал  жағдайға  тап  болған  саналық 

пен  бейсаналық  арасындағы  қарым-қатынасты,  бейсаналықтың  өзіндік 

заңдылықтары мен әрекетшілдігін түсіндіруге бағытталған теорияға айналды. 

Фрейд  адам  технологиясының  өсіңкілігін  (динамикасын)  түсіндіру  үшін, 

оның психологиялық үш түпнегізін (субстанция) қарастырады. Олар: «Мен», 

«Жоғарғы  Мен»  және  «Ол».  «Мен»  сыртқы  және  ішкі  әлемдердің  және 

«Жоғарғы Мен» мен «Ол» -дың арасында байланыстырушы қызметін жүзеге 

асырады.  «Мен»  әрекет-қылықтың  реттілігін  және  үздіксіздігін  қамтамасыз 

етеді,  осының  арқасында  өткен  оқиғалар  қазіргі  және  болашақ  оқиғалармен 

қабысып  жатады.  «Мен»  психикаға  да,  денеге  де  жатпайды.  Ол  өзінің  даму 

процесінде, әсіресе қауіп төнгенде, ауырғанда және өмір сүру жағдайларына 

байланысты  бүкіл  өмір  бойына  өзгеруі  мүмкін.  «Меннің»  іс-әрекеттерінің 

түріне  және  эффектілігіне  қарай  адамдар  бір-бірімен  айрықшаланады. 

«Меннің» бұл қасиеттерін Фрейд оның қасиеттері деп атайды. «Мені» күшті 

адамдар мынадай мінездемелермен ерекшеленеді: ол қоршаған ортаны және 

өзін  бағалауда  әділетті  болады,  ол  қабылданған  шешімді  ешқайда 

жалтақтамай  жүзеге  асыра  алады,  т.б.  ол  өз  талаптарының  құлы  емес, 

сондықтан оларды қоғамға пайдалы жағына қарай бағыттауға мүмкіндігі бар, 

күштердің қысымына қарсы тұрып, өз бағытын таңдай алады, т.б. Ал «Мені» 

әлсіз  адамдардың  мінез-құлқы,  іс-әрекеті  бала  сияқты  тұрақсыз  келеді  де, 

нақты  орта  мен  өзін  бұрмалап,  қате  түсінеді.  Ол  барлық  қайрат-күшін  өзі 

туралы  қате,  бұрмаланған  түсінігін  қорғау  үшін  жұмсағандықтан,  невроз 

ауруларына  шалдығып,  жұмыста  ешқандай  жақсы  нәтижеге  жете  алмайды. 

Жеке  адамның  даму  процесінде  «Мен»  ұсақ  бөлшектерге  бөлінеді  де, 

«Жоғарғы Мен» дамиды. «Жоғарғы Мен» адам психикасының ішкі құрамына 

айналған  ата-аналардың  және  қоғамның  берген  маңызды  қағидаларына 

сүйене  отырып,  табиғи  инстинктерді  («Ол»)  тыюға  және  бақылауға 

талпынады.  Сөйтіп,  «Жоғарғы  Мен»  мен  «Ол»  -  дың  арасында  қарама-


        

382 


 

қайшылық  пайда  болады.  Осы  екеуінің  ортасында  жарастырушы  қызметін 

«Мен»  атқарады.  «Менді»  қалыптастыруда  және  қоршаған  ортаны  танып-

білуде  сананың  рөлі  өте  зор.  Ал  санамызбен  қорытпаған,  түсінбегеннің 

барлығы  бейсаналық  болып  табылады.  Саналық  бейсаналыққа  және 

керісінше болып алмаса беруі мүмкін.  

           Бейсана санадан жеке адамдардың өзінің елестету және жан күйзелісін 

әртүрлі  саналық  сатысында  түсінумен  ерекшеленеді.  Бейсаналық  түстерде, 

гипноздық  жағдайда,  адамдардың  әртүрлі  қалаптасқан  әдет-қылықтарында 

көрініс  табады.  Бұл  төменгі  сатыдағы  бейсаналық.  Ал  жоғарғы  сатыдағы 

бейсаналық 

санадан 


тыс 

жатқан 


инстинктерден, 

физиологиялық 

құштарлықтардан,  әуестіктерден  көрінеді.  Осы  жоғарғы  сатыдағы 

бейсаналық  адамдардың  агрессиялық  бейімділігінің  қайнар  көзі.  Бірақ 

қоғамда бұл  бейсаналықтың  түрі өзін  көрсете бермейді,  себебі ол  «сананың 

түкпіріне» жасырынады да, «рұқсат» етілмеген іс-әрекет ретінде ұзақ уақыт 

сақталады. 

            Фрейд өзінің басты идеясын жеке адамның «психосексуалдық дамуы» 

жөніндегі теория төңірегінде өрбітеді. Бұл теория бойынша, бейсаналықтың 

негізін  сексуалдық  инстинктер  (либидо)  қалайды.  Олар  көп  жағдайда 

адамдардың психикалық іс-әрекеттеріне, сонымен қатарбарлық тарихи және 

қоғамдық  оқиғаларға  себепші  болады.  Мысалы,  тереңде  жатқан 

адампсихикасының  өзара  жанжалдары  моральдың,  өнердің,  ғылымның, 

діннің,  мемлекеттің,  құқықтың,  соғыстардың,  т.б.  себебін  және  мазмұнын 

құрайды. 

           Сексуалдық 

инстинктер 

жалпы 


инстинктермен 

байланысты 

сублимация  (басып-жаныштау)  және  комплекс  (жинақ)  ұғымдарымен 

айқындалады.  Сублимация  дегеніміз,  Фрейдтің  пікірінше,  тежелген, 

«жасырынған»  сексуалдық  инстинктің  (либидоның)  бейсексуалды  (әдеби 

шығармашылық,  саяси  және  қоғамдық  іс-әрекеттер,  т.б.)  іс-әрекет  түріне 

ауысуы. 

            «Комплекс» 

ұғымы 

адамдардағы 



салыстырмалы 

тұрақты 


механизмдердің  (әдептілік,  саяси,  т.б.  қағидалары),  олардың  психикасының 

барлық  түрлерінің  бұзылғандығын  көрсетеді.  Осы  ойын  дәлелдеу  үшін 

Фрейд  «Эдип»  туралы  аңызды  мысал  ретінде  келтіреді.  Бұл  грек  аңызы 

бойынша, Эдип білместіктен өз әкесін өлтіріп, туған анасына үйленген. Осы 

аңыз негізінде Фрейд «Эдип комплексі» ұғымын қалыптастырып, оның мәні 

ретінде  баланың  анаға  деген  сүйіспеншілігі  мен  махаббаты  және  әкесіне 

деген қызғанышы мен өшпенділігі сияқты инстинктердің қабысуы арқасында 

Эдиптің психикасының бұзылғандығын арқау етіп алған. Осы ойын әрі қарай 

жалғастырып,  Фрейд  бейсаналылық  адамдар  мен  қоғам  іс-әрекеттеріне  зор 

әсер етеді деген қорытындыға келеді. Жалпы алғанда, адамдардың барлық іс-

әрекеті 

әлеуметтік, 

табындық 

(топтасу) 

инстинктерінің 

көрінісі 

болғандықтан, осы негізде «бұқаралық психология» қалыптасады. Фрейд бұл 

идеясын  өрбіте  келіп,  «тобырлар»  мен  «көсемдер»  туралы  саяси-әлеуметтік 

концепциясын  ұсынды.  «Тобырлардың»  тарихи  дамуға  тигізер  жөнді  әсері 

жоқ. Керісінше, «көсемдер» тобырлардың ең төменгі инстинктеріне әсер ете 



        

383 


 

отырып,  олардың  соқыр  инстинктке  негізделген  іс-әрекеттерін  өздеріне 

қажетті бағытқа бұрып, тарихты ілгері дамытады. Фрейдтің бұл ілімі соңғы 

кездегі көптеген саясатшылардың басшылыққа алған теориясына айналды. 



Философиялық көзқарастары: 

            Ол сананы мүлде адам өзін қоршаған айналаны түсінеді, өзінің «мен» 

екенін  пайымдайды.  Сондай-ақ  ол  тағы  да  екі  түрлі  сана  құрылымын 

мойындайды:  бірі  –  «шектен  тыс  мен»  және  санасыздықтың  микродүниесі. 

Санасыздық  пен  саналылық  бірге  жүреді,  айырмашылығы  жарық  пен 

қараңғылық секілді. З.Фрейдше, біздің білмейтініміз бұлыңғыр, күңгірт сана, 

бірақ оны анықтауға, айқындауға болады. Санасыздық дегеніміз жаттандыға 

айналдырылған,  дағдыланған,  автоматтандырылған  сана.  Оған  кейбір 

ойланбай-ақ  атқаратын  әрекеттер  жатады.  мәселен,  жаңылыс,  не  абайсыз 

айтылған  сөз,  байқамай  істелген  іс,  не  көрген  түс,  т.б.  Санасыздықтың  ең 

жоғары  түрі  –  шығармашылық,  кенеттен  келген  ой,  интуиция,  инстикт,  т.б. 

Сөйтіп  З.Фрейд  классикалық  философия  көтермеген,  олардан  қалтарыс 

қалған  мәселелерді  қозғайды.  Бұл  жөнінде  З.Фрейдке  ой  салған 

А.Шопенгуаэр, Ф.Ницше топшылаулары еді.  

 

Әрине,  ғылым  санасыздықты  жоққа  шығармайды.  Бұл  жөнінде 



З.Фрейдтің  сіңірген  зор.  Бірақ оның  санасыздыққа  көп орын  бергеніне, оны 

кейде санадан жоғары санағанына қосылуға болмайды.  



Философиялық афоризмдері: 

  Ешбір 

пенде 

құпияны 


сақтап 

қалуға 


қабілетсіз. 

Еріндері 

үндемегенімен, саусақтары айтып қояды. 

  Адам  баласының  ең  күшті  деген  екі  сезімі  бар  –  жыныстық  қарым-

қатынас  пен  өзі  шыққан  төбешігін  төбеге  балау,  өз  маңыздылығын 

сезіну. 


  Егер  біреу  өмірдің  мағынасы  немесе  құндылығы  туралы  сұраса  –  ол 

ауру. 


 

                                                           

 Әдебиет: 

 

1.  Феррис П. Зигмунд Фрейд. «Попурри», -Минск: 2001. — 432 с.  

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -А: 2009. 332-б 

3.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /20-

ғасырдағы философия, «Раритет», -Алматы: 2006. 153-155 беттер. 

4.  Браун Дж. Психология Фрейда и постфрейдисты. «Вак-лер», -М-1997. 

5.  Зейгарник  Б.В.  Теории  личности  в  зарубежной  психологии.  Изд-во 

МГУ, -Москва: 1982. 

6.  Русское психоаналитическое общество, В 2-х т. Т. II.—М: 2006.—503с.  

7.  Лакан  Ж.  Семинары.  Книга  1.  Работы  Фрейда  по  технике 

психоанализа (1953—1954). «Гнозис/Логос», -Москва: 1998. 

8.  Лакан  Ж.  Семинары.  Книга  2.  «Я»  в  теории  Фрейда  и  в  технике 

психоанализа (1954—1955). «Гнозис/Логос», -Москва: 1999. 

9.  Марсон  П.  «25-ключевых  книг  по  психоанализу».  «Урал  LTD»,  -

Челябинск: 1999. — 348. 

        

384 


 

КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ 

 

(26 шілде, 1875ж, Кесвиль, Тургау, 



Швейцария – 6 маусым, 1961ж, 

Кюснахт, Цюрих, Швейцария) 



 

         —  Психоанализдің  жаңа  бейнесін, 

бейсаналықтың 

басқа 


түсінігін 

(«Ұжымдық  бейсаналықты»)  ұсынған, 

швейцарлық 

психолог 

әрі 

мәдениеттанушы 



және 

Зигмунд 


Фрейдтің ең жақын шәкірті. 

      Фрейд  пен  Юнгтің  қарым-қатынасы 

өзіне-өзі сенімді оқытушы мен кенеттен 

есейген,  дербес  ойлауға  бел  буған 

оқушының 

қарым-қатынасын 

қайталайтын  сияқты.  Юнг  Фрейдтің 

асқан 


догматизмі 

мен 


позитивизіміне, 

оның 


оккультизм 

мен 


парапсихологияға деген ашықтан-ашық қарсы болуына, оның сексуалдылық 

догматына  адалдылық  сақтау  керек  деген  шүбәсіз  талабына  көне  алмады. 

Юнг үшін ауыр, тіпті, қайғылы болған ажырауға алып келген келіспеушілік 

терең  психологиялық  алауыздықтан  басталады,  атап  айтқанда,  оның  бір 

жағында,  Фрейдтің  қасаң  қағидаға  үйір  қыңырлығы,  бұрын  жасалған 

құрылымды сақтауға, оны «қамалға» айналдыруға тырысуы, екінші жағында 

–  Юнгтің  шығармашыл  болмысы,  ашықтығы,  мәдени-тарихи  тақырыптарға, 

астрологияға, 

алхимияға, 

Шығыстың 

діни 

тұжырымдамаларына 



қызығушылығы, 

танымымыздың 

оғаштығын, 

тұрақсыздылығын, 

шарттылығын сезінуі тұрды. 

          Бейсаналыққа  деген  жаңа  көзқарасты,  оның  мәнін,  құрылымын, 

тұлғаның  психикалық  өміріндегі  қызметін  басқаша  түсіндіруді  –  Юнгтің 

Шығыстың 

мәдени-тарихи 

тәжірбиесіне 

деген 

қызығушылығымен 



түсіндіруге  болады.  Көптеген  жылдар  бойы  ол  шығыстық  медицина  мен 

философияның  жайын  пайымдауға  мүмкіндік  беретін  дереккөздерді 

зерттеумен  болды.  Астрология,  оккультизм,  парапсихология,  йога  сияқты 

Фрейдтің  рухына  жат  («мұның  бәрі  сандырақ!»  деген  үкімін  шығарды  ол, 

Юнгпен  болған  әңгімеде)  бағыттар  жас  ғалымның  зерттеулеріне  нәр 

бергендей еді. 

            Ең  алдымен  ол  адам  психикасының  еңсерілмейтін  жұмбақтығын 

тіркеді.  Рухтың  ең  маңызды  деген  заңдары  біз  үшін  құпия  түрінде  қала 

бермек. Юнг физикалық және психикалық нәрсенің бірлігі туралы шығыстық 

түсінікті негізге алды. Батыстық философия, психология, медицина жан мен 

тәннің  әуелгі  бірлігін,  психикалық  нәрсенің  физикалық  нәрсеге  тигізген 

әсерін  мойындаудан  қалып,  керісінше,  олардың  өзара  тәуелсіздігі  мен 

дербестігі туралы ойын нығайтады. 


        

385 


 

         Ұжымдық  бейсаналылықтың  мазмұны  архетип  деп  аталатын  нәрседен 

көрініс табады. Бұл терминнің қандайда бір белгілі сюжеттерге қатысы жоқ, 

ол  әуелгі  форманы,  әуелгі  бейнені,  ой  бейнесін  немесе  үрдісті  меңзейді; 

белгілі  бір  персоналиялар  түрінде  (Құтқарушы,  Қаһарман)  немесе  типтік 

жағдайлар мен идеалдар түрінде (мәңгілік идеясы, күнәлі теке, алтын ғасыр 

бейнесі)  тұлғаланатын  бейімділікті білдіреді.  Шығыс  пен  Батыстың  қарама-

қайшылығы  Жер-Ана  (Шығыс)  және  Аспан-Әке  (Батыс)  сияқты  архетиптік 

бейнелерден  көрінеді.  «Материя»  деген  ғылыми  ұғыммен  салыстырғанда, 

«ана» архетипі, «әке» архетипі сияқты, терең эмоциялық мағынаны иеленеді. 

         Әрбір  халықтың  мәдениетінде  архетиптер  ұлттық  киімдер  киеді  және 

мәдениеттің  негізінде  жатқан  аңыздар  жүйесі  ретінде  көрініс  табады,  яғни 

біркелкі  жасалым  болғандықтан,  архетиптер  алуантүрлі  ұлттық  форманы 

иеленеді,  бірақ  өзінің  әмбебап  сипатын  жоғалтпайды.  Осыған  орай  барша 

халықтардың ертегілері мен аңыздарының типтік жағдайлары мен сюжеттері 

ұқсас  келеді  және  американдық  зәңгінің  түсінде  ежелгі  грек 

мифологиясының жағдайлары қайталануы мүмкін. Мифтер мен ертегілердің, 

шын  мәніндегі  терең  әуелгі  бейнелердің,  тұлғасыз  бейсаналықтың 

рационализациясы болады.  

      Ұжымдық бейсаналық туралы, тұлғаның екі орталығы – «эго» мен «өздік 

болмыс»  туралы  ілімге  сүйенген  Юнг  тұлғалардың  психологиялық 

типологиясын  жасаған.  Ежелгінің  адамдары,  дейді  ол,  тұлғалардың, 

мінездердің  типологиясын  ұсынған  және  оны  аффективті  өмірдің 

ерекшеліктеріне  негіздеп,  соңғысының  жердің,  судың,  ауаның,  оттың 

ғарыштық  элементтерімен  байланысын  анықтаған.  Адам  ағзасында  да  сол 

элементтерге  сәйкес  келетін  «сөлдер»  жиналады  және  олардың  қайсібірінің 

басымдылығы  белгілі  бір  темпераментті  қалыптастырады.  Юнг  өзінің 

алдында  болғандардың  еңбектерін  бағаласа  да,  олардың  ойлау  жүйесіне 

ермейді,  яғни  ішкіден,  психикалықтан  сыртқы  физикалыққа  қарай  жүруді 

негіздейді,  психологиялық  типологияны  жасап,  өткеннің  көптеген 

философиялық ілімдерінде ұқсас нәрселерді табады. 

Философиялық көзқарастары: 

         Философтың айтуынша, психологиялық бақылаулар кейбір адамдардың 

шешім қабылдап, өзінің тағдырын сыртқы жағдайды ескеріп жасайтынын, ал 

кейбірі, керісінше, ішкі, субьективті нұсқаманы басшылыққа алады. Бірінші 

жағдайда,  обьект  магнит  тәрізді  әрекет  етеді,  субьектінің  мүддесін  өзіне 

қарай  тартады,  екінші  жағдайда  субьектінің  өзі  магнит  болады,  обьектіден 

энергия  сорады.  Аталған  екі  қарама-қайшы  нұсқама  -  экстраверсия  мен 

интраверсия – әрбір адамға тән нәрселер және олардың біреуі басым болған 

жағдайда ғана қалыптасқан психологиялық тип туралы айтуға негіз бар. 

           Әрбір  адамның  ішінде  екі  типтің  жанжалы  болады:  егер  сана 

деңгейінде  ол  экстраверт  болса,  өтеуші  қызметті  атқаратын  бейсаналық 

деңгейде  ол  интраверт  болады  және  керісінше.  Әйелдерді  де,  еркектерді  де 

осы типке жатқызуға болады. Психологиялық нұсқамалары әртүрлі адамдар 

некеге  отырғанда  психологиялық  проблема  пайда  болады.  Сонымен,  Юнг 

Шығыстың рухани тәжірбиесіне жүгіне отырып, психоанализдің жаңа үлгісін 


        

386 


 

жасайды.  Соның  арқасында  ол  Фрейд  жазған  жеке  бейсаналық  деңгейінен 

басқа-  онан  да  терең  ұжымдық  бейсаналық  деңгейін  ашады,  оның 

архетиптері мен символдарын зерттейді. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», -Алматы: 2009. 

345-347 беттер 

2.  Браун Дж. Психология Фрейда и постфрейдисты. «Вак-лер», -Москва-

Киев: 1997. 

3.  К.Г.Юнг.  О  психологии  образа  Трикстера//  Пол  Радин.  Трикстер. 

Исследование  мифов  североамериканских  индейцев  с  комментариями 

К.Г.Юнга и К.К.Кереньи. — СПб: 1999, с. 265—286 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

387 


 

ГАСТОН БАШЛЯР 

 

(27 маусым 1884ж, Бар-сюр-Об, 

Об – 16 қазан 1962ж, Париж) 

 

         — 



француз 

философы. 

Мәдениеттанушы һәм психолог ретінде 

де  кең  танылған.  Неорационализм 

ағымының негізін қалаушы.  

      Өзін-өзі  –  «ауыл  пәлсафашысы» 

(«сельский  философ»)  атаған  көрінеді. 

Өз  Отанының  Әдебиет  саласындағы 

ұлттық  сыйлығының  иегері.  Шампань 

провинциясында 

өмірге 

келген. 


Колледж  бітіріп,  поштада  қызмет 

еткен.  Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа 

қатысушы.  Соғыстан  кейін  өзі  дәріс 

алған оқу орнында физика және химия пәндерінен сабақ береді. 1927 жылы 

Сорбонн  университетінде  философия  докторы  ғылыми  атағын  алу  үшін 

диссертация  қорғайды.  Одан  кейін  Дижон  университетіне  оқытушы  болып 

орналасады.  1940  жылдан  бастап,  ғұмырының  ақырына  шейін  Сорбонн 

университетінде  философия  докторы  ғылым  тарихы  мен  философиясы 

кафедрасын басқарған. 

Философиялық шығармалары: 

«Ғылымның  жаңа  рухы»  (1934),  «Отқа  психологиялық  талдау  жасау» 

(«Психоанализ  огня»)  (1937),  «Жаңа  рационализм»  (1953),  «Интуиция 

мгновения» (1931), «Философское отрицание» (1940), «Вода и грёзы» (1942), 

«Грёзы  о  воздухе»  (1943),  «Земля  и  грёзы  о  покое»  (1946),  «Земля  и  грёзы 

воли»,  (1948),  «Прикладной  рационализм»  (1949),  «Рациональный 

материализм»  (1953),  «Поэтика  пространства»  (1958),  «Поэтика  грёзы» 

(1961), «Пламя свечи» (1961) еңбектерінің авторы. 



Философиялық афоризмдері: 

  Обьективті  танымда  өзіңе-өзің  күлмей  прогресске  қол  жеткізу  мүмкін 

емес. 

  Философиялық жүйелер бір топырақтан екінші топыраққа көшірген кезде 



жеміс бере бермейді және тез көз байлайды. 

  Зат дегеніміз – тоқтап қалған құбылыстан басқа ештеңе де емес. 

  Салмақтау дегеніміз – ойлау, ойлау дегеніміз – салмақтау. 

  Тереңдік – ең қымбат қазына, жүректің терең түкпіріндегі сыр: әдетте оны 

сыртқа шығара бермейді. 

  Бір-бірін  шын  түсінгісі  келген  екі  адам,  ең  алдымен,  бір-біріне  қарама-

қайшы келіп көрулері керек. 

  Кейде  жалған  ұғымдарға  негізделген  тұтас  теория  да  жасап  шығаруға 

болады. 

  Тасты жақсы көру мен әйелді жақсы көрудің айырмашылығы шамалы. 



        

388 


 

  Махаббат  күдік  дегеннің  не  екенін  білмейді:  тек  жүректегі  ғана  дұрыс 

деген сеніммен өмір сүреді. 

  Сүйіспеншілік – бөлісіп пайдалану керек оттан басқа ештеңе де емес. 

  Біздің шын бейнеміз жұрт білетін бейнелерге ұқсамайды. 

  Ғылыми ойды ырықсыз елестету қиын. Ол мұқият, сабырлы абстрактілік 

ойдың тұсауын кеседі. 

  Белгісіздікті – біздің бейхабарсыздығымыз емес, біздің қателеріміз жеңеді. 

  Өзімізге-өзіміз қарайлай береміз деп – біз шындықтан көз жазып қаламыз. 

  Обьективті ой ирониялық сипатта болуға тиіс. 

  Кей  кездері  таңдап  алған  обьектіге  деген  таңданысымыз  гипотеза  мен 

фантазияны  жөнді-жөнсіз  үсті-үстіне  үйе  беруге  итермелейді:  әлдебір 

білім сияқты көрінетін көзқарастар осылай қалыптасады. 

  Өз қателігіңді мойындау дегеніміз – өз ой-парасатыңыздың биіктігіне тағы 

бір ашық марапат жасау деген сөз. 

  От  туралы бірінші білетініміз – оған жақын болу керек екендігі. 

  Химиядағы  реализм  –  алғаш  көзге  ілігер  ақиқат:  ол  келесі  қадам 

жасағанда-ақ елеске айналады. 

  Реализм – бәрін өзгертетін немесе бәрін жұтып қоятын философия. 

  Жарық  заттың  сыртында  ғана  ойнап-күледі,  ал  оның  ішіне  кіру  қабілеті 

тек жылуға ғана тән. 

  Фантазияның  мәңгілік  шарттарын  осы  заманғы  ғылым  да  жоққа  шығара 

алмайды. 

  Құштар  көңіл  өзінің  жақындағыларымен  де,  сүйініш-күйініштерімен  де 

бөлісе алады – ол үшін тек қысқы кеш, үй сыртында ұйытқыған боран мен 

лаулап жанған от қана керек. 

  Қажетке қол созудан гөрі, аста-төк артықшылыққа ұмтылыс рухты көбірек 

шабыттандырады: Адам пайда емес қажеттілік жасаумен айналысады. 

  Теория дегеніміз – әлі толық жүзеге аспаған математикалық шындық. 

  Сүйіспеншілікпен  тазарғанда  ғана  нәзік  құштарлық  дегеннің  не  екенін 

сезінуге болады. 

  От  өмірдің бастауы  деген пікір бар  салада кездеседі  және соның бәрінде 

дәлел дегеннің ұшқыны да жоқ. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет