А. Соловьева, Б. Ибраимова


Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының



Pdf көрінісі
бет18/35
Дата30.10.2019
өлшемі11,94 Mb.
#50823
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Байланысты:
Биология 8 сынып. Оқыту әдістемесі


Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §20. Туа біткен және 
жүре пайда болған иммунитет 
түрлері 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
 
8.1.3.6 – аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, иммунитет түрлерін ажыратады, 
пайда болу жолдарын талқылайды. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Иммунитет түрлерін бір-бірімен салыстырып, ерекшеліктерін 
айқындайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Екпенің рөліне баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Иммунитет түрлерін ажырату, салыстыру, ерекшеліктерін айқындау 
– Иммунитеттің пайда болу жолдарын талдау 
– Екпенің аурудың алдын алудағы рөліне баға беру  
Тілдік мақсат 
 
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдaрын қолдануға қажетті 
айтылым-жазылымға сәйкес жұмыс тілін қалыптаcтыру (мысалы, 
топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және 
пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестер) 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Иммунитет, жасанды иммунитет, табиғи иммунитет, вакцина, сарысу, 
антидене, белсенді иммунитет, әлсіз иммунитет 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Ағза инфекциямен қалай күреседі? Талқылап сұраққа жауап беріңдер.  
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Самат досымен бірге бақшада жұмыс істеп жатқанда қолын абайсызда 
жарақаттап алды. Жарақаты топырақпен былғанды. Досы сіреспенің 
(столбняк) алдын алу үшін егуді ұсынды, ал дәрігер емдік сарысу қолдануға 
157

 
кеңес берді. Дәрігер неліктен осылай кеңес бергенін айта аласыңдар ма? 
Әлде досының кеңесі дұрыс па? 
/Ағзаға емдік сарысуды енгізеді. Себебі емдік сарысуда дайын қорғаныш 
заттар бар. Ол аурудың алдын алады/ 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Иммунитет түрлерін дәптерге түсіреді 
Алдыңғы оқу 
«Сұрыптау» жаттығуы 
Жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сұрыптап айтып беріңдер. 
 
Ыстық шай ішу 
 
Қолды сабындап жуу 
 
Жеке гигиена талаптарын орындау 
 
Піскен ет жеу 
 
Жылы жүру 
 
Үй хайуанаттарын ұстау 
 
Ауызды таңғышпен жабу 
 
Бөлме өсімдіктерін өсіру 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал 
Топқа бөлу әдісі: «Ортақ қызығушылықтар» 
Сынып осы әдіс арқылы «Табиғи иммунитет», «Жасанды 
иммунитет» топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының 
сабаққа байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
Амансың ба, көк аспан!  
Амансың ба, Жер ана! 
Амансың ба, құрбым /досым/! 
Мынау менің қолым,  
Жылуымды сезін  дей отырып,  
бір-біріне жылу сыйлау 
Спортсмендер 
Кітап 
оқығанды 
ұнататындар 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен жұмыс.  
Мәтінді оқи отырып, иммунитет түрлеріне кластер құру 
 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, топтық жұмыс 
тапсырмасын толық орындайды. 
– Иммунитет түрлерін анықтайды, салыстырады. 
 
Сергіту   сәті 
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
158

 
Бойды сергек тік ұста, 
Емін-еркін тыныста. 
Оң қолыңды соз алға, 
Қол ұшына қара да, 
Үшбұрыш сыз ауада, 
Сол қол босқа тұрмасын, 
Шеңбер жасап тынбасын. 
 Рефлексия.  «Менің көңіл күйім» 
Жайдары, түсінікті 
 
 
Бұлтты, сұрағым бар 
 
Түнеріп тұрмын, түсінбедім 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Он сұрақ» стратегиясы 
Мұғалім әр топтан бір оқушыны таңдап алады және оның 
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – 
қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап иә не 
жоқ деп беріледі. Стикердегі сөзді тез табу керек. 
Дескрипторлар: 
– Жасырылған сөз туралы сұрақты дұрыс қоя алады. 
– Жасырған сөзді тез табады. 
Рефлексия. «Үш М және Ә» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қосымша  ақпарат 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары 
оқушыларға 
тапсырманы 
күрделендіруді 
қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Сөйлемнің бос жерін толықтыр: 
  Табиғи иммунитет...  пайда болған, ол тұқым 
қуалайды. 
  Белсенді иммунитет... арқылы беріледі. 
  Әлсіз иммунитет емдік... кейін пайда болады. 
  Лимфоциттердің басты қызметі... түзу. 
  Иммунитет... және... деп екіге бөлінеді. 
Қабілеті жоғары оқушы: 
Иммунитет пен фагоцитоздың ұқсастығы мен 
айырмашылығы неде? Сұраққа дәлелді жауап 
беріңдер. 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен 
байланыс 
Құндылықтар-
дағы байланыс 
159

 
Рефлексия 
Сабақ / оқу мақсаттары 
шынайы ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары тиімді 
болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? Мен 
өз жоспарыма қандай 
түзетулер енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия.  «Өзіме сараптама» 
– не істедім? 
– қандай мақсатпен? 
– неге олай жасадым? 
– қандай нәтижеге жеттім? 
– не жасауым керек еді? 
 
 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
САБАҚ:  §21.  Қан топтары 
және қан құю, резус фактор 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.3.7 – агглютинация және резусконфликт механизмдерін түсіндіру 
 
Барлық оқушылар: 
 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, қан топтарын біледі, оларды 
белгіленуіне байланысты ажырата алады. 
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Антиген мен антиденеге байланысты қан топтарын салыстырады, қан 
құю кестесін  қолданып, қан құюды болжайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Қанды дұрыс құймағанда болатын қауіптерді дәлелдеп бере алады, 
Резус-фактордың «оң» және «теріс» түрлерін сипаттап береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
– Қан топтары және оның белгіленуін біледі. 
– Антиген мен антиденеге байланысты оларды ажырата алады. 
– Қан құю кестесін ұғады, қан топтарына байланысты қан беретін және қан 
160

 
алатын адамды мысалмен келтіре алады. 
– Резус-факторға сипаттама береді, одан болатын («–»  және «+») қауіптерді 
айқындайды. 
Тілдік мақсат 
  Oқушылaрдың тілдік дaғдының төртеуін де түрлі әрекeттерде 
(мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым, 
тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мaқсаттарға қол жeткізу үшін 
қолдану 
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Қан топтары, қан құю, резус-фактор, реципиент, донор, агглютинация 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Қан құю ережелерін жасаңдар. Қан құю үшін ереже міндетті түрде керек пе? 
Талқылып жауаптарыңды беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Неліктен әр адам өз қан тобын білу міндетті екенін айта аласыңдар ма? 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Қан құю кестесін дәптерге түсіру 
Алдыңғы оқу 
Шағын тест жұмысы 
1. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салды. 
а) Э. Дженнер 
ә) Л. Пастер 
б) И.И. Сеченов 
в) И.И. Мечников 
2. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз. 
а) эритроцит 
ә) антидене 
б) лейкоцит 
в) тромбоцит 
3. Егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері 
а) Ч. Дарвин 
ә) Л. Пастер 
б) Л. Гук 
в) Э. Дженнер 
4. Табиғи иммунитеттің бөлінуі 
а) белсенді және әлсіз 
ә) жүре пайда болған және белсенді 
5. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет. 
а) табиғи 
ә) туа біткен 
б) жасанды 
в) жүре пайда болған 
6. Иммунитеттің түрлерін ата. 
а) табиғи және жасанды 
ә) туа біткен және тұқым қуалайтын 
б) жасанды және белсенді 
в) уақытша және тұрақты 
Жоспар 
 
Жоспарланған 
уақыт 
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған 
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) 
Ресурстар 
Басталуы 
 
 
Ұйымдастыру. Психологиялық  ахуал. 
Биология: 
құс, адам, 
161

 
Топқа бөлу әдісі: «Пәндік категориялар» 
Сынып осы әдіс арқылы   «Реципиент», «Донор» 
топтарына бөлінеді. Әр топ өз атының сабаққа 
байланысын болжайды.  
 
Ынтымақтастық атмосферасын тудыру: 
«Сенің есімің»  
          Ойынға қатысушылар шеңбер болып тұрады. 
Кез келген бір оқушы өз есімін айтады. Кейінгі 
оқушы кезекпен бірінші оқушының есімін допты 
шеңбер бойымен жылжыта отырып, түрлендіре 
айтады. (Сәуле, Сәулетай, Сәулежан, Нұрсәуле т.б.) 
осылай барлық баланың есімі түрлендіріле айтылып 
шығады. Ойынға қатысушылар өз аттарын 
түрлендіре естігенде қандай сезімде болғанын 
айтады. 
Мұғалім: Біздің есіміміз өзіміз үшін дүниедегі ең 
керемет әуен секілді естіледі. Сондықтан да бір-
бірімізбен сөйлескенде, әңгімемізді міндетті түрде 
есімімізді айтудан бастайық. 
жусан, балық, 
бақа т.б. 
Химия: тұз, 
қышқыл, 
сілті, атом, 
молекула, 
элемент т.б. 
 
 
 
Ортасы 
І. Оқулықпен  жұмыс.  
«Идеялар себеті» стратегиясы 
Жұмыс алгоритмі 
 
Сабақтың тақырыбымен танысады. 
 
Жеке  жұмыс.  Әр  оқушы  мәтіннен  өзіне  белгілі 
мәліметті тезис түрінде жазып шығады. 2 минут беріледі. 
 
Топтық  жұмыс.  Оқушылар  өз  ақпараттарымен 
бөліседі, талқылайды. 3 минут беріледі. 
 
Сыныппен жұмыс. Әр топ тақырып бойынша өзінің 
көзқарасын айтады, білімдерін көрсетеді.  
 
Мұғалім  айтылған  көзқарастар  мен  түйінді  сөздерді 
«себетке» салып отырады (тақтаға жазу). 
 
Дескрипторлар: 
– Мәтінді толық меңгеріп, жеке, топтық жұмыс 
тапсырмасын толық орындайды. 
– Қан топтарын, олардың белгіленуін біледі, 
салыстырады, ажыратады. 
– Қан құю кестесін қолданып, әмбебап донор мен 
әмбебап реципиентті анықтайды, мысалдарға жауап бере 
алады. 
– Резус-факторды сипаттап береді. 
 
Сергіту  сәті.  «Өлеңді сезіну» 
–  Өлеңмен танысады. 
–  Өлең жолдарына өз ойларымен қимыл жасайды. 
–  Топпен айтады. 
Біз тамшымыз теңіздегі,  
Жағаға ұрған толқыны.  
Айналамыз, сеніңіздер,  
Оқулық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
162

 
Ұлы айдынға сол күні. 
 
Бақшадағы терекпіз біз,  
Жапырағы жайқалар...  
Қосылыңдар керекпіз біз,  
Тіршілікке қайда да!  
Рефлексия. «Сауалнама түріндегі рефлексия» 
1.  Бүгінгі сабақта мен 
•  білдім_________________________ 
•  түсіндім_________________________ 
•  үйрендім__________________ 
2. Сабақ кезінде  ең жақсы өткен ... 
__________________________ 
3. Негізгі қиындықтар менде … 
_____________________________ 
4. Менде өзгерістер болды... 
а) Пәндік білімімде 
ә) Сезіну қасиетімде 
б) Шығармашылық қабілетімде 
в) Өз іс-әрекетімді сезінуде 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аяқталуы 
«Серпілген сауал» стратегиясы 
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау 
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы 
оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.  
Мысалы,  
Самат, Рахаттың жауабы туралы сен не ойлайсың?  
Самал, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны 
қалай дамытуға болады?  
Қанат, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге 
болады? 
Дескрипторлар: 
– Сұрақтарға барынша кең жауап береді. 
 – Тақырыптағы негізгі идеяны ары қарай дамытады. 
Рефлексия.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Функционалдық сауаттылық тапсырмалары 
Гематология – қан туралы ғылым. Тұқым қуалайтын қан ұйымайтын аурудың аты – гемофилия. 
Бұл ауру геннің дефектісінен туындайды. Ауру ген Х-хромосомада орналасады.Тарихта ауру 
генді тасымалдаушының бірі Виктория ханшайымы болған. Гемофилия ауруымен 
Викторияның ұлы Леопольд және бірнеше немерелері ауырған. Оның бірі Ресей ханзадасы 
Алексей Николаевич Романов еді.  
№1 тапсырма 
Ресей ханзадасы Алексей гемофилиямен ауырған. Ханзаданың гемофилиямен ауыру себебін 
түсіндіріңіз. 
163

 
А) гемофилия гені әкесінен берілген 
В) гемофилия гені анасынан берілген 
С) Анастасия деген әпкесінен берілген 
№2 тапсырма 
Қанның ұюына қатысады 
А) тромбоциттер 
В) лейкоциттер 
С) эритроциттер 
№3 тапсырма 
Қан құю станцияларында қан қоры сақталатыны белгілі. Егер де қан ұю 3-4 минутта жүретін 
болса, қан құю станцияларындағы қан қоры неге ұйып қалмайды? 
№4 тапсырма 
Қан топтары сәйкес келмейтін адамдардың қанын неге бір-біріне құюға болмайды? Қауіп- 
қатерлерді айқындаңыз.
 
Қосымша  ақпарат.  
 
Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің 
болуы 
Қан топтары 
Эритроциттерде болатын 
антигендер 
Қан плазмасында болатын 
антиденелер 
О (I) 
A (II) 
B (III) 
AB (IV) 
болмайды 


AB 
α және β 
β 
α 
болмайды 
 
 
Саралау – Сіз 
қосымша көмек 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
Сіз қабілеті 
жоғары оқушы-
ларға тапсыр-
маны күрделен-
діруді қалай 
жоспарлайсыз? 
Қосымша көмек керек оқушылар үшін: 
Сенің қаның ІІІ топ. Сен қанды қай топқа бересің, 
кімнен аласың? 
Қабілеті жоғары оқушы: 
«Мен донормын» деген М. Мақатаев өлеңін 
оқып талдау. Негізгі идеяны айқындау. 
Бәріңе! 
Бәріңе! 
Бәріңе! 
Жасыңа да, кәріңе! 
Кімге қан керек? 
Ішуге емес, дәріге... 
Мен –  донормын. 
Шипа болар қаным бар, 
Қабылдаңдар, алыңдар. 
Менің жылы қанымның 
Қасиетін таныңдар. 
Жоқ! 
Ақшаға сатпаймын! 
Аурулар алдында, 
Борышымды ақтаймын. 
Өмір беріп өзгеге, 
Өмірімді сақтаймын! 
Мен –  донормын. 
Таза қан. 
Сақ боласыз жазадан, 
Пәнаралық 
байланыс 
Қауіпсіздік және 
еңбекті қорғау 
ережелері 
АКТ-мен 
байланыс 
Құндылықтар-
дағы байланыс 
164

 
Сақ боласыз мазадан, 
Қабылдаңыз?! 
Көп берем де, аз алам, 
Сіздегі сансыз түтікпен 
Менің қаным өтеді, 
Маған сол да жетеді! 
Сіздегі жылы жүректе 
Менің қаным соғады. 
Маған сол да болады! 
Сіздің мидың, біздің қан 
Болып жатса қорегі. 
Басқаның не керегі?! 
Бәріңе! 
Бәріңе! 
Бәріңе! 
Жасыңа да, кәріңе! 
Кімге қан керек? 
Кімге қан керек? 
Кімге қан керек? 
Ішуге емес! 
Дәріге!.. 
Рефлексия 
Сабақ / оқу 
мақсаттары шынайы 
ма?  
Бүгін оқушылар не 
білді?  
Сыныптағы ахуал 
қандай болды?  
Мен жоспарлаған 
саралау шаралары 
тиімді болды ма?  
Мен берілген уақыт 
ішінде үлгердім бе? 
Мен өз жоспарыма 
қандай түзетулер 
енгіздім және 
неліктен? 
Рефлексия.  «Таңдау» 
1. Мен сабақта  
2. Өз жұмысыма 
3. Сабақ маған 
4. Сабақта мен  
5. Менің көңіл күйім 
6. Сабақ материалдары маған  
Таңдалатын сөздер: 
белсенді,   енжар 
ризамын,   риза емеспін 
тез,  ұзақ өтті 
шаршадым,  шаршамадым 
жақсарды, нашарлады 
түсінікті,       түсініксіз 
қызықты,      қызықсыз 
пайдалы,        пайдасыз 
Қорытынды бағамдау 
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.  Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану 
2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар 
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 
1.   Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың 
орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру 
2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу 
Сабақ  барысында  сынып  немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  келесі  сабағымды  жетілдіруге 
көмектесетін не білдім? 
Жекелеген оқушылардың сабақты қабылдау ерекшеліктерін, әрқайсысының 
бейімділігіне қарай тапсырма дайындау қажеттігін және тапсырмаларды жас 
ерекшеліктеріне қарай жасақтау 
 
165

 
САБАҚ:  §22.  Жануарлардың 
жүрек-қан тамырлар жүйесі 
құрылысының ерекшеліктері 
мен эволюциясы 
Мектеп:  
Күні: 
Мұғалімнің аты-жөні:  
Сынып: 8 
Қатысқандар саны:  
Қатыспағандар саны: 
Сабаққа 
негізделген оқу 
мақсаттары  
8.1.3.8 – жануарлар жүрегінің құрылысы мен қан тамырлар жүйелерінің 
маңызын сипаттау; 
8.1.3.9 – қан тамыр қарбырғасының құрылысы мен олардың қызметі 
арасындағы байланысты орнату. 
 
Барлық оқушылар: 
Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, жануарлардың жүрек-тамыр жүйесін 
құрайтын мүшелерді біледі, мүшелерді жүйелейді. 
   
Оқушылардың басым бөлігі: 
 
Қан тамырларының құрылысын зерттейді, салыстырады, қызметтерін 
айқындайды, жүректің қабаттарын талдайды. 
Кейбір оқушылар: 
 
Жануарларды мысалға ала отырып жүрек-тамыр жүйесі 
эволюциясының күрделенуіне баға береді. 
Сабақтың 
құндылығы 
Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Бағалау 
критерийлері: 
–  Жануарлардың жүрек-тамыр жүйесін құрайтын мүшелерді жүйелейді. 
–  Буылтық құрттар, ұлулар, буынаяқтылар, омыртқалылардың жүрек-тамыр 
жүйесінің эволюциясын кесте арқылы сипаттап береді. 
– Қан тамырларының құрылысын анықтайды, қызметтерін нақтылайды, 
салыстырады. 
–  Жүрек-тамыр жүйесінің эволюциясының күрделенуіне баға береді. 
  
Тілдік мақсат 
 
Бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті 
алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу 
дағдылары)  
 
Негізгі сөздер мен тіркестер: 
Жүрек-тамыр жүйесі, қолқа, артерия, вена, капилляр, перикард, миокард, 
эндокард, эпикард, қақпақша 
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:  
Талқылауға арналған тармақтар: 
Жүрек –  өмір бойы тоқтамай жұмыс  жасайтын мүше. Жүректің өмір бойы 
тоқтамай жұмыс жасауының сыры неде? Талқылап, жауабын беріңдер. 
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба? 
Қолымыздың тамырларының түсі неліктен көкшіл екенін айта аласың ба? 
(Тамырлардың түсі оның қабырғасының қалыңдығына байланысты болады. 
Теріміздің ашық күлгін түсті болуы жиі орналасқан капиллярларға 
байланысты. Себебі, капиллярлардың қабырғасы өте жұқа. Вена 
тамырларының қабырғалары қалың және ақшыл түсті осыған байланысты 
тамырдың түсі көкшіл болып көрінеді). 
Жазылым бойынша ұсыныстар: 
Қан құю кестесін дәптерге түсіру 
166

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет