Мемлекепік аппараттағы бюрократизм себептері. Әскер және мемлекеттік
қауіпсіздік органдары және тәртіпті қамтамасыз ету саяси институттардың
ерекшелігі ретінде. Бюрократия ұғымы /француздың «bureau» - стол, канцелярия және
гректің «kratos» - билік/ тікелей столбастық, канцелярия, контор билігі деген мағынаны
береді.
Бюрократия ұғымын түсіндірудің екі ғылыми тұрғысы кездеседі. Оның бірі неміс
ғалымы М.Вебер /1864-0920 ж./ атымен байланысты, ол басқару теориясында үлкен іс
қалдырды. Бұл тұрғыда бюрократия ұғымы тиімді ұйымдастырылған басқару жүйесі, онда
кәсіби қызметкерлер заң мен ереже бойынша өз қызметтерін орындайды. Яғни, М.Вебер
бойынша бюрократия дегеніміз тиімді-құқықтық биліктің қажетті элементі және ол
европалық өркениеттің дамуы негізінде пайда болған. Екінші тұрғыда бюрократия
жағымсыз бағаланады және қоғамдағы жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылады. Барлық
уақытта мұндай жағдайда үшінші бір бағыт пайда болады. Онда бюрократия қоғам үшін
қажеті құбылыс, бірақ оның жағымсыз жақтары бар деп саналады. Көбінесе мұнда
бюрократия жақсы, ал бюрократизм жаман деп саналады. Бұл ситуация бюрократия
құбылысына нақты талдау жасап, қорытынды жасауды талап етеді.
Бюрократиялық ұйымның мына төмендегідей сипатымен ерекшелінеді:
• Нәтижелігімен, ұйымның мүшелері арасындағы міндеттерді нақты бөлінуі арқылы
жеткен, жоғары кәсіби мамандарды басшы қызметке алуға мүмкіндік беруі;
• Биліктің қатал иерархиялануы, биліктің жоғары сатысында тұрған адамның өзінен
төмендерді бақылауға мүмкіндік беретін;
• Формалды қалыптасқан және нақты тіркелген ереже жүйесі, басқару қызметінің
біржақтылығын қамтамасыз ететін;
• Тұлғасыз әкімшілік қызмет және көңіл-күйден бейтарап қатынас, олардың әр
қайсысы индивид ретінде емес, әлеуметтік билік пен белгілі бір лауазымды алып жүруші
ретінде әрекет етеді.
Бюрократияны зерттеуші ғалым Ф.Хэди оны екі топқа бөледі. Біріншісі, классикалық
бюрократия, веберлік сипаттауға өте жақын, шығуы жағынан орта ғасырлық абсолюттік
тәртіппен байланысты. Ол тиімділігі мен жоғары кәсібилігімен ерекшелінеді, бірақ
икемділігі жоқтығымен ерекшелінеді. Классикалық бюрократиялы елдер- Франция мен
Германия. Саяси бюрократия, бәрінен бұрын ағылшын тілді елдерге тән, саяси бақылауға
оңай ұшырайды. Сондай-ақ либералды-демократиялық елдердегі шенеуіктер екі нұсқаны
да алып жүреді. Соңғы жылдары бюрократияның жаңа формасы пайда болды, олар жоғары
саяси білім алған және ол білімдерін іске асыруға талпынған.
Бюрократияның өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
o
Бюрократия қоғамдық құбылыс, тек социумға /қоғамға/ ғана тән;
o
Билікпен тығыз байланысты құбылыс;
o
Бюрократизм, билік субъект және объекті принципі бойынша бөлінген кез келген
билікке тән;
o
Бюрократизмнің объективті негізі биліктің субъект пен объект болып бөлінуінде,
олардың бір-бірінен алшақтауы биліктің мүддесін орындау мүмкіндігін әлсіретеді;
o
Бюрократизммен күрестің радикалды тәсілі билік пен басқаруды ұйымдастыру
принципін өзгерту, нақты айтсақ өзін-өзі басқаруға өту;
o
Бюрократизммен биліктің кез келген сатысы: лауазымды адам, мемлекеттік ұйым,
тұтас мемлекет ауруы мүмкін;
o
Бюрократизм динамикалық құбылыс, билік-басқару жүйесінде көп немесе аз болуы
мүмкін;
o
Мемлекеттік ұйымдардың әр түрлі жүйесі бюрократизмге әр түрлі деңгейде
ұшырайды, бюрократизмге ең көп ұшырайтыны басқармалардың кәсіби аппараты,
мемлекеттік қызметкерлер, ал аз ұшырайтыны демократиялық жолмен пайда болған
мемлекеттік ұйымдар; бюрократия- бұл билікті ұйымдастыру тәсілі, ал бюрократизм-
бюрократиялық ұйымдасқан билік-басқару жүйесін сипаттаушы сапалар, қасиеттер,
белгілер жиынтығы;
o
Демократия мен бюрократия бір-бірімен сиыспайды, олар билікті ұйымдастырудың
әр түрлі тәсілдерін қолданады.
Бюрократияны бақылау ресми және ресми емес, сонымен бірге ішкі және сыртқы
болып бөлінеді.
Қоғамды бюрократизациялаудың жолдары:
❖ Демократияның дамуы, жариялылық;
❖ Шаруашылық механизмдердің жетілуі, нарықтық жүйедегі қатынас;
❖ Биліктің өкілділік ұйымдарының демократиялануы және атқарушы биліккке
ықпалдың күшеюі;
❖ Құқықтық жауапкершілік, бюрократтарға заң арқылы қысым жасауды күшейту;
❖ Жалақының, карьера мен қоғамдағы орнының оның қызметінің соңғы нәтижесіне
тәуелділігін күшейту.
Посткеңестік шенеуніктікті қарастыра отырып, А.Облонский, олар веберлік
классикалық бюрократияға жете алмады деп санады. Сондықтан да оларды
квазибюрократия деп атады. Автор сонымен бірге қазіргі әкімшілік жүйе тіпті нашар
қызмет етуде деп санады:
➢ Кәсібилік деңгейінің төмендеуі, яғни ең білікті және қабілетті аппарат
қызметкерлердің мемлекеттік қызметті тастауы;
➢ Аппарат қоғамға қызмет көрсетуге үйретілмеген;
➢ Аппараттық жемқорлықтың күшеюі;
➢ әкімшілік моралдің кодексінің бұзылуы, бюрократиялық жазаламаушылықтың
арттуы.
Мемлекеттік басқаруды демократияландырудың дербес әдістері мыналар:
1. мемлекеттік басқару қызметінің орталыққа тәуелділігін жою;
2. мемлекеттік басқару өкілеттілігінің шоғырлануын жою;
3. алқалық институттардың қызметін жетілдіру /өкілдік/;
4. мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі жариялық пен ашықтықты
кеңейту;
5. мемлекеттік басқару органдарының халық алдында жауап беруін күшейту;
6. барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының бағдарламаларын
азаматтық институттардың бекітуін қамтамасыз ету.
Қоғамның бюрократиялануын жою үшін мынадай тетіктерді жетілдіру қажет деп
санаймыз:
1. демократияның дамуы, жариялық процестері мен конструктивті сынның жаппайға
айналуы;
2. қызметкерлердің жалақысының, карьерасының, қоғамдағы жағдайының оның
қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді болуы;
3. шаруашылық механизміні, нарықтық қатынас жүйесін жетілдіру;
4. өкілділік билік ұйымдарын демокартияландыру және атқарушы билікке ықпалын
күшейту;
5. заңдық жауапкершілік, бюрократтарды заң бойынша жауапқа тарту ережесін
ендіру.
Брюрократияның өмір сүруі кәсіби адамдар топтары, басқарушылық қызметпен
айналысатын - бұл қалыпты, жағымды процесс. Бюрократизм жағымсыз, аномальді
құбылыс ретінде қалыптаса бастауы, ол бюрократияның анық нақты көрініс беруі.
«Биліктің бөліну» жүйесіндегі заң шығарушы, атқарушы және сот жүйелерінің
өзара қатынасы. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады.
Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы
Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi
болып үш тармаққа бөлiнедi.
Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен
айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды,
бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты
ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы
саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар
(конституциялық бақылау) бақылау жасайды.
Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк
органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып,
олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi
тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол
шешiмдердi жүзеге асырады.
Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан
сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың
сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол
заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның
немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен
күшін жояды.
Құкықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары. Қазақстандағы
құкықтық мемлекеттің қалыптасу мәселелері. Азаматтық коғам концепциялары.
Азаматтық қоғам мәні және белгілері. Мемлекег пен азаматтық коғамның өзара
байланысы. Қазақстанда азаматтық қоғам мен мемлекеттің қарым-қатынас
формалары.
Бұл екі ұғым көптің аузына соңғы жылдары ғана ілікті. Бұрын 20-жылдары, кейінірек
алпысыншы жылдардың басында біршама қолға алынып, кейін ұмыт болған-тын. Оның
есесіне жалпы халықтық мемлекет және қоғамдық өзін-өзі басқару тіркестері қолданыла
бастаған.
Қазір азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қайтадан құжаттарға еніп, ғалымдар
ден қоя бастады. Ал шындығында бұл екі ұғымның мән-мазмұны неде, ара-қатынасы
қандай, шығыстық ойда қандай көрініс тапқан? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Азаматтық қоғам тарихи жағынан мемлекеттен бұрын пайда болған. Азаматтық
қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты.
Өйткені адам тіршілік ету үшін бір-бірімен қатынас жасап, өзара қауымдасып еңбек етеді.
Сөйтіп адамдар жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игілікті бөлісу, айырбастау,
бірлесіп пайдалану үшін, бір сөзбен айтқанда, тіршілік тоқырап қалмау үшін түрлі
әрекеттер жасайды, отбасы құрылып, бала сүйеді, топтарға, ұйымдарға бірігіп өз
мүдделерін қорғайды. Адамдардың қауымдасуы өзінің белгілі бер даму кезеңінде өз
қауымдастарының жеке бастары мен отбасы мүшелерінің, бірлестіктері мен ұжымдарының
мүддесін қорғау, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қажет етеді. Мұндай күш
ретінде өмірге мемлекет келеді.
Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді.
Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.
Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-
әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады.
Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп,
жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-
жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.
Адамның өзі дүниеге келтірген саяси күш – мемлекет бірте-бірте оның өзіне ауыз
салады, экономикалық қыспаққа салады, алым-салықты үдетіп, саяси жағынан қыспаққа
алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып, адамдарды кейде жазықсыздан-
жазықсыз жазалайды, айдауға жіберіп, түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің
зорлық зомбылығын шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті
шектеу ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды дамытуға күш
салды.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру, оны дамытуды мемлекет атаулыны жұтып қою
немесе оны қоғамнан аластау деп түсіндеу керек. Бір сөзбен айтқанда, құқытық мемлекет
дегеніміз азаматтық қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды жемісі деген
сөз.
Көпшілік арасында азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып,
оларды бірін бірі теріске шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр.
Бұл әрине дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да
қарсылық көрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына қызмет етеді.
Құқықтық мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой көрсетуден танбайды,
жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен шалыс қадамы жазаланып
отырылады. Төрт-бес күнге көршілес елге барып қайту үшін де мемлекеттен
рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет өз үстемдігін толық жүргізіп,
адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына да қол сұғып, жөн-жосықсыз араласудан
біржола
арыла алмайды. Мұны тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап,
оның бәрін әділ қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық
мемлекеттің қызметі.
Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді. Керісінше, адам құқығын
қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет деген ұғымдар қарсы
қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне қарсы болатындай емес, екеуі екі
деңгейде өрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына емес,
мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін әрекеттеріне қарсы бой көтереді, нағыз
демократия үшін күреседі. Осыны ажырата білген абзал.
Қос ұғымның бір-біріне қажеттілігі мен өзара қатынасы
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен өзара тығыз
байланысты.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті
жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен
қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының
жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа
әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні
арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік
топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз
мүдделерін қорғауға мұрсат алады.
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып
табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің даму дәрежесімен ғана
өлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу дәрежесімен, биік кескін-кейпімен
сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында
болмай тұрғаны белгілі. Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған
мемлекеттерде – алда тұрған жаңа белес.
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл мемлекет тұсында
нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші бюрократияның диктатурасына жол
бермейді, оның есесіне қоғам мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді
басқаруға қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады.
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, қоғамның әрбір
мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да бірдей қызмет етеді. Құқықтық
мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын,
жариялылықты қорғауға тиісті. Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан,
әділдіктен жалтарудан аулақ болуға тиіс.
Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық
қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары толық жүзеге
асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында бірдей құқықпен пайдалануы
деген сөз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа да әрбір адамға ол бірдей талап қояды.
Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым.
Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық
мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен
олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін
ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.
Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары,
биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.
Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге
ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға
түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы
ішкі байланыстарды бейнелейді.
Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ
кешулерді бастан кешірген.
ЛЕКЦИЯ-12. САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1. Сайлау саяси институт ретінде. Сайлаудың кызметтері және жіктелуі. Қазіргі
сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорпионалды және аралас.
2. Сайлау кұкығы және кағидалары. Сайлау үрдісі және сайлау науқаны.
Сайлау технологиялары және оның түрлері.
3. Қазақстан Республикасындағы сайлау және сайлау жүйелері.
Сайлау саяси институт ретінде. Сайлаудың кызметтері және жіктелуі. Қазіргі
сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорпионалды және аралас. Сайлау тақырыбы
қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең өзектi тақырып болып отыр, өйткенi:
1 сайлау – қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк құрылымдарына әкелу
мүмкiндiгi;
2 сайлау – демократия дамуының көрсеткiшi;
3 сайлау – қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi;
4 сайлау – азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк құрылдарына ұсыну.
Дегенмен, орыс философы А. Ильин айтуы бойынша «барлық халық барлық уақытта
жалпы халықтық сайлауда билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес».
Сайлау нәтижелi болуы бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк және рухани факторларға
тәуелдi. Оларға:
1 экономикалық факторларға – жеке меншiктiк, нарықтық қатынастардың, ерiктi
кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi
жатады.
2 әлеуметтiк факторлар – қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы, экономикалық ауқатты,
күштi «орта таптың» өмiр сүруi болып табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық,
отбасылық қатынас тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.
3 сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне – халықтың патриотизмдi сезiнуi,
заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды
нәрселер халықтың жоғарғы саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi
болып табылады.
Сонымен бiрге, сайлау нәтижесi мен өту барысы қоғамның саяси өмiрiнiң көптеген
қыр-сырын түсiнуге мүмкiндiк бередi, мәселен:
• саяси басқару субьектiлерi мен обьектiлерiнiң саяси мәдениетiнiң деңгейi мен
сипатын;
• билiк басындағылардың iс-әрекетiнiң халыққа қаншалықты жағымды және
жағымсыздығын;
• сайлау технологиясының жетiлгендiгiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Әлемде саяси билiк ұйымына сайлау өткiзiлмейтiн елдi табу қиын. Бiрақ, барлық
елдердегi сайлауды демократиялық деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекет пен
азаматтық қоғамның өзара әрекетiнiң сипаты маңызды болып табылады.
Сайлау классификациясы. Сайлауды билiк тармақтары негiзiнде заңшығарушы,
атқарушы және сот ұйымдарын сайлау деп классификациялауға болады. Заңшығарушы
ұйымдарды /парламент/ сайлау көп елдерге тән. Қазақстан Республикасында заңшығарушы
ұйым ретiнде парламенттiң екi палатасы да сайланбалы.
Көптеген демократиялық елдерде атқарушы билiк жетекшiлерi – президент және
жергiлiктi атқарушы билiк басшысы сайланады. Қазақстан Республикасында президент
сайланады, ал жергiлiктi атқарушы билiк басшыларын (әкiмдер) президент тағайындайды.
Кейбiр елдерде сот билiгi өкiлдерiн де сайлау кездеседi.
1 Территориялық өкiлдiлiкке сай билiктiң мемлекеттiк ұйымын (парламент,
президент) және жергiлiктi ұйымын (әкiм) сайлау болып бөлiнедi.
2 Дауыс беру түріне қарай сайлауды: балама (альтернативтi), коммулятивтi,
лимиттiк деп бөлемiз.
Балама дауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны белгiлi бiр
кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады.
Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны, тiркелген кандидаттар
санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр кандидатқа беруге немесе өз еркiмен барлық
кандидатқа әртүрлi көрсеткiшпен бөлiп беруге құқылы.
Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген кандидаттар санынан
кем болады. Мұнда коммулятивтiк дауыс берудегi сияқты сайлаушы дауыстың барлығын
бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте бөлiп бере алады. Лимиттiк
дауыс беру 1993ж. Ресейде Федерация Кеңесiн сайлауда пайдаланылды, әрбiр сайлаушыда
екi дауыстан бар, бiрақ бiр кандидатқа екеуiн де беруге болмайды.
3 Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады. Жаппай сайлау бүкiл
мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде өткiзiледi. Оқшау сайлау белгiлi бiр себептерге
байланысты (қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау заңы бұзылған жағдайда)
белгiлi бiр участоктерде сайлау өткiзiлуi мүмкiн.
4 Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс болуы мүмкiн.
Билік ұйымдарын сайлаудың негізгі қызметтері мен қағидалары. Саяси билiк
ұйымдарын сайлаудың негiзгi мақсаты – қоғамды басқаруға өзiнiң алдыңғы қатарлы
өкiлдерiн тарту ғана емес, сондай-ақ бiрқатар күрделi әлеуметтiк-саяси қызметтердi
орындау да болып табылады:
1 Әлеуметтiк топтардың мүдделерiн артикуляциялау қызметi. Ең алдымен,
сайлау әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiн артикуляциялаудың ерекше механизмiн
көрсетедi. Сайлау науқаны кезеңiнде адамдар өмiрлiк маңызы бар мәселелердi ойлайды,
сондықтан кандидаттар тұғырнамалары осы мәселелердi жинақтауы, әрбiр әлеуметтiк
топтардың мүдделерiн қамти бiлуi тиiс. Демек, сайлау өзiнше нарық (рынок) болып
табылады, яғни кандидат өзiнiң сайлауалды бағдарламасын өкiлдiкке айырбастайды. Бiрақ
сайлаушылар үшiн бағдарлама ғана құнды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |