IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) «Менің туған қалам/ауылым» шағын көрмесі
ұйымдастырылады.
Балалар өз жұмыстарын талқылайды.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Жұмыс мұқият, жақсы орындалды деп ойлайсың ба,
әлде онша емес пе?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс мұқият,
жақсы орындалды деп санасаңдар, үш қылқаламды;
бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар болса, екі
қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп
ойласаңдар, бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
21-ҰОҚ. Киіз үй –
жайлы қоныс
(сәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.1.2. Түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және
қазақ өрнектерінің түрлерін салу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерді салады;
• қағаз реңі мен түс үйлесімін таңдайды;
• Жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• қазақ өрнегінің элементтерін дұрыс бейнелейді;
• суреттегі көңіл күйді ырғақ және түстің көмегімен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• композицияны толықтай алгоритмге сай орындайды;
• кейіпкерге арналған ұсынылатын тілектерді айтады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
• өз таңдауын түсіндіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын
бекітеді;
• сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада сипаттайды;
• сабақта қорытынды сұрақтарға жауап береді және өз жетістіктерін
бағалайды.
Көптілділік: киіз үй – юрта –yurt.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• киіз үй, шаңырақ, кереге, өрнек, өрнектің орналасуы.
74
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай үйді көшу кезінде бұзып, қайта жинауға болады?
Киіз үй неден тұрады?
Киіз үйдің төбесіндегі саңылау қалай аталады?
Киіз үйдің қабырғалары қалай аталады?
Киіз үйдің ішкі жасауы қандай және қалай әшекейленеді?
Бастапқы білім
Рең мен суреттің түсін таңдайды, композицияны анықтайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Киіз үй –көшпелі өмірге бейімделген,
ерте заманнан келе жатқан көшпелілер
баспанасы екенін балаларға түсіндіреді.
(Ұ) Кәне, балалар, тұрыңдар,
Киіз үй құрастырыңдар. (орындарынан тұрып,
бір-бірінің қолдарынан ұстайды)
Қабырғасы – кереге.
Оны біз созайық. (керіліп тартылады)
Шаңырағын көтеріп,
уықтарын қояйық. (қолдарын алға қарай
созып көтереді)
туырлық, үзік, түндіктерін жабайық
(қолдарын жоғары көтереді де, артынан
түсіреді).
Міне, өздерің киіз үй құрастырдыңдар.
Сабақтың тақырыбымен байланыстырады.
Педагог киіз үйдің көшпенділердің
тасымалданатын қонысы екендігі туралы
ақпарат береді. Ол тез жиналады және оңай
бұзылады.
Киіз үйдің негізін төрт негізгі элемент құрайды:
уық, кереге, сықырлауық, шаңырақ.
Киіз үйдің қандай негізгі бөліктері бар?
Киіз үй заманауи үйден несімен ерекшеленеді?
Педагог киіз үйдің әлемдегі ең жеңіл үй екендігі
туралы қорытындыға әкеледі, оны бірнеше
сағат ішінде құрастырып не жинап, алып кетуге
болады.
Музыкалық сүйемелдеу.
«Домбыра дыбыстары»
http://iplayer.fm/
song/3831941/
DOMBRA_-_
KRASIVAYAMUZYKA_
KAZAHSKAYA/
Қазақ халқының
тұрмысы мен
мәдениеті. Алматыкітап
баспасы, 2006 ж.
Киіз үйді
жинау реті
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог тапсырманы орындауды ұсынады:
Қуанышқа барлық бөліктерін бірге жинағанда
не болатынын білуге көмектесіңдер.
(Ж, Ұ) Педагог досымен бірге қандай өрнек
түрлерін білетіндерін талқылауды және олардың
неге ұқсайтындықтарын айтуды сұрайды.
Қарапайым қазақ өрнегі түрлерінің атауларын
бекітеді: Тұмарша, қошқармүйіз, балта.
75
Балалардан ұсынылған реңге сәйкес өрнектің
қандай түсін таңдау керек екендігін сұрайды.
(Ұ) Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бәрін-бәрін қосқанда,
Болады екен он саусақ.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. (саусақтарын бір-
бірлеп санайды).
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Өткір заттармен жұмыс істеу барысында
қауіпсіздік техникасын сақтау туралы еске
салады, жеке гигиена ережелерін орындайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Киіз үйді салу кезінде қағаз бетінде тік
төртбұрыш салу қажет, үстінен жартылай
шеңбер саламыз, киіз үйдің күмбезі шығады
және күмбезде жартылай шеңбер – шаңырақ
саламыз, киіз үйді өрнекпен безендіреміз.
Педагог шығармашылық міндетті нақтылайды:
киіз үйді қазақ өрнегімен безендіру. Балаларға
сәндік суретті орындау алгоритмін түсіндіреді.
Өрнектің әрдайым бұйымның формасына қарай
жасалатынын еске салады. Текшеде ортасы
мен бұрыштары боялады, ал дөңгелек пен
сопақшада ортасы мен шеттерін бояуға болады.
Өрнектің түсін өз қалауларыңа қарай таңдаңдар.
Өрнекті бірдей қашықтықта орналастырып,
бірдей өлшемді сақтау қажет.
Әліппе-альбом.
Тұмарша, қошқармүйіз,
балта бейнелері.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті
қарындаштар, балауыз
борлар, фломастерлер.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26-30 минут
(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының көрмесі
ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын
талқылайды.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Бірдеңе болмады ма? Аса қиын болды ма?
Кімнің суреті көбірек ұнады?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар,
үш қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не
қиыншылықтар болса, екі қылқаламды;
тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар,
бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
76
22-ҰОҚ. Бір
шаңырақ астында
(сюжетті)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.1.1. Саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет
салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен,
штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
•
борды көлбеу ұстап, штрихтарды бірқалыпты салады;
•
жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
сюжетті сурет жасайды;
•
түпкі ойды жүзеге асырады;
•
материалдарды тиімді жұмсайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
композицияны түрлендіреді;
•
суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске түсіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын
бекітеді;
• сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада айқындайды;
• бейнеленетін нысанның сырт келбетіне сипаттама береді.
Көптілділік: жиһаз – мебель – furniture.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• дастарқан, сандық, көрпе, ошақ.
талқылауға арналған сұрақтар:
Киіз үйде қандай бұйымдар бар?
Киіз үйдің ортасында не орналасады?
Жиһаз заттарын киіз үйде қалай дұрыс орналастыруға болады?
Бастапқы білім
Өрнекті кезектестіру, сәндік өрнек жасау туралы білімді қолданады.
77
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Қазір біз сендермен бірге саяхатқа
аттанамыз. Көздеріңді жұмыңдар. Сендер ғажайып
алаңқайдасыңдар. Құстар ән салуда, күн жарқырап
тұр. Сендер бір дыбыс естисіңдер, сендердің киіз
үйдің табалдырығынан аттауды ұсынады... Жағымды
ортаны сезесіңдер, жаңа піскен бауырсақтың иісі
мұрын жарады. Жеңіл және еркін тыныс алынады.
Көңіл күй сергек және көңілді. «Үш» дегенде
көздеріңді ашыңдар.
(Ұ) Педагог киіз үй әлеміне саяхат жасауды ұсынады.
Балаларға киіз үйде бұйымдарды орналастыру туралы
слайдтар көруді, киіз үйдегі әрбір заттың өзінің
арнайы орнының бар екендігін қарауды ұсынады.
Сабақ тақырыбымен байланыстырады, киіз үй
бұйымдарын салады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Қазақ халқының
тұрмысы мен
мәдениеті.
Алматыкітап
баспасы, 2006 ж.
Киіз үйдің
бұйымдары
туралы слайдтар.
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды
орындауды, тұрмыс заттарының маңызын атай
отырып, Айсұлуға оларды дұрыс орналастыруға
көмектесуді ұсынады.
Проблемалық сұрақ: Киіз үйдің ортасында не
орналасады?
(Ұ) Сергіту сәті
түрлі түстер
Қызыл, жасыл, көк...,
Түрлі түстер көп.( Қолдарын жанына қойып
айналады.)
Аппақ түсім – сүт,
Бозғылт түсім – бұлт.( Қолдарын жоғары көтереді.)
Жасыл бояу – шөп,
Сары бояу – сөк.( Жерге отырады.)
Қара түсім – қас,
Сұрғылт түсім – тас.( Аяқтарымен топылдатады.)
Мөлдір бояу – су,
Көкшіл – біздің ту! (Оң қолдарын жоғары көтеріп,
бір-бірінің соңынан шеңбер құрып жүреді.)
Е. Өтетілеуұлы
Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін еске түсіруді
ұсынады. Тәрбиеленушілерді жұмыс орнын
тазалықта ұстау қажеттілігіне ынталандырады.
Әліппе-альбом.
Музыкалық
сүйемелдеу.
78
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты
сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс
Жұмысқа арналған материалды өз қалауларыңа қарай
таңдап алыңдар. Сурет салудың кезектілігін айтады:
алдымен киіз үйдің ішкі көрінісін фломастермен
ашық қырынан (в разрезе) салып, одан кейін киіз
үйдің жиһаздарын салу қажет.
Әліппе-альбом.
Түрлі түсті
қарындаштар,
балауыз борлар,
фломастерлер.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26-30 минут
(Ұ, Ө) Сурет галереясы ұйымдастырылады.
Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма? Қиындықтар
болды ма, жұмыс аса мұқият орындалды ма?
Аса қиын болды ма?
Кімнің суреті көбірек ұнады?
Педагог балаларға қазақ ою-өрнектерінің
элементтерін күнге немесе бұлтқа жапсыруларын
ұсынады. Сабақ ұнады, қызықты болды – күнге
жапсыру. Ұнамады, қызықсыз, қиындықтар кездесті –
бұлтқа жапсыру.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд.
Әліппе-альбом.
Қазақтың
қолданбалы
өнері.
Алматыкітап
баспасы, 2006 ж.
23-ҰОҚ. Шеберлер
ауылында
(сәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың
саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.2.3. Өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін
2-3 элементтен кезектестіріп ырғақты орналастыру.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай
қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым сәндік заттарды
салады;
•
геометриялық пішіндер мен өсімдіктер элементтерін өрнекте
кезектестіреді.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
қазақ өрнегінің элементтерін дұрыс бейнелейді;
•
суреттегі көңіл күйді түстің көмегімен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
композицияны толықтай алгоритмге сай орындайды;
•
кейіпкерге арналған ұсынылатын тілектерді айтады.
79
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
• өз таңдауын түсіндіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу дағдыларын
бекітеді;
• сәндік сурет салудың ерекшелігін ауызша формада сипаттайды.
Көптілділік: әшекейлер – украшения – decorations.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• қазақтың ұлттық әшекейлері, сырға, білезік, моншақ.
талқылауға арналған сұрақтар:
Әшекейлер не үшін керек?
Оларды кім жасайды?
Қазақ ою-өрнектері қандай жиһаздарда кездеседі?
Бастапқы білім
Өрнекті кезектестіру, сәндік өрнек жасау туралы білімді қолданады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыр
Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендерді көргеніме өте
қуаныштымын!
Сендер есейіп қалыпсыңдар.
Педагог: Сендерді Шеберлер қаласына шақырамыз. Ал
оған жету үшін сұрақтарға жауап беру керек.
•
Айқын түсті барқыттан тігілген әйел бешпеті
(Қамзол)
•
Күміс, алтын және бағалы тастардан бұйымдар
жасайтын шебер (Зергер)
•
Затты әшекейлегенде, белгілі бір тәртіппен
орналасқан өрнек. (Өрнек)
•
Өрнекпен әшекейленген дөңгелек кішкентай бас
киім… (Тақия)
•
Жылқы сүтінен жасалған құнарлы сусын. (Қымыз)
•
Түрлі өлшемдегі шойын ыдыс. (Қазан)
(Ұ) Педагог: Міне, біз Шеберлер қаласына келдік. Бізді
Қуаныш пен Айсұлу қарсы алады. Олардың не сатып
алғандарына назар аударыңдар.
Қазақ зергерлері күміс, бағалы, жартылай бағалы
тастардан, алтыннан түрлі бұйымдар жасаған.
Көбінесе олар алқа, тамақша, салпыншақ – бұрымға
арналған шолпы, білезік, сырға, сақина, бас киімдер
мен белбеулерге арналған әшекейлер болған.
Зергерлік жұмыстарды орындау кезінде түрлі
технологиялар: қалыптау, дәнекерлеу, балқыту, құю,
соғу, т.б. қолданылған.
Зергерлік бұйымдарды түрлі өрнектермен
әшекейлеген: шеңбер, шиыршық, гүлөрнек, т.б.
Айсұлуға әшекей сыйлауды ұсынады.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Дұрыс жауап
бергенде
экранда сурет
пайда болады.
Қазақтың
қолданбалы
өнері.
Алматыкітап
баспасы, 2007
ж.
Слайдтарды
тамашалайды.
80
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Қазақ ұлттық әшекейлерін зерделеңдер. Не артық?
Айсұлуға әшекейлердің қандай геометриялық
пішіндерді еске түсіретінін анықтауға көмектесіңдер.
Әшекейлерге мұқият қарасаң, олар белгілі бір
геометриялық пішінді еске түсіреді.
(Ұ) Сергіту сәті
Қылқаламды аламын, ( Саусақтарымен қылқаламмен
жұмыс жасаған қимылдарды бейнелейді.)
Сиқыршы боп қаламын: (Қолдарын жоғары көтереді.)
Ақырындап қағазға, (Қолдың білезіктерін айналдыра
бұрап қимылдар жасайды.)
Құстың, ( Қолдарын екі жаққа жайып, тарбиған
саусақтарымен құстардың қанатының қимылын
бейнелейді.)
Машинаның, (Машинаның рулін бұрап жатқандай
қимылдар жасайды.)
Мұнараның, (Қолдарын бастарынан жоғары созып,
«шатыр» түрінде біріктіреді.)
Жалаудың, (Алақандар сыртқа қаратылады, бас
бармақтар тудың ұстағыштары ретінде төмен
бағытталады.)
Суретін мен саламын.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Балаларды партаға дұрыс отырғызу, жұмыс орындауда
ұқыптылық, материалдар мен құралдарды дұрыс
қолдану.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты
сатылай орындау ретін түсіндіру.)
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Геометриялық пішіндерден әшекейлер салу кезеңдерін
өз беттеріңмен қараңдар.
Педагог балаларға сәндік суретті орындау алгоритмін
түсіндіреді. Өрнектің әрдайым бұйымның формасына
қарай жасалатынын еске салады. Текшеде ортасы
мен бұрыштары боялады, ал дөңгелек пен сопақшада
ортасы мен шеттерін бояуға болады.
Әліппе-альбом.
Әліппе-альбом.
Қылқалам №3,
акварель, суы
бар төгілмейтін
стақан, мақта
майлықтар
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Сиқыршы шеберлердің көрмесін
ұйымдастырады.
Педагог жұмыстарды талқылауды ұйымдастырады.
Кімге өз жұмысы ұнады?
Салғылары келген суретті сала алды ма?
Қиындықтар болды ма, жұмыс аса мұқият
орындалмады ма?
Бірдеңе болмады ма? Аса қиын болды ма?
Кімнің суреті көбірек ұнады?
Айсұлу өзіне әшекейлер таңдап алды. Ол тапсырманы
оңай орындағандарға алақандарын соғуды ұсынды,
содан соң әшекейлердің суретін салғанда қиналғандар
қолдарын соқты.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд,
әліппе-альбом.
81
24-ҰОҚ. Наурыз –
көңілді мереке
(ұжымдық сурет салу)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандар-
дың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.2.1 Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіреді,
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
• заттардың кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
• құралдарды көлбеу ұстап, штрихтарды біркелкі түсіре отырып, бормен,
қарындашпен салады;
• жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
• суретті сюжетті желімен толықтырады;
• суреттегі көңіл күйді түстің көмегімен жеткізеді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
• өз таңдауын түсіндіре отырып, берілген материалдарды жұмыста
пайдаланады;
• көркем материалдарды ажыратады және пайдаланады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сюжетті өз естеліктерімен толықтыруды ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• өз жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын талқылайды және пікір
білдіреді;
• қажетті түс реңктерін таңдау себептерін атайды;
• сюжетті жасау кезеңдерін ауызша сипаттайды.
Көптілділік: мереке – праздник – celebration.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• дәстүрлер, салттар, көңілді мейрам.
талқылауға арналған сұрақтар:
Наурыз мейрамы жылдың қай мезгілінде тойланады?
Адамдар мейрамға қалай дайындалады?
Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?
Бастапқы білім
Түс, түр, реңк, өң ерекшеліктері туралы түсініктер.
82
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік
тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жақсы тілектер
сыбырлайды. Әуен ойнап, педагог мәтін оқиды:
«Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,
бала – жағасындағы құрақ» дейді қазақ халық
даналығы. Дауылдар мен қиыншылықтардан әке-
тау қорғайтын және ана-бұлақтың жанды суымен
молынан суарылған құрақ-бала өсіп бекиді.
Қамқорлық пен махаббат қоршауындағы бала нәзік
және берік болады. Ол жайбарақат және бақытты.
Алайда өмірде бәрі де болады. Ренжітеді, көңілін
қалдырады, сағын сындырады. Құрақтың көңіл
күйі жабырқайды. Сол кезде ол күш пен ақыл
жинау үшін өзіне өмір сыйлаған ана-бұлақтың
құшағына енеді. Ол қасында тіршілік көзі – анасы
бар кезде өсіп, беки береді. Ал ана-бұлақ өз құрағы
– қыз не ұл баласын сүйіп, батасын беру үшін
күтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |