ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін



Pdf көрінісі
бет11/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

«Ӛзін-ӛзі тану» оқу пәні 

«Ӛзін-ӛзі  тану»  оқу  пәні  бойынша  оқу  процесінің  басты  міндеті:  әрбір 

адамның  табиғатына  қаланған  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  айқындау; 

қоғамға  қызмет  етуге  бағытталған  мәселелерді  шығармашылықпен  шешудің 

практикалық  дағдыларын,  тұлғаның  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыру; 

адамның  ӛзіне,  қоршаған  әлемге,  жалпы  адамзатқа  қатысы  ескерілген 

оқушылардың  әлеуметтік  мәнді  бағдарларын,  адамгершілік  мінез-құлық 

негіздерін қалыптастыру болып табылады. 

Пәннің  негізгі  базалық  мазмұны  бастауыш  мектеп  оқушыларының  жас 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  мынадай  тарауларда  ашылады:  «Ғасырлар 

даналығы», «Тату отбасы», «Адам болам десеңіз», «Қандай ғажап әлем!».

 

Оқу    жүктемесінің    кӛлемі  аптасына  1  сағаттан,  1-сыныпта  оқу  

жылында – 33 сағат; 2-4-сыныптарда  оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

Пән бойынша білім алушылардың білімін бағалау «Ӛзін-ӛзі тану» үлгілік 

оқу  бағдарламасында  ұсынылған  білім  алушылардың  дайындық  деңгейіне 

қойылатын  талаптар  негізінде  жүргізіледі.  Рухани-адамгершілік  білім  берудің 

ерекшеліктеріне  сәйкес  сандық  емес,  сапалық  баға  маңызды,  сондықтан  әрбір 

жартыжылдықтың  қорытындысы  бойынша  «сынақ»  бағасы  қойылады. 

«Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» пән бойынша сынақ 

қоюдың ӛлшемшарты болып табылады. 

 

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Технология  және  ӛнер»  білім  саласының  мазмұнына  «Кӛркем  еңбек» 

және «Музыка» пәндері енгізіледі.  

 

«Музыка» оқу пәні 

 «Музыка»  пәнін  оқытудың  мақсаты  –  білім  алушылардың  музыка 

бойынша  негізгі 

білімі 

мен  біліктерін,  музыкалық 



іс-әрекеттерде 

шығармашылықпен  ӛз  ойын  жеткізу  және  қарым-қатынас  жасау  тәсілдерін 

меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық 


 

85 


 

құндылықтары  туралы  түсініктерін  қалыптастыру,  музыкалық  және 

шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. 

«Музыка»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің    кӛлемі:  1-сыныпта  – 

аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат; 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу 

жылында  – 34 сағат;  3-сыныпта   – аптасына 1 сағат, оқу  жылында  – 34 сағат,  

4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау ӛткізіледі.  

Пән  бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері 

білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып 

саналады. 

«Музыка»  пәні  бойынша  жиынтық  бағалау  ӛткізілмейді.  Жартыжылдық 

және  оқу  жылының  соңында  «Музыка»  пәнін  оқыту  нәтижесі  бойынша 

«есептелінді»/«есептелінген 

жоқ» 

қойылады. 



Алынған 

нәтижелер 

(«есептелінді»/«есептелінген жоқ») сынып журналына қойылады. 

 

«Кӛркем еңбек» оқу пәні 

«Кӛркем еңбек» – «Бейнелеу ӛнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін 

біріктіретін кіріктірілген пән. 

«Кӛркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің 

түрлері  барысында  кӛркем-технологиялық  білім,  білік  және  дағдыларды 

қалыптастыруға бағытталған. 

Оқу 

пәні 


түрлі 

шығармашылық 

іс-әрекеттегі 

кеңістіктік-

бейнелікойлауын,  шығармашылық  ойлауын,  рухани-адамгершілік  мәдениетін, 

елесін,  қиялын    және  аңғарымпаздығын,  жеке  тұлғаның  қалыптасуын  және  ӛз 

ойын білдіруін дамытуға бағытталған. 

 «Кӛркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:  

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;  

2) 2-сыныпта  – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;  

3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты;  

4) 4-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 

Түрлі  материалдармен  жұмыс  істеу  білім  алушылардың  технологиялық 

ойлауын,  кӛркем-эстетикалық  талғамын,  шығармашылық,  есте  сақтау 

қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, кӛзбен 

нақты мӛлшерлеу қабілетін жетілдіреді. 

Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін 

әрекет  түрін,  орындау  техникасын,  шығармашылық  жұмысты  жасаудың 

материалын мұғалімнің ӛзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған. 

«Кӛркем  еңбек»  пәні  бойынша  оқыту  процесінде  білім  алушылардың 

АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл кӛркем 

жұмыстарды  жасау  кезінде  цифрлық  компьютерлік  технологияларды 

пайдалану,  слайдтық  презентацияларды  жасау  дағдыларын  дамыту, 

шығармашылық 

жұмысты 

жасау 


үшін 

басқа 


білім 

алушылармен 

ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу жәнет.б. 

«Кӛркем  еңбек»  сабақтарындамұғалімнің  ӛзі  анықтайтын  әртүрлі 

кӛркемдік-шығармашылық  әрекеттер  қарастырылады.  Бұл  ретте  кӛркемдік-


 

86 


 

шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:  

-  құрылымдау; 

- бейнелеу; 

- сәндеу әрекеттері міндетті түрде  іске асырылуы қажет. 

«Кӛркем  еңбек»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалау  ӛткізіледі.  Пән 

бойынша  білім  алушылардың  қалыптастырушы  бағалау  нәтижелері  білім 

алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін негіз болып саналады. 

«Кӛркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының 

соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып  журналына  

қойылады. 

Мұғалім  және  білім  алушылар  әртүрлі  жұмыс  түрлерін  орындау 

барысында  еңбек  гигиенасының  және  қауіпсіздік  техникасының  ережелерін 

сақтаулары қажет. 



 

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Дене  шынықтыру»  білім  саласының  мазмұнына  «Дене  шынықтыру» 

пәні енгізілген.  

«Дене шынықтыру» оқу пәні 

Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, 

спорттық-спецификалық  қозғалу  дағдылары  мен  дене  бітімі  қабілеттерін 

меңгеруге  бағытталған  дене  шынықтырудың  негіздерін  қалыптастыру  болып 

табылады. 

«Дене  шынықтыру»  пәнін  оқытудың  міндеттері:  дене  шынықтыру  және 

спорт  саласындағы  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік  дағдыларын  дамыту; 

ӛзінің  дене  және  психикалық  денсаулығын  нығайту  үшін  ұмтылуға 

ынталандыру;  білім  алушылардың  тӛзімділікке,  ширақтыққа,  күштілікке, 

ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға 

деген  патриоттық  сезімін,  құрметтеуге,  жауапкершілік  пен  ӛзара  түсіністікке 

тәрбиелеу; білім алушылардың ӛз ӛмірлерінде салауатты ӛмір салтын ұстануға 

және  үйренген  дене-қимыл  дағдыларын  алдағы  уақытта  қолдануға 

ынталандыру;  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бӛлігі  ретінде  дене  шынықтыру 

туралы түсініктерін қалыптастыру. 

Пән бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі аптасына:  

1) 1-сыныпта 3 сағаттан, оқу жылында 99 сағатты;  

2) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;  

3) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты; 

4) 4-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 

Дене  шынықтыру  мұғалімдері  білім  алушы  организмінің  анатомиялық- 

физиологиялық  ерекшеліктеріне  (жетілуіне)  сәйкес  ӛздерінің  педагогикалық 

тәсілдерін бақылауы және ӛзгертуі тиіс. 

«Дене шынықтыру» пәнінің сыныптар бойынша мазмұны: 

-  1-2-сыныптар  үшін:    денсаулық  туралы  білу;  қауіпсіздік  ережесі;  дене 

тәрбиесі  дегеніміз  не;  күн  тәртібі;  жүру  және  жүгіру;  секіру  және  лақтыру; 

ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту; сюжеттік-рӛлдік қозғалмалы 


 

87 


 

ойындар; бірқатар гимнастикалық фигураларды үйрену; қазақ ұлттық қозғалыс 

ойындары; доппен  және секіртпемен орындалатын ойындар мен тапсырмалар; 

ойын  арқылы  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  дағдылар;  қауіпсіздік  ережесі; 

ойын  арқылы  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту;  ойын  арқылы 

коммуникативті  дағдыларын  дамыту  ойындары;  ойынға  шығармашылық 

идеялар;  жеке  қозғалыс  белсенділігі;  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру; 

ашық ауада физикалық қозғалыс; жылдамдық, күш пен ептілік; секіруді дамыту 

үшін тапсырмалар; эстафета және қозғалмалы ойындар;  

Пән  бойынша  бағдарламаның  әрбір  үшінші  сағаты  білім  алушылардың 

қозғалыс белсенділігін (спорттық және қозғалыс ойындарының санын арттыру 

есебінен) және сауықтыру процесін арттыруға бағытталған. 

Оқу  бағдарламасында  қарастырылған  шаңғы/коньки/кросс  дайындығы 

сабақтары ӛңірлердің климаттық жағдайларына сәйкес ӛзара алмастырылады. 

Мұғалімнің әр сабақ сайын жүргізетін бақылау жұмыстары жүйелі түрде 

іске  асырылады  және  білім  алушының  тапсырмаларды  қаншалықты  дұрыс 

орындап жатқандарын түсінуге, олардың білім алу траекторияларына түзетулер 

енгізуге мүмкіндік береді. 

«Есептелінді»  және  «есептелінген  жоқ»  деген  сынақ  қойған  кезде 

критериалды  бағалау  қағидасына  сүйену  керек.  Яғни,  білім  алушы 

«есептелінді» деген сынақ алу үшін сабаққа қатысып қана қоймай, дене дамуы 

бойынша білім мен біліктілік негіздерін игеруі керек. 

«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  тоқсан  соңында  және  оқу  жылының 

соңында  «есептелінді»/«есептелінген  жоқ»  бағасы  сынып  журналына  

қойылады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

88 


 

4    5–9-СЫНЫПТАРДА  ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ  МАЗМҦНЫ 

БОЙЫНША 

БІЛІМ 

БЕРУ 

ПРОЦЕСІН 

ҦЙЫМДАСТЫРУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ 

 

«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ 



әдебиеті»,  «Русская  литература»,  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»,  «Русский  язык  и 

литература»,  «Ана  тілі»,  «Ұйғыр/Ӛзбек/Тәжік  әдебиеті»,  «Шетел  тілі»  оқу 

пәндері кіреді. 

 

«Қазақ тілі» оқу пәні  (оқыту қазақ тілінде) 

2019-2020  оқу  жылында  «Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  5-9-сыныптар 

жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады

Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  ұлттық  және 

халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. 

Дәл  бүгінгі  таңда  жаһандану  дәуірінің  ұлттық  құндылықтарға  тӛндіріп 

тұрған  қаупі  үнемі  қаперде  болуы  ескеріліп,  бүкіл  ұлттық  құндылықтардың 

ұйытқысы  қазақ  тілін  оқытуда  басшылыққа  алынған  тенденциялар,  оларды 

жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар: 

1)  қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау

2)  тілді  оқытуды  белгілі  бір  пәндік  дағдыларға  емес,  білім  алушының 

тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау; 

3)  тілдік  білім  мен  біліктерді  ХХІ  ғасыр  адамының  бойында  сӛйлеу 

мәдениетін,  ойлау  мәдениетін  және  адамгершілік  мәдениетті  қатар  дамытуға, 

қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру; 

4)  тілді  ұлт  болашағының  мәдени  иммунитетін  қалыптастырудың  тетігі 

ретінде  оқыту.  Тілге  деген  жауапкершілік  пен  патриотизмді  тәрбиелеуге  жаңа 

прагматикалық  кӛзқарас  тұрғысынан  келу,  тілді  оқытудың  құндылықтық 

бағдарын сабақ барысында күшейту. 

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік 

бағытқа  негізделіп  құрастырылды.  Ол  оқушылардың  тіл  туралы  түсініктерін 

тереңдетіп,  ұлттық  мәдениет  пен  әлемдік  мәдениеттің  маңыздылығы  туралы 

түсініктерін кеңейтеді.  

Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 

бағдарламалары  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 

сайтында  орналастырылған  (

https://www.nao.kz/Білім  беруді  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз  ету/  Оқу  бағдарламалары/

  Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің 

жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі). 



Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 

5-9-сыныптарда  оқу  процесі  «Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған 

жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің 

үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  ӛзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  ҚР  Білім  және  ғылым  министрі  міндетін 



 

89 


 

атқарушысының  2017  жылғы  25  қазандағы  №  545  бұйрығымен  (ҚР  Әділет 

министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі 

орта  білім  беру  деңгейінің  «Қазақ  тілі»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 

үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.  

Ұзақ  мерзімді  жоспар  оқу  бағдарламасының  құрамына  енгізілді  және 

ұзақ  мерзімді  жоспарда  әр  сынып  бойынша  оқылатын  шығармалар,  тілдік 

дағдылар  бойынша  күтілетін  нәтижелер  оқу  мақсаттары  түрінде  нақты 

кӛрсетілді. 

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі: 

1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 

2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;  

3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 

4) 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 

5) 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат. 

«Қазақ  тілі»  пәнін  оқыту  мақсаты  –  жалпы  білім  беретін  негізгі 

мектептерде  ана  тілін  қадірлейтін,  қоғамдық  мәнін  түсінетін  тұлға 

қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, 

еркін сӛйлесуге және сауатты жазуға үйрету.  

«Қазақ  тілі»  пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламаның 

қолданыстағы  бағдарламадан  ерекшелігі  қазақ  тілін  функционалдық-

коммуникативтік  тұрғыдан  оқытуға  назар  аударылып,  тӛрт  дағдыға  

негізделген: 

1)  тыңдалым және айтылым; 

2)  оқылым; 

3)  жазылым;  

4)  әдеби тіл нормаларын сақтау. 

«Тыңдалым және айтылым» бӛлімі оқушылардың тӛмендегі дағдыларды 

үйренуіне мүмкіндік береді: 

- берілген ақпаратты түсіну; 

-  негізгі  идеяны  және  түрлі  жағдайлар  тұрғысынан  мәтіндегі  кӛптеген 

кӛзқарастарды анықтау; 

- тыңдалған материалға жауап беру

- жасырын мәтінді анықтау, болжау; 

- қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске 

асыру; 


- тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану; 

- тыңдалған материалды бағамдау

- мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сӛйлеу және тыңдау. 

«Оқылым» бойынша: 

- жазбаша ақпаратты түсіну; 

- мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау

- мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну; 

- сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау; 

- мәтіннің түрлері мен стилін анықтау

- әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану; 



 

90 


 

- түрлі ақпарат кӛздерінен қажетті ақпаратты алу

- мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау. 

«Жазылым» бойынша: 

- ӛз кӛзқарасын білдіре отырып мәтін жазу; 

-  тиісті  стильді  пайдалана  отырып,  алуан  түрлі  тақырып  бойынша  мәтін 

жазу; 

- жоспар құру; 



- ӛзіндік стильде мәтін құру

-  тыңдалым,  оқылым  және  аудиовизуалды  материалдар  негізінде 

шығармашылық жұмыс жазу; 

- түрлі жанрда мәтін құру; 

- мәтіндерді салыстыру; 

- мәтіндерді түзету және түрлендіру; 

- оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу; 

- эссе жазу. 

«Әдеби  тіл  нормаларын  сақтау»  бӛлімі  аясындағы  бӛлімшелер 

оқушылардың тӛмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: 

- орфографиялық норма; 

- орфоэпиялық норма; 

- лексикалық норма; 

- грамматикалық норма; 

- пунктуациялық норма. 

Оқыту  мақсаттары  мұғалім  мен  білім  алушыларға  болашақ  қадамдары 

туралы  ӛзара  ой бӛлісуге,  оларды  жоспарлау  мен  бағалауға  мүмкіндік  беретін 

бірізділік  пен  сабақтастықты  кӛрсететін  4  бӛлімнен  тұрады  және  олардың 

жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған. 

Оқу мақсаттарымен жұмыс жүргізу жолдары: 

оқу  жоспарында  кӛрсетілген  оқыту  мақсаттары  оқушыларды,  тыңдалым 

және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік 

дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде сыныпты аяқтағанда күтілетін 

нәтижеге қол жеткізуге бағытталған 

мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала 

отырып,  сынып  деңгейіне,  тақырып  қажеттілігіне  қарай  бір  академиялық 

сағатта  бір  немесе  екі  коммуникативтік  әрекетті  негіз  етіп  алады,  ал  басқа 

коммуникативтік  әрекеттер  жанама  түрде  қолданыла  береді.  (Мысалы, 

тыңдалым/ айтылым, оқылым/ жазылым);  

әрбір  әрекет  бірнеше  оқу  мақсаттары  арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 

Сабақ жоспарын құру барысында коммуникативтік әрекеттің барлық түрін бір 

деңгейде қатар алмаған дұрыс. Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі 

жанама  түрде  дамытыла  береді.  Мұғалім  орта  мерзімді  жоспарда  ұсынылған 

лексикалық  тақырыпқа  бӛлінген  оқу  мақсаттарының  орын  тәртібін  сабақ  түрі 

мен әдістерінің қажеттілігіне қарай ӛзгерте алады.  

Бағдарлама  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыруға, 

сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.  

«Қазақ  тілі»  пәнінің  оқу  бағдарламасында  оқушылардың  жас 


 

91 


 

ерекшеліктеріне  сай  қызықты  болатын,  ӛмірмен  байланысты  лексикалық 

тақырыптар  ұсынылды.  Мысалы,  «Ғарышты  игеру»,  «Қызыл  кітапқа  енген 

жануарлар»,  «Энергия  ресурстары»  ,  «Туризм.  Экотуризм»,  «Театр»,  «Заң» 

бӛлімдеріне қатысты лексикалық тақырыптар оқушының белсенді сӛздік қорын 

байытуға, алған білімін күнделікті ӛмірде қолдана алуға,  ӛз ойын ашық, еркін 

жеткізе білуге мүмкіндік береді. 

Бағдарламада  әртүрлі  оқыту  сатыларында  ӛмірлік  маңызды  міндеттерді 

шешу  үшін  қажетті  дағды  мен  қабілеттерді  бірізді  және  кезеңдік  дамыту 

жүреді.  

Ақпаратты  талдау,  жалпылау,  жіктеу,  сондай-ақ  әртүрлі  жанрда  және 

стильдерде  мәтіндер  жазу,  жеке,  іскерлік  хат  жазысуды  жүргізу,  түйіндеме, 

мақала,  аннотация,  тезис  құрастыру,  берілген  тақырып  бойынша  эссе  жазу 

дағдылары  мен  қабілеттерін  жетілдіру  тілді  оқуды  ынталандыруға  септігін 

тигізеді. 

Бағдарлама  мазмұнына  түрлі  санаттағы  мәтіндермен  жұмыс  істеу  түрлері 

енгізілді.  Мысалы,  оқылымның  «Мәтіннің  стильдік  ерекшелігін  тану»  оқу 

мақсатын жүзеге  асыру  үшін  5-сынып оқушылары  ауызекі  сӛйлеу  және  жазба 

стильдегі  мәтіндердің  айырмашылықтарын  таныса,  одан  жоғары  сыныптарда 

әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын 

жүйелі  түрде  жүзеге  асырудың  нәтижесінде  оқушылардың  мәтінді  талдау 

дағдысы  қалыптасады.  Білім  алушы  табиғат  пен  қоршаған  ортаны  тануда, 

күнделікті  тұрмыс-тіршілікте  кездесіп  қалатын  табиғи  құбылыстардың  сырын 

ашуда,  ой  бӛлісуде,  пікір  алмасуда  тілді  құрал  ретінде  пайдаланып, 

грамматикалық  заңдылықтар  мен  формаларды дұрыс қолдана  білуге  үйренеді. 

Білім  алушылар  грамматиканы  дәстүрлі  «жаттанды»  әдіспен  емес,  ӛмірмен 

байланысты  мәнмәтінде  меңгереді.  Ол  оқу  бағдарламасында  сӛйлеу  әрекеті 

түрлері бӛлімінен бӛлек «Әдеби тіл нормалары» бӛлімінде кӛрініс табады. 

Грамматика  бӛлек  қарастырылмай,  лексикалық  тақырыптар  аясында 

әдеби  тілдік  норма  арқылы  функционалдық-коммуникативтік  мәнмәтінде 

оқытуға  бағытталған.  Грамматикалық  бірліктердің  мәтінді  құруға  қатысуда 

қандай  функционалдық  мағыналық  қызмет  атқарғанын  таныту  міндеті 

жүктеледі.  



Мәтінді оқыту кезеңдері: 

Мәтіналды (тыңдалым, оқылымалды) тапсырма: 

мәтін  тақырыбын  ашуға  бағытталған  тапсырмалар,  ой  шақыру,  сӛздерді 

алдын-ала үйрету, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою, т.б.  

Мәтінмен жұмыс тапсырмалары

әртүрлі  оқылым/тыңдалым  дағдыларын  дамытуға  арналған  тапсырмалар 

(сұрақтар).  Алғашқы  тапсырмалар  жалпы  мазмұнын  түсінуге  бағытталса, 

кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.  



Мәтіннен кейінгі тапсырма:  

мәтінде  кӛтерілген  мәселеге,  ақпараттарға  байланысты  талқылау 

сұрақтары.  Мұндағы  сұрақтар  олар  үйренген  жаңа  сӛздерді,  мәтінде 

кездестірген сӛздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы 

қажет.  Сонымен  қатар  сұрақтар  оқушылардың  ӛмірлік  тәжірибесімен  де 


 

92 


 

байланысып,  ӛз  кӛзқарастарын  білдіруге  мүмкіндік  бере  алатындай  жасалуы 

керек.  

Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар 

5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығы 

Оқу  жылдамдығы  –  оқушы  тұлғасының  қалыптасуына  әсер  ететін 

маңызды  факторлардың  бірі  болып  табылады.  Оқытудың  екінші  негізгі 

кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады: алайда 

5-9-сыныптарда  түсініп  оқуға  емес  шапшаң  оқу  мен  мәнерлеп  оқуға  басты 

назар аударылады.  

5-сыныпта  бастауыш  сыныптардағыдай  оқу  жылдамдығын  тексеруді 

бақылап  отыру  қажет.  Бақылау  мақсаты  тез,  жылдам  оқу  емес  түсініп  оқу 

болатынын ескерген жӛн. 

5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар  

Мәнерлеп  оқу,  логикалық  екпінді  ең  маңызды  сӛздерге  қойып  оқу.  Оқу 

барысында  сӛз  бұзылмай,  автордың  айтатын  ойы  дұрыс  жеткізіледі.  Оқу 

жылдамдығының нормалары тӛмендегі 36-кестеде келтірілген.  

 

36-кесте. Оқу жылдамдығының нормалары 



 

Сыныптар 

Міндетті деңгей 

Мүмкіндік 

деңгейі 

5-сынып  

105 – 115 сӛз 

110 – 120 сӛз 

6-сынып  

115 – 125 сӛз 

120 – 130 сӛз 

7-сынып  

125 – 135 сӛз 

130 – 140 сӛз 

8-сынып  

135 – 145 сӛз 

150 – 160 сӛз 

9-сынып  

145 – 155 сӛз 

170 – 180 сӛз 

 

Жаңартылған  білім  мазмұнына  орай  оқу  дағдыларына  қойылатын 



талаптар біршама ӛзгерді. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар тӛмендегі 37-

кестеде келтірілген.  

 

37-кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет