Оқулық. Алматы: 2006 бет Аталмыш оқулық ақша, несие, банк жəне валюта категорияларының



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата18.11.2019
өлшемі3,84 Mb.
#52028
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Акша, несие, банк Макыш С.Б. каз


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МАҚЫШ С.Б. 
 
АҚША,НЕСИЕ, 
БАНКТЕР 
ТЕОРИЯСЫ 
 

 
 
2
Мақыш  С.Б.  Ақша,  несие,  банктер  теориясы.  Оқулық. – Алматы:  
2006. –. 300 бет 
 
 
Аталмыш  оқулық  ақша,  несие,  банк  жəне  валюта  категорияларының 
теориялық 
жəне 
практикалық 
мəселелері, 
олардың 
Қазақстан 
Республикасының 
нарықтық 
экономикада 
жағдайынағы 
атқаратын 
қызметтері мен ролі жан-жақты қарастырылған.  
Оқулық  экономикалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне, 
магистранттарына,  аспиранттарына,  оқытушыларына,  сонымен  қатар  ақша 
айналысы  жəне  несие    мəселелері  қызықтыратын  жалпы  оқырмандарға 
арналған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
3
Мазмұны 
 
Алғы сөз 6 
1-тақырып.  Ақша теориясы  

1.1.  Ақшаның қажеттігі жəне шығу тегі 8 
1.2   Ақшаның түрлері 10 
1.3.  Ақшаның қызметтері жəне экономикадағы ролі 19 
Бақылау сұрақтары 
23 
Ұсынылатын əдебиеттер 
23 
2-тақырып.  Ақша айналысы жəне ақша жүйесі 24 
2.1.   Ақша айналысы жəне оның заңы 24 
2.2.   Инфляция 27 
2.3.   Ақша массасы жəне ақша базасы 31 
Бақылау сұрақтары 
41 
Ұсынылатын əдебиеттер 
41 
3-тақырып. Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын 
ұйымдастыру 
 
42 
3.1. Қолма-қолсыз есеп айрысу қағидалары 42 
3.2.   Банктік шоттары ашу тəртібі 47 
3.3    Қолма-қолсыз есеп айрысу құралдары 50 
3.4.   Банкаралық есеп айрысуды ұйымдастыру 63 
Бақылау сұрақтары 
65 
Ұсынылатын əдебиеттер 
65 
4-тақырып. Несие теориясы 66 
4.1.   Несиенің мəні жəне қажеттігі 66 
4.2.   Несиенің қызметтері 67 
4.3    Несиенің формалары жəне түрлері 69 
4.4   Ипотекалық несиелеу үлгілері 77 
Бақылау сұрақтары 
83 
Ұсынылатын əдебиеттер 
83 
5-тақырып. Несие жүйесі жəне оның Қазақстандағы дамуы 84 
5.1.   Революцияға дейінгі дамуы (1917 жылға дейін) 84 
5.2    Кеңес үкіметі тұсындағы дамуы 91 
5.3    КСРО-ғы қайта құру жағдайындағы дамуы 92 
5.4    ҚР-ғы банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы 96 
       5.4.1   1995 жылға банк реформасы 96 
       5.4.2   1996-1998 жж. банктік реформалар 102 
5.5    ҚР-ғы несие жүйесі 106 
5.6    Банктік емес мекемелер   
109 
Бақылау сұрақтары 
114 
Ұсынылатын əдебиеттер 
114 
6-тақырып. Банк теориясы 115 
6.1.   Банктердің мəні жəне қызметі 115 
6.2    АҚШ банк жүйесі 122 

 
 
4
6.3    Германия банк жүйесі 127 
6.4    ҚР-ғы банк жүйесі 137 
       6.4.1   ҚР Ұлттық банкі: қызметтері мен           операциялары 137 
       6.4.2 Ақша-несие саясаты 144 
Бақылау сұрақтары 
154 
Ұсынылатын əдебиеттер 
154 
7-тақырып. Коммерциялық банктер 154 
7.1.   Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі 155 
7.2.   Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру 157 
7.3    Коммерциялық банктердің операциялары 160 
       7.3.1    Банктердің пассивтік операциялары  
160 
       7.3.2    Банктердің активтік операциялары 171 
Бақылау сұрақтары 
181 
Ұсынылатын əдебиеттер 
181 
8-тақырып. Валюталық жүйе жəне валюталық қатынастар 182 
8.1.   Валюталық жүйе жəне оның түрлері 182 
8.2    Дүниежүзілік валюталық жүйе эволюциясы 187 
8.3    Валюталық қатынастарды реттеу. 193 
8.4.   Валюталық нарық 199 
8.5. ҚР-ның төлем балансы 201 
Бақылау сұрақтары 
204 
Ұсынылатын əдебиеттер 
204 
  Сөздіктер 205 
 
 
 
 
 
 
 
Алғы сөз 
 
Екінші рет  қайта өңделіп баспаға ұсынылып  отырған  “Ақша айналысы 
жəне  несие”  атты  оқу  құралы  “Ақша,  несие,  банктер”  пəнінің  жұмыс 
бағдарламасына сəйкес мемлекеттік тілде дайындалған теориялық пəн болып 
табылады.  Оқу  құралы  автордың  қазіргі  Т.Рысқұлов  атындағы  Қазақ 
Экономикалық университетінің “Банк ісі “ жəне əл-Фараби атындағы Қазақ 
Ұлттық  университетінің  “Қаржы  жəне  аудит”  кафедраларында  оқытушы 
ретінде  қызмет  істеп  жүрген  кездегі  жинақтаған,  бірнеше  жылдық  дəрістік 
материалдары негізінде дайындалған. 
Оқу құралында ақша мен несиенің шығу тегінен бастап, Қазақстандағы 
банктік  капиталдың  қалыптасу  ерекшеліктері,  сондай-ақ  қазіргі  ақша-несие 
қатынастарының  дамуы  толығырақ  қамтылған.  Сонымен  қатар,  бұл  оқу 
құралының  өзіндік  ерекшелігі,  ол  тек  қана  ақша  мен  несиеге  арналмайды, 

 
 
5
сол  сияқты  банктер  мен  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге 
асырушы  мекемелердің  нарықтық  экономикадағы  ролі  мен  қызметтеріне 
арналады.  Банктерді  тек  қана  қазіргі  тұрғыдан  сипаттап  қоймай,  олардың 
тарихи даму тұрғысынан көрсетеді. Оқу құралында халықаралық валюталық 
қатынастар  мен  дүниежүзілік  валюталық  жүйелердің  даму  кезеңдері,  сол 
сияқты төлем балансы, оның отандық тəжірибедегі құрылымы мен жағдайы 
қарастырылады. 
Оқу құралы тек қана ақша жəне несие қатынастарын теориялық бағытта 
қарастырып, 
қоймай, 
сондай-ақ 
олардың 
практикалық 
жақтарын 
қарастырады.  Оқу  құралы  негізінен  сегіз  тақырыптан  жəне  бірнеше 
тақырыпшалардан, бақылау сұрақтары мен əдебиеттер тізімінен тұрады.  
Бірінші  тақырыпта  ақша  теориясы,  ақша  түрлері  мен  қызметтері 
зерттелген.  Мұнда  металл  ақшаның,  қағаз  жəне  несие,  сондай-ақ 
электрондық  ақшалардың  пайда  болу  себептері  мен  қазіргі  жағдайы 
қарастырылады. 
Екінші  тақырыпта  ақша  айналысы  мен  ақша  жүйесін  ұйымдастыру 
мəселелері  қарастырылады.  Мұнда  инфляция  ақша  айналысы  заңының 
бұзылу салдары  жəне оған қарсы шаралар берілген.  
Үшінші  тақырыпта  Қазақстандағы  қолма-қолсыз  ақша  айналысын 
ұйымдастыру,  оның  ішінде  қолма-қолсыз  есеп  айрысу  қағидалары, 
құралдары, шот ашу жəне жүргізу тəртібі, сондай-ақ банкаралық есеп айрысу 
негіздеріне қатысты мəселелер қамтылады. 
 Төртінші  тақырыпта  несие  теориясы  мен  практикасы  берілген.  Мұнда 
несиенің  экономикадағы  мəні  жəне  атқаратын  қызметтері  ғана  қамтылып 
қоймай,  сонымен  қатар  несие  берушілер  мен  қарыз  алушылардың  өзара 
қатынасында пайдаланылатын, оның формалары мен түрлері нақты отандық 
банктер тəжірибесінде толық қамтылады.  
Бесінші  тақырып,  Қазақстандағы  несие  жүйесінің  даму  тарихына  жəне 
банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдеріне арналады. Бұл жерде ҚР-
ғы банк жүйесіне қатысты реформалар, олардың нəтижелері баяндалады. 
Алтыншы  тақырып,  банк  жүйесі  жəне  банктер  теориясы  мен 
практикасына  арналады.  Мұндай  дамыған  елдердегі  банк  ісін  ұйымдастыру 
тəжірибелері  ескеріледі.  ҚР  Ұлттық  банктің  ұйымдастырылуы,  қызметтері 
жəне 
операциялары, 
қазіргі 
ақша-несие 
саясатының 
бағыттары 
қарастырылады. 
Жетінші 
тақырып 
коммерциялық 
банктер 
түрлері, 
олардың 
ұйымдастырылу  құрылымы,  пассивтік  жəне  активтік  операциялар  туралы 
мəселелерді толық сипаттайды. 
 Сегізінші  тақырып,  валюталық  қатынастар,  валюталық  жүйелер, 
олардың  құрылу  жəне  қызмет  ету  қағидалары,  валюталық  саясат  оның 
формалары, халықаралық есеп айырысу формалары, сондай-ақ ҚР-ғы төлем 
балансының құрылымы қарастырылған. 

 
 
6
Оқу  құралына  қатысты  мамандар  мен  оқырмандар  тарапынан  бағалы 
ұсыныстар  мен  түзетулер  енгізуге  болатыны  байқалса,  оны  автор  құптайды 
жəне  келешекте  қайта  өңделіп,  түзетулер  енгізу  кезінде  міндетті  түрде 
ескереді,  сондай-ақ  ондай  тілек  білдірушілерге  автор  ықылас  білдіре 
отырып, алдын-ала алғысын айтады.  
 
1-тақырып.  Ақша теориясы 
 
1.1. 
Ақшаның қажеттігі жəне шығу тегі 
 
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары 
дамуы  нəтижесінде  пайда  болғандығы  ертеректен  бізге  белгілі.  Ақшаның 
жаратылысын  зерттегендегі  басты  анық  болғаны,  ол,  оның  тауарлы  шығу 
тегіне  байланыстылығын  көрсетеді.  Тауар - сатуға  немесе  айырбастауға 
арналған  еңбек  өнімі.  Осы  еңбек  өнімінің  тауарға  айналуы  ақшаның  пайда 
болуының объективтік алғы шарттарын туғызған. 
Нақты жəне абстракты еңбектің, жеке жəне қоғамдық еңбектің бөлінісі, 
тұтыну  құны  мен  құнның  арасында  тауар  табиғатына  байланысты  болатын 
қайшылықтар айырбас құнның əр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл 
бір  тауар  өндірушіден,  екінші  біреуіне  жүретін  тауардың  қозғалысын 
білдіреді.  Мұнда  тауарлардың  баламалылығын  (мал 
=  бидай  =  балта),  яғни, 
тауардың  түріне,  сапасына,  формасына  жəне  тағайындалуына  байланысты 
өлшенуін  талап  етеді.  Сонымен  қатар,  əр  түрлі  тауарлардың  бір  біріне 
өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.   
Мұндай  негізге  тауарлардың  құны,  демек  тауар  өндірісі  процесінде 
жұмсалатын  жəне  сол  затқа  айналып  отырған  қоғамдық  еңбек  жатады.  Тек 
қоғамдық  еңбек  қана  (жеке  адамның  еңбегі  емес)  тауарларды  өлшенетін 
жасайды.  Нарықта  бір  тауарды  екінші  бір  тауарға  айырбастаудың  өзі  бұл 
тауарларға  еңбектің  шығындалғандығын,  яғни  екі  тауардың  да  құнының 
барлығын  көрсетеді.  Осыған  байланысты  жекелеген  тауарларды  өндіруге 
жұмсалған  еңбек  əр  түрлі  болып,  нəтижесінде  олардың  құндары  да  бірдей 
болмайды.  Сөйтіп,  қоғамдық  еңбекті  немесе  құнды  сандық  жағынан  өлшеу 
қажеттігі  туындап,  айырбас  құнының (1 мал 
= 1 қап  бидайға)  ұғымы 
туындайды. 
Айырбас  құны – бұл  бір  тауардың  басқа  да  бір  тауарға  белгілі 
сəйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді. 
Натуралды шаруашылық тұсында өнім тек өндірушінің жəне оның жан-
ұясының қажетін қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетіне ие 
болды. Тауар өндірісі тұсында өндірушіні өз өнімін айырбастау үшін, бірінші 
кезекте  құны,  содан  кейін  оның  тұтыну  құны  қызықтырды.  Егер,  тауардың 
тұтыну  құны  болмаса,  яғни  оны  ешкім  қажет  етпесе,  онда  оны  айырбастау 
мүмкін емес. 

 
 
7
Демек,  айырбасқа  арналмаған  тауардың  өндіруші  үшін  тұтыну  құны 
болса  жеткілікті.  Ал,  егер  де  тауар  айырбасқа  арналған  болса,  онда,  оның 
өндіруші  үшін  айырбас  құны  мен  сатып  алушы  үшін  тұтыну  құны  болуға 
тиіс. 
Сөйтіп,  тауарлар  айырбасының  дамуы  өз  кезегінде  құнның  мынадай 
формаларының қалыптасуына себеп болған: 
•  Алғашқы  формасы - өндіргіш  күштердің  төменгі  даму  сатысына  тəн 
құнның  жай  жəне  кездейсоқ  формасы.  Айырбастың  бұл  формасында  бір 
еңбек  өнімі  екінші  бір  еңбек  өніміне  тікелей  айырбасталынып  отырған. 
Мысалға, бір мал бір қап бидайға айырбасталды. 
•  Екінші  формасы - бұл  құнның  толық  немесе  жалпы  формасымен 
сипатталады.  Еңбек  бөлінісінің  дамуы  жəне  өндірістің  өсуі  нəтижесінде 
нарықтағы  тауарлар  саны  мен  түрлері  арта  түседі.  Мұнда,  көбіне,  бір  тауар 
басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға:  
         1 қап бидай 
= 1 қойға 
                          
= 1 балтаға 
                          
= 1 құмыраға жəне т.б. 
•  Үшінші  формасы – бұл  құнның  жалпылама  формасы.  Əр  тауар 
өндіруші  өздерінің  еңбектеріне  қарай  барлығына  бірдей  қажет  жалпылама 
тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергілікті нарықтарда, тауарлар 
массасынан  жалпылама  балама  ролде  жүретін  тауарлар  ығысып  шығады. 
Мұндай  тауарлар  ролін,  кей  халықтарда  мал  (ертедегі  гректе,  римдіктерде, 
славяндарда,  моңғолдарда  жəне  т.б.),  аң  терісі  (Скандинавияда,  ертедегі 
Русьте),  шай  (Қытайда),  тұз  (Абиссинияда),  піл  сүйегі  (Оңтүстік  Африкада) 
атқарады.  Ресейге  қосылғанға  дейінгі  Қазақстанның  кейбір  алыс 
түпкірлерінде ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде 
тоқты  немесе  саулық  қой  пайдаланылған.  Бірақ,  аталған  тауарлар  мұндай 
ролде  ұзақ  уақыт  жүрмеген,  себебі  олар  тауар  айналысының  талаптарын 
толығымен  қанағаттандыра  алмайды  жəне  өздерінің  қасиеттеріне 
байланысты баламалық шартына сəйкес келмейді. 
•  Құнның  жалпыға  балама  формасының  дамуы  нəтижесінде  барлық 
тауарларға  тікелей  айырбасталатын  тауарлар  əлемінен  ерекше  бір  тауар - 
ақша тауары қалыптасты. Ол тауар ролін бағалы металдар: алтын жəне күміс 
атқарды.  
      Сонымен,  ақша - бұл  барлық  тауарлардың  құнын  өлшейтін,  жалпыға 
балама айрықша тауар. 
Ақшаның  объективті  қажеттігі  тауар  өндірісі  жəне  айналысының 
болуына  сəйкес  қалыптасты.  Ақша - бұл  тауар  айналысының  құралы  жəне 
оның  ізбасары.  Тауар  мен  ақша  бір  бірінен  бөлінбейді,  себебі  ақша 
айналысынсыз  тауар  айналысының  да  болуы  мүмкін  емес.  Ақша  тауардан 
бөлініп  шыққанымен  де  ол,  айрықша  тауар  ретінде  қала  береді.  Ақшаның 
жалпыға  бірдей  балама  ролін  атқару  алтынға  жүктеледі.  Сондықтан, 
алтынның  басқа  тауарлардың  құнын  бейнелеуі,  оның  ең  бастысы  мынадай 

 
 
8
табиғи  қасиетіне  байланысты:  біріншіден,  алтынның  табиғи  сапалылығы, 
яғни  оның  оңай  бөлінетіндігі,  əдемілігі  жəне  тозбайтындығы;  екіншіден, 
құны  өте  жоғары,  сондай-ақ,  оның  қорының  сиректігі  мен  өндіруге  кететін 
еңбек шығыны жоғары болуы.  
Ақша - өндіріс  жəне  бөлу  процесіндегі  адамдар  арасындағы қатынасты 
бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның 
экономикалық  категория  ретіндегі  мəні,  оның  мынадай  үш  қасиетінің 
біртұтастығынан байқалады: 
•  жалпыға тікелей айырбасталу формасы; 
•  айырбас құнының дербес формасы; 
•  еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы. 
Жалпыға  тікелей  айырбасталу  формасы,  оның  кез  келген  материалдық 
бағалы  затқа  айырбасталатынын  сипаттайды.  Екіншісі  тауарларды  сатумен 
байланыссыз.  Соңғы  қасиеті,  тауар  өндіруге  жұмсалған  еңбектің  ақша 
көмегімен өлшеуге болатын құнын  сипаттайды. 
 
1.2.  Ақшаның түрлері 
 
Ақша, өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар 
жəне толық құнсыз ақшалар
1

Толық  құнды  ақшалар – номиналдық  құны  оны  дайындауға  кеткен 
нақты құнымен сəйкес келетін ақшалар.  
Мұндай  ақшаларға  металл  ақшалар,  соның  ішінде:  мыстан,  күмістен 
жəне  алтыннан  жасалғандары  жатады.  Металл  ақшалар  əр  түрлі  формада 
болған.  Монета  түріндегі  формасы - бұл  олардың  соңғы  формасы. 
Монетаның  бет  жағы – аверс,  артқы  жағы - реверс  жəне  жаны – гурт  деп 
аталады. 
Монета сөзінің  шығуын Римдіктердің жүрегі  саналатын шіркеу құдайы 
Юнона-Монета    есімімен  байланыстырады,  яғни  сол  шіркеуіден  берілген 
ақшалай  қаражаттың  көмегімен  Римдердің  эпир  ханы  Пиррмен  соғыста 
(б.э.д. 275 ж.)  жеңіске  жеткендігі  туралы  аңыз  бар. “Монета”  сөзі  латынша 
“moneo” – “кеңес беремін, көңіліңнен шығамын” дегенді білдіреді
2
.  
Алғашқы монеталар VІІ ғ. б.э.б Ертедегі Қытайда жəне Ертедегі Лидия 
мемлекетінде  пайда  болды.  Киев  Русінде  алғашқы  монеталардың  пайда 
болуы ІХ – Хғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен 
қатар, күміс монеталар да қоса жүреді. 
Алтын  айналысына  бірқатар  елдер    де  ХІХ  ғ.  екінші  жартысында  өтті. 
Бұл  елдердің  ішінде  алтын  өндіру  жағынан  бірінші  орынды,  өзінің 
отарларымен бірге ағылшын елі  алған.  
                                                           
1
 
Ôèíàíñû . Äåíåæíîå îáðàùåíèå.  Êðåäèò. Ïîä ðåä Ë.À. Äðîáîçèíîé Ì.: Ôèíàíñû, ÞÍÈÒÈ, 
1997. 26 á. 
2
 
Π÷åì ðàññêàçûâàþò ìîíåòû. Ïîä ðåä À.Ï.Èãíàòåíêî Èçä.2-å. Ìèíñê. 1978. 23 á. 

 
 
9
Алтын  айналысы  тұсында  құнның  қағаздай  белгілерінің  пайда 
болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған: 
•  алтын  өндірісі  тауар  өндірісінің  артынан  ілесе  алмай,  нəтижесінде 
айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады. 
•  жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете 
алмады. 
•  алтын  стандарты,  жалпы  алғанда  өндірісті  жəне  тауар  айналымын 
ынталандырмады. 
Алтын  айналысы  не  бары  бірінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін  болды 
жəне  соғысушы  елдер  өздерінің  шығыстарын  жабу  мақсатында  құнның 
қағаздай  белгілерін  шығаруды  ұлғайтты.  Соның  нəтижесінде,  біртіндеп 
алтын айналыстан шыға бастайды.  
Толық  құнсыз  ақшалар  (құнның  белгілері) -  номиналдық  құны  нақты 
құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып 
келетін ақшалар.  
Оларға мыналар жатады: 
•  құнның  металлдық  белгілері – арзан  бағалы  металдардан  жасалған 
ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар; 
•  құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге 
бөлінді: қағаз ақшалар жəне несиелік ақшаларға
Қағаз  ақшалар – бұл  нағыз  ақшалардың  өкілдері.  Тарихта  олар 
айналыста  жүрген  алтын  жəне  күміс  монеталардың  орынбасарлары  ретінде 
пайда  болды.  Қағаз  ақшалардың  айналыста  жүруінің  объективті  мүмкіндігі, 
олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.  
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай
3

•  металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы; 
•  металл  ақшалардың  мемлекеттік  билік  органдарының  жасаған 
əрекетінің  нəтижесінде,  яғни  қазынаға  қосымша  табыс  алу  мақсатында 
металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі; 
•  бағалы  металдарды  өндірудің  қағаз  ақшаларды  шығаруға  қарағанда 
қымбатқа түсуі; 
•  эмиссиондық  табыс  (шығарылған  ақшалардың  номиналдық  құны 
мен  олардың  нақты  құны  арасындағы  айырма)  алу  мақсатында  қазынаның 
қағаз ақшаларды шығаруы; 
•  бюджет  тапшылығын  жабу  мақсатында  қағаз  ақшалардың 
шығарылуы. 
Алғашқы  қағаз  ақшалар  б.э.  ХІІ  ғ.  Қытайда, 1690ж..  Ұлыбритан  отары 
болған  Солтүстік  Америкада, 1762ж.  Австрияда  жəне 1769ж.  Ресейде  пайда 
болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде 
шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде 
(АҚШ, Италия, Индия, Индонезия жəне т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО -
                                                           
3
 
Îáùàÿ òåîðèÿ äåíåã è êðåäèòà Ïîä ðåä. Å.Ô. Æóêîâà. Ìîñêâà: Áàíêè è áèðæè, 1995. 68 áåò. 
 

 
 
10
да 1961ж.  болған  ақша  реформасы  негізінде  қағаз  ақшалар,  яғни 1, 3, 5 
рубльдік  қазыналық  билет  формасында  соңғы  рет  айналымға  шығарылып, 
кейіннен Ресейдегі 1991-92 жж. жəне Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы 
нəтижесінде айналымнан алынды. 
Қағаз  ақшалар  (қазыналық  билеттер) – бюджет  тапшылығын  жабу 
мақсатында  шығарылатын  жəне  металға  ауыстырылмайтын,  сондай-ақ 
мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.   
Қағаз  ақшалар  тек  қана  айналыс  құралы  жəне  төлем  құралы  қызметін 
атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетпіспеушілігіне 
байланысты  шығаруымен  түсіндіріледі.  Қағаз  ақшалар  өзінің  табиғаты 
жағынан  тұрақсыз  жəне  құнсыздануға  тез  икемді.  Олардың  құнсыздану 
себептеріне:  айналысқа  басы  артық  қағаз  ақшалардың  шығарылуын, 
эмитентке  деген  сенімнің  төмендеуін  жəне  төлем  балансының  қолайсыздық 
жағдайын жатқызады. 
Несиелік  ақшалар - тауар  өндірісінің  дамуымен,  яғни  тауарларды 
сатып алу жəне сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен 
байланысты пайда болған ақшалар.  
Несиелік  ақшалардың  шығуы  банктердің  несиелеу  операцияларымен 
байланысты.  Мұндай  ақшалардың    басты  мақсаты:  ақша айналымын  икемді 
ету;  нағыз  ақшаларды  үнемдеу;  қолма-қолсыз  ақша  айналымының  дамуына 
мүмкіндік жасау.  
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, жəне чек.  
“Вексель” сөзі ағылшынша bіll note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді. 
Вексель  -  белгілі  бір  соманы  алдын  ала  келісілген  мерзімде  жəне 
белгіленген  жерде  төлейтіндігі  туралы  борышқордың  қарыздық 
міндеттемесі.  
Вексельдің екі түрі бар: жай жəне аудармалы. 
Вексельдің  түрлеріне  “ҚР-ғы  вексель  айналысы  туралы” (28.04.97) ҚР 
заңында
4
 мынадай түсініктемелер берілген: 
-  Жай  вексель  (соло)  – вексельді  ұстаушыға  вексельде  көрсетілген 
соманы  белгілі  бір  уақытта  немесе  талап  етуге  байланысты  төлеу  туралы 
вексель  берушінің  еш  нəрсемен  негізделмеген  міндеттемесін  сипаттайтын 
вексель.  
-  Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі 
бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші 
бір  тұлғаға  (трассатқа)  вексель  берушінің  (трассанттың)  еш  нəрсемен 
негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.  
     Трассат  тратта  бойынша  төлеуге  келісімін  бергеннен  бастап,  борышқор 
болып  табылады.  Аудармалы  вексель  келесі  бетіндегі  индоссамент  (басқа 
біреуге  аударуып  жазу)  көмегімен  айналыста  жүре  береді.  Аудару  туралы 
қолдардың  көбеюіне  байланысты  вексель  айналысы  ұлғая  түседі  жəне 
мұндағы əр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді. 
                                                           
4
 

Қ
Ð-¹û âåêñåëü àéíàëûñû òóðàëû” 
Қ
Ð çà»û 28.04.1997æ. 

 
 
11
 Жай  жəне  аудармалы  вексель - коммерциялық  вексельдің  түрлері 
ретінде қарастырылады.  
Сонымен қатар, экономикалық əдебиттерде
5
 вексельді мынадай түрлерге 
бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық. 
Қаржылық  (банктік)  вексель  –  белгілі  бір    ақша  сомасын  қарызға 
беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.  
Қазыналық  вексель – бюджет  тапшылығын  жабу  мақсатында  мемлекет 
тарапынан  шығарылатын,  оның  міндеттемесі.  Қазыналық  вексель  бойынша 
мемлекет борышқор болып саналады. 
Достық  вексель  кейіннен  банкте  оларды  есепке  алу  мақсатында    бірі 
біріне беріледі.  
Бронзалық  вексель  нақты  қамтамасыз  етілмеген  қарыздық  міндеттемені 
білдіреді. 
Вексельдің келесідей өзіне тəн қасиеттері бар: 
•  дерексіздік, яғни вексельде мəміленің нақты түрінің көрсетілмеуі; 
•  даусыздық,  яғни  протест  туралы  актіні  нотариуспен  жасағаннан 
кейін  тиісті  шара  қолданылға  дейінгі  қарыздың  міндетті  түрде  төленуге 
тиістігі; 
•  айналымдылық,  яғни  басқа  бір  тұлғаларға  аударып  жазу  арқылы 
(индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі. 
Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейін жəне онан кейін де 
вексель айналысы дамып келеді.  
Вексель  айналысын  бірінші  болып  қолдаушылардың  қатарында 
Казкоммерцбанк  тəжірибесін  атап  кетуге  болады.  Бұл  банк 1996 жылы  ҚР 
Үкіметінің  астық  жинау  бағдарламасына  сəйкес  өзінің 500, 1000 жəне 5000 
АҚШ  долларындағы  астық”  вексельдерін  айналымға  шығарып,  оларды 
несие  құралы  ретінде  клиентеріне  берді.  Сол  клиенттерінің  ішінде  атап 
айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлік компаниясы 
5000 АҚШ долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің 
жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды. 
Сонымен  қатар,  осы  банк 2003 жылы  домицилиант  ретінде  “Қазақстан 
темір жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.  
Мұндағы, “домицилиант” – вексельде  көрсетілген  төлемді  жүзеге 
асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк
6
.   
Банкнота  (ағыл.  сөзінде “Bank-note” аударғанда  “банк  билеті”)  
орталық  банктің  айналысқа  шығарған  əр  түрлі  номинальдағы  ақша 
бірліктері.  
Ол вексельден жəне қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның 
вексельден төмендегідей айырмашылығы бар: 
                                                           
5
 
Îáùàÿ òåîðèÿ äåíåã è êðåäèòà Ïîä ðåä. Å.Ô. Æóêîâà. Ìîñêâà: Áàíêè è áèðæè, 1995. 70 á. 
6
 
Åêiíøi äå»ãåéäåãi áàíêòåðäi» àóäàðìàëû æ¸íå æàé âåêñåëüäåðìåí îïåðàöèÿëàðûí æ¾ðãiçó 
åðåæåñi.  15.11.1999 æ. 
ҚҰБ
 Áàñºàðìàñûíû» N 397 ºàóëûñûìåí áåêiòiëãåí.  

 
 
12
мерзімділігіне  қарай,    егер  де  вексель  мерзімді  қарыздық  міндеттеме 
болса (3-6 айлық),  ал, банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;  
кепілдігіне  қарай,  вексельді  айналысқа  жеке    кəсіпкерлер  шығарады 
жəне оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк 
шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.   
Экономикалық  əдебиттерде  банкнотаны  екі  түрге  бөледі:  классикалық 
жəне жай. 
Классикалық  банкнота – бұл  банкнотаның  алғашқы  пайда  болған 
формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз 
етілген Орталық банктің билеті. 
Классикалық  банкнотаның  қағаз  ақшалардан  өзіндік  айырмашылығы 
бар: 
• 
жаратылысына  қарай  -  қағаз  ақшалар  ақшаның  айналыс  құралы 
ретіндегі  қызметінен  туындаса,  ал  банкнота – ақшаның  төлем  құралы 
қызметінен пайда болған; 
• 
эмиссиялау  əдісі  бойынша - қағаз  ақшаларды  айналысқа 
қазынашылық шығарса, ал, банкнотаны – Орталық банк шығарады; 
• 
қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің 
аяқталуына  байланысты  Орталық  банкке  қайтарылса,  ал,  қағаз  ақшалар 
қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді; 
• 
ауыстырылуына  қарай  –  классикалық  банкноталар  банкке 
қайтуына  байланысты  алтынға  немесе  күміске  ауыстырылып  отырса,  қағаз 
ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.  
Банкноталардың  алтынға  ауыстырылуы  тоқталғаннан  бастап,  банкнота 
алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де 
күрт  нашарлай  түсті,  себебі  орталық  банктің  вексельдік  портфелі,  көбірек 
қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.    
Жай  банкнота – бұл  қазіргі  кездегі  айналысқа  шығарылған  Орталық 
банк билеті.  
Олар  металға  алмастырылмайды,  тек  қана  Орталық  банктің  барлық 
активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық 
банктен  шығатын    жай  банкноталар  алтынмен  қамтамасыз  етілмейді,  бірақ 
олардың  белгілі  бір  дəрежеде  тауарлық  немесе  несиелік  негізі  сақталған, 
сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.  
Қазіргі  кезде  ҚР  Ұлттық  банкісінің    жай  банкноталардың 
эмиссиялануының төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады: 
• 
Шаруашылықты несиелеу жолымен; 
• 
Мемлекетті  (үкіметті)  несиелеу,  яғни  мемлекеттік  қарыздық 
міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында 
да,  еліміз  тəуелсіздік  алған  жылдардың  басында  экономикадағы 
тұрақсыздықтың нəтижесінде 1993-1998 жж. мұндай көріністің куəсі болдық. 
Айталық, 1995-96 жылдары  бюджет  тапшылығы  ЖІӨ-нің 5,5 
%-на  дейін 
жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80
%-ға 

 
 
13
жуығы  Ұлттық  банктің  Үкіметке  берген  несиелері  есебінен  жабылғаны 
белгілі.  Əрине,  бұл  жолдың  теріс  жақтары  да  болды,  оның  бірі  елімізде 
гиперинфлияцияның орын алуы.  
• 
ұлттық  валюта  бағамының  тұрақтылығын  қамтамсыз  ету  жəне 
еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін 
арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен. 
Чек,  вексель  мен  банкнотаға  қарағанда,  коммерциялық  банктердің 
құрылып,  олардағы  ағымдық  шоттарда  бос  ақшалай  қаражаттардың 
жинақталуына байланысты несиелік жəне айналыс құралы  ретінде біршама 
кеш пайда болды.  
Алғашқы чектер 1683ж. Англияда пайда болды.  
Чек – ағымдағы  шот  иесінің  чекті  ұстаушыға  белгілі  бір  ақшалай 
соманы  төлеу  туралы  немесе  басқа  ағымдық  шотқа  аудару  туралы  өзінің 
банкісіне берген жазбаша бұйрығы.  
Чектің мынадай түрлері бар: 
ақшалай чек   -  банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы. 
атаулы чек - аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады; 
ордерлі  чек  -  бір  тұлғаның  атына  толтырылған,  бірақ  индоссамент 
бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді; 
мəлімдеуші  чек  -  чекті  мəлімдеушіге  ондағы  көрсетілген  сомасы 
төленеді; 
есеп  айырысу  чегі  -  заңды  тұлғалар  арасында  қолма-қолсыз  есеп 
айырысуларда қолданылады; 
жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы; 
кеплідендірілген    чек  –  банктің  чекте  көрсетілген  соманы  төлеуге 
кепілдендіруін сипаттайын төлем құралы. 
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай:  
•  біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді; 
•  екіншіден, ол айналыс жəне төлем құралы қызметін атқарады; 
•  үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.  
Электрондық  ақшалар - компьютер  торабының,  ақпараттарды 
автоматты  түрде  өңдеу  құралдарын  қолданатын  байланыс  жүйелері 
арқылы  жүзеге  асыратын  банктер  жəне  олардың  клиенттері,  сатушылар 
мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.  
Электронды ақшалар - пластикалық карточка формасында болады. Олар 
екі түрлі болып келеді:  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет