Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) саяси iлiмi «Саясат», «Афиналық полития», «Этика»,
«Риторика» деген еңбектерiнде жинақталған. Ол саясатқа кең мағына бере отырып,
мемлекет - табиғи дамудың өнiмi және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа
ұқсас деп санаған. Бiрақ, мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлекетке
адамдар белгiлi бiр игiлiкке жету үшiн бiрiгедi. Ол да мемлекеттi «дұрыс» және «бұрыс»
формаларға бөлдi. Дұрыс түрiне монархияны, аристократия мен политияны жатқызды. Ал,
тирания, олигархия мен демократия мемлекеттiң бұрыс түрi деп санады. Мемлекеттiң
дұрыс түрiнде әкiмдер халық, ел пайдасын ойлайды, билiк қоғамға қызмет етедi. Ал, бұрыс
түрiнде олар өздерiнiң бас пайдаларын ойлайтын көрiнедi. Мемлекеттің ең дұрыс формасы
полития деп санады. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы. Ұлы ойшыл
саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрдi. Себебi, әкiм қаншалықты жақсы
болғанымен сезiмге, ашу-ызаға берiлмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын,
парасаттылығын жоймайды. Сонымен, ежелгi грек ойшылдары мемлекеттiк құрылыстың
әртүрлi формаларын, мемлекет iсiне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.
Сонымен бiрге, олардың идеялары саяси iлiмнiң әрi қарай дамуына жағдай жасады.
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер (орта ғасырлар):
А. Блаженный, Ф.Аквинский. Саяси iлiмдер тарихында орта ғасыр ойшылдарының
еңбектерi мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық
құрылыспен тығыз байланысты. Әрi олардың саяси тұжырымдары дiни сипатта болды.
Солардың бiрi, А. Августин (354-430 ж.ж.) христиан философиясының негiзгi
қағидаларын дәрiптеп уағыздаған. Ол «Құдай қала туралы» атты еңбегiнде саяси ой-
пiкiрлерiн бiлдiрдi. А. Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен
заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады. Себебi, оның ойынша адамдарға баста екi
жолмен өмiр сүруге мүмкiндiк берiлген. Бiрi құдай жолымен, екiншiсi адам жолымен.
Бiрiншiнi қалағандар құдаймен мәңгiлiк патшалық құрып бақытты өмiр сүрсе, екiншiлер
жын-шайтандармен бiрiгiп азапқа түседi.
Ф. Аквинский (1224-1274 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегiнде
саяси билiктiң үш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып көрсеттi.
Сонымен бiрге, ол өз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк,
дiни, табиғи және оң деп бөлiп көрсеттi. Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебi.
Сондықтан билiктi құрайтынның барлығы мейiрiмдiлiктен тұрады деп санаған. Ф.
Аквинский монархияны қолдады, себебi ол заңға сүйенедi деп есептеген.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар: Н. Макиавелли. Ж.Боден. Т.Мор и Т.
Камнанела. ХV және ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада «қайта өрлеу дәуiрi» деген
атқа ие. Қайта өрлеу дәуiрiнiң саяси ойының жарқын жұлдызының бiрi италияндық Н.
Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болып табылады. Оның «Патша» (1513ж.), «Тита Ливлийдiң
бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар» (1519ж.), «Флоренция тарихы» (1532ж.) т.б. атты
құнды еңбектерi бар. Н. Макиавеллидiң саяси iлiм тарихы дамуына қосқан үлестерi:
1 схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;
2 саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси өңдеуді енгізді;
3 феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас
монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;
4 «мемлекет» және «республика» ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән
бердi;
5 папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;
6 «мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды» қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге
шақырды.
XVII ғасырдағы Голландия және Англиядағы саяси ілімдер: Г.Гроций, Баруха
(Бенедикт) Спиноза, Т. Гоббс және Дж.Локк. Табиғи құқық мектебiнiң iрi теоретигi
нидерланд ғалымы Г. Гроций (1585-1645ж.ж.) «Соғыс пен бейбiтшiлiк туралы құқық. Үш
кiтап» (1625ж.) атты трактатында халықаралық құқықтың өзектi мәселелерiн шешу
мақсатын қойды. Соғыс пен бейбiтшiлiктiң теориялық мәселелерiн шешу құқық,
әдiлеттiлiк, олардың көздерi, өмiр сүру формасы, зерттеу әдiстерi сияқты жалпы
мәселелердi қарастыруды қажет еттi. Нәтижесiнде Г. Гроций жаңа методологияға
негiзделген құқық пен мемлекеттiң жалпы мәселелерiн тиiмдi шешушi саяси-құқықтық
доктринаны қалыптастырды. Оның iлiмiнiң бастама бөлiмi – адам табиғаты, адамның
әлеуметтiк сапасы.
Г. Гроций пiкiрiнше «табиғи жағдай» бiр кездерде болған, онда мемлекет те, жеке
меншiк те болмаған. Адамзаттың дамуы, алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы,
адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабiлетi мемлекеттi
құруда келiсiмге келуге итермеледi. Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келiсiм теориясы
едi. Г. Гроций «мемлекет дегенiмiз құқық пен ортақ игiлiктi сақтау үшiн құрылған, жетiлген
адамдар одағы» – деп анықтама бердi. Оның пiкiрi бойынша мемлекеттiң белгiсi жоғарғы
билiк, атрибуты – заң шығару, сот, лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс
және бейбiтшiлiк мәселелерiн талдау, халықаралық келiсiмге келу.
Б.Спиноза (1632-1677 ж.ж.) голландиялық философ-материалист. «Этика,
геометриялық тәртiпте дәлелдеген», «Дiни-саяси толғау», «Декарт философиясының
қағидалары» атты еңбектердiң авторы.
Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келiсiм теориясын
жақтады, бiрақ оны өзiнше түсiндiрдi. Мемлекет пен заңдарға деген қажеттiлiк табиғи
себептерге негiзделген- құмарлық пен ақыл-ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға
арқа сүйегенде тәуелсiз әрi күштi, бiрақ көпшiлiк адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Мiне
осылар құқық пен мемлекет қажеттiлiгiн тудырды. «Егер адамдар табиғатынан ақиқат
санасы көрсетiп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет
етпеген болар едi. Бiрақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбiр адам өз пайдасына,
табысына ұмтылады, әрi көпшiлiк ақыл- ойға емес, қызығушылығына арқа сүйейдi.
Сондықтан ешбiр қоғам билiк пен күштеусiз өмiр сүре алмайды, әрi заңсыз адамдар
құмарлығы қызығушылығын ұстап тұра алмайды».
Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сенiп тапсырылмайды, онда олар
табиғатының әлсiз жағын қанағаттандырумен айналысып кетедi. Заң көпшiлiк жиынымен
қабылдануы тиiс. Ең саналы, әрi күштi, берiк мемлекет республика, әсiресе демократиялық.
Ол абсолюттi монархияны сынады. Спиноза монархияны өкiлдiлiк мекеме басқаруы
арқылы шектеу мүмкiндiгiн айтты. Демократия ерекшелiгi билiк пен заңдар халыққа қарсы
емес, оның бостандығын шектемейдi және әркiмге берген еркiндiктi қамтамасыз етедi деп
санаған.
Т. Гоббс (1588-1679ж.ж.) еңбектерi «Левиафан, немесе материя, мемлекет формасы
мен билiгi», «Азамат жөнiнде», «Дене туралы», «Адам туралы».
Мемлекет пен құқық туралы iлiмдi Т. Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға
айналдыруға тырысты. Ол өз iлiмiн адам табиғаты мен құмарлығын зерттеуге арнады. Т.
Гоббстың адам табиғаты мен құмарлығы туралы ойлары писсимистiк болды. Оның ойынша
адамға бақталастық (байлыққа құмарлық), даңқ құмарлық, сенiмсiздiк (қауiпсiздiкке
талпыныс) тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады, «барлығының барлығына
соғыс жағдайын» тудырады. Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын iздестiруге
итермелейдi, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлекетке әкеледi. Т. Гоббс
мемлекеттiң үш формасын монархия, демократия, аристократияны атайды, олардың iшiнен
шексiз монархияны қолдайды.
Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш.
Монтескье. Ш.Л. Монтескье (1689-1679жж.) француз ағартушысы, заңгер, саяси ойшыл.
Оның «Парсы жазбалары» (1721ж.), «Римдiктердiң қуаттылығы мен құлауының себептерi
туралы пiкiрлер» (1734ж.), «Заңдар рухы туралы» еңбектерi бар. Оның негiзгi идеялары:
• саяси бостандық, оны қамтамасыз етудiң шарты ретiнде әдiл заң мен мемлекеттiк
құрылыстың тиiмдi жұмыс iстеуiн ұсынды;
• заң шығуына байланысты әр халықта өзiндiк сипаттардың барлығын түсiндiруi;
• билiктi бөлу идеясын дамытты, оны бөлудегi мақсат билiктi терiс пайдалануға жол
бермеу деп санады;
• бостандық – заң мен ерiк берiлген нәрсенiң барлығын iстеу құқығы.
Ж.Ж. Руссо (1712-1778жж.) саяси iлiмдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бiрi.
«Адамдар арасында теңсiздiктiң пайда болуы мен негiздемесi туралы ойлар», «Саяси
экономия туралы», «Мәңгi әлем туралы ойлар», «Қоғамдық келiсiм немесе саяси құқық
принциптерi туралы» еңбектерi бар.
Ол табиғи жағдайда жеке меншiк болмайды, барлық адам еркiн және тең деп санады.
Жеке меншiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң пайда болуынан табиғи теңдiк бұзылды, байлар
мен кедейлер арасында күрес басталды деп жазды. Ж.Ж. Руссо халықтар мен билеушiлер
арасындағы нағыз келiсiм, саяси организм құру концепциясын ұсынды. Бұл концепция
бойынша әркiм өзiнiң жеке мүддесi мен тұлғасын, өзiнiң барлық күшiн жалпы игiлiкке бере
отырып, тұтастың бөлiнбес бөлiгiне айналады. Ж.Ж. Руссо қоғамдық шарт концепциясында
теңдiк пен меншiк мәселелерiндегi қайшылықтарды шешудiң жолдарын iздестiредi.
Атқарушы билiктi кiмнiң атқаруына қарай Ж.Ж. Руссо басқарудың демократиялық,
аристократиялық, монархиялық түрлерiн ұсынады. Барлығында егемендiк пен заң шығару
халықтың қолында болады. Ж.Ж. Руссо демократиялық басқару шағын мемлекеттер үшiн,
аристократиялық басқару орта мемлекет үшiн, монархия iрi мемлекеттер үшiн тиiмдi
басқару формасы деп санады.
XVIII ғасыр аяғы және XIX ғасырлар басындағы саяси ілімдер: Ф. Гегель. И.
Кант, Г.Фихте, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн
ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы «Философиялық революция»:
И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет,
тәуелсіздік, әлемдік рух.
Сыншыл утопиялық-социализм, Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн: капитализмді күрт
сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты
тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
Фридрих Гегель мемлекет пен құқық мәселелерін қарастырды. Еңбектері: «Германия
Конституциясы», «Рух философиясы», «Құқық философиясы», «Тарих философиясы»
«1831 жылғы реформа жайлы ағылшындық билль» т.б.
Ф.Гегель азаматтық қоғам мен саяси мемлекеттің ара-жігін ажыратып қарастырады.
Оның ойынша, мемлекет дамудың ең жоғарғы сатысы - азаматтық қоғамда пайда болады.
Азаматтық қоғам деп ол буржуазиялық қоғамды түсінеді. Азаматтық қоғам - ерекше, жеке
мақсаттарды және жеке адам мүдделерін жүзеге асыру аясы. Гегель азаматтық қоғамды
қарама-қайшы мүдделер текетіресетін антагонистік қоғам ретінде сипаттайды.
Азаматтық қоғамның үш негізгі тұсы:
1. қажеттіліктер жүйесі,
2. әділ сот,
3. полиция және бірлестіктер.
Азаматтық қоғам құрылымында үш сословиені атап көрсетеді:
1. субстанционалды (жериеленушілер - дворяндар мен шаруалар);
2. өнеркәсіптік (фабриканттар, саудагерлер, қолөнершілер);
3. жалпылама (шенеуніктер).
Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыра отырып, Гегель азаматтық қоғам
қанша байлыққа кенелсе де, кедейлікпен күресуге қабілетсіз екендігін мойындайды.
ЛЕКЦИЯ-4. Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Қазақ және Араб саяси философиясының әкесі Әбу-Наср әл Фараби, Ибн Цина,
Ибн Рушд, Ибн Халдун, Низами Гянджеви, Ә. Навои.
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы
ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат,
мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл
ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын
ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек
ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектеріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі
«қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады.
Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын
қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.
Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында
қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан
құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және
байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,
маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге –
діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық
жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді,
астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық
табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген.
Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс
өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында
ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен
ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің
қалауынша басқара алады».
Жүсіп Баласағұнның, Махмұт Қашкаридің. Ахмет Игүнекидің, Мұхамед
Достидің және Иби Рузбиханның, Қоркыт-Атаның, Қожа Ахмет Иассауидің ілімдері.
VIII-XI ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуына байланысты
араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым
дамыды. Араб Шығысы мен Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде аталған кезеңде әдебиет
пен ғылымның, саяси ой пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды.
Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт
Қашқари, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки және тағы басқа
ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен мәлім болды.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде қалай бақытқа жетуге болады деген
сұраққа жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде әртүрлі қасиетке ие төрт
мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшы),
Бақытқа «Айтолды» (уәзір), Ақылға «Өдүлміш» (уәзірдің баласы), Игілікке «Оғдұрмыш»
(уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-
бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.
Билеушілер мен әкімдер халық мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады.
«Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды», «Жақсы тәртіп орнат – сонда сыйлайды,
опасыз халық бір уысқа сыймайды». Билік – мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің
сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен
ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы
әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау,
қажетті жағдайда күш те қолдана білу.
Махмұт Қашқари («Диуани лұғат-ат-түрік») әкімдердің ел билеуде ақыл-парасат пен
әдептілікке және кішіпейілділік үйір болуын талап етті. «Ұлық болсаң – ізгілік ет», сонда
ғана сенің қарамағыңдағы халық соңыңнан ереді, сенім білдіреді. Жағымсыз әдеттер
әкімдер үшін олардың қызмет бабына сиыспайды. Ел билеуде күшке сенгеннен ақылға
жүгіну әлдеқайда тиімді нәтиже береді. «Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен
тышқан да ұстай алмайсың».
Өзінің жеке басының пайдасын күйттеген әкімдер елге опа әпермейді. Әкімнің барлық
іс-әрекеті халықтың көз алдында, халықтан ешнәрсені де жасыра алмайсың, қандай ауыр
кезең болса да халқыңмен бірге болуды үгіттеген.
«Мемлекеттің қазынасы халықтың табан ақысы, маңдай тері. Әмірші қазына кілтін
ұстаған адамға аса сақтықпен қарағаны абзал. Алтын мен күміс бар жерде ұрлық жүрмей
қоймайды. Ұрыны ұстасаң, дереу әшкере ет. Бүгін қалсаң, өзің де ұрысың».
«Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар – сонда бол, қуаңшылық жылында, халық қайда –
сонда бол». Халық болмаса, сенің билігің кімге керек, билік қызметі адамдар арасындағы
қарым-қатынасты тәртіптілік пен заңдылықты сақтаумен бірге, шаруашылық істермен
реттеуге, әділдікті қалпына келтіруге, зорлық-зомбылықты болдырмауға да арналған.
Ерте түрік дәуіріндегі ірі ойшылдардың бірі, бүкіл түркі елін бірлікке шақырған Қожа
Ахмет Иссауи еді. Иссауидің басты еңбегі «Диуани хикмент» («Даналық кітабы»). Ол адам
мен қоғам мәселелеріне де айрықша назар аударған. Ислам дінінің өнегелікке, таным-
болмысқа қатысты ақыл-ой, парасат туралы құндылықтарын кең насихаттаған ол бұқара
халыққа үстемдік құрған әмірлердің, бектердің, қазылардың әділетсіз істерін сынайды, бұл
дүниенің жалғандығын сынайды. Оның сопылық ілімінің басты мақсаты адамды жетілдіру,
адам бітіміне тән кейбір жағымсыз әдеттерді сынау. Сондықтан да Иссауи құдай атынан
парасаттылыққа, әділдікке, тазалыққа үндейді. Оның ілімінде адамгершілік ойлары дін
арқылы түсіндіріледі. «Кімде-кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде-кім
жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады». Жамандықты жасаушы адамдар, оны
алла да жақтырмайды.
Адамдардың барлығы құдай алдында тең. Олардың теңсіздігі адамдардың жағымсыз
іс-әркеттерінен туындаған. Ахмет Иссауи адам бойында кездесетін тойымсыздық,
ашкөздік, екіжүзділік, даңққұмарлық, надандық сияқты жаман қасиеттердің болатынына
өкініш білдіреді, мұндай жағымсыз әдеттерден арылуға шақырады, адамдарды бір-бірін
құрметтеуге, көмектесуге, жақсылық жасауға үндейді.
Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
Қазақ мемлекетiнде «Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке
ханның «Жетi жарғысы» деп аталатын заңдар жүйесi болған. «Жетi жарғы» тек құқықтық
қалыптар жинағы емес. Онда әртүрлi дiни, тәлiмдiк, әдептiлiк, қарым-қатынастық
мәселелер, яғни қоғамның барлық мәдени-әлеуметтiк өмiрi қарастырылған. Оған қоса
айтарымыз бұл тарихи құжатта алғашқы рет қазақтардың саяси құндылықтары
стандартталынды, жүйелендi, қалыптандырылды. Бұл өркениеттiлiкке қарай жасалынған
бiршама қадам болатын. Бiрнеше ғасырлар бойы хандық билiкте болған қазақ жерi «дала
демократиясының» өзiндiк тәжiрибесiнен өтті, бұл өте құнды рухани-саяси мұра болып
табылады.
Бірқатар зерттеуші ғалымдар «Жеті жарғы» заңдар жинағына «дала конституциясы»,
«бірінші қазақ конституциясы» деп баға бергені белгілі. Н.Ә.Назарбаев «Тарих
толқынында» атты кітабында: «Жеті жарғыға XVII ғасырдағы қазақ қоғамының саяси және
әлеуметтік өмір қажеттерінен туған қаулылар енді. Осынау құқықтық ескерткіштер қазақ
халқының дербес мемлекеттік алып, бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын
көрсетті» – деп жазады. Жалпы «Жеті жарғының» қазақ мемлекетінің қалыптасу
тарихындағы орны мен рөлі зор екендігі сөзсіз.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы бойынша мемлекеттік билік ханның қолында болды. Ал
ел басқару сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері арқылы жүргізілді. Хандықтың маңызды
мәселелері халық жиналыстары – Құрылтайда талқыланды. Бұл көшпелі қазақ
қоғамындағы өкілділік биліктің бір формасы болатын. «Құрылтай» әр түрлі формада өтетін
болған, мәселен тұтас халық пен ұрпаққа қатысты мәселені талдауда ол сейм формасына
енген. Формасына қарап қатысатын адамдар да әр түрлі болған. Тағы бір ерекшелігі
мәселеге қатысты тұрғындар пікірін сұрап, келесі күнге жаңа дәлелдер мен мәліметтер
жинақталып отырылған. Яғни, көпшілік халық мәселеге қатысты өз пікірін білдіру
мүмкіндігіне ие болған. Бұл шешім қабылдау процесінде ашықтық қағидасы болғандығын
дәлелдей түседі.
Тәуке хан билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Билер кеңесін
құрып, оның мәжілісінде аса маңызды мәселелерді талқылап шешкен. Ол билер съезі өтетін
жер мен уақытты белгіледі. Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын Билер кеңесі
Тәуке ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам
қаласы маңындағы Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі
Күлтөбеде өткізілген. Зерттеуші ғалымдар билер мен билер кеңесі билігіне қатысты әртүрлі
пікірлер білдірген. Мәселен, мына пікірлер: билердің сот билігі басқару жүйесіндегі
биліктің жетекші формасы; билер кеңесі билікті «жекешелендіруге» ұмтылушы мұрагер
ақсүйектер билігіне қарама-қарсы қою үшін құрылған; билер кеңесі биліктік қатынаста
тікелей және кері байланысты жүзеге асыратын маңызды мемлекеттік ұйым.
Билер Кеңесі:
біріншіден, кеңесші ұйым болды, ханмен бірге жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу
үшін құрылтай шақырып, оның жұмысына қатысты;
екіншіден, халықтың мемлекеттік биліктегі өкілі, билік құрылымындағы қара халық
арасынан шыққан, әрі оның мүддесін билікті қорғаушы ұйым;
үшіншіден, заң талқылайтын ұйым, қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінің негізін
салушы.
Билер кеңесіне өкілділік билік ретінде мынандай өкілеттіліктер берілді:
- сыртқы саясатта, яғни көрші елдермен тиімді дипломатиялық қатынасты
қалыптастыру, елшілік қызметті жетілдіру;
- ішкі саясатта қоғамда тұрақтылықты орнату, яғни жүздер, рулар арасындағы дау-
жанжалды тоқтату, әкімшілік-шаруашылық жұмыстар мен қоғамның құқықтық жүйесін
реттеу;
- ұлттық қауіпсіздігін сақтауға байланысты өкілеттіліктері болды, атап айтсақ,
сұлтандар сепаратизміне жол бермеу, трайбализмге қарсы шешімдер қабылдау, қоғамның
жікке бөлінуіне жол бермеу, ел қорғау жүйесін жетілдіру.
Билер шешімді қабылдау және таратудың өзіндік ұлттық негіздегі механизмін де
қалыптастырған. Билердің қабылдаған шешімдері дәстүрге, көрегендікке, келісім мен
сабырлыққа, ыждағаттыққа негізделген және таңдаған әрекеттерінің орындалу
жауапкершілігі де жоғары. Оған негіз болған себептер:
- би шешімінің мақсатқа сай келуі. Өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя білу;
- уакыт талабына сай келуі, шешімнің уақытында орындалу мүмкіндігін көре білу;
- сәйкестілік, яғни қоғамда әрекет етуші дәстүрлі құқықтың нормаларға шешімнің сай
келуі;
- шешімді халықтың түсінуі, мойындауы, яғни шешімді ашық сұхбаттасу және еркін
пікірталас арқылы қабылдау;
- шешім қабылдау процесінде өз шешендігін, өнері мен өнегесін, білгірлігін т.б. халық
алдында паш ету.
Билер кеңесіне ең беделді қазақ билері кірді, олардың пікірімен әрбір билеуші хан
санасуға мәжбүр болды. Беделді билер сөздері қазақ билеушілері үшін маңызды және өтімді
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |