Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


Ақша реформасы ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша 
жүйесін  қалыпқа  келтіруге  жəне  нығайтуға  бағытталған  ақша 
айналысында меллекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер. 
Ақша реформалары төмендегідей əдістер көмегімен жүзеге асырылады: 
жаңалау,  яғни  құнсызданған  ақша  бірлігін  жою  туралы  жəне  жаңа 
валюта енгізу туралы хабарлау;  
қалыпқа  келтіру,  яғни  ақшаның  бұрынғы  алтындық  құрамын  немесе 
валюталық паритетін қалпына келтіру; 
деноминация, яғни “нолдерді қысқарту” əдісімен ақшаның номиналдық 
құнын ірілендіру. 
Сонымен  қатар,  инфлияцияға  əсер  ететін  факторларға  жауап  ретінде 
басты антиинфляциялық саясаттың мынадай əдістері жұмыс жасайды: 
      Дефляциялық  саясат – бұл  ақша-несие  саясаты  арқылы  ақшаға  деген 
сұранысты  шектеуді,  салық  механизмін  қолдану  арқылы  мемлекеттік 
шығыстарды  азайту,  несие  үшін  пайыз  мөлшерін  реттеу  жəне    ақша 
массасын шектеу əдістерінің жиынтығы.  
Табыс саясаты – бағаға жəне жалақыға бақылау жасау шаралары.  
Біздің  елімізде  бағаға  бақылау  ҚР  монополияға  қарсы  саясат  комитетті 
рақылы жүргізіледі. 

 
 
24
Əлеуметтік  мотивтерге  байланысты  антиинфляциялық  саясаттың  бұл 
түрі өте сирек қолданылады.  
Индексациялау    ақшаның  құнсыздану  нəтижесінде  болған  зиянның 
орнын толық немесе жартылай толтыру əдісін білдіреді.  
Бұл  əдіс, 1999 жылы 5 сəуірде  ҚР  Үкіметінің  шешімімен  “еркін 
өзгермелі валюта бағамына” өту барасында, АҚШ долларына қатысты теңге 
бағамының күрт төмендеуін туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 
87,5 теңгеден 132,4 теңгеге жəне одан жоғары көрсеткішке жетті)  халықтың 
екінші  деңгейлі  банктердегі  теңгедегі  салымдары  бойынша  зиянды 
мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пайдаланылды.  
Сонымен  қатар  осы  əдістің  көмегімен,  бұрынғы  КСРО-ның  Жинақ 
банкінде сақталған жəне 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды 
инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазіргі Халық 
Жинақ  банкісі  арқылы  қайта  қалпына  келтіріліп,  кезеңімен  қайтарылу 
жұмыстары жүргізіліп жатыр. 
 
 
2.3. Ақша массасы жəне ақша базасы 
 
Ақша  айналысының  негізгі  сандық  көрсеткіштері  біріне  ақша  массасы 
мен ақша базасы жатады.  
Ақша  массасы – жеке  тұлғаларға,  кəсіпорындарға  жəне  мемлекетке 
тиісті  жəне  шаруашылық  айналымына  қызмет  ететін  сатып  алу  жəне 
төлем құралдарының жиынтығы. 
Белгілі бір күндегі жəне белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық 
өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге 
байланысты  шараларды  жасау  үшін  əр  түрлі  көрсеткіштер  пайдаланылады. 
Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.  
Өнеркəсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша 
массасын 
анықтау 
барысында 
төмендегідей 
ақша 
агрегаттары 
қолданылады: 
М1  агрегаты,  яғни  ол  айналыстағы  нақты  ақшаларды  (банкноттар  мен 
монеталарды) жəне банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды; 
М2  агрегаты,  ол  М1  агрегаты  қосылған  коммерциялық  банктердегі 
мерзімді жəне жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады; 
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі 
жинақ салымдарын құрайды; 
М4  агрегаты,  ол  М3  агрегаты  қосылған  ірі  коммерциялық  банктердегі 
депозиттік сертификаттардан тұрады. 
АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен 
Германияда - үш,  Англия  мен  Францияда – екеу,  Ресейде - үш  ақша 
агрегаттары пайдаланылады.  

 
 
25
Қазақстанда  ақша  массасына  Ұлттық  Банк  пен  екінші  деңгейдегі 
банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады жəне 
оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша жəне резидент заңды тұлғалар 
мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады. 
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж. Директорлар 
кеңесімен N 2 хаттамасымен  бекітілген  “Ақша  массасын,  ақша  базасын 
анықтау  əдісі  жəне  ішкі  жəне  сыртқы  активтерді  анықтау  барысында 
баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне” сəйкес ақша базасы мен ақша 
массасы есептеледі. 
Аталған  ережеге  сəйкес,  ақша  базасы  (МВ) – бұл  міндеттемелерге 
жататын  резервтік  жəне  бастапқы  ақшаларды  білдіреді.  Ол  мынадай 
формулада есептеледі: 
 
МВ 
= СІС + RR + DСВ, 
мұнда, 
СІС – айналыстағы нақты ақшалар; 
RR – міндетті резервтер; 
DСВ – екінші 
деңгейдегі 
банктердің 
Ұлттық           
банктегі коршоттағы қаражаттары. 
 
СІС 
= L (Н + С), 
мұнда, 
                      Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер; 
                С – айналысқа шығарылған монеталар.  
 
Қазақстандағы  соңғы  жылдардағы  ақша  агрегаттарының  жағдайы 
туралы 1-кестеде берілген. 
  
1-кесте - Ақша агрегаттары
∗ 
млн.теңге, кезеңнің соңына 
Ақша
 
агрегаттары
 12
.
00 12
.
01 12
.
02 12
.
03 12
.
04 
1
.
 
Ақша
 
базасы
 
(
резервтік
 
ақша
)
,
 
соның
 
ішінде
: 
134416
174959
208171
254077
287103 
1
.
1  
Ұлттық
 
банктен
 
тыс
 
қолма
-
қол
 
ақша
 
116335
145477
177899
206025
230513 
1.2 
ЕДБ
-
дің
 
жəне
 
басқа
 
ұйымдардың
 
Ұлттық
 
банктегі
 
депозиттері
 
18081
29482
30272
47989
52135 
2
.
 
М
0 (
айналыстағы
 
қолма
-
қол
 
ақша

106428
131175
161701
190039
211805 
3
.
 
М
1
,
  
соның
 
ішінде
: 
195442
224234
287293
362366
602636 

 
 
26
3
.

халықтың
 
теңгедегі
 
аудармалы
 
депозиттері
 
15245
1912
17799
23261
25168 
3
.

банктік
 
емес
 
заңды
 
тұлғалардың
 
теңгедегі
 
аудармалы
 
депозиттері
 
73769
91148
107792
149066
365663 
 4
.
 
М
2
,
  
соның
 
ішінде
: 
 290643
337980
498071
620087
903703 
4
.

халықтың
 
теңгедегі
 
басқа
 
депозиттері
 
жəне
 
шетел
 
валютасындағы
 
аудармалы
 
депозиттері
 
   21662
48876
61442
83818
85193 
4
.

банктік
 
емес
 
заңды
 
тұлғалардың
 
теңгедегі
 
басқа
 
депозиттері
 
жəне
 
шетел
 
валютасындағы
 
аудармалы
 
депозиттері
 
  73539
64870
149336
173903
215874 
 5
.
 
М
3
,
 
соның
 
ішінде
: 
397015
576023
764954
892321
1193768 
5
.

халықтың
 
шетел
 
валютасындағы
 
басқа
 
да
 
депозиттері
 
51573
134077
171439
177870
198517 
5
.

банктік
 
емес
 
заңды
 
тұлғалардың
 
шетел
 
валютасындағы
 
басқа
 
да
 
депозиттері
 
54999
103967
95443
94264
91548 
М
3-
тегі
 
М
0-
дің
 
үлесі,
 

26
,
8
22
,
8
22
,
6
21
,
3
17
,

 
Ақша
 
мультипликаторы
 
(
Ам
) 
2
,
95
3
,
29
3
,
67
3
,
51
4
,
15 
 
М
3-
тің
 
ЖІӨ
 
қатынасы,
 

-
17
,
8
20
,
4
-

∗ 
Сандық
 
мəліметтер
 
ҚҰБ
-
нің
 
статистикалық
 
бюллетенінен
 
алынған
  
 
Қазақстандағы  негізгі  ақша  агрегаттарына,  қазіргі  кезде  ақша-несие 
статистикасын  жасау  жəне  талауда  қолданылып  жүрген,  ақша  базасы  мен 
белгіленуі М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай 
ақша агрегаттары жатады: 
•  М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша); 

 
 
27
•  М1  =  М0  +  банктік  емес  заңды  тұлғалар  мен  халықтың  теңгедегі 
аудармалы депозиттері; 
•  М2  =  М1  +  теңгедегі  басқа  да  депозиттер  жəне  банктік  емес  заңды 
тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері; 
•  М3  (ақша  массасы)  =  М2  +  банктік  емес  заңды  тұлғалар  мен 
халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері. 
Мұндағы, 
•  Аудармалы  депозиттер  – 1) əрқашан  айып-пұлсыз  жəне  шектеусіз 
атаулы  құнымен  ақшаға  ауыстырылады; 2) чектің,  траттаның  немесе  жиро-
кепілдіктің  көмегімен  еркін  айналады; 3) төлемдер  жүргізуде  кеңінен 
қолданылады.  Аудармалы  депозиттер  қысқа  ақша  массасының  бір  бөлігін 
құрайды. 
•  Басқа  депозиттер – негізінен  ол,  белгілі  уақыт  аралығынан  кейін 
ғана  алынатындығы  немесе  əртүрлі  шектеулері  жай  коммерциялық 
операцияларда  біраз  қолайсыздық  туғызатын  жəне  жинақ  механизміне 
қойылатын  талаптарға  жоғары  дəрежеде  сай  келетін  жинақ  жəне  мерзімді 
депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған 
басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.  
Ақша  базасының  ақша  массасына  ықпал  етуі  ақша  мультипликаторы 
(Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі: 
 
      М3 (ақша массасы) 
                        Ам 
=  ⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯⎯ 
    МВ (ақша базасы) 
 
Егер,  мысалға  ақша  мультипликаторы  2,0 -ге  тең  болса,  онда  ақша 
базасының  əрбір  теңгесі 2 теңге  жасауға  қабілеттігін  көрсетеді. 2004 жылы 
ақша  массасындағы  депозиттердің  өсуі,  ақша  мультипликаторының  мəні, 
өткен жылмен салыстырғанда 3,29 –дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.  
 
 
 
2.4. Ақша жүйесі  
 
Ақша  жүйесі –  бұл  тарихи  түрде  қалыптасқан  жəне  ұлттық 
заңдылықтармен бекітілген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы. 
Ақша  жүйесінің  өзіне  тəн  типтері  жəне  элементері  болады.  Ақша 
жүйесінің  типі - бұл  ақшаның  қандай  формада  болуын  сипаттайды.  Осыған 
байланысты, ақша жүйесінің төмендегідей типтерін бөліп қарайды: 
• 
металлл  ақша  айналысы,  яғни  мұндай  ақша  тауары  тікелей 
айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік 
ақшалар металлға ауыстырылады.; 

 
 
28
• 
несиелік  жəне  қағаз  ақшалар  жүйесі,  яғни  алтын  айналыстан 
алынып  тасталып,  оның  орнына  несиелік  жəне  қағаз  ақшалар  айналысқа 
түседі. 
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді: 
1.  Биметаллизм – жалпыға балама рөлі  екі  бағалы  металға  (алтын 
мен күміске) негізделген ақша жүйесі. 
Биметаллизмнің үш түрі болған:  
қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті 
қатынас, металлдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген; 
-  қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет 
тарапынан белгіленген; 
-  ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын жəне күміс монеталары заңды 
төлем  құралы  қызметін  атқарады,  бірақ  бірдей  негізде  емес,  себебі  күміс 
монеталарын  жасау  жабық  түрде  жүзеге  асырылып,  алтын  монеталарын 
жасауға ерік берілді.    
Биметаллизм XVІ - XVІІ  ғғ.  кеңінен тарап, ал Еуропа  елдерінде XІX ғ. 
дами  бастады.  Бірақ  та  биметаллдық  ақша  жүйесі  капиталистік 
шаруашылықтың даму қажеттілігіне сəйкес келмеді, себебі екі металлды құн 
өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық 
тудырды.  Нəтижесінде,  жалпы  құн  өлшемі  ретінде  қызмет  ететін  бір  ғана 
металдың  болуы  талап  етілді.  Сөйтіп,  биметаллизм  ақша  жүйесінің  орнына 
монометаллизм ақша жүйесі келді. 
2.  Монометаллизм  –  бұл  барлығына  бірдей  балама  жəне  ақша 
айналысының  негізі  ретінде  бір  ғана  металл  (алтын  немесе  күміс)  қызмет 
ететін ақша жүйесі. 
Күміс монометаллизмі Ресейде 1843-1852 ж.ж., Индияда 1852-1893 жж., 
Голандияда 1847-1875жж.  қызмет  етті.  Алтын  монометаллизмі  (стандарт) 
алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVІІ ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 
1816  ж..  заңды  түрде  бекітілді.  Көптеген  елдерде  ол  XІX  ғ.  аяғына  қарай 
енгізілді,  айталық:  Германияда – 1871-1873 жж..,  Швецияда,  Норвегияда 
жəне  Данияда – 1873 ж.,  Францияда 1876-1878 жж..,  Австрияда – 1892 ж.., 
Ресейде жəне Жапонияда – 1897 ж.., АҚШ-та – 1900 ж.. 
Алтынға  ауыстырылатын  құн  белгілерінің  сипатына байланысты  алтын 
монометаллизмі мынадай түрлерге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын 
құйма стандарты жəне алтын девиздік (алтын валюта) стандарты. 
Алтын  монета  стандарты  –  бұл  еркін  бəсекенің  тұсындағы 
капитализмнің  талаптарына  біршама  сəйкес  келе  отырып,  өнідірістің,  несие 
жүйесінің,  дүниежүзілік  сауда  мен  капиталды  сыртқа  шығарудың  дамуын 
қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тəн негізгі белгілерімен сипатталады: 
-  алтын  елдің  ішкі  ақша  айналысында  болып,  ақшаның  барлық 
қызметтерін бірдей атқарды; 
-  алтын  монеталарды  құюға  рұқсат  етілді  (əдетте  елдің  монета 
сарайында); 

 
 
29
-  толық  құнды  емес  ақшалар  айналыста  жүре  отырып,  еркін  жəне 
шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды; 
-  алтынды жəне шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға жəне 
ішке алып келуге болатын болды. 
Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  тұсындағы  бюджет  тапшылығының  өсуі, 
оны займдар жəне ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын 
қорларынынан  көп  мөлшерде  айналыстағы  ақша  массасының  өсуіне  əкеліп, 
нəтижесінде  қағаз  ақшаларды  алтын  монеталарға  еркін  ауыстыру  қауіпін 
туғызды.  Бұл  кезеңдерде  алтын  монета  стандарты  соғысушы  елдерде  өзінің 
қызметін тоқтатса, кейіннен көптеген елдерде де (АҚШ-тан басқа) тоқтатты. 
Сөйтіп,  банкнотаны  алтынға  ауыстыру  тоқтатылады,  жəне  оны  сыртқа 
шығаруға  тиым  салынады,  сондай-ақ  алтын  монеталар  қазынаға  сақталуға 
жіберіледі.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  соң  жайлаған  капитализм 
дағдарысы тұсында, ешбір капиталистік мемлекет өзінің валюталарын алтын 
монета  стандарты  негізінде  қалпына  келтіре  алмады. 1924-29 жж.  ақша 
реформасының  жүруі  барысында  алтын  стандартына  қайта  оралып,  яғни 
оның мынадай екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты 
жəне алтын девиз стандарты. 
Алтын  құйма  стандартының  алтын  монетадан  айырмашылығы,  мұнда 
айналыста  алтын  монета  болмайды  жəне  алтын  монетаны  еркін  түрде 
жасауға  тиым  салынады.  Мұнда  банкноталар,  басқа  толық  бағалы  емес 
ақшалар  сияқты  алтын  құймасына  тек  олардың  сомалары  көрсетілген 
жағдайлар  да  ғана  айырбасталды.  Англияда 12,4 кг  алтын  құймасының 
бағасы 1700 фунт  стерлинг,  Францияда 12,7 кг  салмақтағы  алтын  құйма 
бағасы – 215 мың франке тең болды. 
Австрия, Германия, Дания, Норвегия жəне басқа да елдерде алтын девиз 
(алтын  валюта)  стандарты  бекітіліп,  мұнда  да  айналыста  алтын  монета 
жəне  алтын  монетаны  еркін  түрде  жасау  болмайды.  Мұнда  банкноталарды 
алтынға  ауыстырылған  шетел  валюталарына  ауыстыру  жүргізілді.  Осындай 
жолмен  алтын  девиз  стандартын  қолданатын  елдердің  ақша  бірліктерін 
алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.  
Сонымен, 1929-1933 жж.  дүниежүзілік  экономикалық  дағдарыс 
нəтижесінде  алтын  монета  стандарты  барлық  елдерде  бірдей  айналыстан 
алынып  тасталынып, (мысалға,  Ұлыбританияда – 1931 ж.,  АҚШ-та 1933 ж.,   
Францияда –1936 ж.)  оның  орнына  алтынға  ауыстырылмайтын  банкнот 
жүйесі бекітілді. 
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементерден тұрады: ақша бірлігін, ақша 
түрлері жəне эмиссиялық жүйе.  
Ақша бірлігі – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететін, 
заңды түрде бекітілген ақша белгісі.  
Ақша бірлігі ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Көптеген елдерде 1:10:100, яғни 
ондық бөлу жүйесі бекітілген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары тең 100 центке, 

 
 
30
ағылшынның 1 функ стерлинг – 100 пенсаға, Ресейдің 1 рублі –100 копеекке, 
Қазақстаннның 1 теңгесі – 100 тиынға жəне т.с.с.  
Қазақстанның  ақша  бірлігінің – “теңге”  деп  аталауы,  менің  ойымша, 
оның  тарихымен  тығыз  байланысты  болуға  тиіс.  Айталық,  таяуда  жарық 
көрген  Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясында
8
  теңгенің  тариы  былай 
баяндалады: “Алғаш  рет  Ақ  ғұндар  б.з.  І  ғасырда  бір  беті  пехвели,  екінші 
бетіне  эфталит  (түркі-руни)  жазуы  бар  теңгелер  (б.з. 5-6 ғ.)  жасап,  сауда 
айналымына кіргізген. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар) баба 
түркілер Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға 
енгізу  өмір  қажеттілігі  деп  тым  ерте  қолға  алған. 6-8 ғасырларда  билеуші 
рулардың  таңбасы  қашалған,  ру  рəмізін  бейнелеген  теңгелер  құя  бастаған. 
Сырдарияның  орта  алыбында  өмір  сүрген  тайпалардың  қола  теңгелері 6-8 
ғасырдың 1-жартысына  дейінгі  аралықта  қолданылған.  Бұл  теңгелерде 
Ашиде  əулетінің  рəмізі  болған  арыстан  бейнеленген.  Мұндай  теңгелерді 
Суяб,  Тараз  қалаларында  арнайлы  шеберханаларда  құйған.  Сонымен  қатар 
Отрар  маңындағы  қалаларда  да  түрлі  теңгелер  жасалған.  Біріншісі,  сəл 
ұмтылып, секіргелі тұрған арыстан бейнеленген мыс теңгелер, екіншісі садақ 
жəне шаршы түрінде түркілердің тайпалық таңбасы (дүниенің төрт бұрышын 
мегзеген  рəміз)  бейнелеген.  Екіншісі,  үшбұрыш  таңбалы    (түркінің  ана 
əулетінің таңбасы) теңгелер. Б.з. 704 –766 жж. Таразда құйылған теңгелерде 
“Түргеш  қағанаты  теңгесі”  немесе  “Түркінің  көк  қанының  теңгелері”  деген 
жазулар  болған.  Бұл  тайпалық  дəрежедегі  теңге  емес,  бүкіл  мемлекет 
дəулетін,  мүлкін,  ел  ырысын  куəландыратын  кепілдеме. 1271 жылғы 
Масудбек  реформасы  ақша  айналымында  жаңа  кезең  ашты.  Бұл  реформа 
бойынша  алтынд  ақша  орнына  қолдану  мүлдем  тоқтатылып,  салмағы 2 
грамм,  тазалығы 78-81 
%  күміс  ақшалар  айналымға  кіргізілді. 1321 ж 
жүргізген  кебек  хан  реформасының  да  үлкен  маңызы  болды.  Ол  бүкіл 
мемлекет атынан “Кебек хан теңгесін” айналымға енгізді. Ақшаның салмағы 
8  грамм.  Күмістен  шыңдап  жасаған. “Кебек  хан  теңгесі”  Қазақстанның 
Испиджаб,  Тараз,  Отырар,  Сығанақ  қалаларында  əзірленді. ´збек  хан, 
Жəнібек  хан,  Бердібек  хан,  Наурызбек,  Қызыр  ханның  атынан  шығарылған  
Алтын  Орда  теңгелері  Түркістан,  Жетісу,  Еділ  жағалауларына  дейін 
қолданылыста  болған.  Бұдан  кейін 1428 ж.  енгізген  Ұлықбектің  ақша 
реформасы Орта Азия жəне Қазақстан  жеріндегі халықтар арасында белгілі 
болды. 16 ғ.  Отрардың  мыс  теңгелері  жəне  Иасының  (Түркістанның)  күміс 
теңгелері  Оңтүстік  Қазақстан  жерінде  сауда  айналымында  өз  міндетін 
атқарып  келді. 16 ғасырдың  соңы  мен 17 ғасырдың  басында  Қазақ 
хандығының  атымен  өндірілген  мыс  ақшалар  болған.  Бұл  ақшалардың 
дизайндық шеберлігі жоғары дəрежеде болғанымен Қазақ хандығында сауда 
ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды”.  
Қорыта айтқанда, содан бері үш ғасырды артқа салып, еліміз егемендік 
алғаннан кейін 1993 жылы 15 қарашада ҚР-ның жаңа ақшасы  - теңге қайта 
                                                           
8
 
Қ
àçàºñòàí 
Ұ
ëòòûº ýíöèêëîïåäèÿñû. Àëìàòû: 1998. 227 áåò 

 
 
31
айналымға  шығып  отыр.  Сол  теңгенің  шыққанына  биыл 10 жыл  толды. 
Соңғы  уақыттары  теңге  ТМД  мемлекеттерінің  ішінде  біршама  тұрақты 
валютаға айналып отыр. 
 
Теңгенің бейнесі 
Сипаты 
 
50 теңге.  
Көлемі 144х69 мм  
Банкноттың  бет  жағы  мен  сырт  жағындағы 
басым  түстер - ашық  қоңыр.  Банкноттың  оң 
жағына 
Əбілқайыр 
ханның 
портреті 
орналастырылып,  тігінен  қоңыр  бояумен 
оның  аты  жəне  өмір  сүрген  жылдары 
жазылған. 
Сол  жағындағы  төменгі  бұрышына  жəне  оң 
жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" 
саны  көрсетілген.  Банкноттың  сол  жағына 
Əбілқайыр  ханның  портреті  су  тамғы 
белгімен  салынған.  Банкноттың  сырт  жағы 
қоңыр.  Орта  тұсына  Қазақстанның  ежелгі 
өнерін  бейнелейтін  жартастағы  суреттер 
бейнеленген. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет