Раманкулов шерзод жумадуллаевич



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата08.11.2019
өлшемі4,39 Mb.
#51398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Diss Ramankulov


Формалары: лекция, практика, лабораториялық, педагогикалық практика, 
консультациялар, ғылыми семинарлар, аудиториядан тыс студенттердің ӛзіндік 
жұмыстары, СӚЖ, СОӚЖ және т.б. 
Оптика  пәнін  оқыту  барысында  бағдарламаға  сәйкес  материалдарды 
сапалы  түрде  жеткізуге  кӛп  кӛңіл  бӛлінді,  оқытудың  барлық  формасында 
мотивация  және  т.б.  дидактикалық  мәселелер  жүзеге  асырылды.  Болашақ 
физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастырудың  негізгі  жолы  ретінде 
лекция, практика, лабораториялық сабақтарды, студенттердің ӛзіндік жұмысын 
ұйымдастыру,  бақылауларды  ӛткізу  барысында  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
қолдандық, 
олардың 
әрқайсысының 
функцияларын 
айқындадық, оларға нақты бір талаптар қойдық.  

 
90 
Оптика  пәнін  оқытуда  лекция  сабақтарының  негізгі  мақсаты:  жаңа 
тақырып бойынша мәліметтерді жеткізудің  тиімділігін  арттыру,  студенттердің 
білімі мен ептіліктерін, дағдысын арттырып, шығармашылыққа баулу.  
Лекция сабағының нәтижесі: білімді жетілдіру, ойды тұжырымдау, есте 
сақтау,  іскерлігін  арттыру,  логикалық  мәселелерді  шешу,    шығармашылық 
қабілеттері, ой ұшқырлығы, ерекшелігі. 
Оптика  пәнін  оқытуда  лекция  сабақтарында  мынадай  дидактикалық 
талаптарды  ескердік:  әр-бір  тақырыптың  біртұтас  ашылуы;  оптикалық 
құбылыстардың  біртұтастық  тұрғысында  талдануы  және  жинақталуы, 
қорытындылар,  дәлелдемелерінің  айқындығы  мен  ғылыми  дәлелденуі.  Осы 
талаптарды орындауда біз лекцияның мына түрлерін қолдандық: 
Визуальдық  лекция:  Оптикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтарды 
оқытудың  техникалық  құралдары  және  аудио-видеотехника  кӛмегімен, 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  лекция  материалдарын 
визуальды  формада  беру.  Лекцияның  бұл  түрінде  біз  авторлық  «Физикалық 
құбылыстар»  атты  электрондық  оқулығын,  «Оптика»  пәніне  арналған 
электрондық оқулығын қолдандық. 
Миға  шабуыл  лекциясы:  немесе  бұл  лекция  түрін  "топтық  пікір-талас 
лекция"сы  деп  атауғада  болады.  Лекцияның  бұл  түрінде  біз  студенттердің 
алдына  оптика  пәні  бойынша  шешімі  табылуға  тиісті  мәселелерді  қойдық. 
Студенттер бұл мәселені шешу үшін ӛз пікірлерін білдіріп отырады. Мұнан соң 
студенттердің  айтқан  ойларын  оқытушының  кӛмегімен  талқыланады.  Миға 
шабуылдың  негізгі  ережесі  –  студенттерге  кез  келген  идеяны  айтуға,  тіпті 
мәнсіз-мағынасыз  болса  да  рұхсат  беріледі.  Миға  шабуыл  кезінде  айтылған 
идеяларды тоқтатуға, сынауға болмайды. Біз бұл әдісті шолу және қорытынды 
лекцияларда,  жаңа  материалды  мәселелеу  жолмен  беру  кезінде  қолдандық. 
Миға  шабуыл  лекциялары  студенттердің  ойлау  қабілетін,  тапқырлық  қасиетін 
арттырады. 
Проблемалық  лекция:  лекцияның  бұл  түрінде  жаңа  білім  мәселелік 
жағдайлар, жаңа материалға байланысты сұрақтар мәселелер арқылы беріледі. 
Осы  мәселелерді  шешудің  жолдарын  студенттер  баяндайды.  Олардың 
жауаптары оқытушы тарапынан бақыланады.  
Конференция  лекциясы:  жаңа  тақырып  бойынша  алдын  ала  қойылған 
проблемалық  мәселесі  және  ұзақтығы  5-10  мин  болатын  баяндамалар  жүйесі 
бар  ғылыми  практикалық  сабақтар  ретінде  жүргізіледі.  Әр-бір  баяндаушы 
логикалық  аяқталған  ойын  ұсынады,  ол  оқытушы  алдын  ала  ұсынған 
бағдарламаға  сай  болады.  Лекцияның  бұл  түрінің  соңында  оқытушы 
студенттердің  ӛз  бетінше  атқарған  жұмысы  мен  баяндамасына  баға  береді, 
негізгі қорытындысын жасайды. 
Алдын  ала  қателерімен  жоспарланған  лекция:  Оптика  бӛлімінің 
заңдары  мен  құбылыстары  жӛнінде  ұсынылған  ақпаратты  студент  үнемі 
қадағалап отыруға арналған лекция түрі. Лекция соңында жіберілген қателерге 
талдау жасалынады. Бұл лекция студенттердің белсенділіктерін талап етеді.   
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  мақсатында 
оптика  пәнін  оқытудағы  лекциялық  сабақтардың  барлық  түрін  ақпараттық  – 

 
91 
коммуникативтік  технологиялармен  байланыстырдық.  Бұл  лекцияның 
тиімділігін арттыруға септігін тигізді. 
Оқыту  формасының  негізгі  түрінің  бірі  –практика  болып  табылады.  Ол 
студенттердің теориялық білімін практика түрінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Практикалық  сабақ  теориялық  сабақ  барысында  қалыптасқан  білімдері 
негізінде  студенттердің  іс-әрекетін  ұйымдастыруға  арналады.  Мұнда 
орындалатын  іс-әрекет  мазмұны,  орындалу  реті  теориялық  білім  негізінде 
басқарылады. Сондықтан практикалық сабақтың мақсаты:   
- оптика пәні бойынша бар білімді нақтылы жағдайға пайдалану;  
-  алған  білімді,  оны  практикалық  іс-әрекетке  қалай  пайдалану  реті  бойынша 
жүйелеу;  
- студенттердің ӛзбетінше жұмыс жасауына дайындығын анықтау. 
Оптика  пәнін  оқытуда  практика  сабақтарының  негізгі  мақсаты: 
лекция  материалдарын  ӛңдеуге  білімі  мен  ептілігін  қалыптастыру,  дағдысын 
қалыптастыру,  студенттердің    ӛзіндік  жұмысы  мен  белсенділігін, 
шығармашылығық қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыру. 
Практика  сабағының  нәтижесі:  негізгі  материалды  бекіту,  білім  мен 
дағдыны, икемділікті жетілдіру, білімді жаңа ситуацияға қолдану. 
Практикалық  сабақтарда  оқытушы  үшін  студенттермен  тікелей  және 
қарым-қатынас 
жасауға, 
олардың 
креативтілігін 
қалыптастырудағы 
белсенділігін  арттыруға,  студенттермен  жекелеп  және  топтап  жұмыс  істеуге, 
техникалық  құралдарды,    ақпараттық  технологияларды  кеңінен  пайдалануға 
мүмкіндік  және  қолайлы  жағдайлар  туады.  Практикалық  сабақтың  міндеті  – 
алдын  ала  істелген  тапсырмалардың  арқасында  студенттердің  теориялық 
материалды  түсінуі  үшін  лекциядағы  тақырып  бойынша  есептер  шығару, 
шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау.  
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  мақсатында 
оптика  пәні  бойынша  тақырыптық  есептерді  шығаруда  компьютерлік 
бағдарламалар  қолданылынды.    Шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар 
орындалды. 
Есептерді 
шығаруда 
және 
тапсырмаларды 
орындауда 
студенттердің деңгейлері есепке алынды.   
Лабораториялық  сабақтардың  негізгі  мақсаты:  теориялық  білімді  ӛз 
бетінше тәжірибеде қолдана алу, жаңа нәрсені тани білу, ӛзіндік ізденушілікті 
дамыту, креативтілікті қалыптастыру. 
Лабораториялық  сабақтардың  нәтижесі:  ӛз  бетінше  эксперименттік 
жұмыстарды  жасай  алу,  білімді  жаңа  нәрсені  жасай  алуға  жұмсау,  креативті 
қалыптасқан тұлға. 
Физика  –  эксперименттік  ғылым  болғандықтан,  физикадан    ӛтілетін  оқу 
эксперименті    студенттердің  физика  бойынша  алатын  білімдерінің  кӛзі  және 
физикалық  құбылыстарды  зерттеудің  әдісі,  физика  сабақтарындағы  басты 
кӛрнекілік болып есептелінеді.  
Лабораториялық 
жұмысты 
орындағанда 
студенттер 
физикалық 
құбылыстарды  ӛздері  бақылайды,  тексереді,  заңдылықтарын  зерттейді,  қайта 
жасайды, сандық және сапалық қасиеттерін байқайды, ӛлшеулерді жүргізеді, ӛз 
бетінше қорытынды жасауға үйренеді. Лабораториялық эксперимент оқытудың 

 
92 
ең  әсерлі  және  нәтижелі  әдістеріне  жатады[128].  Оны  физика  ғылымындағы 
эксперименттік  зерттеу  тәсілдерінің  бейнесі  және  тікелей  «кӛшірмесі»  деп 
түсіну керек.  
Оптика  пәнін  оқытудың  мақсаттарын  орындайтындай  лабораториялық 
эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар [129]: 
-  демонстрациялық  тәжірибені  кӛрсеткенде  студенттер  тек  қана  пассивті 
түрде  бақылаушы  роль  атқаратын  болса,  зертханалық  экспериментке  олардың 
ӛздері  белсене  қатынасады,  физикалық  құбылыстарды  ӛздері  қолымен  істеп 
кӛріп,  ӛлшеулер  жүргізеді,  физикалық  шамалар  мен  тұрақтыларды 
тағайындайды. 
-  лабораториялық  жұмыстарды  орындағанда  студенттер  физикалық 
приборлармен,  аспаптармен  жұмыс  істеуге  үйреніп,  политехникалық 
ебдейліктері  мен    дағдыларын  дамытады,  практикалық  маңызын  түсініп, 
олардың  табиғат  құбылыстарын  біліп-тануға  қажетті  құрал  екендігіне  кӛз 
жеткізеді. 
-  лабораториялық  эксперимент  жасау  үстінде  студенттер  бізді  қоршаған  
табиғат  құбылыстары  туралы  ӛзінше    қорытынды  жасауға    үйренеді,  физика 
заңдарының  практикалық маңызына  түсінеді, физика ғылымының техникамен 
және  ӛмірмен    байланыстылығына  сенетін  болады  (найзағайдың  табиғаты,  
электр  станциясы  -  ұғымдары).  Бұл  физиканы  оқытудағы  формализмді  жоюға 
жәрдемдеседі. 
-  зертханалық  сабақтарда  студенттер  ғылыми-зерттеу  жұмыстарды 
жүргізуге  дағдыланады,  физика  ғылымының  танымдық  күшіне  сеніп,  оқуға 
деген олардың ынта-жігері артады. 
Болашақ 
физика 
мұғалімдерінің 
креативтілігін 
қалыптастыруда 
лабораториялық  сабақтардың  ерекшелігін  талдай  келе  біз  оның  тиімділігін 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолдану  арқылы  арттырдық. 
Оптика  пәні  бойынша  лабораториялық  жұмыстарды  орындауда  «Открытая 
физика 1.1» оқу бағдарламасы қолданылды.    
Педагогикалық  практиканың  мақсаты:  болашақ  физика  мұғалімін 
кәсіби қалыптастыру, креативтілігін қалыптастыру. 
Педагогикалық  практика  болашақ  педагогтің  кәсіби  қалшыптасуы 
траекториясындағы аса маңызды кезең екенін айқындай отырып, оның жоғары 
деңгейде ӛткізілуі аса маңызды  жұмыс екенін баса кӛрсету ӛмір талабы[22]. 
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:  
-  оқытудың  түрлі  әдістері  мен  тәсілдерін  пайдалана  білуге,  сабақтың 
жоғары нәтижелілігіне жету үшін оларды тиімді үйлестіре білуге үйрету;  
-    теориялық  білімдерді  ӛмірмен  байланыстырудың  жолдарын  зерттеп 
білу; 
-  пәнаралық байланысты тағайындау және пайдалану; 
-  креативтілігін  қалыптастыру. 
Болашақ  физика  мұғалімдеріне  педагогикалық  практика  2  курстан  бастап 
жүргізіледі.  Әр  бір  студент  ӛз  бетінше  практика  жетекшісінің  бақылауымен 
оқушылар  алдында  физика  курсының  қайсыбір  тақырыбын    немесе 
тақырыпшасын  талдайды,  АКТ-ны  қолдану  арқылы  түсіндіреді,  ӛз     

 
93 
сыныбында  физикадан  сыныптан  тыс  жұмысты    және  сынып  жетекшісінің 
жұмысын 
жүргізеді. 
Бұл 
жұмыстар 
студенттердің 
креативтілінің 
қалыптасуында ерекше мәнге ие. 
Студенттің  ӛзіндік  жҧмысының  (СӚЖ)  мақсаты:  Аудиториялық 
сабақтарда  алған  болашақ  физика  мұғалімдерінің  оптика  пәні  бойынша 
білімдерін  қорытындылау,  тереңдету,  кеңейту,  жаңа  оқу  материалдарымен  ӛз 
бетінше жұмыс істеуді меңгеру, кәсіби қабілеттіліктерін қалыптастыру, ӛзіндік 
ойлау қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыру.  
Студенттің  оқытушымен  ӛзіндік  (СОӚЖ)  жұмысының  мақсаты: 
Аудиториялық  сабақтарда  алған  болашақ  физика  мұғалімдерінің  оптика  пәні 
бойынша  білімдерін  қорытындылау,  тереңдету,  кеңейту,  жаңа  оқу 
материалдарымен  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуді  меңгеру,  кәсіби  қабілеттіліктерін 
қалыптастыру, ӛзіндік ойлау қабілетін арттыру, креативтілігін қалыптастыруға 
бағытталған жұмыстар оқытушының бақылауымен жүргізу. 
Конференция – білімді жетілдіру, қорытындылау, кеңейтуге бағытталған 
оқыту  формасы.  Оқытудың  бұл  ұйымдастырушылық  формасы  –  студенттің 
оқытушы  бақылауымен  ӛзіндік  жұмыс  істеу  қабілеттіліктерін  арттыруға 
мүмкіндік береді. Конференццияға дайындалу оптика пәні бойынша белгілі бір 
тақырыпты  анықтаумен  басталады.  Конференция  тақырыбына  байланысты 
сұрақтар  талқыланады,  сол  арқылы  таңдап  алынған  тақырыпты  толығымен 
ашады.    
Қҧралдары:  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар,  авторлық 
электрондық  оқулықтар,  авторлық  оқу  құралдары  мен  оқу-әдістемелік 
нұсқаулықтар,  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар,  проблемалық 
сипаттағы сұрақтар, оптикалық проблемалық эксперименттер, т.б   
Бақылау тәсілдері:  ағымдық, блок, емтихан, ӛзіндік жұмыстарды қорғау, 
ӛзіндік бақылау, деңгейлік тапсырмалар, креативтілікті қалыптастыру бойынша 
нәтижелерін арнайы тесттермен талқылау. 
Ағымдық  бақылаулар  оптика  пәні  бойынша  авторлық  «Оптика  пәні 
бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»  атты  оқу-әдістемелік 
құралдағы  тапсырмалар  бойынша  бақыланып  отырды.  Бұл  оқу-әдістемелік 
құралдағы тапсырмалардың түрлері: Крассворд, 3 сатылы тест, қателерді табу, 
деңгейлік бақылау сұрақтары, деңгейлік есептер, проблемалық сұрақтар т.б. 
Блоктар мен емтиханды арнайы компьютерлік бағдарламамен «QuizMaker»  
жасалынған  әр  түрлі  сипаттағы  тесттер,  қолданылды.  Оқу  жетістіктерін 
критериалды  бағалау  әдісін  қолдандық.  Бұл  әдіс  алты  сатыдан  тұратын  Блум 
таксаномиясы деп аталады: білу, түсіну, қолдану, талдау, біріктіру, бағалау. Бұл 
сатыларға тән негізгі когнетивтік сұрақтар мыналар:  
- Білу: анықта, қайтала, белгіле, түгенде, еске түсір, есте сақта.   
- Түсіну: аудар, қайта тұжырымда, қайта таны, түсіндір, түйінде. 
- Қолдану: қолдан, пайдалан, кӛрсетіп бер, тәжірибе жаса, бӛлекте. 
- Талдау: қорыт, талда, бағала, есепте, сына, пікір айт. 
- Біріктіру: құрастыр, жоспарла, ұсыныс жаса, орнына қой, құрамда. 
- Бағалау: талқыла, салмақта, рейтинг жүргіз, салыстыр. 
Аталған Блум таксаномиясына біз Дамыту деген сатына қостық.  

 
94 
- Дамыту: ӛзгерт, жетілдір, жүйеле, жинақта, дамыт.  
Аталған  Дамыту  сатысын  «Оптика»  пәнін  оқытудың  кез-келген 
формасында  бақылау  сұрақтарын  қоюда  креативтілік  кӛрсеткіштерін  кӛрсете 
алу мақсатында қойылды.    
Оптиканы  оқытуда  ақпараттық  коммуникациялық  технологиясын 
енгізбестен  бұрын  оларды  қолданудың  негізгі  мақсаттары  мен  мәселелерін 
анықтап  алу  қажет.  Осыған  байланысты  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
танымдық үдерісіне бағытталған тапсырмалар тобын анықтайық.    
Бірінші топқа  шешімі есептеу жұмысының үлкен кӛлемімен байланысты 
қарапайым  құралдармен  орындау  мүмкін  емес  тапсырмалар  жатады.  Мұндай 
топтағы  тапсырмаларға  физикалық  заңдылықтарды  есептеу,  физикалық 
эксперимент  нәтижелерін  ӛңдеу,  сонымен  қатар  физикалық  заңдар  мен 
құбылыстарды компьютерлік модельдеу жатады. 
Екінші  топқа  физиканың  графикалық  бӛлімін  сипаттауға  арналған 
тапсырмалар  жатады:  диаграмманы  тұрғызу,  графиктер,  физикалық 
процесстердің механизмдерін бейнелеу және т.б.  
Ҥшінші  топқа  модельдеу  тапсырмалары  жатады.  Модельдеу  –  бұл 
динамикалық кескін, себебі ол әсерге қарай әрекет етеді және ол орында нақты 
объект,  жағдай  немесе  орта  моделі  болатындай  ӛзгереді.  Компьютерлік 
модельдер  активті  оқыту  мүмкіндіктерін  ұлғайтатын  қуатты  құрал  болып 
табылады.  Оқытудың  модельдеуі  студенттің  бұл  оқыту  формасына 
қызығушылықты  жоғарылатуға,  оқытылатын  объекттің  ұғымына  қабілетті,  ал 
динамикада  процесстерді  үйрену  –  оқу  материалын  тереңірек  меңгертуге 
қабілетті. 
Тапсырмалардың 
тӛртінші 
тобына 
компьютерлік 
ақпараттық-
анықтамалық  және  оқыту  жүйелерін  жасау  (электронды  оқулықтар, 
анықтамалар,  энциклопедиялар  және  т.б.)  жатады,  олар  студенттердің  ӛзіндік 
оқытуы  үшін  ақпарат  кӛзі  болып  табылады.    Оқытуда  ақпараттық 
коммуникациялық  технологияны  енгізудің  барлық  үлкен  рӛлі  ақпараттық-
анықтамалық және оқыту жүйелеріне берілетін болады.  
Тапсырмалардың бесінші тобында студенттердің іскерлігі мен дағдысын 
құру мен бекітуге, сонымен қатар ӛзіндік дайындалуына арналған практикалық 
сипаттағы тапсырмалар – жаттықтырушы тапсырмалар қарастырылады.  
Тапсырмалардың  алтыншы  тобына  лабораториялық  практикум 
аумағында  жүзеге  асырылатын  физикалық  экспериментті  жүзеге  асыруға 
бағытталған  тапсырмалар  жатады.  Заманауи  ақпараттық  коммуникациялық 
технологиялар  студенттерге  ақпараттың  дәстүрлі  емес  кӛзіне  жол  ашады, 
ӛзіндік жұмыстың тиімділігін жоғарылатады, әр түрлі кәсіби дағдыларды игеру 
мен  бекіту  үшін,  шығармашылық  үшін    жаңа  мүмкіндіктер  береді,  оқытудың 
жаңа  пішіні  мен  әдістерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  білім  сапасын 
жоғарылатуға әсер етеді.   
Физика  саласы  бойынша  білім  алатын  бoлaшaқ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  тәжipибeciнe  cүйeнe  oтыpып,  бipiншi  куpcтaн 
бacтaп  олардың  жeкe  қызығушылықтapы  мeн  креативті  дaйындығын  aнықтaу 
кepeк.  Aнықтaлaтын  ocы  мәлiмeттep  нeгiзiндe  тoпты  қaлыптacтыpып,  oқу 

 
95 
бaғдapлaмacын  aйқындaуғa  бoлaды.  Eгep  бoлaшaқ  физика  мұғалімдері  нeнi, 
нeгe  жәнe  қaлaй  oқу  кepeк  eкeндiгiн  түciнeтiн  бoлca  oндa  олардың 
креативтілігін қалыптастыру үдepici үнeмдi әpi тиiмдi бoлaды.  
«Оптика» пәнін оқытудың мақсаты  мен  мазмұнына сүйене  отырып  келесі 
тақырыпта оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарына тоқталамыз.   
 
2.2 
Білімді 
ақпараттандыру 
жағдайында 
болашақ 
физика 
мҧғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін 
оқытудың әдіс-тәсілдері мен қҧралдары   
Жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімдеріне шығармашылық 
түрде  жұмыс  істеуіне  бағыт  беруді  кӛздей  отырып,  физика  бӛлімдерін  оқыту 
барысында, студенттердің тек физиканың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оқыту 
әдістемесінің    әдістерін,    болашақта  ӛз  кәсіби  жұмыстарында  оны  қолдана 
алуларына қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет. Студенттерге түсіндірілетін 
қағидалардың  мазмұнымен  ғана  емес,  сонымен    бірге  ол  қағидаларды  жасау 
мен  тексеруге  болатын  әдісті  кӛрнекі  түрде  кӛрсете  алатындай  етіп  дербес 
әдістемесін    дәлелдеуді  баяндаудың  нәтижесінде  бұл  соңғы  мақсаттың  жүзеге 
асырылуы мүмкін [133].   
Ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттердегі ұғымдарды ӛз бетінше терең 
оқып, керекті  тәжірибелер мен түрлі кӛрнекі құралдарды таңдап алып, тексеріп 
кӛрген  соң, семинарлық  сабақтарда   студенттер ӛз  тобының алдында берілген 
тақырып  бойынша  баяндамалар  жасайды  және  іскерлік  ойын  сабақтарын 
ӛткізеді.  Мұндай  баяндамаларды  талқылау  кезінде  тақтадағы  салынған 
суреттердің  сапасына,  демонстрациялық  тәжірибелердің  техникасы  мен 
әдістемесіне,  оптикалық  проекцияны  қоя  білуіне,  есептерді  талдай  біліп  және 
оларды шығаруының сапасына, шама ұғымдарын түсіндіре білуіне, техникадан 
қажетті  мысалдарды    пайдалана  білуіне  кӛңіл  бӛлу  керек.    Студенттердің 
сӛзінде  олардың  тақырып  мазмұнын  ғылыми  дәлелдеуге,  оның  мәнін  ашудың  
әдістемелік  нұсқаларына    шығармашылық  түрде  сын  кӛзбен  қарауға  ұмтылу 
әрекеттерінің  байқалуы ӛте маңызды. 
Физика  әдістемесінің  кейбір  жалпы  мәселелері  лекцияда  баяндалып, 
соңынан  семинар  сабақтарында  қосымша  қарастырылады.  Мұндай  мәселелер 
қатарына,  физика  бойынша  зертханалық  сабақтар,  физикадан  оқушыларды 
кітаппен  жұмыс  істеуге  үйретудің  әдістемесін,  экскурсиялар  т.б.  жатқызуға 
болады.    Семинар  сабақтарда  жаңа  педагогикалық,  технологиялық  оқыту 
әдістері бойынша да іскерлік ойын сабақтары ӛткізіледі. 
ЖОО-ында    оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  қалыптасқан  түрлі 
формаларының  жүйесі  қолданылады.  Оларға  жататындар  мыналар:  дәріс 
(лекция),  консультация,  семинар,  практикалық  және  зертханалық  сабақтар, 
студенттердің ӛзіндік жұмысы, ӛндірістік (педагогикалық) практика, экскурсия, 
конференция, курстық және дипломдық жұмыстар, педагогикалық бақылау т.б. 
Осы жоғарыда аталған оқу үдерісін ұйымдастырудың формаларына, және 
әдіс-тәсілдері мен құралдарына біз «Оптика» пәнін оқыту бойынша тоқталамыз.  

 
96 
Экcпepимeнт  бapыcындa,  «Оптика»  oқу  құpaлымeн  жәнe  oқытушы-
бaқылaушы  бaғдapлaмaмeн  жұмыc  жacaу  үдepiciндe  бoлaшaқ  физика 
мұғалімдерінің креативтілігін қaлыптacтыpудың кeзeңдepi ұйымдacтыpылды.  
Aлғaшқы  кeзeңдe  түpлi  aқпapaт  кӛздepiмeн,  aтaп  aйтқaндa  әp  түpлi  oқуды 
ӛзeктiлeндipeтiн  жұмыc  icкe  acыpылды;  aқпapaтпeн  жұмыc  icтeу  үшiн 
тexникaлық құpaлдap пaйдaлaнылды.  
Eкiншi  кeзeңдe  бiлiмгepлepдiң  теориялық  білім  қopы  қaлыптacып,  ӛз 
бетінше  мәселелерді  шешу  бiлiктepi  жeтiлдipiлдi;  құбылыстар  мен 
заңдылықтарды  талдап,  түciну  бiлiктepi  дaмытылды;  aлынғaн  aқпapaттaн 
нeгiзгiнi бӛлiп aлу, ceнiмдiлiк дәpeжeciн бaғaлaу бiлiгi жoғapылaды;  физикалық 
мәселелердің берілуін ӛзгертіп пaйдaлaну бiлiгi қaлыптacтыpылды.  
Үшiншi кeзeңдe oқу үдepiciндe кeң кӛлeмдeгi кoммуникaтивтiк мiндeттepдi 
(түpлi  кoммуникaтивтiк  жaғдaйлapдa  қaжeттi  aқпapaтты  тaбу,  тaлдaу,  oй 
тұжыpымдaу  жәнe  пaйдaлaну)  шeшу  үшiн  қaзipгi  зaмaнғы  aқпapaттық 
тexнoлoгиялapды  ӛз  бeтiншe  пaйдaлaну  қaбiлeтi  дaмытылды;  ойлау 
ерекшеліктерін,  ой  ұшқырлылығымен,  ойлау  икемділіктерін  кӛрсете  алу 
қабілеттіліктері қалыптастырылды.  
«Оптика»  пәнін оқытуда  қолданылған  құралдар  ретінде  ӛзіміздің  жасаған 
ааторлық  электрондық  оқулықтарымыз  бен  оқу-әдістемелік,  оқу  құралдары 
пайдаланылды(қосымша В,Г,Д,Е): 
1.  «Оптика»  электрондық  оқулығы.  ҚР  Әділет  министрлігі  авторлық 
құқық  обьектісіне  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік  №2041.  28 
қараша 2014  ж  (21-сурет).    Бұл  электрондық оқулық  теориялық,  анимациялық 
бӛлімдерден  және  «оптика»  пәні  бойынша  қосымша  мәліметтерден  тұрады. 
Анимациялық  бӛлімде  оптикада  оқытылатын  тақырыптар  бойынша 
студенттердің  меңгеруі  қиын  болған  құбылыстар  мен  заңдылықтар  бойынша  
анимациялар  келтірілген.  Теориялық  бӛлімде  оптикалық  құбылыстар  мен 
заңдылықтар бойынша мәліметтер келтірілген. Қосымша мәліметтер бӛлімінде 
студенттердің  білімдерін  тексеруге  арналған  тест  тапсырмалары  мен  қысқаша 
анықтамалық кітапша орналасқан[134].    
  
 
 
Сурет 21 – «Оптика» пәніне арналған электрондық оқулық құрылымы 

 
97 
2. «Физикалық құбылыстар» электрондық оқулығы. ҚР Әділет министрлігі 
авторлық  құқық  обьектісіне  құқықтарды  мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік 
№678    15 сәуір 2015 ж (22-сурет).  Электрондық оқулықта жалпы 18 лекция 
тақырыптары бойынша теориялық білім, анимациялар мен суреттер, графиктер, 
тірек-сызбалар  келтірілген.  Аталған  оқулық  лекция  сабақтарының  тиімділігін 
арттыруда маңызды орын алды.    
Әлемді  танудың  маңызды  құралына  айналған  компьютерлік  модельдеу 
технологиясының  болашағы  зор.  Сондықтан,  физикалық  процестер  мен 
құбылыстарды  модельдеу  –  оқыту  процесін  дамыту  мен  жетілдірудің 
болашағы.  Ал,  физикалық  эксперименттерді  модельдеу  –  оқытушыға 
физикалық    ұғымдардың  мағынасын  тереңірек  ашуға,  білім  алушыларды 
физиканың  қазіргі  эксперименттік  базасымен    таныстыруға,  физикалық 
құбылыстар 
мен 
процестерді 
зерттеу 
әдістерін 
толық 
түсінуге, 
интеллектуальдық дамуына жетілдіруге мүмкіндік береді.  
  
 
 
 
Сурет 22 – «Физикалық құбылыстар» атты электрондық оқулық құрылымы 
  
3.  «Оптика  (Техника  мен  медицинада)»  электрондық  оқулығы(23-сурет). 
Электрондық  оқулықта  техника  (лазер,  кӛз,  кӛзілдірік,  лупа,  микроскоп, 
телескоп,  фотоаппарат,  күн  элементтері  т.б)  және  медицина  (доплерография, 
эндоскоп,  рентгенография,  кольпоскопия,  УЗИ  т.б)  саласында  қолданылатын 
құрал-жабдықтардың  оптика  заңдары  бойынша  жұмыс  істеу  принциптері 
келтірілген.  Сонымен  қатар,  электрондық  оқулықта  оптика  заңдылықтарын 
ӛмірде  қолданыс  табатын  орындардағы  құрал-жабдықтарды,  мысалы  күн 
элементтерін жасау технологиялары орын алған. Аталған электрондық оқулық 
студенттердің 
шығармашылық 
қабілеттерін 
оятып, 
пәнге 
деген 
қызығушылықтарын, ӛз бетінше жұмыс жасай алу дәрежелерін арттырады.    
 

 
98 
 
 
Сурет 23 – «Оптика(Техника мен медицинада)» атты электрондық оқулық 
құрылымы 
 
4.    «Оптика  пәні  бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»  Оқу-
әдістемелік  құралы.  Түркістан-2015,  98  бет.  Қ.А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ  оқу-
әдістемелік кеңесі  бекіткен. №7 хаттама 27.03.2015ж.  
Бұл  оқу-әдістемелік  құралында  «Оптика»  пәнінің  жарық  құбылыстары, 
жарық  шамалары,  сәулелік  оптика  негіздері,  жарықтың  жазық  бетте  шағылуы 
және сынуы, толық ішкі шағылу құбылысы, жұқа линзалар, линзада кескін алу, 
жарық  интерференциясы,  когерент  толқындар,  жарық  дифракциясы, 
дифракциялық  решеткалар,  жарық  поляризациясы,  жарықтың  шағылу  және 
сыну  кезінде  поляризациялануы,  жарықтың  дисперсиясы,  жарықтың  жұтылуы 
мен  шашырауы,  жарық  пен  заттың  ӛзара  әсері,  жарықтың  әсерлері, 
фотоэлектрлік  эффект,  Комптон  эффектісі,  жарық  қысымы  тақырыптары 
бойынша  студенттердің  ӛзіндік  және  бақылау  жұмыстарына  арналған 
шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар  берілген.  Әр  тақырып  бойынша 
бақылау  сұрақтары  мен  есептер  қиындық  дәрежесіне  қарай  үш  деңгейде 
берілген.  «А»  деңгейінің  бақылау  сұрақтары  тақырып  бойынша  анықтамалық 
сұрақтар  болса,  есептері  бір-екі  логикалық  жолмен,  яғни  белгісіз  шаманы 
дайын формула арқылы шешуге болады. Ал «Б» деңгейінің бақылау сұрақтары 
күрделірек  құбылыс  анықтамалары  немесе  құбылыстардың  себебін,  оның 
физикалық мағыналарын анықтауды ӛз ішіне алса, есептері екі-тӛрт логикалық 
жолмен,  формулаларды  түрлендіру  арқылы  шешімін  табады.  Сәйкесінше  «С» 
деңгейінің тапсырмалары ӛз кезегінде күрделене түседі. Оқу құралындағы тест 
тапсырмалары  студенттің  құбылыстар  мен  заңдылықтарды  меңгеру  дәрежесін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Оқу-әдістемелік  құралында  қолданылған  бақылау  сұрақтары,  әр  түрлі 
тапсырмалар,  тест  тапсырмалары,  есептер  студенттердің  қызығушылығын 

 
99 
оятады,  ӛз  бетімен  жұмыс  жасауға  үйретеді,  шығармашылық  қабілеттерін, 
шығармашылық іс-әрекеттерін, қызығушылықтарын арттырады[136].  
5.  «Оптика  пәні  бойынша  есептер  жинағы»  Оқу-әдістемелік  құралы. 
Түркістан-2015.  102  бет.  Қ.А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ  Сенат  (Ғылыми  кеңес) 
мәжілісінің   27 ақпан 2015 жылғы   №4  хаттамасы   шешімімен бекітілді.  
Бұл  оқу  –  әдістемелік  құралда  «Оптика»  бӛлімінің  геометриялық  оптика, 
жарық  шамалары,  жарық  интерференциясы,  жарық  дифракциясы,  Френель 
зоналары, 
жарық 
поляризациясы, 
қозғалыстағы 
денелер 
оптикасы 
тақырыптарына  қысқаша  теориялық  мәліметтер,  есептер  шығару  үлгілері, 
есептер жинағы берілген[137].  
Есептер  «Оптика»  пәні  бойынша  қиындығы  реттік  санының  ӛсуіне  қарай 
берілген. Әр тақырып басталарда есептер шығаруға қажетті негізгі заңдар мен 
формулалар  келтірілген  және  типтік  есептерді  шығару  үлгілері  оларды 
тыңғылықты түсіндірулер  арқылы келтірілген. 
Бұл есептер  жинағында келтірілген есептер оптика  пәнінің бағдарламасы 
бойынша  құрастырылды.  Жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  және 
ғылыми  физика  мамандықтары  бойынша  оқитын  студенттерге,  сондай-ақ, 
физикадан  білімдерін  тереңдетуді  мақсат  еткен  техникалық  жоғарғы  оқу 
орындары студенттеріне арналған.   
6.  «Физикалық  процестерді  компьютерлік  модельдеу»  Оқу  құралы. 
Түркістан-2015.  158  бет.  Қ.А.Ясауи  атындағы  ХҚТУ  Сенат  (Ғылыми  кеңес) 
мәжілісінің   27 ақпан 2015 жылғы   №4  хаттамасы   шешімімен бекітілді.  
Оқу  құралында  физикалық  процестер  мен  тәжірибелердің  компьютерлік 
модельдері және оларды оқу үдерісінде қолданудың тиімді жолдары, физиканы 
оқытудың жаңашыл тәсілдері кӛрсетілген.   
Физикалық  негізгі  заңдардың  физикалық  мағынасы  мен  мазмұны,  
түсіндіру  әдістері  келтірілген.    «Физикалық  процестерді  компьютерлік 
модельдеу»  пәнінен  жасалған  оқу  бағдарламасы  бойынша  құрастырылып, 
жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  және  жаратылыстану  ғылымдарын, 
физиканы оқитын білімгерлерге арналған.  
Осы  келтірілген  оқу-әдістемелік  құралдар  мен  электрондық  оқулықтар, 
сонымен  бірге  басқада  компьютерлік  модельдер  «Оптика»  пәнін  оқыту 
үдерісінде қолданылды[138].  
ЖОО-ында    оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  қалыптасқан  түрлі 
формаларының  жүйесі  қолданылады.  Оларға  жататындар  мыналар:  дәріс 
(лекция),  консультация,  семинар,  практикалық  және  зертханалық  сабақтар, 
студенттердің ӛзіндік жұмысы, ӛндірістік (педагогикалық) практика, экскурсия, 
конференция, курстық және дипломдық жұмыстар, педагогикалық бақылау т.б.  
Осы жоғарыда аталған оқу үдерісін ұйымдастырудың формаларына, және 
әдіс-тәсілдері мен құралдарына біз «Оптика» пәнін оқыту бойынша тоқталамыз. 
«Оптика» пәні бойынша лекция сабағының моделі 24-суретте келтірілген.  
 
 
 
 

 
100 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет