Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата03.12.2019
өлшемі0,61 Mb.
#52945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
suret-salu metodika kaz 6-let


IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Домбыра мұражайы ұйымдастырылады.
Талдауды балалар жасайды. Талдау барысында 
педагог сұрақтар қояды:
– Қай жұмыс ең көп ұнады?
– Неліктен?
– Сурет шын домбыраға ұқсай ма?
– Кімнің өз домбырасын ақынға сыйлағысы келер 
еді?
Ақын балаларға шығармашылық жұмыстары 
үшін алғыс білдіреді және оларға ән сыйлайды.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс 
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш 
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар 
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай 
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды 
бояңдар. 
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд, 
әр орындап 
жатқан ақынның 
бейнежазбасы.
Әліппе-альбом.
 

55
14-ҰОҚ.  
Қазақстан – 
мақтанышым! 
(сюжетті)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша 
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, 
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын 
бейнелеу.
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс 
үйлесімділігін таңдау.
0.2.2.1 Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді, 
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін 
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• 
заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, 
олардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді; 
• 
түс үйлесімін іріктейді, суретті түпкі ой бойынша салады;
• 
жұмыс орнын таза ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
заттардың пішінін, көлемін, пропорцияларын ескере отырып, олардың 
кеңістіктік арақатысын суретте көрсетеді; 
• 
суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін түс таңдайды, суретте өз ойын 
жеткізеді;
• 
жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
сюжет қосады, суреттің мәнін ашады;
• 
өз ойын шығармашылықпен жеткізеді; 
• 
материалдарды тиімді пайдаланады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сюжет құру жөнінде идеялар ұсынады;
• бейненің түпкі ойын түсіндіреді; 
• сюжет таңдаудың себептерін атайды;
• суреттерден көргенін сипаттайды;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.
Көптілділік: Отан –Родина–Motherland.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• Отан, елін мақтан тұту, Қазақстан елі, пейзаж, перспектива.
талқылауға арналған сұрақтар:
Отан сөзін қалай түсінесіңдер? 
Біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстанда қандай пейзаждарды көруге болады?
Бастапқы білім
Тақырып мазмұнын жеткізу және ондағы басты ойды жеткізу дағдысы.

56
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң  көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді 
көргеніме қуаныштымын. Бүгін біз уақытты бірге өте 
қызықты өткіземіз деп үміттенемін.
Қолдарымызды жоғары көтереміз.
– Сәлеметсің бе, Аспан! Біз сенімен кездескенімізге 
қуаныштымыз. Сен сондай биік, еркін әрі шексізсің! 
Қолдарымызды төмен қарай түсіреміз.
– Саған сәлем беремін, Жер! Сен барлығына өмір 
сыйлайсың! 
Қолдарымыздыды жан-жаққа созамыз.
– Саған сәлем, Су! Сен – жер бетіндегі тіршілік көзісің! 
Алақандарымызды жоғары қаратып, қолдарымызды 
жан-жаққа көтереміз.
– Саған сәлем беремін, Ауа! 
Алақандарымызды жоғары қаратып, қолдарымызды 
жоғары көтереміз
– Саған сәлем, Күн! Сен сондай мейірімді және 
ыстықсың!
– Біз туған еліміздің балаларымыз!
Біз Қазақстанда тұрамыз! 
Осыны мақтан етеміз!
(Ұ) Педагог Қазақстан ішінде саяхатқа аттануды 
ұсынады. Балаларға Қазақстанның табиғаты туралы 
бейнеүзінді көрсетеді. 
Балалар бүгінгі сабақта немен айналысатындарын білді 
ме? (Қазақстанның табиғатының суретін салу.) Табиғат 
бейнесі бар сурет қалай аталады? (Пейзаж.)
Музыкалық 
сүйемелдеу 
(күй).
Асылбек 
Еңсепов http://
xmusik.me/
s/64871717-
Asylbek_
Ensepov_-_
Hafiz_kazahskij_
kyuj/
http://video.
mivzakon.
co.il/search/
Қазақстанның  
табиғаты.
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, Ж) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Педагог Айсұлу мен Қуанышқа ұлттық мұражайға 
дұрыс жол табуға көмектесуді ұсынады. Өз жауаптарын 
түсіндіруді сұрайды. 
Мұражайда балалар көптеген картиналарды  көрді, 
алайда қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналары 
оларға өте ұнады. Неліктен деп ойлайсыңдар? 
Суретші осы картиналарда нені бейнелеген? Табиғаттың 
әсемдігін жеткізу үшін ол қандай түстерді пайдаланған? 
Қандай материалдарды қолданған? (Бояулар.) 
Бүгін бізге жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет 
болады? Нені қолданатындарыңды таңдап алыңдар 
(Қарындаштар, балауыз борлар). 
(Ұ) Сергіту сәті
Кәне, балалар, тұрыңдар! (Тұрады.)
Өзіміз киіз үй құрастырамыз! (Қолдарын бастарының 
жоғарғы жағына күмбездеп қояды.)
Керегесі – бұл қабырғалары. (Қолдарын айқастырады.)
Әліппе-альбом.
Қазақстанның  
табиғаты 
бейнеленген 
Ә.Қастеевтің 
2–3 картинасы.

57
Кәне, оларды созайық. (Қолдарын екі жағына созады). 
Шаңырақты көтерейік. (Аяқтарының ұшына тұрады, 
қолдарын жоғары созады). 
Уықтарын қояйық. (Қолдарын түсіреді)
Түндігін жауып, аяқтайық!  (Алға қарай иіледі.)
Біз киіз үйді осылай құрастырдық.  (Алақандарын 
соғады.)
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс  жасау техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен 
жұмыс істеу тәртібін еске салады. 
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Жақында орналасқан заттар қашықта орналасқан заттарға 
қарағанда үлкен болып көрінеді. Оларды ірілеу етіп сала 
отырып, біз оларды жақындатқандай боламыз. Пейзаж 
салу кезінде заттардың бір-біріне қатысты орналасқан 
қашықтығын дұрыс беру керек. Суреттің алдыңғы 
қатарында жақында орналасқан заттар бейнеленеді. 
Сондықтан олар ірі етіп салынады. Артқы планда – 
қашықта орналасқанның барлығы. Олар анағұрлым ұсақ 
етіп салынады. Бұл перспектива деп аталады.
Нені салатындарыңды ойластырыңдар. Көмек 
ретінде әліппе-альбомдағы суреттерді, тақтадағы 
иллюстрацияларды пайдаланыңдар, сабақ басындағы 
фильмнен кадрларды еске түсіріңдер.
Әліппе-дәптер.
Балалардың 
қалауына қарай 
түрлі- үсті 
қарындаштар, 
балауыз борлар. 
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы. 
рефлексия.
26-30 минут
(Ұ,  Ө)  «Менің  Отаным  –  Қазақстан»  сурет  галереясы 
ұйымдастырылады. 
Педагог  балаларға  қалауларына  қарай  өз  ойлары,  көңіл 
күйі туралы әңгімелеуді ұсынады.
– Өз суретіңде саған не ұнайды?
– Ойлағаныңды сала алдың ба? Сала алмаған болсаң, не 
бөгет болды?
Педагог  балаларға  сабақтағы  жақсы  жұмысы  және 
Қазақстан  ішіндегі  саяхаттағы  тату  ұжым  үшін  алғыс 
білдіреді.
Балалар педагог ұсынған суретті таңдап, оны тақтадағы көк 
түске жапсырады. Менің көңіл күйім: күнге, бұлтты күнге, 
бұлтқа, жаңбырлы бұлтқа, найзағайлы бұлтқа ұқсайды.
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом.
15-ҰОҚ.  Су асты 
әлемі (сәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың 
саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен 
олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу.
0.1.1.2. Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ 
өрнектерінің түрлерін салу.
0.2.1.4. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш 
жүргізу арқылы суретті бояу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін 
сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

58
Күтілетін 
нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• 
қарапайым заттарды бейнелейді;
• 
дәстүрлі емес сурет салу тәсілдерін меңгереді;
• 
қылқаламды түрлі бағытта жүргізу арқылы суретті бояйды;
• 
жұмыс орнын таза ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• 
сюжетті сурет жасайды;
• 
түрлі сызықтарды пайдаланып, түпкі ойды жүзеге асырады;
• 
суды бейнелеп, қылқаламды солдан оңға қарай жүргізеді;
• 
материалдарды тиімді жұмсайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• 
композицияны түрлендіреді;
• 
суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
• сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске түсіреді; 
• түпкі ойды салынатын нысанға айналдырады;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді;
• сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада айқындайды; 
• бейнеленетін нысанның сырт келбетіне сипаттама береді.
Көптілділік: теңіз –море – sea.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• су асты әлемі, теңізді мекендеушілер, мозаика, түрлі түсті фрагменттер.
талқылауға арналған сұрақтар:
Су асты әлемі дегеніміз не? 
Су асты әлемін мекендеушілер кімдер?
Теңіздегі балықтар қандай түсте болады?
Су асты әлемін бейнелеуде қандай түстерді қолдануға болады?
Суретті фрагменттерге қалай бөлуге болады?
Мозаика дегеніміз не?
Мозаикада қандай түстерді қолданған дұрыс?
Бастапқы білім
Суретте түстердің әдемі үйлесімдерін пайдаланады.
Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй 
қалыптастыру.
0–1 минут
(Ұ) Сабақта оң  көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Қазір біз сендермен бірге саяхатқа аттанамыз. 
Көздеріңді жұмыңдар. Сендер теңіз жағалауындасыңдар. 
Тамаша жазғы күн, жұмсақ құм. Көгілдір аспан, жылы 
күн. Сендер теңіз дыбысын естіп тұрсыңдар... Теңіз 
суының жағымды салқынын сезесіңдер. Жеңіл және еркін 
тыныс аласыңдар. Көңіл-күй сергек және шат болады. 
«Үш» дегенде көздеріңді ашасыңдар.
Музыкалық 
сүйемелдеу 
«Теңіз 
дыбысы».

59
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Педагог су асты әлеміне саяхат жасауды ұсынады.
Педагог балаларға су асты әлемі туралы бейнесюжет 
көріп, балықтардың түстерін қарауды және түстердің 
үйлесіміне назар аударуды ұсынады. Түрлі-түсті 
балықтардың мозаикаларға ұқсастығы туралы аналогия 
жүргізеді. 
Балалар мозаиканың не екендігін біле ме?
Балаларға мозаиканың не екендігін түсіндіреді (суретті 
ұсақ бөлшектерге бөлу және оларды әртүрлі түсті 
бояулармен бояу). Балаларға мозаика стилінде орындалған 
3-4 композиция көрсетеді. Сұрақ: Сендер мозаиканы қайда 
кездестірдіңдер?
Маржан 
рифтері 
туралы бейне-
фрагмент
https://www.
youtube.com/
watch?v=
GSAx3l7CPYs;
мозаика 
стилінде 
орындалған 
композициялар
III. ҰОҚ-нің 
тақырыбы 
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
• 
(Ұ) Әліппе-альбомдағы  материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды орындап, 
кейіпкерлердің қайда аттанғандығын табуды және өз 
шешімдерін түсіндіруді сұрайды. 
Проблемалық сұрақ: қандай балықтың жұбы жоқ?
(Ж) Педагог үй шарттарында су асты әлемін қайдан 
көруге болатындығын досымен талқылауды ұсынады. 
Балықтардан басқа қандай суқойма мекендеушілерді 
білесіңдер? Су асты әлемі тұрғындарының түсі қандай? 
Суды бейнелеу үшін қандай түстерді пайдалану қажет?
(Ұ) Сергіту сәті
Педагогтің қалауы бойынша өткізіледі.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін еске түсіруді ұсынады. 
Балалардан қылқалдамды қолда қалай дұрыс ұстау 
керектігін көрсетуді сұрайды. Қылқаламмен қауіпсіз 
жұмыс істейді.
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау 
қажеттілігіне ынталандырады.  
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты 
сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Балаларға мозаика тәсілімен әдемі балықты салуды 
ұсынады. Материалды (фломастерлер, бояулар) 
өз қалауына қарай таңдаңдар. Алдымен балықты 
фломастермен салу керек, оны мозаика фрагменттеріне 
бөліп, гуашь бояулармен суретті бояу қажет. Неге акварель 
емес, гуашь бояуларды алу керек? (гуашь бояулар азырақ 
ағып кетеді, олар қаймақ секілді қою) Әр фрагментті 
айқын етуге тырысу керек.  
Әліппе-альбом.
Қылқалам
Әліппе-альбом
Фломастерлер, 
гуашь, 
қылқаламдар, 
суы бар 
төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26-30 минут
• 
(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады. Балалар өз 
жұмыстарын талқылайды. Өз балығы туралы әңгімелейді. 
Оған есім мен қысқаша сипаттама ойлап табады. 
Кімге өз жұмысы ұнады? 
Салғысы келгенді сала алды ма? 
Бірдеңе болмады ма? Аса қиын болды ма? 
Кімнің суреті көбірек ұнады? Неліктен?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият, жақсы 
орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды; бірдеңе 
ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі қылқаламды; 
тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір 
қылқаламды бояңдар. 
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған стенд. 
Әліппе-альбом

60
16-ҰОҚ.
Жаңажылдық 
керемет
(ұжымдық жоба, 
қалыпты емес сурет 
салу тәсілдері)
Мектеп/МҰ: 
Күні: Мектепалды 
даярлық
Педагогтың аты-жөні:
Сынып/топ: 
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.4.1 Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен 
және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, 
заттардың текстурасын бейнелеу
0.2.1.5 Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай көркем 
материал мен құралдарды таңдау
Күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар:
• 
Жаңа жылдық шырша әшекейлерінің текстурасын бейнелейді, 
қарапайым дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданады
• 
Қажетті көркем материалдарды таңдайды 
Оқушылардың көпшілігі:
• 
Суретті түрлі дәстүрлі емес техникалармен орындайды 
• 
Командамен жұмыс жасау іскерлігін пайдаланып, түпкі ойды жүзеге 
асырады
• 
Бейненің түсін таңдайды, оның көлемін басқа суреттермен 
салғастырады
Кейбір оқушылар:
• 
Шағын топта жұмысты ұйымдастырады
• 
Суретке дербес ерекшелік береді
тілдік мақсат
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады: 
Бар білімді талдайды, оларды практикада қолданады
Жалпы түпкі ойды анықтайды 
Шағын топта келіссөздер жүргізеді
Топтың жұмыс жасау тәсілін таңдайды
Тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын 
бекітеді
Көптілділік:
Жаңа жыл-Новый год-New Year
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Жаңа жыл, мерекелік көңіл-күй, шырша ойыншықтары, командада жұмыс 
жасау
талқылауға арналған сұрақтар:
Жаңа жылды тойлау туралы не айта аласыңдар? 
Жаңа жылға қатысты қандай дәстүрлер бар?
Шыршаны немен безендіреді?
Бастапқы білім
Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру дағдылары, дәстүрлі емес сурет салу 
тәсілдері туралы білім

61
Жоспар
Жоспарланатын 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет 
ресурстар
I. Оң эмоциялық 
көңіл-күй 
қалыптастыру.
0-1 минут
II. Өмірлік 
тәжірибені 
жандандыру. 
Мақсатты 
тұжырымдау.
2-5 минут
(Ұ) Сабақта оң эмоциялық көңіл-күй 
қалыптастыру
Педагог: Мен бәріңді де сау, көңілді көргеніме 
қуаныштымын! Сендердің осы көңіл-күйлерің 
кешке дейін сақталғанын қалаймын! Ал бұл 
үшін біз көбірек күліп, бір-бірімізге көмектесуге 
тиіспіз! Қыс бізге әсем қар әкелді. Өздеріңе 
ұнаған қарды таңдаңдар. Балаларға әртүрлі түстегі 
қарларды (көк, көгілдір, ақ) таратады, оларды 
сабақтың соңына дейін сақтауды сұрайды.
(Ұ) Педагог шырша ойыншықтары бар қорапты 
шығарады. Балаларға айтады: Мен шыршаның 
ойыншықтары мен әшекейлерін іріктеп отырып, 
олардың көпшілігінің жарамсыз екендігін: 
жыртылғанын, сынғанын анықтадым. Оларды 
лақтырып тастауға тура келді. Шыршаны немен 
безендіре аламыз? Не ойлап табуға болады? (сатып 
алу, өзіміз жасау, үйден әкелу). Қорапта бірнеше 
жақсы ойыншық пен әшекей қалыпты. Балалар 
қораптағы жаңа жылдық әшекейлер мен шырша 
ойыншықтарын қарайды. Онда бардың барлығын 
түгендейді. Ойыншықтардың арасында майшам 
жиынтығы да бар. Педагог шыршаны майшаммен 
безендіруді ұсынады. Балалар шыршаны 
майшаммен безендіруге болмайтындығын айтады.
- Неліктен? Шыршаны басқа немен безендіруге 
болмайды? (істен шыққан гирлянда)
- Шыршаның жанында тағы не істеуге болмайды 
және неліктен? (Бенгал оты, отшашу, шартылдақ, 
петарда жағу)
Педагог қол сиқырын пайдаланып, шыршаны 
безендіруді ұсынады. Сиқырлы айналдыру 
көмегімен оған ойыншықтар салады.
Музыкалық 
сүйемелдеу (ғажайып 
музыка),
Балалардың санына 
қарай бірдей 
бөлінген әртүрлі 
түстегі қарлар (көк, 
көгілдір, ақ) 
Шырша әшекейлері 
бар қорап (шарлар, 
майшам жиынтығы), 
ватмандағы (не 
ойыншық) кішкентай 
шырша 
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша 
жұмыс
6 – 25 минут
• 
(Ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстративті 
материалмен жұмыс.
Жаңа жылға балаларға кім асығады? (сыйлықтары 
бар Аяз Ата, Ақшақар, Аққала). Қуаныш пен 
Айсұлуға шыршадағы жұлдызшаға жетуге 
көмектесіңдер. 
(Ұ) Келесі бете балаларды Аққала күтеді, ол 
зейінге, сурет салу алдында қолды жаттықтыруға 
арналған тапсырма ұсынады.
(т) Педагог балаларға шырша ойыншықтарының 
шеберханаларына бөлініп, жұмысқа кірісуді 
ұсынады. Ол үшін өз қарларын (сабақ басында 
алынған) біріктіруі керек. Балаларға таныс 
дістүрлі емес сурет салу тәсілдерін талқылауды 
және таңдауды ұсынады. Әр шеберхана жұмыс 
жасау үшін өз тәсілі мен құралдарын таңдайды. 
Әліппе-альбом.

62
• 
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін еске түсіруді 
ұсынады. Балалардан қылқалдамды қолда қалай 
дұрыс ұстау керектігін көрсетуді сұрайды. 
Қылқаламмен қауіпсіз жұмыс жасайды. Партада 
отыру ережелерін еске салады.
Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын тазалықта ұстау 
қажеттілігіне ынталандырады.  
• 
(Ұ) Жұмысты орындау технологиясы 
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
• 
Әліппе-альбоммен жұмыс.
• 
Балаларға үш топқа бөлінуді ұсынады.
• 
Сурет салу тәсілін анықтау үшін сорғыш, 
майшам мен қағаз парақшасының бейнесі 
бар карточкаларды ұсынады. Топтардан 
карточкалардың бірін таңдауды сұрайды.
1 топ. Сорғышпен бастыру тәсілімен сурет салады. 
Гуашьты сорғышқа тигізеді, қағаз бетінде таңба 
жасайды. 
2 топ. Парафин майшам не балауыз бормен сурет 
салады, артынан суретті акварельмен бояйды.
3 топ. Суреттерді дымқыл қағазда орындайды.
Педагог әр ойыншықты айқын, әдемі етіп істеуге 
тырысуды сұрайды.  
Жұмыс аяқталғаннан кейін балалар кескін 
бойынша ойыншықты кесіп алады, оны ватманда 
бейнеленген шыршаға жабыстырады. Немесе 
топтағы жасанды шыршаға орналастырады.
Әліппе-альбом
Акварель, парафин 
майшамдар, балауыз 
борлар;
Шағын текшее 
түріндегі поролон 
сорғыштар, 
гуашь, палитра, 
түрлі көлемдегі 
қылқаламдар, суы 
бар төгілмейтін 
стақан, мақта 
майлықтар, қайшы, 
желім-қарындаш.
IV. ҰОҚ-нің 
қорытындысы. 
рефлексия.
26-30 минут
• 
(Ұ, Ө) Балалар безендірілген шыршаны 
тамашалайды. Педагог сұрайды:
Сендерге бүгін не істеген көбірек ұнады?
Сабақтан кейінгі көңіл-күйлерің қалай?
Қиын болды ма? Бірдеңе болмады ма?
Балалар шеңбер құрып отырып сабақта не 
жасағандарын, әлі де қандай жұмыстар атқарулары 
керектігі туралы  бір-біріне «қар кесегін» (қағаздан 
жасалған)  бере отырып  айтады.
Балалардың 
жұмыстарын 
орналастыруға 
арналған шырша. 
Әліппе-альбом

63
17-ҰОҚ. аққала бізге 
қонаққа келді
(пәндік)
Мектеп/МҰ: 
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны: 
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу 
мақсаттары
0.1.5.2. Суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс 
үйлесімділігін таңдау.
0.1.2.1. Негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар 
мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет 
салу.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай 
қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет