Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет39/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde


Әдебиет

 

1. Визгин В.П. Эпистемология Гастона Башляра. –Москва: 2004.с.350 

2. Кургузова В. Гастон Башляр. Психоанализ огня.-Москва: 2001.с.212 

3. Ландер А. Дом, который построил Гастон. –Москва: 2000. С.115 

4.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (философиялық  афоризмдер)/ 

Гастон Башляр. «Өлке»,–Алматы: 2004. 191-бет. 

 


        

389 


 

ЭРИХ ЗЕЛИГМАНН ФРОММ 

 

(23 наурыз, 1900ж, Майндағы-

Франкфурт –18 наурыз, 1980ж, 

Локарно) 

 

        — 



неміс-американдық 

социолог,  философ,  әлеуметтік 

психолог, 

психоаналитик, 

Франкфурт  мектебінің  түлегі, 

неофрейдизм 

және 

фрейдомарксизм 



негізін 

қалаушылардың бірі. 



Философиялық көзқарастары: 

       Эрих 

Фромм 

Фрейдтің 



биологизмін,  либидо  теориясын, 

табиғилық 

пен 

әлеуметтікті 



қарама-қарсы 

қоюын, 


психологияны  философия  мен 

этикадан  бөлектеуін  сынады.  Ол 

адамды 

әлеуметтік 



тіршілік 

етуші,  табиғи  және  адамдандырылған  дүниемен  үнемі  байланыс  жасаушы 

ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға 

мүмкіндік  бергенімен,  оның  өмірінің  мән-мағынасы,  моральдық  және 

этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс 

деген  сұрақтарға  жауап  бермеді.  Э.Фромм  К.Юнгтің  аналитикалық 

психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп 

есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен 

іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық 

ұстанымдар  адамның  ішкі  қасиеттеріне  негізделген  болуы  керек,  әйтпесе 

оларды  бұзу  тұлғаның  психикалық  және  эмоциялық  құлдырауына  әкеледі 

деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты 

шығады  –  гуманистік  этиканың  құндылықтарын  меңгеру,  өзінің  ішкі 

табиғатын  танып-білу  және  «өмір  өнерін»  игеру  арқылы  адамның  ішкі 

мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету. 

        Фромм  еркіндік  және  жаттану  категориялары  арқылы  адамдардың 

басым  көпшілігі  өзінің  нағыз  «Менін»,  «Өздігін»  емес,  «Жалған  Менін» 

дамытатынын,  осы  процестің  нәтижесінде  өзін  жоғалтып,  ештеңеге 

айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық 

сипаттамаларына,  әсіресе  «үміт»  элементіне  сүйене  отырып,  оптимистік 

болжамдар  жасайды.  Оның  пікірінше,  «үміт»  өмір  құрылымының  ішкі 

элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу адам 

рухының  динамикасы,  адам  болмысының  маңызды  шарты,  сондықтан  да 

Фромм адамды Хомо есперанс (үміті бар) деп сипаттайды. 



        

390 


 

         Сонымен қатар Э.Фромм адамның өмір сүру диалектикасына тоқталып, 

оның ешқашанда жойылмайтын трагедиялық жағын да көрсетеді. Біріншіден, 

адам  бұл  өмірге  өзі  сұранып  келмейді,  ол  белгілі  бір  кездейсоқ  жерде, 

уақытта  дүниеге  келіп,  алғашқы  сатыдан  өмірінің  соңына  шейін  «өмір  мен 

өлімнің екі ортасында» болып іс-әрекет етеді. Екіншіден, осындай шектелген 

өмірдің шеңберінде адам өзінің бойындағы барлық дарындарын іске асырып, 

алдына  қойған  өмірлік  мақсат-мұраттарын  орындап  үлгірмейді,  сондықтан 

олардың  көбі,  қазақ  дүниесезіміндегі  терминдермен  айтсақ,  «жалған, 

жеткізбейтін  арман»  болып  қала  береді.  Эрих  Фроммның  бұл  ойлары  бізді 

фрейдизмнің шеңберінен шығарып, экзистенциализм философиясына өткізіп 

жібереді. 

 

Әдебиет: 

 

1.  Браун Дж. Психология Фрейда и постфрейдисты. «Вак-лер», -Москва-

Киев: 1997. 

2.  Нұрышева  Г.  Философия/  Лекциялар  курсы.  XIX-XXғ.ғ.  Батыс 

философиясы.  «Зиат-Пресс», -Алматы: 2006. 85-86 беттер. 

3.  Мырзалы  С.  Философия/  Фрейдизм  ағымы.  Э.Фромм.  «Бастау»,  -

Алматы: 2008. 374-бет. 

4.  История философии: Энциклопедия. Интерпрессервис; Книжный Дом. 

–Мн.: 2002. 

5.  Радугин А.А. Философия курс лекций. -Москва: 1995  

6.  Рассел Б. История западной философии. В 2-т., Т-2. -Москва: 1993.  

7.  Уайтхед А.Н. Избранные работы по философии. -Москва: 1990. 

8.  Философия любви. Ч.1-2, -Москва: 1990  

9.  Фромм Э. Искусство любить. -Москва: 1990  

10. Фромм Э. Мужчина и женщина. –Москва: 1998  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



        

391 


 

           XX    ғасыр  – ғылыми  техникалық  революция дәуірі.  Рационализм мен 

иррационализм арақатынасын ғылыми - техникалық прогреске көзқарасын да 

байқауға  болады.  Біріншісін  сцентизм  деп  атайды.  Ол  бағыт  ғылымға, 

ғылыми-техникалық  прогреске  сенеді.  Ғылым  адамға  қызмет  етеді,  оның 

өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX  ғасырдың екінші жартысында 

дүниеге  келді.  Оған  көптеген  жаңа  ғылымдардың  жаңа  техникалардың, 

техникологиялық  әдістердің,  компьютердің,  т.б.  дүниеге  келуі  себеп  болды. 

Екіншісі  антисцентизм  деп  аталады.  Ол  ғылымға  сенбейді.  Ғылыми-

техникалық  прогресс  адамға  тек  қиындық  әкеліп,  зиян  келтіреді,  қоғамды 

басқарудың  тоталитарлық  жүйесін  туғызады.  Ал  адамдардың  санасын  ол 

қыспақта  ұстайды,  ойлау  жүйесіне  томаға  салады  деп  есептейді.  Техника  - 

адамдардың барлық іс-қимылын, ойын бақылайтын автоматтарды, есептегіш 

машиналарды,  жасанды  интеллектерді  дүниеге  әкелді.  Осылардың  бәрі 

адамды  тірі,  жанды  автоматқа  айналдырады,  оның  ерекшелік  қасиеттерін 

сөндіреді,  дейді.  Бірақ  сол  ғылыми-техникалық  прогресс  өшіп  бара  жатқан 

капитализмге  дем  беріп,  оны  тірілтіп,  тез  дамытқанын  айтпайды.  Олардың 

пікірінше,  капитализм  –  мәңгі  өлмейтін  қоғам.  Бұл  –  мәселенің  әлеуметтік 

жағы.  Ал  мәселеге  басқа  тұрғыдан  келсек,  бұл  екі  бағыттың  екеуінің  де 

айтқандары шындыққа  жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана. Сөйтіп, 

иррационализм  сайып  келгенде  мистикаға,  жоққа  сенуге  де,  ғылыми 

ізденістерге  же жеткізеді.  Сондықтан,  оған  сыңаржақты  қарап,  не  жақтауға, 

не даттауға болмайды.   

 

XIX  ғасырдың  аяғы  –  XX  ғасырдың  басында  физиология  мен 



психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах 

пен  эмпириокритизмнің  негізін  салушы  Рихард  Авенариус  болды.  Э.Мах 

былай  деді:  «...Ағаш,  стол,  үй  менің  денемнен  тыс,  өздігінен  өмір  сүреді». 

Бірақ  біз  оларды  тек  психологиялық  қабілет  арқылы  қабылдаймыз.  «Біз 

мынадай қорытындыға келдік, – дейді. Р.Авенариус, – әр түрлі болмыс өзінің 

мазмұны  жағынан  сезім  ретінде,  әртүрлі  жағынан  қозғалыс  ретінде  ойға 

келеді.  Ол  –  ойды  үнемдеу».  Ол  үшін  ойлап,  түбіне  жете  алмайтын 

ұғымдардан, мәселен, материядан бас тарту қажет. Оны сезім элементтеріне 

бөлшектеу  қажет,  сонда  бәрі  де  өз  орнына  келеді.  Э.Мах:  «Денелер  емес 

сезім  тудыратын,  жоқ  денелерді  қарастыратын  элементтер  кешені  (сезімдер 

кешені)»,  дейді  ол.  Олай  болса,  физика  атомдары,  химия  молекулалары 

физика  мен  химиядағы  сезім  кешендерінен  басқа  ештеңе  емес,  тек  физика-

химия  тәжірибесіндегі  үнемдеу  белгілері.  Бұл  философиялық  субъективтік 

идеалистік бағытты В.И.Ленин өзінің «Материализм және эмпириокритизм» 

еңбегінде жан-жақты талқылап, сынға алды.  

 

Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары: 



неопозитивизм,  неотомизм  және  экзистенциализм  болды  (Кішібеков 

Д.,Сыдықов Ұ.Философия. «Қарасай», -Алматы: 2008).    

 

                          



 

 


        

392 


 

ИСИДОР МАРИ ОГЮСТ 

ФРАНСУА КСАВЬЕ КОНТ 

 

(19 қаңтар, 1798ж. Монпелье 

–  5 қыркүйек, 1857ж. Париж) 

 

              —  француз  философы  әрі 

социологы. 

Позитивизмнің 

көшбасшысы. Социологияны жеке 

өз  алдына  қарастыратын  ғылым 

ретінде негізін қалаушы.  

Философиялық шығармалары: 

      «Курс позитивной философии» 

(1830–1842) 

және 


«Система 

позитивной  политики»  (1851–

1854) және т.б. 

 

Позитивизм  дұрыс  пікір 



болып дүниеге келді, оның негізін 

салған  Огюст  Конт  және  Джон 

Стюарт  Милль,  Герберт  Спенсер. 

Бұл философияның негізі Д.Юм мен И.Кантқа тіреледі.  

          Олардың  мақсаты  –  ғалымдарды толып  жатқан  алдын  орған ойлардан, 

былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым 

өз  алдына  философия.  Сол  ғылымдарды  зерттеу  қажет.  Былайша  айтқанда, 

әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. 



Философиялық көзқарастары: 

           Мақсат,  –  дейді  позитивистер,  солардың  тек  дұрысын,  пайдалысын 

қабылдап,  пайдасызынан  арылу.  Ондағы  ойы-француз  революциясының 

теориялық  негізі  болған  XVIII  ғасырдағы  француз  материализмінен  бас 

тарту.  Олай  болса,  позитивизм  –  идеалистік  философия,  оның  ішінде 

субъективтік  идеализм.  Сөйтіп,  революция  арқылы  үстемдікке  қолы  жеткен 

буржуазия  бұрын  материализм,  ғылым  үшін  күрескен  болса,  енді  одан  бас 

тартып, идеализмге біржолата бет бұрды.  

 

Әдебиет: 

 

1.  Конт  О.  Дух  позитивной  философии.  (Слово  о  положительном 

мышлении). «Феникс»,— Ростов н/Д: 2003. — 256  

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра»,ОҚ.«Жазушы»,—Алматы: 2009.                                            

3.  Огюст Конт // Асмус В.Ф. Историко-философские этюды. — М.: 1984. 

4.  Виленский  О.Г.Талант  и  гений  в  сочетании  с  психическими 

расстройствами: Огюст Конт. УП.—Москва: 2002.  

5.  Милль  Д.С.  Огюст  Конт  и  позитивизм//  Перевод  с  английского 

И.И.Спиридонова. — Изд. 4-е. ЛКИ,—Москва: 2011 

 


        

393 


 

Жалпы, позитивизм эволюциясы осы дәуірдің ішінде үш кезеңнен өтті: 

                    бірінші  кезеңі – позитивизм,  

                    екінші кезеңі – эмпириокритицизм,  

                    үшінші кезеңі – неопозитивизм  

                    немесе логикалық позитивизм. 



          Себептері:  алдымен  позитивизмнің  пайда  болуына  әсер  еткен  Гегель 

диалектикасының  дүниеге  келуі.  Буржуазия  идалогтары  содан  қауіптенді. 

Диалектика  метафизиканың  кемшіліктерін  айқын  көрсетті.  Одан  соң,  сол 

кезде  дейінгі  философия  ғылымдардың  ғылымы  делініп  келді.  Бірақ  нақты 

ғылымдардың  тез  ғылымы  делініп  философияның  енді  ғылымдардың 

ғылымы емес екенін дәлелді. Осы себепті арнаулы философиядан бас тартып, 

жаңа жол іздестіріле бастады.  

 

 XIX  ғасырдың  аяғы  –  XX  ғасыр  басында  позитивизмнің  жаңа  дәуірі 



туды.  ол  эмпириокритицизм  деп  аталды.  Оны  жақтаушылар  біздің 

санамыздан  тыс  объективтік  өмір  бар,  бірақ  ол  біздің  сезімдеріміздің 

жиынтығы,  қосындысы  (кешені),  деді.  Эмпириокритицизм    позитвизмге 

қарағанда 

шындықтан 

әлдеқайда 

алшақ. 

Айталық, 



позитивизм 

философияны 

емес, 

нақты 


ғылымдарды 

зерттеу 


керек 

десе, 


эмпириокритицизм  біздің  сезімімізден  тыс  ешнәрсе  жоқ,  барлық  дүниені 

біздің  сезіміміздің  нәтижесі  деген  қорытынды  жасап,  объективті  өмірді 

субъективті сезімге айналдырды. 

 

Позитивизмнің  үшінші  түрі  неопозитивизм  немесе  логикалық 



позитивизм.  Ол    XX  ғасырдың  20-жылдарында  дүниеге  келді.  Өкілдері: 

Морис  Шлик,  Рудольф  Карнап,  Отто  Нейрат,  Филип  Франк,  т.б.  Бұлар  өз 

ойларын  қатаң  ғылыми  логикаға  негіздемек  болды.  Осыдан  келіп 

математикалық логика дүниеге келді. Сондай-ақәрбір сөздің мағынасын ашу 

(Б.Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б 

категориялар  проблемасы  туындады.  Неопозитивистер  ғылыми  пікір 

айтудың екі жолы: эмпирикалық және логикалық-математикалық жолы бар, 

деді. Мәселен, «менде төрт қалам бар» делік, немесе «мына жылқы ауру не 

сау»,  оны  қалай  білеміз?    Тек  қарап,  көзбен  көру  қажет.  Бұл  әдісті 

эмпирикалық  әдіс  дейді.  Өмірде  бұл  әдіс  кең  қолданылады.  Ал  егер  көзбен 

көруге  болмаса,  онда  логикалық-математикалық  әдіс  қолданылады.  Оны 

тавтология  деп  те  атайды.  Ол  үшін  көріп,  білгіңіз  келсе  ұғымды  белгілі 

қалыптасқан ұғымға жүгіндіру. Біріншісі - сезім арқылы тексеріліп анықтауға 

жатады.  Оны  верификация  деп  атайды.  Екіншісі  –  бекерге  шығару  арқылы 

дәлелденді.  Оны  фальсификация  деп  атайды.  Ол  ойдың  қисынды,  не 

қисынсыздығын  байқау  арқылы  шешіледі.  Мәселен,  «қар  ақ,  егер  де  ол  ақ 

болса» деген сияқты. Егер қар күйе аралас жатса, оны ақ деп айтсақ қисынға 

келмейді.  міне  фальсификация  әдісі  осылайша  қисынсыз  ұғымдардың 

тұрлаусыздығын шығарады, дейді неопозитивизм өкілдері.Ал қалған көзбен 

көрмейтін,  ой  қисынына  салынбайтын  ұғымдардың  бәрі  аласталуын 

ұсынады. Айталық, дүниенің негізі «су» деп дүние материядан тұрады деген 

материалист  –  философтар  пікірі,  т.б  жаңағы  екі  әдіспен  тексеруге  әдіспен 

тексеруге келмейді., олай болса олардың бәрі метафизикалық ойлар, олардан 


        

394 


 

арылу  қажет.  Неопозитивистер  ғылымдардың  объективті  заңдылықтары 

болатынын  мойындамайды.  Ғылым  заңдары  абсолют  емес,  дейді  олар. 

«Ғылым  заңдары,  –  Белфаст  университетінің  профессоры  Дэвид  Гунинчтің 

пікірінше, – дүниенің тіршілігі туралы оқымыстылардың пайымдауы немесе 

дәлірек  айтсақ,  дүниенің  олар  үйреніп  және  түсіне  білген  кішкентай  ғана 

бөлшегі».  Сөйтіп,  неопозитивистер  ғылымдарды  ғалымдарды  субъективті 

топшылауы  деп  тұжырымдады.  Неопозитивизмнің  түрі  көп:  семантика, 

прагматизм, инструментализм, т.б. 

        Семантика  философиясы  бойынша  тіл  өмірден  гөрі  жұтаң  да,  өмір 

одан  бай.  Біздің  тіліміз  кедей,  сондықтан  түсінбеушілік,  қарсыласу  пайда 

болады.  Мақсат  –  тілді  дамыту  қажет,  әлеуметтік  қайшылықтар  тіл 

жұпынылығынан  дейді  неопозитивист–семантиктер  Л.Витгенштейн:  «Менің 

тілімнің  шегі- менің  дүниені  түсіну  шегім»,  –  дегені осының дәлелі. Джемс 

Уильям  прагматизмнің  негізін  салып,  Джон  Дьюи  оны  ілгері  дамытты.  Бұл 

философия  ойынша  шындықтың  дәлелмесі  –  оның  пайдалығында  қандай 

пікір,  ой  болса  да,  егер  ал  пайда  әкелсе  –  шын,  басқаша  болса  –  жалған. 

Бұдан прагматизмнің қандай философия екенін түсіну қиын емес.  

          Аналитикалық  философия  –  өзінің  алғашқы  нұсқасында  ол 

классикалық дәуірге жатады және ғылыми тілді талдап, оның қателерін табу 

арқылы  философиялық проблемаларды  шешуге  талпынған.  Бірақ келешекте 

аналитикалық  философия  адамның    күнделікті  қарым-қатынас  тілін 

зерттеумен айналысып, алуан түрлі формаларындағы тіл- өзара түсіністіктің 

шынайы формасы деген қорытындыға келеді. 

 

Германевтика бағыты тағы бар. Бұл – мәндер туралы, түсіну мен өзара 

түсіністіктің  міндеттері  мен  түрлері  туралы,  оның  құрылымы  мен  жүзеге 

асыру  жағдайлары  туралы  ілім.  Егер  классикалық  философия  қойылған 

мәселелерді  түсіндіруге  ұмтылған  болса,  онда  герменевтика  Шығыстың 

тәжірбиесіне  сүйеніп,  түсіндірудің  емес,  адамның  ақылы  мен  жүрегін 

қамтитын түсінудің артықшылығын алға тартады. 

          Структурализм,  оның  басты  міндеті  –  менталдылықтың  барша 

мәдениеттер  мен  халықтарға  тән  ортақ  құрылымдарын  анықтау,  логика 

батыстық  адамның  логикасымен  аяқталмайтынын  дәлелдеу.  Мәдениет  үшін 

ойлаудың аңыздар мен ғұрыптарда көрініс тапқан басқа да маңызды түрлері 

бар.  Олар  –  структурализмнің  Шығысқа  бет  бұрғанын  білдіретін  қазіргі 

адамның  «алғашқы  қауымдық»  деп  аталатын  ойлау  мен  логикасына  тән 

жақындасу, сұхбат идеялары. 

 

Неотомизм  –  католик  шіркеуінің  діни  философиясы,  негізін 

салғандар: XIII ғасырда өмір сүрген Әулие Августин және Фома Аквинский, 

өкілдері:  Жан  Маритен,  Э.Жильсон,  Г.Марсель,  В.Соловьев,  Н.Бердяев, 

И.Бохенский т.б. Бұл философияның мақсаты - адамдар жүрегіне жол салу. 

 

неотомистер  ғылымды  жоққа  шығармайды,  бірақ  оны  дінге  қарсы  да 



қоймайды.  Тек  ғылымдардың  адамзатқа  тигізіп  отырған  кейбір  жағымсыз 

ықпалын  сынайды.  Өйткені,  адамдар  жаратушы  құдайды  ұмытқан.  Барлық 

қатер  содан,  дейді  олар.  Неотомизм  философиясы  екі  жұп  категорияларға 

негіделген:  потенция  (мүмкіндік)  және  акт  (нақты  іс),  эссенция  (мән)  және 



        

395 


 

экзистенция (өмір сүру). Неотомист Джордани: «Марксизмде Құдай орнатып, 

тәртіптелген заттарға қарсы, адамдық емес, адуын жындай құпия күш бар», - 

деп біледі. Боруктің пікірінше, «іштарлық, қызғаншықтық, менменсу, билікке 

жетуді  көксеу  –  жалпы  адамзаттың  кемшіліктері,  оны  ешқандай 

экономикалық  ілім өзгерте  алмайды»,  деді.  Неотомизмнің  басты  мәселесі 

үшеу:  құдай  адам,  адамгершілік  Жаратушы  жайындағы  проблемаға  келсек, 

ол  былай  дейді:  қозғалысты  алсақ,  алғашқы  күш,  бірінші  болып  қозғалыс 

берген күш ойға келеді.  

  қажеттілік пен кездейсоқтықтықты билейтін Құдай;  

  барлық салалардың да, сәйкестіктің де себебі - Құдай; 

  дүниеде бәрі де жарасымды жаралған,  

оның да себебі – Құдай, ал жамандық пен жақсылықты жарататын адамдар. 

Бірақ  Құдай  жамандық  жасағанды  жазалайды,  дейді.  Ал  енді  солай-ақ 

болсын  делік,  сонда  барлық  табиғи  сәйкессіздікті,  үйлемсімсіздікті, 

ассиметрияны  жасайтын  кім?  Өйткені,  ол  табиғатта  бар.  Бұл  сұрауларға 

неотомизм  тоқталмайды.  Философияда  құдайшылықты,  жалпы  тағдырды 

жаратушыны  мадақтау  жайында  көп  жазылды.  Неотомизм  де  сол  бағытқа 

жатады.  Ол  теодиция  деп  аталды  (Кішібеков  Д.,Сыдықов  Ұ.  Философия. 

«Қарасай», -Алматы: 2008). 

          Адам мәселесі – философияның бүкіл тарихи-мәдени формаларындағы 

басты  мәселе.  Ол  –  қазіргі  антропология.  Адам  туралы  ғылым  және  оған 

барлық  ғылымдардың,  философияның,  өнердің  адам  туралы  білімдері 

кіреді.Осындай әмбебап ғылымның мақсаты – адам идеясын тауып, негіздеу, 

яғни адамның Ғаламдағы ерекше орнын анықтайтын басты қағида. 

            Келесі  бағыт  -  персонализм, адами  тұлғаның  мәселесі  мен  ғарыштық 

мақсаттылықты қарастырады. 

           Келесі  бір  бағыт  –  экзистенциализм,  өзінің  назарын  адамның  ішкі 

тәжірбиесіне,  өз  тағдырын,  өмірлік  жолды  адамгершілік  негізде  таңдау 

үдерісіне аударады. 

  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



                

        

396 


 

 

ЛЮДВИГ ВИЗЕНГРУНД ТЕОДОР 

АДОРНО 

 

(11 қыркүйек,1903ж, Майндағы-Франкфурт, 



Германия – 6 тамыз, 1969ж, Висп, 

Швейцария) 

 

       —  философияға  музыка  арқылы  келген, 



көптеген  салада  қомақты  еңбектер  жазған, 

модернизм  ағымына  қуат  беруші  неміс 

ойшылы. 

Франкфурттегі 

критикалық 

мектептің өкілі. 

        1903  жылы  тегі  еврей  саудагері  Оскар 

Визенгрундтың  ауқатты  отбасында  дүниеге 

келген.  Оның  анасы  Мария  Адорно  атақты 

сицилиялық  әулеттен  шыққан,  жас  кезінде 

әйгілі  әнші  болған.  Олармен  бірге  Марияның  әпкесі  –  дарынды  пианист 

Агата  да  тұрған.  Теддидің  екі  анасы  –  Мария  мен  Агата  оның  сүйікті 

қамқоршылары болған. Балалық шақ Адорноның қайғылы өміріндегі жалғыз 

тыныш  кезең  және  ол  музыкаға  толы  еді:  алты  жасында  бала  скрипка  мен 

фортепианода ойнап, музыка шығарған.  

                Музыка  зерттеумен  айналысты.  Иоганн  Вольфганг  Гёте  атындағы 

университетте  (Франкфуртте)  оқыды  және  соңынан  оқытушылық  қызметте 

болды.  1934  жылдан  Ұлыбританияда,  1938  –  АҚШ-та  эмиграцияда  болды. 

1949  жылдан  –  тағы  Майндағы-Франкфуртте.  «Негативті  диалектика»  деп 

аталатын философиялық оқудың жаңа бір типін ұсынды. 



Философиялық шығармалары: 

 «Білім  беру  диалектикасы»  (Хоркхаймермен,  1947),  «Авторитарлық  тұлға» 

(Хоркхаймер,  1950),  «Эпистемологияның  метакритикасына  байланысты» 

(1956),  «Негативті  диалектика»  (1966),  «Эстетика  ілімі»  (1970),  «Ар-ұждан 

философиясының мәселелері» және т.б. 

              Ойға  қонбайтын  нәрсені  ойлап  тауып,  ұғымға  жатпайтын  нәрсені 

түсіну үшін Адорно логиканы өзгертуге, жалпылық пен ерекшенің байланыс 

түрін 


өзгертуге 

бел 


байлайды. 

Философияда 

қолайлы 

термин 


таппағандықтан,  ол  астрономиялық  констелляция  терминін  пайдаланады. 

Констелляция – жеке жұлдыздардың арасында, олардың шартты орталықпен 

байланысында  мүлде  ерекше  қатынастар  бар  шоқжұлдыз.  Жұлдыздар  өзара 

байланыста, сондай-ақ «жүзіп жүретін», «көшіп-қонып жүретін» орталықпен 

байланыста қозғалады. Адорно «констелляция» терминін қолданғанда, жаңа 

«зорлықсыз»  синтез  идеясын  білдіруді  көздейді.  Негізгі  ережелер  сапасын 

сақтайды  және  жалпы  ұғыммен  жұтылмайды,  бірақ  өзара  әрекет  арқылы 

бірлікке  қол  жеткізеді.  Дәл  солай,  өзгешелікті,  өзіндік  ерекшелікті  өшірмей 

жалпылық пен ойға ерекше нәрсені, қасіретті жұтқызбай-ақ, зат пен ұғымның 

арасындағы  арақашықты  сақтай  отырып,  ойлауға  да,  жалпылауға  да  болар 

еді.  Адорноның  өзінің  көзі  тірісінде  көруге  бұйырмаған  «Эстетикалық 


        

397 


 

теория» атты кітабы көпшіліктің қызығушылығын оятқан еді. Ондағы әңгіме 

модерн  өнерінің  теориясына,  сұлу  және  ұсқынсыз  нәрселердің  дәстүрге 

жатпайтын  түсінігіне,  ең  бастысы,  қасіреттің  ұғым  тілі  арқылы  жеткізетін 

жаңа  құралдарды  іздеуге  қатысты  болған.  Рационалдылықтың  балама  түрі 

табиғатқа  деген  көзқарастың,  үстемдік  құру  қағидатының  өзгеруінен 

басталады. «Эстетикалық теорияда» осы ереже нақтыланады. Ең әуелгі шарт- 

алыстау,  іс  жүзінде  мүдделі  болмау,  қашықта  болу  және  соның  арқасында 

табиғатқа  жақындау.  Адорно  «аура»  ұғымына  жүгінеді.  «Шуақты  күні, 

демалыс  барысында,  көкжиектегі  тау  қыратын  немесе  демалушыға 

көлеңкесін  түсірген  бұтақты  бақылау,  сол  таудың,  сол  бұтақтың  аурасымен 

тыныстау  деп  аталады».  Егер  табиғатты  акциялар  обьектісіне,  практикалық 

мақсаттардың  ықтимал  құралына  айналдырмасақ,  онда  ол  қайта  тіріледі, 

алуан  түсті  әрі  алуан  түрлі  болып  көрінеді.  Философтың  пікірінше, 

үстемдіктің  көзіне  ілініп,  бұрмаланбаған  заттар  логикалық  құрылымдардың 

тілінде емес, констелляцияның ерекше тілінде сөйлейді. 



Философиялық көзқарастары: 

               Адорноның  философиялық  ізденісі  біздің  заманымызға  лайықты. 

Шоқжұлдыз, констелляция – жалпы мен ерекшенің – әртүрлі мәдениеттердің, 

дәуірлердің,  конфессиялардың,  жеке  тұлғалардың  жаңа  қатынастары.  Бұл 

қатынаста  басымдылық,  жаншу,  үстемдік  деген  жоқ  және  әрбір  дауыстың, 

әрбір  мәдениеттің  сөзі  жерде  қалмайды.  Олар  өздерінің  ерекшеліктерін 

неғұрлым айқындаған сайын, олардың өзара әрекет пен тартылыс өрістері де 

соғұрлым  күшейе  түседі.  Қатынастардың  бұл  түрі  төзімділікке,  келісімге 

және өзара түсіністікке бағыт алған демократиялық елдерде қалыптасуда. 

           Шоқжұлдыз  бейнесі  –  констелляция  ашықтық,  демократияшылдық, 

плюралдық,  бейімділік  қағидаларына  негізделіп,  бірлік  пен  өзара  келісімді 

ұқыпты сақтайтын адам қоғамының болуы мүмкін екенін жеткізіп тұр. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет