7-ҰОҚ. Мектеп
бағының сыбдыры
(жапырақтарды
бастыру)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/
саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана
отырып, заттардың текстурасын бейнелеу.
0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру
материалдарды үнемдеп жұмсау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
жапырақтармен бастыру техникасын пайдаланып, заттардың
текстурасын бейнелейді;
•
қалыпты емес сурет салу тәсілін қолданады;
•
өз жұмыс орнын таза ұстайды:
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
бастыруды дұрыс орындайды;
•
көлемі әртүрлі жапырақтарды кезектестіреді, түстерді қиыстырады;
•
материалдарды үнемдеп, жұмыс жасайды.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
композиция, көркем талғам сезімін байқатады.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;
• ойды салынып жатқан суретпен байланыстырады;
• өз таңдауын түсіндіреді;
• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу; •
шығармашылық үдеріс барысында мүмкіндіктер спектрін талқылайды.
Көптілділік: жапырақ – лист – leaf.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• күздегі мектеп бағы, күзгі ағаштар, күзгі гүлдер, жапырақтармен
бастыру.
талқылауға арналған сұрақтар:
Мектеп бағы дегеніміз не?
Мектеп бағында (ауласында) қандай ағаштар өседі?
Қай гүлдерді күзгі гүлдерге жатқызуға болады? Неліктен?
Жапырақтармен бастыру дегеніміз не?
Бастапқы білім
Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері туралы білімді пайдаланады, мектеп
бағына, ауласына саяхат кезінде күзгі ағаштарды бақылайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
36
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру.
Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог балаларға: Мен сендерді, сендердің
күлкілеріңді көргеніме қуаныштымын және
осы күн сендерге қуаныш, бір-біріңе жақсы
қарым-қатынас сыйлайды деп ойлаймын.
Жайғасып отырыңдар, көздеріңді жұмыңдар
және күзгі бақта келе жатқандарыңды
елестетіңдер. Ағаштар не туралы сыбырласуда,
жапырақтардың түсі қандай? Аяқтарыңның
астынан алуан түрлі жапырақтардың сыбдыры
естіледі …. (күзгі жапырақтар бар себетті
байқатпай қояды). Көзімізді жайлап ашамыз.
(Ұ) Балалардан сұрайды: Бұл кімнің сыйы? (Бұл
мектеп бағының сыйы). Жақында жапырақтар
түседі де, ағаштар осындай алтын, алуан түсті
болмайды. Айсұлу естелікке мектеп бағының
сұлулығы туралы сурет қалдыруды ұсынады.
Педагог балаларға бірнеше күзгі пейзаж
көрсетеді. Оларды сипаттауды сұрайды.
Балаларға өздеріне ұнаған жапырақтарды таңдап
алуды ұсынады. Жапырақтың құрылымын
саусақтарымен зерттеуді, қатпарлары
мен сабағын қарауды ұсынады. Жапырақ
кескіндерінің неге ұқсайтынын болжайды (ағаш
кескіндері).
Жапырақтарды ағаштарды салу үшін қолдануды
ұсынады. Балалармен бірге бедерлеу тәсілін
талқылайды.
Түсіндіреді: Жапырақтармен бедерлеу – бұл
боялған жапырақты қағаз бетінде бастыру.
Музыкалық
сүйемелдеу.
Ағаштардың (қайың,
көктерек, емен)
жапырақтары бар
себет.
Жапырақтар
неге сарғаяды
және түседі?
https://www.youtube.
com/watch?v=NLOv
Pt81qS8
«Күзгі бақ»
тұсаукесері,
балалардың санына
қарай жапырақтар
(әр балаға 2–3
данадан).
III. ҰОҚ-нің
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды
орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.
Мына жапырақтар қай ағаштардан түскен? Күзгі
бақтың түстері қандай?
(Ж) Педагог балаларға жұппен жұмыс жасап,
күлгін түс алу үшін палитрада түстерді
араластыруды ұсынады.
(Ұ) Сергіту сәті
Аулада өсіп тұрған терек сияқты:
(бір аяқта тұрып созыламыз – қолдарымызды
жоғары, артынан екінші аяққа тұрып, тағы да
осылай созыламыз).
Бір уақытта қатты жел тұрып, теректі әрі-бері
қимылдатты: (денемен алға-артқа қарай бүгілу).
Теректің бұтақтары біресе төмен, біресе
жоғары қарай майысты: (денелерін әрі-бері
қимылдатады).
Енді бәріміз бірге отырып-тұрамыз: бір-екі, бір-
екі (отыру-тұру).
Әліппе-альбом.
Палитра, бояулар,
қылқаламдар.
37
Біз жақсы сергіп қалдық, енді орнымызға
отырайық (балалар орындарына отырады).
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау
Балалардан гуашьпен қалай дұрыс жұмыс
жасауды әңгімелеуді сұрайды.
Жұмыс орнын тазалықта ұстауға
ынталандырады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Жапырақтары қатпарларымен жоғары қарай
бұрыңдар, жапырақты қатпарлары жағынан
гуашь бояумен бояймыз, сабағынан ұстап,
жапырақты абайлап аударамыз және бедерлей
отырып, қағазға бастырамыз. Барлық
жапырақтарды тігінен, сабақтарын төмен
қаратып орналастыруға тырысыңдар. Сендер қай
түстерді аласыңдар? Неліктен? Осы жапыраққа
басқа бір түс жағыңдар және сол орынға
қайтадан бастырыңдар. Не болғанын қараңдар.
Балалар күзгі жапырақтардан бедерлеме
жасайды.
Композицияны салып аяқтайды.
Әліппе-альбом.
Қылқалам №5-6,
гуашь, суы бар
төгілмейтін стақан,
мақта майлықтар.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26-30 минут
(Ұ, Ө) «Мектеп бағы» сурет галереясы
ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын
талқылайды. Педагог сұрайды:
Кімге өз жұмысы ұнады?
Бедерлеме дұрыс жасалды ма? Қиындықтар
болды ма?
Сенің бағыңдағы ағаштар не туралы сыбырласады?
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды, жұмыс
мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар, үш
қылқаламды; бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы орындай
алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды
бояңдар.
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд,
әліппе-альбом.
8-ҰОҚ. Мектепке барар
жолда
(түпкі оймен сурет салу)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу
нүктелерді салғанда тік ұстау.
38
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
көшені бейнелеуге қатысты заттарды суретте орналастырады;
•
жіңішке сызықтар салғанда қарындашты, борды қағазға көлбеу,
нүктелерді салғанда тік ұстайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
заттардың пішіні мен өлшемін ескере отырып, олардың кеңістіктік
қатынастарын суретте жеткізеді;
•
суреттің көңіл күйін жеткізу үшін түс іріктейді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
пішінді, пропорцияларды ескереді, сюжет қосады, суретті
толықтырады;
•
өз ойын шығармашылықпен жеткізеді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сюжет құру жөнінде идеялар ұсынады;
• затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;
• сюжет таңдаудың себептерін атайды;
• ойластырылған сюжет бойынша рөлдік ойындар ойнайды;
• өзінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.
Көптілділік: мектеп –школа – school.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• мектепке барар жол, қала, жол жүру ережелері.
талқылауға арналған сұрақтар:
Сен әдетте мектепке кіммен барасың?
Көшеде қандай жол ережелерін білу керек?
Мектепке бара жатып, нені көруге болады?
Бастапқы білім
Суретте адамның күрделі емес сипатты қимылдарын жеткізу дағдысы,
жол жүру ережелері туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I.Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру. Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін
мен балабақшаға тамаша көңіл күймен келе
жаттым. Неліктен деп ойлайсыңдар?
(Бүгін күн шуақты және ауа райы жақсы.)
Сендердің айтқандарыңның бәрі де дұрыс:
бүгін ауа райы да жақсы, күн де шуақты
және мен де сендермен кездескеніме
қуаныштымын.
(Ұ) Педагог иллюстрацияларды көрсетеді
және сабақтың не туралы болатындығын
сұрайды.
Әдетте мектепке бара жатқанда сендер нені
көресіңдер? Естеріңде ең көп сақталған
не? Қала көшелерімен жүру үшін қандай
ережелерді білу керек? Машина жүретін
жолда ше?
Музыкалық
сүйемелдеу
(бірқалыпты ғажайып
әуен).
http://xmusik.me/
a/418213-Muzyka Dlya
Dushi/
Иллюстрациялар:
Балалар қала
ішінде келе жатқан,
балабақшаға бара
жатқан.
39
III. ҰОҚ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ, т) Әліппе-альбомдағы материалмен
жұмыс.
Педагог Айсұлу мен Қуанышқа жол
қиылысынан өтуге көмектесуді ұсынады.
Алайда бастамас бұрын «Жол қиылысы»
ойынын ойнайық. Балалар тобына (3–4 адам)
ЖЖЕ сақтай отырып, жол қиылысынан өту
ұсынылады (балалар рөлдерді таңдайды:
жүргізуші, жаяу жүргінші). Ойын 2–3 минут
өткізіледі.
Артынан балалар әліппе-альбомдағы
тапсырманы орындайды, жолдағы дұрыс
тәртіпті белгілейді.
(Ұ) Сергіту сәті
Міне, сыныпта (топта) біз қандаймыз! (Бас
бармақты жоғары көтереді.)
Қалай біз мектепке (балабақшаға) барамыз!
(Орындарында адымдайды.)
Қалай мектепке (балабақшаға) жүгіреміз!
(Орындарында жүгіреді.)
Сабақта тыныш отырамыз! (Саусағын аузына
қояды.)
Қалай біз сыныпта (топта) отырамыз?
(Орындарына отырады.)
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы
Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір
құралдармен жұмыс істеу тәртібін еске
салады.
(Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы
(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).
Не салатындарың туралы ойланыңдар.
Сілтеме ретінде әліппе-альбомдағы суреттерді
пайдаланыңдар.
Әліппе-альбоммен жұмыс.
Бүгін бізге жұмыс істеуге қандай құралдар
қажет болады? Нені қолданатыңдарыңды
таңдаңдар (қарындаштар, балауыз борлар,
фломастерлер).
Педагог қарындашпен нобайлау кезеңдерін
ұсына отырып, балаларды бағыттайды:
адамдар, көліктер мен ғимараттардың жалпы
кескіні. Суретті түрлі-түсті қарындаштар,
борлар, фломастерлермен бояу тәсілдерін еске
салады. Сурет анағұрлым мәнерлі болуы үшін
нені бейнелеуге болатындығын сұрайды.
Әліппе-альбом.
«Жол қиылысы»
ойынына арналған
атрибуттар (жаяу
жүргінші жолына
ұқсату үшін ақ қағаз
жолақтары, тұтқыш,
еден үсті бағдаршамы,
т.б.).
Әліппе-альбом.
Балалардың қалауына
қарай түрлі түсті
қарындаштар, балауыз
борлар, фломастерлер
40
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының көрмесі
ұйымдастырылады.
Педагог балаларға қалауына қарай өз суреті
туралы әңгімелеуді ұсынады.
– Салған суретіңде саған не ұнайды? Нені
өзгертер едің?
– Қай сурет өзгеше ұнайды? Неліктен?
– Ойлағаныңды сала алдың ба? Сала алмаған
болсаң, не бөгет болды?
Сабақтағы іс-әрекеттеріңді «Бағдаршамның»
көмегімен бағалаңдар (жасыл – бәрі түсінікті,
сары – қиындықтар болды, қызыл – жұмыс
дұрыс болмады).
Балалардың
жұмыстарын
орналастыруға
арналған стенд.
Әліппе-альбом.
9-ҰОҚ. Менің сүйікті
жануарым
(пәндік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/
саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана
отырып, заттардың текстурасын бейнелеу.
0.2.1.5. Сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай
қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау.
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
жануарды бейнелеу үшін негізгі геометриялық формаларды
қолданады;
•
дымқыл қағаз бетінде дәстүрлі емес сурет салу тәсілін меңгереді;
•
затты бейнелеу үшін қажетті көркем материалдар мен құралдарды
таңдайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
жануардың сипатты нышандарын (сопақ дене, дөңгелек бас,
үлпілдек тері) жеткізеді;
•
жануардың сыртқы нышандарын жеткізу үшін дәстүрлі емес сурет
салу тәсілін қолданады;
•
салынатын нысанның түсі мен көлемін іріктейді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді;
•
қолданылатын материал мөлшерін реттейді, суретті орындауда
мұқияттылыққа қол жеткізеді.
41
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• сұрақтарға жауап береді, бұрын меңгерілген іскерліктерді еске
түсіреді;
• орыс және ағылшын тілдеріндегі таныс сөздерді естіп таниды;
• ауызша түсіндіру арқылы орындау тәсілін нақтылайды;
• оқу міндетін түсінеді және оны орындауға ұмтылады;
• түс пен пропорциялық қатынастардың ерекшелігін ауызша формада
айқындайды.
Көптілділік: мысық–кошка–сat.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• сүйікті жануар, үй жануары, мысық, тері түсі.
талқылауға арналған сұрақтар:
Қандай жануарларды үй жануарлары деп атайды?
Жануардың терісін қалай бейнелеуге болады?
Қандай географиялық пішіндерден жануар бейнесін жасауға болады?
Дымқыл қағаз бетінде сурет салу нені білдіреді?
Бастапқы білім
Заттың дұрыс пішіні мен өлшемін ескере отырып, олардың кеңістіктік
қатынастарын суретте жеткізу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
II. Өмірлік тәжірибені
жандандыру. Мақсатты
тұжырымдау.
2–5 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй
қалыптастыру
Педагог пен балалар шеңберге
тұрады. Қайырлы таң, қымбатты
балалар! Бір-бірімізге жымия қарап,
күлкі сыйлайық.
(Ұ) Педагог жабық себет әкеледі.
Балаларға онда не тығылып қалғанын
табуды ұсынады. Сұрақ-жауап
ойынын ойнайды: Балалар сұрақтар
қояды. Педагог тек қана «Иә» не
«Жоқ» деп жауап береді. Мысалы:
Бұл тірі ме? – Иә. Бұл жануар ма? –
Иә. Орманда өмір сүре ме? – Жоқ.,
т.б.
Балалар тапқаннан кейін педагог
ойыншық мысықты алып шығады.
Оны қарап шығып, оны сипаттауды
ұсынады (үлпілдек, сұр, жасыл
көзді, т.б.), неліктен үй жануарларын
сүйікті жануарлар деп атайды?
Балаларға сүйікті жануарларын
дымқыл қағаз бетінде дәстүрлі емес
тәсілмен салуды ұсынады. Ол үшін
таза дымқыл қылқаламды қолдану
керектігін түсіндіреді.
Музыкалық сүйемелдеу.
«Үлпілдек мысық»
ойыншығы бар себет.
Дымқыл қазғаз бетінде
сурет салу техникасымен
орындалған мысық бейнесі
бар иллюстрациялар.
42
III. ҰОҚ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
6 – 25 минут
(Ұ) Әліппе-альбомдағы
материалмен жұмыс.
Педагог әліппе-альбомдағы
тапсырманы орындауды ұсынады.
Жануардың суреті мен тағамды
салыстырады.
Балалармен бірге негізгі түстерді
араластыру кезінде жаңа түстер алу
туралы білімді бекітеді. Сұр түс
болу үшін түстерді араластыруды
ұсынады.
(Ж) Балалар жұппен жұмыс жасайды,
түстерді палитрада араластырады,
қай түстерді араластыру керек
екендігі туралы кеңеседі.
(Ұ) Сергіту сәті
Педагог «Марғаулар»
бейнежаттығуын қосады.
Балалармен бірге жаттығуларды
орындайды.
(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау
техникасы
Педагог қылқаламды қолда қалай
дұрыс ұстауды, оны қауіпсіз
қолдануды еске салады. Жеке гигиена
ережелерін сақтауды сұрайды.
(Ұ) Жұмыстың орындалу
технологиясы (Балалармен
бірге жұмысты орындау тәртібін
талқылайды.)
Әліппе-альбоммен жұмыс
Мысықтың нобайын саламыз – екі
шеңбер, бір-бірінің үстінде, бір-
бірімен біріккен. Бұлар – басы
(кішірек болуы керек) және денесі
(көлемі үлкенірек). Аяқтарын
қосамыз – екеуі алдында, бір-бірімен
қатар және екеуі екі шетінен көлбеу.
Міндетті түрде құлақтар – бастың
үстіне екі үшбұрыш, құйрығы
жанынан. Енді беті мен мұртын салу
керек. Мысықтың мұрны, көздері мен
жақтарының қандай геометриялық
пішіндерге ұқсайтынына қараңдар.
Мұртты қалай салуға болады? Оны
екі шетінен бірдей етіп салу керек.
Ең қызықты жеріне кірісеміз,
қазір мысығымызды үлпілдек етіп
жасаймыз. Қылқаламды суға
Әліппе-альбом.
Палитра, акварель,
қылқаламдар.
http://pedsovet.su/load/
244-1-0-37556
Әліппе-альбом.
Жай қарындаштар, акварельді
бояулар, қылқалам №3,
төгілмейтін стақан, палитра,
мақта майлықтар.
43
батырамыз да, мысықтың бейнесін
толықтай сумен бояймыз. Қағаз
дымқыл болуы керек. Артынан
қылқаламды палитрада жасалған
түске батырамыз да, нобайды кескін
бойынша саламыз. Жолақтар қосуға
болады. Сурет құрғаған соң бетін
фломастермен аяқтауға болады.
Педагог мысықтың суретін салу
техникасын негізге ала отырып,
сүйікті жануарларын салуды
ұсынады.
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
рефлексия.
26–30 минут
(Ұ, Ө) Балалардың жұмыстарының
көрмесі ұйымдастырылады. Педагог
балаларға өз жұмыстары туралы
әңгімелеуді және аттар ойлап
табуды ұсынады. Балалар жұмысты
талдайды:
– Кімнің жануары ең қызықты болып
шықты?
– Кімнің марғауы ең ойнақы?
Бүгін достарың сендерді, сендердің
жетістіктеріңді бақылайтын болады.
Өзін-өзі бағалауды ұсынады.
Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды,
жұмыс мұқият, жақсы орындалды
деп санасаңдар, үш қылқаламды;
бірдеңе ұнамаса не қиыншылықтар
болса, екі қылқаламды; тапсырманы
орындай алмадым деп ойласаңдар,
бір қылқаламды бояңдар.
Балалардың жұмыстарын
орналастыруға арналған
стенд.
Әліппе-альбом.
10-ҰОҚ. Менің
отбасымның дәстүрі
(сюжеттік)
Мектеп/МҰ:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Сынып/топ:
Қатысқандардың саны:
Қатыспағандардың саны:
ҰОҚ-нің оқу
мақсаттары
0.1.5.1. Заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша
орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін,
пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын
бейнелеу.
0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау,
жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.
44
Күтілетін нәтижелер
Барлық тәрбиеленушілер:
•
заттарды, адамдарды жерге, аспанға, бөлмеге қатыстылығы бойынша
орналастырып бейнелейді;
•
арындаштармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтайды, жеке гигиена ережелерін орындайды.
Көпшілік тәрбиеленушілер:
•
заттарды олардың пропорцияларын, түсін ескере отырып, сюжетте
орналастырады, адамдардың әрекеттерін бейнелейді;
•
оқу міндетіне сәйкес сюжетті сурет жасайды;
•
түс іріктейді, заттардың формасын, пропорцияларын ескереді.
Кейбір тәрбиеленушілер:
•
сюжет жасауға шығармашылықпен қарайды;
•
суретке толықтырулар енгізеді, дербес ерекшелік береді.
тілдік мақсаттар
Дағдыларды дамыту.
Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:
• алынған ақпарат пен бар білімді салыстырады;
• ұлттық дәстүрлермен танысу барысында сөз қорын байытады;
• тақырыпқа деген қызығушылық тудыратын көркем сөзге құлақ
салады;
• сюжеттің мазмұнын ауызша формада болжайды;
• сабақта қорытынды сұрақтарға жауап береді және өз жетістіктерін
бағалайды.
Көптілділік: отбасы – семья – family.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
• отбасы дәстүрлері, ата-баба, ұрпақ.
талқылауға арналған сұрақтар:
Отбасы дәстүрлері сөз тіркесін қалай түсінесіңдер?
Отбасың немен айналысқанды ұнатады?
Ерекше дәстүрлер бар ма?
Отбасы туралы қандай сюжет жасауға болады?
Бастапқы білім
Нысандар мен кеңістіктік қатынастар арасындағы мәндік байланыстарды
айқындайды, тақырыптың мазмұнын жеткізеді, басты тұсын анықтайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
I. Оң көңіл күй
қалыптастыру.
0–1 минут
(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру
Педагог балаларды шеңберге шақырады:
Жаңа күн басталды! Бүгін бәріміздің осында бірге
болуымыз қандай тамаша. Қастарыңдағы баланың
қолынан ұстаңдар. Өздерің жақсы көмекші
болатын достарыңның жылуын сезініңдер. Оларға
жақсы денсаулық пен жақсы көңіл күй тілеңдер.
Мен сендерге бір-біріңе ілтипатты және ұқыпты
қарым-қатынас тілеймін.
Музыкалық
сүйемелдеу.
|