С.С. Попова, В.И. Прахнау
Сурет Салу
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
Қазастан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2017
Попова С.С., Прахнау В.И.
Сурет салу. Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне
арналған. /
С.С. Попова, В.И. Прахнау. – Алматы: Алматы кітап баспасы, 2017. – 106 б.
©
Попова С.С., Прахнау В.И., 2017
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017
ОӘЖ 373.2
КБЖ 74.102
П 53
П 53
ОӘЖ 373.2
КБЖ 74.102
ISBN 978-601-01-3084-5
ISBN 978-601-01-3084-5
3
алғы сөз
«Сурет салу» оқу-әдістемелік кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сәйкес
дайындалған.
1.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан
Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған
стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа
методологиялық негізін анықтайды;
2.
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы
№ 391 бұйрығымен бекітілген);
3.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының
білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған
бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды
даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Оқу-әдістемелік кешен мазмұнында ұйымдастырылған оқу қызметін (ҰОҚ) өткізудегі негізгі
ғылыми және педагогикалық тәсілдер жүзеге асырылады және ұсынылатын әзірлемелер: ұзақмерзімді
(күнтізбелік-тақырыптық жоспар) және қысқамерзімді ҰОҚ жоспарларын қолдану шарттары,
педагогтің әліппе-альбоммен жұмыс істеудегі әдістемелік міндеттері айқындалады.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған «Сурет салу» әдістемелік нұсқауының мақсаты –
педагогке мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту, көркем жұмыстар
арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктері арқылы шығармашылық құзіреттіліктерді қалыптастыруға
мүмкіндік беретін әдістемелік нұсқау беру.
Оқу-әдістемелік кешен (әрі қарай – ОӘК) мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиеленушілерін
негізгі техникалық және көркем-эстетикалық білім мен дағдыларға базалық деңгейде үйретуді
қамтамасыз етеді және педагогке арналған әдістемелік нұсқауды (түсініктемелер); №1 және №2 әліппе-
альбомды қамтиды.
«Сурет салу» бойынша
ҰОҚ-нің
ғылыми-әдістемелік негіздері,
оларды жүзеге асыру
ҰОҚ-нің негізгі тұжырымдамалық идеясы, олардың ерекшеліктері және қазіргі білім
мақсаттары мен міндеттеріне, Қр МЖМББС талаптарына сәйкестігі
Қазіргі білім парадигмалары мен адамзаттың шығармашылық, адамгершілік-рухани қажеттіліктері
бейнелеу іс-әрекетін алдыңғы қатарға қояды.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі тұжырымдамасы бейнелеу өнерінің (сурет салу) құралдары
арқылы тұлғаны жоғары гуманитарлық құндылықтар негізінде қалыптастыру; тәрбиеленушілердің
біртұтас оптимистік дүниені сезінгенін байқату, өнердің алуан түрлілігін ескере отырып, оның
адамгершілік-эстетикалық ортасын қалыптастыру; 6–7 жастағы балаларда ұлттық абырой мен мәдениет
сезімін қалыптастыру; ерекше ойлау қасиеттерін, шығармашылық қиялды қалыптастыруда жатыр.
Мектепалды даярлық бағдарламасын жүзеге асыратын педагогтер алдында күрделі міндет тұр:
көркем мәдениет тәжірибесін меңгеру негізінде балада дүниені жекелей көру, ол туралы ойлау, өз
қатынасын білдіру қабілетін қалыптастыру.
Баланы рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни оның бойында шынайы адамилық
туралы, дүниені қабылдауда мейірімділік пен мәдени толыққандылық туралы түсініктерге сай келетін
қасиеттерді қалыптастыру Мектепалды дайындық сыныбы тәрбиеленушілердің шығармашылық
құзіреттіліктерін қалыптастырудағы үдерісінің басты мақсаты болып табылады. Бағдарламаның
мәдени мазмұндағы рөлі азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруда да жатыр. Бұл міндет әлемдік
үдерістермен байланыстарды еш шектемейді, керісінше оқу-әдістемелік кешеннің негізіне «туған
табалдырықтан жалпы адамзат мәдениетінің әлеміне дейін» қағидаты қойылған.
4
«Сурет салу» ҰОҚ бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру аясында педагогтің
балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу жөніндегі іс-әрекет бағыттары
Педагогке көмек ретінде авторлар ұзақмерзімді және қысқамерзімді жоспарларды әзірледі.
Ұсынылған қысқамерзімді жоспарда тараулардың оқу материалы пәнаралық байланыстарды (қауіпсіз
мінез-құлық, валеология негіздері бойынша, қоршаған орта, көркем әдебиет, өзін-өзі тану, т.б. танысу
бойынша ҰОҚ) пайдалана отырып, біртіндеп айқындалады.
Әзірленген ҰОҚ-де суретті сатылай салу, сондай-ақ өзін шығармашылық тұрғысынан танытуды
дамытуға арналған тапсырмалар берілген. Ұсынылған ОӘК алты жастағы балалар үшін сурет салу
мазмұнының айрықша ерекшеліктерін (негізінен практикалық), оқу іс-әрекетін ұйымдастыру форма-
ларын (практикалық, жеке, шығармашылық жұмыстар) және оқу құралдарын (арнайы әліппе-альбом,
интерактивті жабдықтар, көрнекі құралдар, т.б.) ескере отырып, тиісті әдістерді қолдануды талап етеді.
Оқытудың пәндік мазмұны сурет салу бойынша ҰОҚ арқылы 6 жастағы балаларды көркем іс-
әрекет түрлерімен таныстыру үдерістерін бейнелей отырып, негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі ба-
лаларды бейнелеу өнерінің негіздеріне тарту арқылы шығармашылық қабілеттерді, көркем жұмыстар
арқылы өз ойын жеткізу қажеттіліктерін қалыптастыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте педагог келесі міндеттерді жүзеге асырады :
– сурет негіздері туралы білімді және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің
алғашқы дағдыларын қалыптастыруды;
– заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын қалыптастыруды;
– білімқұмарлық, шығармашылық қиял, фантазия, есте сақтау қабілетін дамытуды;
– эстетикалық талғамды дамытуды және бейнеленген образдарды түсіну сезімін қалыптастыруды;
– ойын және көркем іс-әрекет арқылы түрленуге қажеттілікті дамытуды;
– қол моторикасы мен сенсорлық қабылдауды дамытуды;
– ұлттық бейнелеу өнеріне тарту арқылы патриотизмді қалыптастыруды.
ОӘК-ді қолдану күтілетін нәтижелерді қалыптастыруға мүмкіндік береді және мектепалды
даярлық сынып/топ тәрбиеленушілері:
– түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес
сұлбаларды салады;
– түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін сала-
ды;
– негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-
ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салады;
– үлкендігі әртүрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметрия-
лы орналастырады;
– өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3-тен үйлесімді орналастырады;
– негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажыратады;
– көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым
жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелейді;
– заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат
бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
– суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
– саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу
ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай
салады;
– жуан сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу не көлденең, жіңішке сызықтар мен
нүктелерді салғанда тік ұстайды;
–жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолданады;
– қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояйды;
– сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай көркем материал мен құралдарды
таңдайды;
5
– жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарын ретке келтіреді, материалдарды үнемді жұмсайды;
– өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының
ережелерін орындайды.
ҰОҚ-інің ерекшеліктері
«Сурет салу» ҰОҚ-нің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін
нәтижелер: дағды, білім не түсінік түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерден тұрады. Әрбір
бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және
балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге
мүмкіндік береді.
№
Бөлім
Бөлімше
1.
Сурет негіздері.
1.1. Сызықтар және сызық түрлері.
1.2. Пішін және пропорциялар.
1.3. Түс.
1.4. Текстура.
1.5. Композиция.
2.
Материалдар мен құралдар.
2.1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері.
2.2. Құралдармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы ережелері
мен қауіпсіздік техникасын сақтау.
Осы бөлімдердің мазмұны сегіз «ортақ» тақырып арқылы жүзеге асырылады:
• «Мен кіммін және қандаймын?»
• «Мектепке не үшін барамыз?»
• «Менің айналамда кімдер бар?»
• «Менің айналамды не қоршап тұр?»
• «Жолдар бізді қайда бастайды?»
• «Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»
• «Мен үшін не дәмді және пайдалы?»
• «Денсаулықты қалай күту керек?»
Берілген ҰОҚ тәрбиеленушілердің өздерінің белсенді тәжірибелік іс-әрекеті арқылы сипатталуы
ҰОҚ-нің айрықша ерекшелігі болып табылады. Сурет салу – мектепке дейінгі балалардың ерекше
қуанатын сәті. Бала өзі үшін оның сиқырлы күшін ашады және бейне, зат, құбылысты жеткізу бары-
сында алуан түрлі көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалана отырып, мол әсерлер арқылы оларды
өзінің шығармашылығымен жеткізуге тырысады.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық іс-әрекеті ҰОҚ-де алуан түрлі жеткізу формалары арқылы
көрініс табады: суретке қарап, зерде бойынша, қиял бойынша бейнелеу; сәндік сурет; жұмыстар,
жобалық (ұжымдық) және жеке жұмыстардың нәтижелерін талқылау; халық мұрасын зерттеу;
оқытылатын тақырыптарға иллюстративті материал іріктеу; музыкалық және әдеби шығармалар (халық,
классикалық, заманауи) тыңдау, бейнесюжеттер, тұсаукесерлер тамашалау. Тәжірибелік, рефлексивті
іс-әрекет ҰОҚ-ін өткізуде басты іске айналуда.
Оқу материалының мазмұны мектепке дейінгі оқушыларға өнер өмірмен өзара байланысты жүйе
екендігі туралы түсінік беруді көздейді. Балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған орта мысалдарын
кеңінен тарту қарастырылған. Қоршаған шынайы болмысты бақылау балалардың бағдарламалық
материалды меңгеруінің маңызды шарты болып табылады. Шынайы болмысқа қатысты өз көзқарасын
білдіруге деген ұмтылыс бейнелік ойлау дамуының көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Балада адамның
ішкі әлеміне деген қызығушылықты, өзінің қабілетін, өзінің ішкі уайымдарын сезінуді дамыту міндеті
өнерді оқытудың басты мақсаттарының бірі.
6
Ұсынылатын қысқамерзімді ҰОҚ-нің жоспарлары қорытынды құрылым болып табылмайды және
тәрбиеленушілер ұжымының даму деңгейіне қарай педагогтің қалауымен өзгертілуі мүмкін. Әдістемелік
құрал балаларға зерттеу іс-әрекетінде алғашқы қадамдарды игеруге, ойлау үдерістерін дамытуға
көмектесуге бағытталған қолжетімді әдістемелік тәсілдер, 6–7 жастағы балаларды шығармашылық
оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді формалары мен әдістерінен тұрады.
Қысқамерзімді жоспарларда күтілетін нәтижелер ұсынылған, әр сабақтың оқу мақсаттары
әзірленген, көптілді компонентті (негізгі терминдер қазақ, орыс және ағылшын тілінде) қамтитын
пәндік мазмұнмен жұмыс істеуге арналған тілдік мақсаттар айқындалған, сабаққа келгендегі
тәрбиеленушілердің бұрынғы білімі көрсетілген. Бұл педагогке тақырып бойынша жұмыс перспекти-
васын көруге және әр ҰОҚ нақты мақсаттарын қорытынды оқу мақсатымен салыстыруға көмектеседі.
Тақырыптардың мазмұны басқа да білім салаларының материалдарымен үндеседі.
Қысқамерзімді жоспарда берілген оқу материалдары тәрбиеленушілерді түс нышандары, су-
рет жанрларымен (натюрморт, пейзаж, портрет) таныстырады. Балалар туған өлкелерінің ұлттық
мәдениетінің желісі бойынша сәндік өрнектер салуды, көңіл күйлері мен сезімдерін білдіру арқылы
сюжетті суреттер жасауды үйренеді, бейнелеу материалдарымен дәстүрлі емес жұмыс істеу туралы
білімді меңгереді. Жеке іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді атқаруда қалыпты емес тәсілдерді иге-
реді.
ОӘК мазмұны тәрбиеленушілердің жеке практикалық шығармашылық сабақтарын сурет жанрлары
бойынша кезектестіруді қарастырады, сондай-ақ ұжымдық (жобалық) шығармашылық іс-әрекет
сабақтарын да қамтиды.
Ұжымдық жұмыс формалары әртүрлі болуы мүмкін: жұппен жұмыс, шағын топтармен жұмыс,
әр тәрбиеленуші жалпы композиция үшін өз бөлігін атқаратын жеке-ұжымдық жұмыс. Біріккен
шығармашылық іс-әрекет балаларды келісімге, ортақ міндеттерді қоюға және орындауға, бір-бірін
түсінуге, құрдасының жұмысына құрметпен және қызығушылықпен қарауға үйретеді, ал жалпы оң
нәтиже әрі қарай шығармашылық пен өз күшіне деген сенімге ынталандырады.
Сурет салу бойынша ҰОҚ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: болып табылады:
– «БЕЛКА» қылқаламы №3 - №6 (жалпақ тегіс қылқаламдар – флейцтер, жіңішке қылқаламдар);
– қылқаламға арналған тіреуіш;
– бояулар (акварель гуашь), кем дегенде 12 түс;
– су төгілмейтін стақан;
– қарындаштар (жай, түсті, кем дегенде 12 түс);
– қарындаштарға арналған тіреуіш;
– палитра;
– балауыз борлар;
– фломастерлер;
– мақта майлықтар;
– қағаз майлықтар;
– поролон сорғыштар;
– балауыз шамдар;
– интерактивті жабдықтар;
– сандық фотоаппарат;
– түрлі иллюстрациялар;
– суреттердің көшірмелері;
– тақырыптар бойынша көрсетілетін материалдар;
– тақырыптар бойынша бейнематериалдар топтамасы.
7
Әліппе-альбоммен жұмыс жасаудың
ерекшеліктері мен міндеттері
Әліппе-альбом материалдары болашақ бірінші сынып оқушыларын нақты білімге үйретуге
емес, әзірленген шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде шығармашылық
қабілеттер, белсенділік, танымдық қызығушылық, коммуникативтік іскерліктерді дамытуға ерекше
мән береді.
Иллюстративті материалдар мен оларға қатысты іріктелген сұрақтар өнердің адам өмірімен
байланысын нығайтуға, қоғам өміріндегі өнердің рөлін мойындауға бағытталған.
Әліппе-альбомдағы шығармашылық тапсырмалар жасампаздық іс-әрекетте білімін, іскерліктері
мен дағдыларын жүзеге асыра алатын бала тәрбиелеуге бағытталған. Әліппе-альбомда шығармашылық
іс-әрекетке арналған қосымшалар (жұмыс парақшалары) бар. Алты жастағы балалардың жас
ерекшеліктерін негізге ала отырып, әліппе-альбомға түрлі жағдаяттарда әрекет жасайтын «ортақ ойын
кейіпкерлері» Қуаныш пен Айсұлу енгізілген.
Әліппе-альбоммен жұмыс барысында тәрбиеленушілер сурет салу материалдары, техникасы
және тәсілдерімен танысады, нысандарды графикалық бейнелеу дағдыларын игереді, қоршаған
ортамен танысу, тірі және өлі табиғатты бақылау кезінде, көркем әдебиетті оқу, белгілі қазақстандық
суретшілердің иллюстрацияларын, көшірмелерін, халықтық сәндік-қолданбалы өнер туындыларын
қарау барысында алатын әсерлерін сұлбалы формада, бейнелі түрде, шығармашылықпен жеткізу
іскерлігін меңгереді.
Бағдарламалық материалды, іс-әрекетті меңгеру не эмоциялық жағдай деңгейін балалар рефлексия
аясында бағалайды. Балалардың жұмыстарын олардың мазмұны, мәнерлілігі, сонылығы тұрғысынан
талқылау балалардың назарын жандандырады, шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін
қалыптастырады. Жүйелі түрде көрмелер ұйымдастыру балаларға өз жұмыстарын қайтадан көруге және
бағалауға, жетістік қуанышын сезінуге мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілердің сабақтарда орындаған
жұмыстарын жақындары мен достарына арналған сыйлықтар ретінде пайдалануға болады, мектепті
безендіруде қолдануға да болады.
Сурет салу бойынша мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі ҰОҚ-нің құрылымы
қарастырылады:
1.Эмоциялық-оң ойлауды қалыптастыру.
2. Өмірлік тәжірибені жандандыру. Білімді талап ететін жағдаят. Мақсатты тұжырымдау.
3. ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыс: продуктивті іс-әрекет.
4. Қорытынды рефлексия.
Позитивті ойлауды қалыптастыру, ізденіске талаптандыру ҰОҚ-нің бірінші бөлігінің мақсаты
болып табылады. Педагог сабақ тақырыбы бойынша психологиялық тренинг элементтері, өлең
жолдары, көркемсөз көмегімен балаларды жаңа білімге деген ұмтылысқа ынталандырады, олардың іс-
әрекеттерінің мәнін ашады, өз күштеріне деген сенімділігін арттырады.
Өмірлік тәжірибені жандандыру («жандандыру» балалар үшін мәселенің мәнін,
маңыздылығын анықтау) аясында қызығушылыққа қатысты жағдаят, проблемалық жағдай, тосын
сәт қалыптастырылады. Проблемалық жағдайларды қолданудың негізгі мақсаты осы жағдайларды
тәрбиеленушілер мен педагогтің біріккен іс-әрекеті барысында тәрбиеленушілердің оңтайлы дер-
бестігі шарттарында және педагогтің жалпы бағыттаушы жетекшілігімен сезінуі және шешуінде,
сондай-ақ осындай іс-әрекет үдерісінде балалардың проблемалық міндеттерді шешу білімі мен
жалпы қағидаларды меңгеруінде жатыр.
ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша жұмыстың алғашқы кезеңдерінде әліппе-альбомда берілетін
қысқаша теориялық материалды меңгеру негізіне құрылады. Жаңа тақырып қолжетімді түрде
түсіндіріледі, түсіндіру міндетті түрде көрнекі материалмен бекітіледі. Иллюстрациялар, суреттер
мен басқа да көрнекі материалдарды қарастыру байқампаздық пен шығармашылық қиялдың дамуына
әкеледі.
8
Жұмысты орындау тәсілдері туралы нақты нұсқауларға, бірізділікке баса назар аударылады. Педагог
тарапынан ынталандырылатын балалар сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске
түсіру арқылы белсенді түрде қатысуы тиіс.
Сурет салу технологиясы келесі жұмыс кезеңдерін қарастырады:
– салынатын зат, сюжет, өрнекті таңдау;
– материал дайындау, оны таңдау;
– құралдар, көмекші материалдар таңдау;
– сурет нысанын ойластыру, елестету;
– нысан сұлбасы бойынша қол қимылын ауызша айқындау;
– берілген композицияны салу.
Педагог ҰОҚ өткізе отырып, әр сабақтың мазмұны мен барысын оның практикалық бөлігінің
тәрбиеленушілер алатын теориялық білімнің орынды жалғасы мен бекітілуі болатындай етіп
ойластыруы қажет. Практикалық бөлікте тікелей оқытуға бағытталған тәсілдерді қолдануға болады,
мысалы: педагогтің тақтада бормен немесе бөлек парақ бетінде ашық қарындаш не фломастермен
түсіндірме суреті. Оның мақсаты – балаларға бейнені жасау үдерісін, сурет салудың бірізділігін көрсету.
Жұмыстың бірізділігі тақтада барлық кезеңдері берілетін сызба түрінде көрсетіледі. Егер сурет
салуды орындау тәртібі күрделі болмаса, түсіндіргеннен кейін сызба тақтадан өшіріледі, ал балалардың
назары алдағы жұмыс үдерісіне ауысады: сурет бөліктерін жасау тәсілі, композицияны ойластыру, т.б.
Тақырыптық динамикалық үзілістер, саусақ ойындары өткізіледі.
Қорытынды рефлексия әр баланың өткен жолды сезінуіне, байқалған, ойластырылған, түсінілген
білімді ортақ қорға жинақтауына бағытталған. Оның мақсаты – ҰОҚ тіркелген нәтижемен ғана кету
емес, мағыналы тізбек құру, өз табыстары мен жетістіктерін алдыңғы табыстарымен және жетістіктері-
мен салыстыру.
9
1. ҰЗ
а
ҚМ
ер
ЗІМДІ Ж
О
СП
ар
ла
у
«С
урет
С
алу
» б
ойынша күнтізб
елік-т
ақырыптық ж
оспар
ла
у
№
Ортақ
тақырыпт
ар
Бөлім
Бөлімше
Мақс
атт
ар
ҰОҚ-нің
тақырыпт
ары
Саға
т
саны
1
Мен кіммін және қандаймын?
1. Сурет
Салу
Не
ГІЗДер
І
2. Матер
Иал
Дар
Ме
Н ҚҰ
рал
Дар
1.1. Сызықт
ар және сызық
түр
лері.
2.1. Құра
лдар
мен және
көрк
ем м
атериа
лдар
мен
жұмыс тәсілдері. 2.2. Құра
лдар
мен жұмыс
істе
уде еңб
ек гигиенасын,
қа
уіпсіз
дік те
хник
асын
сақт
ау
.
0.1.1.1. Түр
лі сызықт
ар
ды (түз
у, қисық, зигзаг
, ирек,
т.б.) пайда
ланып, қара
пайым за
тт
ар мен күр
делі еме
с
сұлба
лар
ды с
алу
.
1-ҰОҚ. М
ен с
урет
са
ламын!
1
0.2.1.2. Жіңішк
е сызықт
ар
ды сызғанда қылқа
ламды қағазға
көлб
еу не көлденең, а
л жіңішк
е сызықт
ар мен нүк
телер
ді
са
лғанда тік ұст
ау
.
0.2.2.2. Өткір құра
лдар
мен жұмыс к
езінде қа
уіпсіз
дік
те
хник
асы ереж
елерін с
ақт
ау
, ж
ек
е бас гигиенасының
ереж
елерін орында
у.
1.3. Түс . 2.2 Құра
лдар
мен жұмыс
істе
уде еңб
ек гигиенасын,
қа
уіпсіз
дік те
хник
асын
сақт
ау
.
0.1.3.1. Негізгі және қо
са
лқы, жылы және с
уық түстер
ді
ажыра
ту
.
Достарыңызбен бөлісу: |