(Ұ, Ө) Жұмысты орындау технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін
түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог шығармашылық тапсырманы
нақтылайды – сопақ формалы жамылғыны
қазақ өрнегімен әшекейлеу. Балалармен
сәндік суретті орындау алгоритмін
талқылайды.
Өрнектің әрдайым бұйым формасына
қарай жасалатынын еске салады.
Квадратта алдымен ортасы мен
бұрыштары боялады, ал шеңбер мен
сопақта ортасы мен шеттерін бояуға
болады. Бояудың түсі алтын реңде
әдемі көрінетіндей етіп өз қалауына
қарай таңдалады. Алдымен төрт жақтан
қошқармүйізді салып, артынан балта
өрнегін қосып, бір жаққа орналастырамыз
және кейіннен тұмарша өрнегімен ортасын
безендіреміз. Әдемі таңба қалуы үшін
қылқаламды түрлі бағыттарда
жалпағынан қою керек.
Өрнекті бірдей қашықтықта
орналастырып, бірдей өлшемді сақтау
қажет.
IV. ҰОҚ-нің қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Шебер сиқыршылардың
көрмесі ұйымдастырылады. Балалар
өз жұмыстарын талқылайды. Педагог
сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғысы келген затты сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Не жүзеге аспады? Аса қиын болды ма?
Кімнің суреті ең көп ұнады? Неліктен?
Тұлпарға не тілер едің?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар,
үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не
қиыншылықтар болса, екі қылқаламды;
тапсырманы орындай алмадым деп
ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд,
Тұлпардың суреті
(ойыншық), әліппе-
альбом.
26
4-ҰОҚ. Менің
арманым
(түпкі оймен сурет
салу)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс
үйлесімділігін таңдау.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті
көркем материал мен құралдарды таңдау.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
түс реңі мен сурет түсінің үйлесімін іріктейді;
•
бейненің сюжеті мен түсіне қарай қажетті көркем материалдар мен
құралдарды таңдайды;
•
жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
түстердің сәтті үйлесімінің көмегімен суреттегі бейненің көңіл күйін
жеткізеді;
•
композиция, сурет көлеміне қарай қажетті материалдар мен құралдарды
іріктейді;
•
өз ойын суретте көрсетеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
сипатты қозғалыстарды жеткізеді, сюжет қосады;
•
өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сюжет құру жөніндегі идеяларын ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• сюжетті таңдау себептерін атайды;
• композицияның мәнін ауызша түсіндірмелермен нақтылайды;
• өзінің және басқа да жұмыстарды талдайды.
Көптілділік: мамандық – профессия – profession.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• арман, мамандық, қоғамға пайда, жұмыс орны, жеке гигиена.
талқылауға арналған сұрақтар:
Сен келешекте кім болуды армандайсың?
Арманның орындалуы үшін не істеу керек?
Түрлі мамандықтар қандай пайда әкеледі?
Мамандық туралы сюжетті ненің көмегімен салуға болады?
Бастапқы білім
Адамның сипатты қозғалыстарын сурете жеткізу дағдысы, ересектердің
еңбегі, мамандықтар әлемінің алуан түрлілігі туралы түсінік.
27
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Қоңырау, соғыл,
Бізді өнер әлеміне шақыр.
Педагог жай ғана әдемі қоңырауды соғады.
(Ұ) Педагог түрлі мамандықтағы адамдардың
бейнелері бар иллюстрацияларды көрсетеді.
Балалардан бүгінгі суреттерінің не туралы
болатындығын түсінгендіктерін сұрайды. Мамандық
дегеніміз не деп сұрайды (бұл – адам өзінің бүкіл
өмірін арнайтын еңбек). Өмір сүру үшін адамдарға
бірінші кезекте қандай мамандықтар қажет?
Балаларға барлық мамандықтардың қажет және
маңызды екендігін түсіндіреді.
Музыкалық
сүйемелдеу
(бірқалыпты
ғажайып әуен),
қоңырау.
Иллюстрациялар:
«Адамдардың
мамандықтары».
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог әңгіме жүргізеді: Біздің достарымыз Айсұлу
мен Қуаныш болашақ мамандықтары туралы
армандайды. Суреттерге қараңдар және олардың нені
армандайтындығы туралы әңгімелеңдер. Мамандық
туралы арманның орындалуы үшін не істеу керек деп
ойлайсыңдар? (Алдымен мектепте, кейіннен колледж
бен институтта көп оқу керек.) Өз арманыңа жету
үшін қандай адам болу керек? (Еңбекқор, ақылды,
сау, қиыншылықтардан қорықпайтын.)
(Ұ) Суретте түрлі мамандықтардағы адамдар
бейнеленген. Барлығы дұрыс салынған ба? Осы
маман иелері немен айналысатыны жайлы досыңмен
бірге әңгімеле. Олар айналадағы адамдарға қандай
пайда әкеледі?
Бүгін бізге жұмыс үшін қандай құралдар қажет
болады? Нені қолданатындарыңды таңдап алыңдар
(бояу, қарындаштар, балауыз борлар).
(Ұ) Саусақ жаттығуы
Аспазшы тамақ дайындап жатқанда, (балалар
алақандарының қырымен үстелді ұрады)
Кенеттен жарық сөніп қалды. (саусақтарын ауада
сыртылдатады)
Аспазшы балықты алып, (сұқ саусақтарын бүгеді)
Компотқа салды. (ортаңғы саусақтарын бүгеді)
Ожаумен үстелдің үстін ұрып. (кішкентай
саусақтарын бүгеді)
Шөркені қазанға салды. (аты жоқ саусақтарын
бүгеді)
Қанытты сорпаға салып, (саусақтарымен құмшекерді
сепкенді көрсетеді)
Әліппе-альбом.
28
Ол өзіне болды разы. (алақандарын соғады)
(Ұ) Қауіпсіздік ережелері
Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен
жұмыс істеу тәртібін еске салады.
(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Суретке қарап, барлығы сендердің қай мамандықты
таңдағандарыңды табуы үшін өз қағаздарыңда не
бейнелейтіндіктеріңді ойластырыңдар.
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Педагог жұмыс ретін еске салатын тірек суреттерді
тақтаға қояды. Қарындашты нобаймен жасалатын
іс-әрекет кезеңдерін ұсына отырып, балаларды
бағыттайды: жалпы бас кескіні; шашы; бет
сипаттары; киім бөліктері. Педагог суретті түрлі-түсті
қарындаштармен, бояулармен бояу тәсілдерін еске
салады. Суреттің анағұрлым мәнерлі болуы үшін нені
бейнелеуге болатындығы туралы жеке әңгімелеседі.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті
қарындаштар,
балауыз борлар,
қылқалам №3,
акварель, суы бар
төгілмейтін
стақан,
сулық.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының көрмесі
ұйымдастырылады. Балаларға олардың ең
қызықтыларын таңдап алуды ұсынады.
– Саған қай сурет ұнады?
– Осы суретті салған бала кім болады?
– Сен қалай білдің? Саған не көмектесті?
– Саған бұл суретте не ұнады?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият,
жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды;
бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі
қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп
ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд,
әліппе-альбом.
5-ҰОҚ.
Жұлдызгүл –
мектеп гүлі
(пәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/ топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.1.1 .Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым
заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.
0.2.1.1. Саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет
салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен,
штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу.
29
Күтілетін
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;
•
затқа қарап салады, заттардың сипатты ерекшеліктерін байқайды;
•
штрихтарды бір бағытта сала отырып, балауыз борлармен сурет салады,
борды көлбеу ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
натюрморт салады;
•
сызықтардың бірқалыптылығын, бірігуін, олардың жіңішкелігін жеткізеді;
•
материалдарды тиімді жұмсайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
суретке толықтыру енгізеді, дербес ерекшелік береді;
•
борды басуды реттейді, біркелкі бояуға қол жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын игерілген іскерліктерді еске түсіреді;
• орыс, ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді тыңдап таниды;
• оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;
• түс ерекшелігін, пропорциялық қатынастарды ауызша формада
айқындайды;
• альбомда дұрыс жауап нұсқасын белгілейді, өз таңдауын негіздейді.
Көптілділік: гүлдер – цветы – flowers.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• натюрморт, затқа қарап салу, қашқаргүл – мектеп гүлі, мектепке жиналу.
талқылауға арналған сұрақтар:
Натюрморт дегеніміз не?
«Затқа қарап салу» сөзін қалай түсінесіңдер?
Қашқаргүлдер қандай түсті болады?
Неліктен оларды мектеп гүлдері деп атайды?
Бастапқы білім
Затты, оның нышандары мен түсін дұрыс жеткізу дағдысына ие.
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог пен балалар шеңбер жасап тұрады.
Педагог жаңылтпашты оқиды:
Өрмек-торды құр тездеп,
Қазір ұшып құр келмек.
Құр жоқ,
Нұрбек зыр қағып,
Құр бекерге жүр терлеп.
Ө. Ақыпбеков
Балалар қолдарын жоғары қарай созады,
алақандарын ашады, аяқтарының ұшына тартып
созылады, бірін-бірі құшақтайды және жымияды.
Музыкалық сүйемелдеу.
htt://xmusik.me/
s/3816699-Muzyka dlya
dushi – Melodiya dlya
dushi…
30
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Педагог Қуаныштың мектепке жиналуы
туралы әңгімелейді. Балаларға жиналып, бар
қажетті заттарды алуға көмектесуді ұсынады.
Педагог балаларға мектепке баратын балалар
туралы бейнематериал тамашалауды ұсынады.
Соданкейін кейін әңгіме жүргізеді: Оқушылар
дегеніміз кімдер? (Бұлар – мектепте оқитын, білім
алатын балалар.) Сендер Білім күні туралы не
білесіңдер? (Білім күні – бұл балалардың жазғы
демалыстан кейін мектепке баратын мерекесі,
жаңа оқу жылының басы.) Оқушы мектепке
дейінгі баладан несімен ерекшеленеді? (Оқушы
мектепте оқиды, форма киеді, т.б.) Ол Білім
күнінде не апарады? (Мектеп сөмкесі, гүлдер.)
Ол гүлшоқтарын кімге сыйлайды? (Мұғалімге.)
Әдетте балалар мектепке қандай гүл апарады?
(Жұлдызгүл.) Білім күнінде неге қашқаргүл
шоғырларын апарады? (Өйткені, олар күзге қарай
гүлдейді, олар әдемі.)
Қуаныштың бейнесі
бар сурет.
1 қыркүйек туралы
бейнематериал үзіндісі.
https://www.youtube.
com/
watch?v=xvC4YgyxPOc
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ө) Әліппе-альбомдағы материалмен
жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырманы орындап,
Қуанышқа сөмкесін жинауға көмектесуді
ұсынады.
Педагог әңгімені мерекелік Білім күнінде
барлығының жақсы көңіл күйде болатындығына
және Қуаныштың өз мұғаліміне гүлшоқтарын
сыйлауды шешкендігіне әкеліп бұрады.
Қуанышқа қалай көмектесуге болатынын сұрайды
(Жұлдызгүл гүлшоғын салу.)
Педагог «Гүлсауыттағы жұлдызгүлдер»
композициясын қарастыруды ұсынады.
Натюрморттың жансыз заттардың (гүлдер,
көкөністер, жемістер, т.б.) ірі пландағы бейнесі
екендігін еске салады.
Натюрморттарды зерде бойынша және затқа
қарап салады. Натюрмортты натурадан, яғни оған
қарап отырып салуды ұсынады.
(Ұ) Сергіту сәті
(Отырамыз)
Біз гүлзарларда өсетін
Гүлдерміз, гүлдерміз, гүлдерміз.(қолдарын
жоғары көтеріп, баяу тұрады)
Біз өскенде бәрі
Қуанады, қуанады,қуанады. (қол ұстасып,
шеңбермен жүреді)
Біз күзде гүлдейміз, гүлдейміз. (қолдарын алға-
артқа қарай бұлғайды).
Әліппе-альбом.
Мультфильм –
Натюрморт
https://www.youtube.
com/watch?v=Yqfjh_
yUGXM
Түрлі
натюрморттардың
3-4 иллюстрациясы,
композиция:
гүлсауыттағы
жұлдызгүл, үстел,
дастарқан.
31
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасаудың ережесі
Педагог борды қолда қалай дұрыс ұстауды еске
салады. Қауіпсіздік ережесін сақтауды сұрайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Педагогтің бейнені көрсетуі әңгімемен және
балалардың жұмысымен сүйемелденеді.
Әліппе-альбоммен жұмыс
Парақтың жоғарғы бөлігінде сары бормен
сопақша саламыз – бұл жұлдызгүлдің ортасы.
Сосын борды бастырмай, жайлап жапырақтарын
саламыз. Жұлдызгүл жапырақтарын көптеген
сызықтар түрінде бейнелеуге болады.
Сызықтарды күн сәулелері секілді орналастырып,
көлеміне қарай бірдей етіп салу керек. Оларды
бос орын қалдырмастан жиі салу қажет.
Басқа түсті бор алып, анағұрлым көлемді әрі
тірі гүл жасау үшін үстінен бірнеше сызық
қосуға болады. Тағы да бірнеше гүл қосыңдар.
Композицияға назар аударыңдар. Тағы не
салуымыз керек? (Жапырақтар, сабақ.) Гүлдердің
астына гүлсауыт салу қажет. Оны тым үлкен не
тым кішкентай жасамаңдар. Жұмысқа кірісіңдер,
жас суретшілер!
Әліппе-альбом.
Түсті балауыз
борлар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады.
Балалар өздері талдау жүргізеді. Талдау
барысында педагог сұрақтар қояды:
– Қай жұмыс ең көп ұнады?
– Неліктен?
– Сурет заттың өзіне ұқсай ма?
– Өз шоғырыңды кімге сыйлар едің?
Балалардың назарын гүлсауыт пен гүлдердің
құрылымы дұрыс берілген суреттерге аударады.
Балаларға хабарлайды: Сендердің суреттеріңнің
арқасында айналадағы бәрі жанданды, мерекеге
айналды.
Педагог балалардан кемпірқосақ түстерінің
жолақтарын көрсетуін ұсынады: сары түс –
өте тартымды, қызықтырарлық; күлгін түс –
тартымды емес, жабырқанқы.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд, әліппе-
альбом.
32
6-ҰОҚ. Мектебім –
отбасым
(сюжетті)
Мектеп/МҰ :
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш
жүргізу арқылы суретті бояу.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті
көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер Барлық тәрбиеленушілер:
•
заттарды жерге, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып
бейнелейді;
•
қылқаламды түрлі бағытта жүргізіп, суретті бояйды;
•
көркем материалдар мен құралдарды таңдайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
оқу міндетіне сәйкес сюжетті сурет жасайды;
•
түс таңдайды, заттардың формасын, пропорцияларын ескереді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
сюжетті сипатты бөлшектермен түрлендіреді;
•
суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• алынған ақпарат пен бар білімді салыстырады;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын
бекітеді;
• тақырыпқа деген қызығушылық тудыратын көркем сөзге құлақ салады;
• түс пен пропорциялық қатынастардың ерекшелігін ауызша формада
айқындайды;
• сабақта қорытынды сұрақтарға жауап береді және өз жетістіктерін
бағалайды.
Көптілділік: достық–дружба–friendship.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• мектеп ұжымы, мектептегі достар, достық, сюжетті сурет.
талқылауға арналған сұрақтар:
«Мектеп ұжымы» сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
Кімдерді мектептегі достар деп атауға болады?
Достық дегеніміз не?
Мектеп туралы қандай сюжет құрастыруға болады?
Бастапқы білім
Нысандар мен кеңістіктік қатынастар арасында мәндік байланыстар
орнатады, тақырып мазмұнын жеткізеді, басты тұсын айқындайды.
33
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог балаларды шеңберге шақырады.
Балалар, бүгін біз өзгеше, сөзсіз сәлемдесеміз
– досымызбен құшақтасып, жымиямыз.
(Ұ) Педагог балаларға Қуаныштың мектепке
барып, балалармен қалай достасуды білмегені
туралы әңгіме айтады. Балаларға оған
көмектесуді ұсынады.
(т) Педагог балаларға жақсы және жаман
әрекеттер туралы сюжетті суреттер
жиынтығын таратады. Әрбір топ жақсы
әрекетті анықтап, ол туралы қысқаша
әңгімелеу ұсынылады. Сұрақтар қойылады:
мектепте достарың көп болу үшін не істеу
керек? Қандай болуың керек? Қандай
әрекеттер жасауың керек? Достық дегеніміз
не? Сұрақтар сюжеттерді таңдау және оларды
тақтада орналастырумен сүйемелденеді.
Балаларға сұрақ: Қуаныштың балалармен
достасуына сендер қалай көмектестіңдер?
Музыкалық сүйемелдеу.
Адамгершілік қылықтар
туралы иллюстрациялар
(иллюстрацияларда
мәнерлі ишара, көңіл күй
білдірілген балалардың
жақсы және жаман
әрекеттері бейнеленуі
тиіс).
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен
жұмыс.
Педагог әліппе-альбомды ашып, бірінші
тапсырманы орындауды ұсынады. Жылы және
суық түстер туралы білім бекітіледі.
(Ұ) Педагог жұмбақ оқиды, жұмбақтың
жауабы мектеп ұжымының тағы бір мүшесі
екендігін айтады.
«Сендерге оқуды, санауды,
Көбелек ұстауды, гүл өсіріп,
Бәріне қарап, есте сақтауды,
Отанды сүюді кім үйретеді …»
(тәрбиеші, мектепте – мұғалім)
Педагог сұрақ қояды: балалар «мектеп
ұжымы» сөз тіркесін қалай түсінеді?
Балалардың бірнеше нұсқасын тыңдайды.
Балалармен бірге қорытынды жасайды.
(Ұ) Сергіту сәті.
Ойын түрінде жүреді. Балалар тұрады, «Иә»
деген жауап болғанда алақандарын соғады,
«Жоқ» деген жауап болғанда аяқтарымен
тарсылдатады.
Біз ынтымақты боламыз ба? (Иә-иә-иә.)
Достығымызды бағалаймыз ба? (Иә-иә-иә.)
Бірге ойнайтын боламыз ба? (Иә-иә-иә.)
Әліппе-альбом.
34
Досымызға көмектесеміз бе? (Иә-иә-иә.)
Досымызды ашуландырамыз ба? (Жоқ-жоқ-
жоқ.)
Күлкі сыйлаймыз ба? (Иә-иә-иә.)
Досымызды өкпелетеміз бе? (Жоқ-жоқ-жоқ.)
Ал таластарын шешеміз бе? (Иә-иә-иә.)
Біздің достығымыз берік бола ма? (Иә-иә-иә.)
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау
Педагог балалардан қылқаламды қолда қалай
дұрыс ұстауды көрсетулерін сұрайды.
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын таза ұстау
қажеттілігіне ынталандырады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Өз қалауларыңа қарай түс таңдаңдар. Кімді
салғыларың келетінін ойластырыңдар.
Иллюстрацияларға назар аударыңдар, қандай
сюжет салғыларың келетінін ойластырыңдар.
Суреттеріңдегі кейіпкерлердің не істейтінін
ойластырыңдар.
Алдымен адамдарды салу керек. Балалармен
бірге ересек адамның сұлбасын биік, ал
балалардың сұлбасын кіші етіп жасау керек
деген қорытынды жасайды. Артынан сурет
сюжетті болатын заттар мен әрекеттерді
қосыңдар.
Балалар жай қарындашпен нобай салады.
Кейіннен акварельмен сурет салуға
кіріседі. Қалауына қарай ұсақ бөлшектерді
фломастерлермен толықтырады.
Балалар мен тәрбиешінің
бейнелері бар сюжетті
суреттер.
Әліппе-альбом.
Жай қарындаштар,
фломастерлер, акварель,
қылқалам №3, №6, суы
бар төгілмейтін стақан,
мақта майлықтар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады.
Педагог: Енді біз «мектеп ұжымының» не
екендігін білеміз және қарым-қатынас жасап,
достаса аламыз. Өз суреттеріңе қараңдар.
Олар бізге достық туралы әңгімелейді.
Балалар өз жұмыстарын талқылайды.
Қалауына қарай өз сюжеті туралы әңгімелейді.
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Кімнің суреті көбірек ұнады? Неліктен?
Балалар педагог ұсынған суретті таңдап, оны
тақтадағы көк түске жапсырады. Менің көңіл
күйім: күнге, бұлтты күнге, бұлтқа, жаңбырлы
бұлтқа, найзағайлы бұлтқа ұқсайды.
Балалардың жұмыстарын
орналастыруға арналған
стенд, әліппе-альбом.
|