Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата06.10.2019
өлшемі0,9 Mb.
#49287
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Саясаттану лекция
Саясаттану лекция, Білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер

           1-Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 

1.   Саясаттанудың  объектісі.  Саясаттанудың  танымдык  пәні.  Жеке  пән 

ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы. 

2.   Әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  жүйесіндегі  саясаттанудын  орны. 

Саясаттану курсының құрылымы мен міндеті.  

3.   Саясаттанудың теориялық-әдістемелік негіздері.  

4.   Саяси  зерттеулердің  негізгі  әдістері.  Саясаттанудағы  негізгі  ғылыми 

түсініктер жүйесі және соларға тән ерекшеліктері.  

5.   Саясаттанудың  қызметі.  Саясаттанудың  басқа  да  қоғамдык  ғылымдармен 

арақатынасы.  

6.   Болашақ  маманның  тұлғалык  қалыптасуындағы  саясаттанудың  рөлі  мен 

маңызы. 

 

Саясаттану  объектiсi  мен  пәні.  Саясаттанудың  өзi  зерттейтiн  мәселесi,  пәнi  бар 

дербес ғылым. Саясаттану ұғымы гректiң «politik» және «logos» деген сөздерiнен шыққан. 

Бiрiншiсi  мемлекеттiк  iс,  мемлекеттiк  iстi  басқару  мағынасын  бiлдiрсе,  екiншiсi,  iлiм, 

ғылым  деген  мағынаны  бiлдiредi.  Саясаттану  дегеніміз  саясат,  оның  қоғам  мен  жеке 

адамның өзара әрекеті туралы ғылым. Демек, саясаттану ғылымы саясат және саяси билiк, 

қоғамның саяси өмiрiнiң қалыптасуы  мен даму заңдылықтары, саяси мүдделер мен саяси 

қатынастар,  саяси  сана  мен  саяси  мәдениет,  адамдардың  саяси  әрекеттерi  мен  саяси 

үрдiстері, халықаралық саяси қатынас туралы  бiртұтас iлiмдердiң жиынтығын құрайды.  



Саясаттану обьектiсi – қоғамдағы саяси қатынас болып табылады. Қоғамның саяси 

қатынасы  өзiне  билiктiң  әрекет  ету  процесi  мен  дамуын,  бұқараның  билiкке  қатысуын, 

сонымен  бiрге  саяси  ықпал  ету  обьектiсi-  экономикалық,  әлеуметтiк  және  рухани 

мүдделердi  қамтиды.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  саяси  қатынастар  саласы  саяси  қызмет 

обьектiсiнiң  барлық  саласы.  Сондықтан  саяси  қатынастар  басқада  ғылымдардың 

философия,  әлеуметтану,  құқық  және  тарихтың  зерттеу  обьектiсi  болады,  бұл 

ғылымдардың  әрқайсысы  өзiндiк  зерттеу  пәнiне  ие.  Саясаттанудың  танымдық  пәнi  – 

саяси билiктiң қалыптасуы мен даму заңдылықтары, оның әрекет ету формасы мен әдiстерi 

болып табылады. 

Өздiгiнше  саясаттану  барлық  әлеуметтiк  құбылыстар  мен  қағидаларды  саяси  билiк 

негiзiнде түсiндiредi. Американ саясаттанушысы Г. Лассуэлл (1902-1978ж.ж.) «бiз саясат 

саласындағы ғылым туралы айтқанда, бiз билiк туралы ғылымды айтамыз» – деп жазды. 

Ғылымның  басқа  салаларындағы  сияқты  саясаттанудың  да  өзiндiк  ұғымдары 

(категориялары) бар.  Оған саяси құбылыстар мен процестердiң мәнiн бiлдiретiн ғылыми 

терминдер, сөз тiркестерi жатады. Мысалы, «саясат»,  «саяси билiк», «саяси жүйе», «саяси 

тәртiп»,  «саяси  партия»,  «саяси  мәдениет»,  «саяси  әлеуметтендiру»,  «саяси  өмiр», 

«егемендiк», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия»,  «iшкi 

саясат», «сыртқы саясат»  және т.б. 



Әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдар  жүйесіндегі  саясаттанудын  орны. 

Саясаттану  басқа  әлеуметтік-гуманитарлық  ғылымдармен  тығыз  байланыста  дамиды. 

Себебi, бәрiнiң зерттеу обьектiсi ортақ, ол – қоғамдық өмiр. Олар кейбiр ортақ ұғымдарды 

да пайдаланады. Бiрақ, әрбiр қоғамдық ғылымның өзiндiк зерттеу пәнi бар. 

Саясаттану  жалпы  әдiстемелiк  ғылым  болып  табылатын  философиямен  тығыз 

байланысты.  Өйткені,  философия  саяси  құбылыстар  мен  процестердi  талдауда  

дүниетанымдық  бағдар  болып  табылады.  Ол  жалпы  саяси  болмысты,  саяси  оқиға  мен 

құбылыстарды философиялық түсініктермен сараптауға мүмкіндік береді.    

Саясаттану  экономикалық  теориямен    өзара  байланысты.  Саяси  экономика  саяси 

процестердi экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердiң негiзiнде әр түрлi 

әлеуметтiк топтардың өз мүдделерiн жүзеге асыру үшiн күресiп жатқанына көз жеткiзедi. 

Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және iске асыру, ол процестердi мемлекеттiк 

реттеу қағидаларын  ғылыми түрде негiздейдi. 


Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Қоғамдағы қатынастарды, оның 

ішінде саяси қатынастарды реттеп отыратын құқық болып табылады. Саясаттанудың негізі 

зерттеу  мәселелерінің  барлығы  да  оның  құқықтық  аспектілермен  байланысып  жатады, 

онсыз толық мәнді талдау болмайтындығы да сөзсіз.  

Саясаттануға  жақын  ғылымның  бiрi  –  әлеуметтану.  Саясаттану  ғылымы  қоғамның 

саяси өмірінің дамуы мен өзгерістерін процесс ретінде қарап, оны зерттеп отыруы қажет. 

Ал,  әлеуметтану  оған  қолданбалы  зерттеулер  жасауға,  қоғамдағы  оқиға-құбылыстарға 

адамдық өлшеммен қарауға, бағалау мен сараптауға мүмкіндік береді.  

Тарих болса жүйелi түрде саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректер 

жинауға, тарихи-салыстырмалы саяси талдаулар жасауға көмектеседі.  



Саясаттану  курсының  құрылымы  мен  міндеті.    Саясаттың  теориясы  және 

әдiснамасы,  онда  саясаттанудың  философиялық-әдiснамалық  негiзi,  саясат  пен  билiктiң 

мәнi  мен  мазмұны,  оның  негiзiн  салушы  белгiлерi,  қызметтерi,  даму  заңдылықтары 

қарастырылады.  

Саяси  жүйелер  теориясы  –  саяси  жүйенiң  мәнiн,  құрылымын,  қызметiн  зерттейдi, 

оларға  салыстырмалы  талдау  жасайды,  сонымен  бiрге  негiзгi  саяси  институттарға  – 

мемлекет, партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, қатынастарға сипаттама бередi. 

Әлеуметтiк-саяси  процестердi  басқару  теориясы  қоғамды  саяси  басқару  мен 

жетекшiлiк  жасаудың  мақсатын,  мiндеттерiн  және  формасын  зерттейдi,  саяси  шешiм 

қабылдау мен тарату механизмiн қарастырады. 

Саяси  iлiмдер  тарихы.  Саяси  iлiмдердiң  қалыптасуы  мен  даму  тарихын,  кезеңдерiн 

зерттейдi. 

Халықаралық    қатынастар  теориясы  iшкi  және  сыртқы  саясат  мәселелерiн,  әлемдiк 

саясатты, халықаралық қатынастың әртүрлi аспектiлерiн  т.б. қарастырады.  



Саясаттанудың теориялық-әдістемелік негіздері.  

 Әлеуметтiк бағыт, ол әсiресе батыстық саясаттану ғылымында ерекше орын алды. 

Оның  өкiлдерi  саясат  құбылыстарын  қоғамның  күрделi  әлеуметтiк  құрылымы  мен 

процестерi  арқылы  зерттейдi.  Саясаттануда    бұл  бағыттың  қалыптасуына  М.  Вебер,  Э. 

Дюркгейм  үлкен  үлес  қосты.  Осы  бағыт  iшiнде  В.  Парето  мен  Г.  Моска  элита 

концепциясын, ал Р. Михельс саяси партия теориясын қалыптастырды. 

2   Саясаттанудың  екiншi  бағыты  –  институционализм  деп  аталады.  Оның  негiзгi 

өкiлдерi С. Липсет, Ч. Миллс, М. Дюверже т.б. Олардың негiзгi зерттеген мәселелерi – саяси 

өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формалары. Бұл бағыттың негiзгi қолданған 

ұғымы «саяси институт» болды. 

3  Саясаттың  құрылымдық-функционалды  концепциясы,  оның  өкiлдерi  –  Г. 

Лассуэлл, Т. Парсонс, Д. Истон, М. Вебер. Олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы 

орны мен қызметiне қарай зерттейдi. Д. Истон саяси жүйе теориясын қалыптастырған. Г. 

Лассуэлл  өз  еңбектерiнде  саяси  жүйенiң  әрекет  етуiндегi  бұқаралық  коммуникацияның 

рөлiне  көп  көңiл  бөлдi.  Т.  Парсонс  пiкiрi  бойынша  жалпы  жүйенi  тану  тек  жекелеген 

жүйешелердi зерттеу арқылы ғана мүмкiн еді. 

 Саяси плюрализм концепциясының негiзгi өкiлдерi – Э. Дюркгейм, М. Дюверже, Р. 

Дарендорф болып табылады. Олардың негiзгi идеясы: қоғамда таптардың жойылуына және 

олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негізделді. 

Мұнда мемлекет бейтарап төреші қызметiн атқаратын болды. 

 Демократия  концепциясы,  оның  негiзiн  салушы  А.  Токвиль.    Демократия 

концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы 

сияқты iлiмдер қалыптасты. 

 Бюрократия концепциясының дамуына  М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi 

ықпал  етті.  Олар  еңбектерiнде  бюрократияның  қызметi  мен  құрылымын  жан-жақты 

зерттеді.  Бұл  теориядағы  маңызды  нәрсе  бюрократиялық  билiктi  заңдастыру  және 

демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады. 


 Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. 

Арендт,  австро-американ  ғалымы  Ф.  Хайек,  орыс  ғалымы  Н.  Бердяев  еңбектерiнде 

жазылды. 

Қай  ғылым  болмасын  белгiлi  бiр  қызметтердi  (функцияларды)  атқарады.  Ал, 



саясаттану ғылымының  қызметтері мыналар

1  Танымдық  қызметi.  Саясаттану  қоғамдағы  оқиғаларды  танып-бiлуге,  олардың 

саяси мәнiн түсiнуге және болашақты болжауға мүмкiндiк бередi. Көптеген жылдар бойы 

Ресей империясы, одан кейiн кеңестiк тоталитарлық тәртiп саясат пен билiк сырын бүгiп 

келдi, қазiрдiң өзiнде халқымыздың саясат және саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде 

хабарлары  аз.  Оларды  бiлмей  демократиялық  жолмен  алға  басу  қиын.  Ондай  білімді 

саясаттану ғылымы бере алады.  



2  Бағалау  (аксиологиялық)  қызметi.  Ол  саяси  құрылысқа,  институттарға,  iс-

әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға бередi. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды 

бағалау  арқылы  көпшiлiк  оны  ақтайды  немесе  қаралайды.  Демократиялық  қоғамда 

халықтың қолдауына ие болудың маңыздылығын билiк құрылымдары жақсы бiледi. 



3  Саяси  әлеуметтендiру  қызметi.  Демократиялық  мемлекеттерде  ол  азаматтықты, 

халықтың  демократиялық  саяси  мәдениетiн  қалыптастырады.  Қазiргi  кезеңде 

азаматтарымыздың  саяси  құндылықтарында  қайшылықтық  тұстар  байқалуда.  Бұл  саяси 

әлеуметтендiру жұмысын жетiлдiрудi қажет етедi. 



4  Реттеушiлiк,  басқарушылық  қызметi.  Бұл  қызметi  арқылы  саясаттану  ғылымы 

адамдардың саяси өмiрде өзiн-өзi ұстауын, iс-әрекетiн реттейдi. Саяси дамудың бағдарын 

бақылай  отырып  саясаттану  қоғамдағы    оқиғаларды  тиiмдi  басқару  үшiн  нақтылы 

мәлiметтер  мен мағлұматтар  бередi. Саяси  бiлiмдер, сипаттамалар,  кеңестер адамдардың 

күнделiктi практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алынады. 

5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, 

басқаруда  реформалар  жасап,  оларды  қайта  қарауда  теориялық  негiз  болады.  Оның 

көмегiмен  заңшығарушы,  атқарушы  органдар  қабылдайтын  құқықтық  жарғылар,  саяси 

басшылық  шешiмдер  алдын-ала  тексерiлiп,  зерттеледi,  қоғамда  болып  жатқан  нақтылы 

жағдайлар    саяси  тұрғыда  талданады.  Солардың  негiзiнде  кейбiр  саяси  институттар 

жойылып,  оның  орнына  бүгiнгi  талапқа  сай  басқалардың  келуiн  негiздейдi,  мемлекеттiк 

басқарудың қолайлы үлгiлерiн, саяси шиеленiстердi шешудiң тиiмдi жолдары мен әдiстерiн 

iздестiредi. 



6 Болжау  қызметi. Саяси зерттеулердiң құндылығы саяси процестердiң үрдiсiн сол 

күйiнде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгiлi бiр саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, озық 

саяси  өзгерiстер  жасауға  бағытталған  ғылыми  болжаумен  аяқталуы  тиiс.  Қазiргi  кезеңде 

қоғам өмiрiнiң қай саласына болмасын жүргiзiлетiн реформалар үшiн қолайлы саяси және 

т.б. жағдайлардың бар немесе жоқтығын анықтау сияқты жауапты мiндеттер осы ғылымға 

жүктелген. 

Бұл  қызметтерiн  қоғамда  саясаттану  мына  мiндеттерiн  орындау  арқылы  жүзеге 

асырады:  

• қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын,  жағдайын анықтау

•  саяси  жүйенi  демократияландырудың  негiзгi  бағытын,  формалары  мен  әдiстерiн 

әзiрлеу; 

• құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi 

жолын анықтау; 

•  ұлттық-этникалық  шиеленiстердi,  қоғамдық  ұлттық-мемлекеттiк  құрылысты 

шешудiң жетiлген  жолдарын белгiлеу; 

•  азаматтардың  саяси  мәдениетiнiң  теориялық  және  практикалық  аспектiлерiн 

зерттеу,  адамдарды  әлеуметтiк-саяси  жауапкершiлiк  рухында  тәрбиелеу  жолдары  мен 

формаларын анықтау; 

•  халықаралық  қатынастардағы  жалпы  адамзаттық  және  мемлекеттiк  мүдделердiң 

тиiмдi қойылуын анықтау. 



Саясаттану  ғылымының,  саяси  билiктiң  қолдануы  мен  даму  үрдiсiн  сипаттаушы 

өзiндiк заңдылықтар жүйесiне ие: 



бiрiншi, экономика мен саяси билiк арасындағы қарым-қатынасты анықтаушы, саяси 

мүдделер мен көзқарастардың, теориялар мен концепциялардың пайда болуы, әрекет етуi 

мен дамуының саяси-экономикалық заңдылықтары. Мұнда  қоғамның экономикалық базисi 

мен қондырманың элементi ретiнде саяси билiк арасындағы қатынас көрсетiледi; 



екiншi, әлеуметтiк саяси заңдылық, яғни қоғамда тұрақтылықты орнату үшiн саяси 

билiктiң  әрекетiне  жағдай  жасау.  Мұндағы  негiзгi  нәрсе  –  қоғамдағы  әртүрлi  әлеуметтiк 

құрылымдардың  мүддесi  мен  сұраныстарын  есепке  алу,  ол  мүдделердi  жүйелендiрудiң 

тиiмдi жолдарын табу, антогонизмдi, шиеленiстi құбылыстарды жою. Бұл заңдылықтар әр 

саяси  жүйеде  әртүрлi  қолданылады.  Мысалы,  авторитарлы,  тоталитарлы  саяси  жүйелер 

билiк  пен  күштердiң  ең  жоғарғы  деңгейде  бiрiгуiне  қол  жеткiзедi.  Демократиялық  жүйе 

оппозицияның ұсыныстарын қабылдап, келiсiм қағидасына арқа сүйейдi;  

үшiншi,  саяси  процестiң  әрекет  етуi  мен  дамуы  заңдылығы.  Ол  -    азаматтықтың 

саясаттағы топтық пен партиялықтан артық болуы; заңның қоғам мүшелерiнiң барлығынан 

жоғары  тұруы,  билiктiң  бөлiнуi,  мемлекет  әрекетiндегi  жариялылық,  саяси  плюрализм; 

оппозицияға  жағымды  қарым-қатынас;  саяси  тұрақтылық  және  ұлттық  қауiпсiздiктiң 

қамтамасыз етiлуi; саяси билiк және саяси жаңғыртудың легитимдiлiгi болып табылады.  

төртiншi,  саяси-психологиялық  заңдылық,  ол  жеке  адам  мен  билiк  арасындағы 

қарым-қатынаста  бейнеленедi  және  жеке  адамның  саяси  әлеуметтендiру  процесiн,  саяси 

сезiмді, көңiл-күйдi, құндылықты, сайлаушыларға ықпал ету жолдарын, саяси тұлғалардың 

жетілуін, олардың билiктi жеңiп алуы мен сақтап қалуын қалыптастырады. 



Саяси зерттеулердің негізгі әдістері. Саяси зерттеу әдiснамасы мен әдiстерi саяси 

iлiмдер  даму  тарихы  барысында  қалыптасып,  дамып  отырды,  оны  әртүрлi  кезеңдерге 

бөлуге  болады,  себебi  әр  кезеңде  әдiснамалық  қатынас,  әдiстiк  тәсiлдер  әртүрлi  болып 

келдi.  Белгiлi  американдық  «Саяси  зерттеу  әдiстерi:  негiзi  мен  техникасы»  оқулығында 

саяси зерттеу әдiснамасының дамуын мынадай кезеңдерге бөледi: 

классикалық дәуiр (ХІХғ. дейiн), бұл кезең дедуктивтi, логикалық-философиялық, 

моралдық-аксиологиялық, 

салыстыру 

әдiстерiмен 

байланысты. 

Алыпсатарлық 

дедукциядан  шығуға  талпыну  өте  ежелгi  саяси  ойлар  тарихында  кездеседi.  Мысалы, 

Конфуций  аналитикалық  тәсiл  ретiнде  қарапайым  ұқсастықты  пайдаланады.  Ол  билiктi 

қарастырғанда,  мемлекеттi  үлкен  отбасымен,  император  билiгiн  әкенiң  балаға  билiгiмен 

ұқсастырды.  

Бұл кезеңде ерекше орынды саясаткерлер әрекетi мен мемлекеттiк басқару формасын 

аксиологиялық өлшеу мен бағалау алды, мұнда үстемдiк етушi адамгершiлiк нормасы мен 

құндылығына сүйенедi, оны Аристотельдiң берген классификациясынан байқаймыз. «Үш 

дұрыс»  (монархия,  аристократия,  полития)  және  «үш  бұрыс»  (тирания,  олигархия, 

демократия)  мемлекеттiк  басқару    формасы.  Сонымен  бiрге,  ол  салыстыру  әдiсiн  де 

қолданған. Ол өзiне белгiлi 50 саяси құрылыстың ұқсастығы мен ерекшелiктерiн ажыратып, 

соның  негiзiнде  158  монография  жазады.  Ал,  Платон  өз  зерттеулерiнде  логикалық 

моделдеудiң қарапайым элементтерiн пайдаланады.  

ХV  ғасырда  Англиядағы  саяси  тәртiптердi  талдауда  компаративтiк  әдiстi  ағылшын 

Дж. Фортескье, кейiнен ХVІІІ ғасырда француз Ш. Монтескье пайдаланды. Мұнда ерекше 

атап өтетiнiмiз Н. Макиавелли, ол Италияның саяси дамуын тарихи-салыстырмалы талдау 

жасады; 

2  институттану  дәуiрi  (ХІХ-ХХғ.ғ.  дейiн),  онда  алдыңғы  қатарға  тарихи-

салыстырмалы,  өлшемдiк-институттану  әдiстерi  шықты.  Бұл  кезеңде  Дж.Токвиль,  Дж. 

Милль, К. Маркс, Ф. Энгельс сияқты ойшылдардың зерттеу еңбектерi ерекше маңызға ие 

болды. Онда Европаның негiзгi мемлекеттерi, ескi және жаңа кезеңдегi басқару формалары 

салыстырмалы талдауларға түстi. Мәселен, К. Маркс өзiнiң алғашқы еңбектерiнiң бiрiнде 

«тек зерттеу нәтижесi ғана ақиқат болып қоймай, оған баратын жол, яғни әдiс, тәсiл мен 

құралдар, сонымен оны қолдану процесi, операциясы да дәлме-дәл анық болуы керек» - деп 



жазды.  К.  Маркс  өз  дәуiрiндегi  әлеуметтiк  ғылымдардың  зерттеу  әдiстерiн  меңгерiп, 

әлеуметтiк өмiрдi тану саласынды, оның iшiнде саяси процестердi зерттеуде оларды тиiмдi 

қолдана бiлген. 

ХІХ  ғасырдың    ІІ-ші  жартысында  АҚШ-та  академиялық  саясаттану  ғылымында 

салыстырмалы-тарихи және саяси институттарды құқықтық талдау сияқты зерттеу әдiстерi 

қолданылды.  Қазiргi  саясаттану  классиктерi  М.  Вебер,  Г.  Моска,  В.  Паретто  саяси 

мәлiметтердi жинауда тарихи-салыстыру әдiстерiн қолданған; 

бихевиористiк дәуiр (ХХғ. 20-70 ж.ж.), онда сапалық әдiстер белсендi  қолданыла 

бастады.  ХХ  ғасырда  саясаттану  ғылымы  әдiснамасында  революция  жасалды,  ол  жаңа 

эмпирикалық және сапалық әдiстердiң қолданылуына байланысты болды. АҚШ-та алғаш 

рет  1928  жылы  математикалық,  кейде  статистикалық  құралдарды  саясатты  зерттеуге 

қолдануға байланысты оқулық (С. Райс «Саясаттағы сандық әдiстер») жарық көрдi. Ерекше 

орынды сайлау процесi мен электорат мiнез-құлқын зерттеу алды. ХХ ғасырдың басында 

орыс  ғалымдары  (В.  Горн,  В.  Саликовский)  статистикалық  тәсiлдердi  қолданып  Ресей 

мемлекеттiк  Думасының  құрамын  сайлауды  талдады.  Францияда  А.  Зигфирд  «саяси 

картаны», яғни сайлау географиясын жасап шығарды. 

постбихевиористiк дәуiр (ХХ ғ. соңғы жылдары), мұнда дәстүрлi әдiстер мен жаңа 

әдiстер  бiр-бiрiмен  байланыс  тапты.  ХХ  ғасырдың  60-70  жылдарының  соңында  батыс 

саясаттану ғылымында бихевиористiк әдiснама дағдарысқа ұшырады. Кейбiр американдық 

ғалымдар (Д. Истон) дәстүрлi әдiстердi қайта қолдануды қолдады. Яғни, дәстүрлi әдiстердi 

сапалық  әдiстер  мен  моралдық  нормаларды  саясаттану  ғылымының  қағидалары  ету 

постбихевиористiк әдiснаманы тудырды.    

Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерi мыналар: Нормативтi-құндылықтық әдiс,  

саяси  құндылықтардың  қоғам  мен  жеке  адам  үшiн  маңыздылығын  анықтауды,  оларды 

жалпының  игiлiгi  әдiлеттiлiк,  бостандық,  адам  ар-қасиетiн  құрметтеу  т.б.  құндылықтар 

негiзiнде бақылауды ұсынады. Бұл әдiс саяси тұрмыс идеялын және оларды практикалық 

iске  асырылу  жолдарын  қалыптастыруға  бағытталынады.  Ол  қалаулыдан,  этикалық 

құндылық және нормадан бастама алады, соларға сай саяси iс-әрекет және институттарды 

құруды  талап  етедi.  Бұл  әдiс  өзiнiң  шектеулiгiне  қарамастан,  саясаттану  ғылымы  үшiн 

қажет, ол саясатқа этникалық, адами өлшемдердi енгiзедi, онда адамгершiлiктiк қатынасты 

тудырады.  

Құрылымдық-функциональдi  әдiс.  Ол  саясатты  күрделi  құрылымға  ие,  әрбiр 

элементiнiң арнаулы қызмет атқаратын белгiлi бiр орны бар жүйенiң өзiне сай сұранысын 

қанағаттандыруға бағытталынған бiртұтастық  жүйе ретiнде қарастыруды ұсынады. 

Бихевиористiк тәсiл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының 

мiнез-құлықтарына  қолдау  жасау  арқылы  зерттейтiн  тәсiл.  Бихевиористiк  тәсiл 

төмендегiдей негiзгi топтарға сүйенедi: 

• саясаттың басты субьектiсi адам болып табылады;  

• саяси құбылыстарды зерттеуде жеке адамдардың саясатты түсiнуiне, мойындауына, 

саяси сенiмiне немесе саясаттың бұрыс, дұрыстығына көзiнiң жетуiне негiзделедi; 

• мұнда адамның саясаттағы санасы, психологиялық себептерi жетекшi рөл атқарады; 

•  адамдардың  мiнез-құлқын  белгiлi  бiр  модулдерге  бөлуге  негiзделедi.  Олар  саяси 

процестерге  қатысушы  жеке  адамдардың  және  топтардың  саяси  мiнез-құлқын  алдын-ала 

бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бихиевиористiк тәсiлдiң екiншi бiр ерекшелiгi адамдардың 

саяси iс-әрекеттерiне ерекше мән бередi. 

Жүйелiк әдiс.  Жүйелiк әдiстi алғаш рет саясатқа XX ғасырдың  50-60 жылдары белгiлi 

американ ғалымдары Т. Парсонс пен Д. Истон енгiздi. Бұл әдiстiң мәнi саясатты бiртұтас, 

күрделi ұйымдастырушы организм ретiнде, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен 

кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын жүйе ретiнде 

қарастыруында.  

Сандық  әдiстер  саяси  құбылыстардың  ауқымы,  мүмкiндiктерi  мен  себеп-салдары 

өлшеуде қолданылады және бихевиоризммен тығыз байланысты. 



Шешiмдер  қабылдау  әдiсi  тиiстi  iс-қимыл  құралдарын  пайдалану  арқылы  саяси 

шешiмдердi қабылдау және жүзеге асыру процесi.   



Саясаттанудағы  негізгі  ғылыми  түсініктер  жүйесі  және  соларға  тән 

ерекшеліктері. Саясаттанудың негiзгi парадигмалары. Парадигма (гректiң paradeigma - 

теория,  үлгi  деген  сөзiнен  шыққан)  –  зерттеу  барысында  үлгi  ретiнде  алынатын  теория. 

Саясаттануда  парадигма  деп  саяси  өмiрдi  зерттеу  қисынын  бiлдiретiн,  қоғамдағы  саяси  

құбылыстарды теориялық пайымдауда негiзгi өлшемi мен қалпын қалыптастыратын басты 

тұжырымдар  жиынтығын  айтамыз.  Саясаттанудың  негiзгi  парадигмалары  қатарына 

мыналар жатады: теологиялық, натуралистiк, әлеуметтiк, тиiмдi-сыни



Теологиялық  парадигма  саяси  ғылымның  алғашқы  дами  бастаған  кезiнде  пайда 

болды. Ол саясатты, билiктi, мемлекеттiң пайда болуын құдайдың құдiретiмен түсiндiредi.  



Натуралистiк  парадигма  саясатты  әлеуметтiк  сипаты  жоқ  табиғи  себептермен, 

мәселен  географиялық  ортамен,  биологиялық  және  психологиялық  ерекшелiктермен 

байланыстыра түсiндiредi. 

Әлеуметтiк  парадигма,  ол  саясаттың  табиғаты  мен  пайда  болуын  әлеуметтiк 

факторлар  арқылы  түсiндiредi.  Мәселен,  марксизм  саясаттың  мәнiн  экономикалық 

қатынастардан iздестiрдi, яғни қоғамның әрбiр экономикалық базисi қажеттi қондырманы 

тудырады деп тұжырымдады. 



Тиiмдi-сыни  парадигма  саясаттың  табиғатын,  оның  өз  iшiндегi  себептермен, 

қасиеттермен, элементтермен түсiндiредi. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет