тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог бір-біріне қуаныш, бақыт пен мерекелік
көңіл-күй тілей отырып, қоңырауды бір-біріне
беруді ұсынады.
(Ұ) Педагог тәрбиеленушілердің суреттерімен
безендірілген сыныпқа назар аударуды ұсынады.
Ән тыңдауды сұрайды.
Педагог алда жаздың, демалыс уақытының келе
жатқаны туралы әңгіме жүргізеді.
Педагог балаларды жақында толыққанды оқушы
болатындықтарына, мектеп өміріне енетіндеріне
бағыттайды.
Қуаныш пен Айсұлу оқушы болуға
дайындалады.
Сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Музыкалық сүйемелдеу,
қоңырау.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
(Ж) Қуаныш пен Айсұлудың мектепте не
үйренетінін достарыңмен талқылаңдар.
(Ұ) Мектеп өмірінің ережелерін талқылау.
Айсұлудың нені армандайтыны туралы
айтыңдар.
(Ұ) Саусақ жаттығулары
Бас бармаққа қонаққа( саусақтарды жұдырыққа
жұму, екі қолдың бас бармақтары жоғары
қарай),
Тура келді үйіне
(екі алақанды бұрыш жасап біріктіру –
«шатыр»):
Балан үйрек, ортан терек,
Шылдыр шүмек, кішкентай бөбек
(әр қолдың аталатын саусақтарын бас
бармақпен біріктіру).
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Сабақтағы қауіпсіздік техникасы ережелерін еске
түсіріп, атауды сұрайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог көздерін жұмып, мектеп өмірін
елестетуді ұсынады. Сынып өмірінің қай
фрагментін суретте бейнелегісі келетінін
анықтайды.
Педагог дайын суреттерден коллаж жасауды
ұсынады.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті
қарындаштар, балауыз
борлар.
102
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Көрме ұйымдастырылады.
Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Педагог
сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды
бояңдар
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
103
ПайДалаНғаН ӘДеБИеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. – Астана,
2016 ж.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты. – Астана, 2016 ж.
3. Комарова Т. С. Детское художественное творчество. Методическое пособие
для работы с детьми 2-7 лет. М.: Мозаика – Синтез, 2006.
4.
Художественная литература, хрестоматия – Ильяшева К.С., Алматы:
Алматыкітап, 2014.
5.
Методические рекомендации к программе воспитания и обучения в
детском саду. /под. ред. Васильевой М. А., Гербовой В. В., Комаровой Т. С. М:
Мозаика – Синтез, 2005.
6.
«Волшебное путешествие по стране Казахстан». Для детей разных
возрастов – Шымкент: «Шикула и К», 2003.
7.
Кузин В.С., Кубышкина Э.И.– «Изобразительное искусство», 1 класс, М.:
ДРОФА, 2009.
104
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сынып/топ педагогтері!
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі –
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке
дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму
үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі
даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі бағдарламалар
және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы болып табылады. Мектепалды
даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау
көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:
педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін
оқу мақсаттары жүйесінің болуы;
оқу үрдісін күнделікті өмірге және қарым-қатынас жасауға қажетті қабілеттер мен практикалық
дағдыларды дамытып, қалыптастыруға бағыттау;
балалардың әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды терең шолуына бағытталған тақырыптық оқу
мазмұнының болуы;
пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;
мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын
әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының
мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің
мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт-дәстүр және
фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың – жаны сау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды
кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша ОӘК авторлары да
8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас.
Дегенмен өз ерекшеліктері де бар:
Мектепалды даярлық
Бастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын?
Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз?
Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар?
Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр?
Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды?
Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек?
Дені саудың – жаны сау
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін нақты үлгі
ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар төңірегінде берілген.
Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, оқиғалардың себептерін үнемі
білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік кешенінің
ерекшелігі, оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей ортақ тақырыптың
қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім беру мазмұнын сапалы
кіріктіруді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ-інің мазмұнынан тұрады.
Жоспар лаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан ол мектепалды
даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы да бір рет дәлелдейді.
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар: 1. Оқу мақсаттарының болуы
(олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені
жөн).
105
2. Жоспарда ҰОҚ-нің сараланған мақсаттары берілген (барлық балалар, балалардың көпшілігі және
кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының
құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер қаралған.
Екінші бөлімде негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, тәсілдер
мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың «Ресурстар»
атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы әртүрлі ақпарат
көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді жоспарда әліппе-альбомның
барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-альбомда бір ҰОҚ-де 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік нұсқауда әдістемелік
тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер
есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу
да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар,
шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да бір тиімді
шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді білдірмейді. Басты
шарты: жоспарда қаралған оқу мақсаттарын, тақырыпты, оның жүйелілігін, сондай-ақ әліппе-альбомда
белгіленген тапсырмалар сипатын өзгертпеу.
Қысқамерзімді жоспардың осы үлгісін пайдалану кезінде мектепалды даярлық сыныбының
педагогтерінде сұрақтар туындауы мүмкін:
1. Мектепалды даярлық педагогтерінің көпшілігі пайдаланған технологиялық картаның қысқамерзімді
жоспардан қандай айырмашылығы бар?
2. Қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық карта үлгісіне ауыстыруға бола ма?
Педагог қысқа мерзімді жоспарды пайдалана ма, әлде технологиялық картаны пайдалана ма өзі
шешеді.
Бірақ қысқамерзімді жоспар үлгісін технологиялық картаға өзгертпеген жөн, өйткені мектепалды
даярлық және бастауыш мектеп жоспарларының бірізділігі мен тұтастығы бұзылады.
Қысқамерзімді жоспардың технологиялық картадан бірнеше айырмашылығы бар:
технологиялық карта
Қысқамерзімді жоспар
1 Оқу мақсатын педагог таңдайды.
Оқыту және тәрбиелеу мақсаты оқу бағдарламасында
айқындалған.
2
3 кезеңнен тұрады:
– мотивациялық-қозғаушылық;
– ұйымдастырушылық-ізденушілік;
– рефлексивтік-түзетушілік.
3 кезеңнен тұрады:
– ҰОҚ-не басталуы (ҰОҚ-нің ден қоюды қамтамасыз
ету);
– өмірлік тәжірибені өзектендіру;
– ҰОҚ-нің соңы (қорытынды, рефлексия).
3
ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:
– ұйымдастырушылық-ізденушілік.
ҰОҚ-нің негізгі бөлімі:
– өмірлік тәжірибені өзектендіру.
4 ҰОҚ әдістемесі педагогтің басқарушылық
іс-әрекетін және балалардың іс-әрекетін
қарастырады.
ҰОҚ-нің әдістемесі әдістемелік тәсілдер, құралдар,
ресурстарды пайдалану мен технология элементтерін
қарастырады.
5 ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.
ҰОҚ-нің қорытындысы: рефлексия.
Кейбір айырмашылықтарға қарамастан, екі жоспар (қысқамерзімді де, технологиялық карта да)
ҰОҚ-нің үш негізгі кезеңін қамтиды, оның барысында белгіленген оқу мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге
асырылады. Кезінде технологиялық картаны меңгерген мектепалды даярлық сынып/топ педагогтеріне
қысқамерзімді жоспар үлгілерімен жұмыс істеу қиындық туғызбайды, өйткені екі үлгінің құрастыру
тәсілдері айтарлықтай ұқсас.
Осылайша, мектепке дейінгі даярлық ОӘК-нің жаңа үлгісіне тиімді өту мектепалды даярлық пен
бастауыш мектепте оқыту мазмұнының сапалы сабақтастық байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Оқулық басылым
Сурет Салу
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен
сыныбы педагогтеріне арналған
Әдіскер Б.С. Тажинова
Редакторы Л.С. Ахметова
Компьютерде беттеген Г.Н. Жайылғанова,
С.А. Алтайбекова
Басуға 17.07.2017 ж. қол қойылды.
Пiшiмi 60х84
1
/
8
.
Әрiп түрi «Times New Roman».
Таралымы 1100 дана.
Тапсырыс № 1388.
Қазақстан Республикасы,
«Алматыкiтап баспасы» ЖШС,
050012, Алматы қаласы, Жамбыл көшесi, 111-үй,
тел. (727) 250 29 58, факс: (727) 292 81 10.
e-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz
.
Учебное издание
рИСОВаНИе
Методическое руководство
для педагогов предшкольных классов и групп
по Типовой учебной программе дошкольного
воспитания и обучения
Методист Б.С. Тажинова
Редактор Л.С. Ахметова
Компьютерная верстка Г.Н. Жайылгановой,
С.А. Алтайбековой
Подписано в печать 17.07.2017 г.
Формат 60х84
1
/
8
. Печать офсетная.
Гарнитура «Times New Roman». Бумага офсетная.
Тираж 1100 экз.
Заказ № 1388
Республика Казахстан,
ТОО «Алматыкiтап баспасы»
050012, г. Алматы, ул. Жамбыла, 111,
тел. (727) 250 29 58; факс: (727) 292 81 10.
е-mail: alkitap@intelsoft.kz
www.almatykitap.kz
Попова Светлана Станиславовна
Прахнау Валентина Ивановна
МаЗМҰНы
Алғы сөз ........................................................................................................................................................................... 3
1. Ұзақмерзімді жоспарлау ............................................................................................................................................ 9
II. Қысқамерзімді жоспарлау ......................................................................................................................................... 17
Пайдаланған әдебиеттер ............... ............................................................................................................................... 103
Қосымша ....................................................................................................................................................................... 104
Достарыңызбен бөлісу: |