Квест «Кітаппен серуен»



Pdf көрінісі
Дата10.12.2019
өлшемі370,01 Kb.
#53387
Байланысты:
Квест «Кітаппен серуен»


 

 

 

 

 

 

 

 

Квест «Кітаппен серуен» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлттық әдебиет және 

 ӛлкетану орталығының  

кітапханашысы:                                        Кабдолова П.С.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-СЛАЙД. Квест «Кітаппен серуен» 

 

Жүргізуші: 

Сәлеметсіздер  ме?  «Кітаппен  серуен»  атты    кітапханалық 

квестке қош келдіңіздер! 

Квест дегеніміз не?  

 

2-СЛАЙД.  1)  Квест  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «іздеу» 

немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез келген оқиғаны іске асыруда 

іздену арқылы жүзеге асыратын ойын, тапсырмалар. 

 

2)  Кітапханалық  квест  –  бұл  кітапханамен  және  оның 

қорымен  (шарттарымен)  кітапхана  аумағында  немесе  мекемесінде 

толық танысу жұмыстары.

  

 

3-СЛАЙД. 1)  Мақсаты: 



                              Келесі тапсырмаға ӛтуге кӛмектесетін жауап табу. 

 

2)  Шарты:  Барлық  тапсырманы  орындауда  ережені  сақтай 

отырып, әділ ойнау. 

 

4-СЛАЙД. «ТОҚТА, GPS КІТАБЫ!» 

 

1) GPS Кітап қала кӛшесін ай сайын аралайды. 

2) Кез  келген  адам  «ТОҚТА,  GPS  КІТАБЫ!»  Жобасына 

қатысып, бізбен бірге саяхат жасай алады. 



3) Сонымен  қатар  сүйікті  қаламыздың  түрлі  құпияларын, 

кӛшелері  жайлы  аңыздарын  біліп,  осыған  дейін  ашпаған 

беттерімен танысуларына болады. 

 

Біз  бүгін  қала  кӛшелеріне  ерекше  саяхат  жасаймыз.  Әр 



аялдамада біздің жүру бағытымызды анықтауға кӛмектесетін түрлі 

деңгейдегі әр түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.  

  

5-СЛАЙД.    -  Сонымен,  достар,  алдымызда  жолымызды  анықтауға 

арналған аялдамалар кӛрсетілген маршруттық карта.  

 

 


1. «Бастау» 

Жүргізуші: 

-  Бірінші  тапсырманы  орындай  отырып,  автокӛлік  бізді 

қайда апаратынын білетін боламыз.  

 

-  Тапсырма екі бӛлімнен тұрады. 



 

6-СЛАЙД. №1 тапсырма. 1-бӛлім. 

1) Шатасқан әріптердің арасынан 8 атақты адамның тегін тап. 

2) ЦУК

ҚҰНАНБАЕВ

ЕНИНФЫ

ПУШКИН


ДЖЭЯЧСМИТЬ

ҚАЙС


ЕНОВ

Б

ГАЙДАР



ЮЙЦУКЕНЗХЪФЫВ

СҮЛЕЙМЕНОВ

АПЛОГ

ИТЬБОЛГДЙЦУКБЛНГШЩЗХЪФЫДР



ӘУЕЗОВ

ПРОЛДЖЭЯ


ЕРРОЛНРОШОНЧСМИ

БЫКОВ


ЛДШГОРЕПАКУВБОААГДТ

СЛАВСКИЙ


ЮД 

 

Жүргізуші: 

Жарайсыздар,  бірінші  тапсырманы  жақсы  орындадыңыздар! 

Екінші  бӛлім  сұрағы:  алдарыңызда  берілген  суреттер  арқылы 

жазушыны табуымыз керек. Сонда біздің жол жүру бағытымыздағы 

бірінші аялдаманың аты шығады. 

7-СЛАЙД. 1-тапсырма. 2-бӛлім. 

Алдарыңызда  белгілі  бір  жазушыны  анықтайтын 

суреттер берілген. Қай жазушыға тиесілі заттар? 1, 2, 3 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-СЛАЙД.  1)  Жауабы:  А:С  Пушкин  (бекет  –  Пушкин 

атындағы кітапхана) 

Жүргізуші:  Мінеки,  тапсырманы  сәтті  орындадық  –  енді 

Пушкин кітапханасына  жол тарттық. 

 

2. «Пушкин» 

Жүргізуші: 2, 3 


Біз қазір кітапхана қасындағы ақынға арналып салынған 

А.С.Пушкин  ескерткішінің  жанындамыз.  Миымызды  ширату 

мақсатында,  жазушылардың  аты-жӛніндерін  тауып,  кітапхана 

сӛрелерінде  қандай шығармалары сақталғанын еске түсірсек. 



 

9-СЛАЙД. 1) Ширату. «Тап, кімнің портреті?» 

-  Қанеки,  жазушының  атын  ғана  емес,  кітапхана  сӛресінде 

қандай 

шығармалары 



сақталған 

екен 


және 

де 


алдымыздағы кімнің портреті екенін табайық! 

-  Конверттің  ішінде  4  бӛлікке  бӛлінген  портреттер  жатыр. 

Сіздерге  тапсырма:  бӛліктерді  құрастырғанда  кімнің 

портреті шыққанын табу. 



2)Жауабы: 

Ж.Жабаев, 

Ш,Уәлиханов, 

М.Әуезов, 

Ш.Құдайбердіұлы, Б.Соқпақбаев, С.Сейфуллин. 

 

Жүргізуші:  Жарайсыз,  ӛте  жақсы  шештіңіздер!  Ал  енді 

логикамызды  іске  қоса  отырып,  жолымыздағы  екінші  бағытты 

білетін боламыз. 



10-СЛАЙД.  1)  №  2  тапсырма.  Квестің  бұл  аялдамасында 

жазушының  ӛмірбаянына  қарап,  кім  туралы  айтылғанын 

анықтау.  

2)  Ӛмірбаяннан деректер: 

1) Ол 1918ж. 23 сәуірде дүниеге келген. 

2) Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. 

3) А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты. 

4) Қазақстан жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері. 

5) 


Украина, 

Молдавия, 

Чехославакия, 

Румыния 


аймақтарындағы  партизан  қозғалыстарына қатысқан.  «Вася» деген 

атпен танымал. 

 

Жауабы:  Қасым  Қайсенов  (Қ.Қайсенов  ескерткіші 

аялдамасы) 

 

 



11-СЛАЙД. 1, 2, 3 Жүргізуші: Жарайсыздар! Бұл әрине ҰОС 

қаһарманы,  партизан  жазушы  Қ.Қайсенов.  Міне,  біз  батыр 

ескерткішімен аталған кӛшедегі – үшінші аялдамаға бет бұрдық. 

 

12-СЛАЙД. 1) Ширату «Миыңды іске қос»  



Жүргізуші: Алдарыңызда белгілі бір шығармаға байланысты 

суреттер берілген. Қандай шығарма, авторы кім?  



2) Мысалы: О.Сүлейменов «Адамға табын, жер енді!» 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

13-СЛАЙД. 1, 2. М.Әуезов «Кӛксерек» 

 

 

3. «Партизан» 

Қ.Қайсенов ескерткішіне қатысушыларға арналған. 

 -  Соғыстан  абыроймен  оралған  Қасым  1945  жылы 

Асылмен  некелесті.  Олар  алпыс  жылдан  астам  уақыт  бірге 

ӛмір  сүрді.  Бірін-бір  жақсы  кӛрді,  тӛрт  баланы  аяқтарынан 

тұрғызды.  Арттарынан  он  екі  немере,  бес  шӛбере  ӛсіп  келеді. 

Асыл  Қайсенова  –  шығыс  сұлуының  үлгісі  еді.  Олар  керемет 

махаббат иелері болды. 

 

Жүргізуші:  Сіздер  махаббат  жайлы  қандай  аңыздар 

білесіздер? 

 

14-СЛАЙД. 1) №3 Тапсырма: «Сыңарын тап!» 



-  Кестеде  берілген  сол  жақтағы  кейіпкерлермен  оң  жақтағы  

сәйкестендіру.  



2)  Немесе:  конвертте 

ғашықтардың    сыңарлары 

араласып кеткен. Соларды табу. (жүрек түрінде) 

 

Жүргізуші: 

-  Олардың  бір-біріне  деген  сезімдері  туралы  не  айта 

аласыздар? 

-  Біздің қаламызда осындай ұлы сезімге арналған орын бар 

ма? 


-  Ендеше,  біздің  ерекше  жол  бағдарымыздың  келесі 

аялдамасы – Ғашықтар аллеясы! 



15-СЛАЙД. 1) 4. «Ғашықтар мекені» 

Жүргізуші:  2)  Біз  «Ғашықтар  аллеясына»  кеп  жеттік.  Бұл 

жерде әр кім ӛзінің махаббат тарихын еске түсіре алатын жер. 

Бізге  ұсынылған  аңызға  айналған  ғашықтар  туралы 

кітаптарға  сипаттама  кітапхана  қорының  әр  жақты,  ӛте  бай  екенін 

кӛрсетеді.  

Әдеби анықтама (әдебиетке сипаттама): 

1.  Қозы  Кӛрпеш  –  Баян  сұлу  –

  Жыр  Сарыбай  мен 

Қарабайдың  аң  аулап  жүріп  құда  болып,  Қозы  мен  Баянды  күні 

бұрын  атастыруынан  басталады.  Сол  кезде  аң  аулап  жүріп,  ұлды 

болғанын  естіген  Сарыбай,  баласын  кӛре  алмай  қаза  табады. 

Атастырылып  қойған  Қозы  мен  Баян,  жүздерін  кӛрмегенімен  бір-

біріне  ғашық  болады.  Уақыт  ӛте  келе  сараң  Қарабай  қызын  жетім 

ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті 

палуан  Қодарға  ұзатпақшы  болады.  Қос  ғашықтың  арасына 

тосқауыл  болған  Қодар,  айласын  асырып,  зұлымдықпен  Қозының 

басын  алады.  Қайғыдан  қабырғасы  қайысқан  Баян,  ӛш  алу  үшін 

қулыққа кӛшеді. Ол Қодарға ӛзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге 

шығатынын  айтады.  Алданған  Қодар  Баянның  шашынан  ұстап, 

құдықтың  түбіне  түсе  бергенде,  айлакер  қыз  бұрымын  кесіп 

тастайды:  Қодар  түпсіз  тұңғиыққа  құлап  қаза  табады.  Сӛйтіп 

Қозының  кегі  қайтарылады.  Батыр  қыз  ғашығының  күмбезіне 

келіп, ӛзіне қанжар салып қол жұмсайды

 

2.  Қыз Жібек. Базарбай байдың Тӛлеген атты ұлы 14 жасқа 

толғанда  ӛзіне  жар  іздеп,  210  сұлудың  арасынан 

Сырлыбай 

ханның


 Жібек  атты  қызын  ұнатады.  Үш  ай  Сырлыбай  ханның 

елінде  болған  Тӛлеген  ӛз  еліне  бармақ  болып  сапарға  шығады. 

Бірақ  Жібекті  қызғанып,  жол  тосқан  Бекежан  қапыда  Тӛлегенді 

ӛлтіріп, қазасын Жібекке ӛзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан ӛлім 

жазасына кесіледі. Жырдың 2-бӛлімінде хабарсыз кеткен Тӛлегенді 

іздеп  шыққан  інісі  Сансызбай  қалмақ  ханы  Қоренді  ӛлтіріп, 

Жағалбайлы  елін  жаудан  азат  еткендігі  айтылады.  "Қыз  Жібек" 

жырының бірнеше нұсқасы бар. Бірде Тӛлегеннің Жібекке үйленуі 

әңгімеленсе, бірде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады.  

3.  Ромео  мен  Джульетта.  Уыздай  екі  жас  Ромео  мен 

Джульетта  бір-біріне  ӛлердей  ғашық.  Олардың  бұл  сезімі  ежелден 



жау  екі  әулет  Монтекки  мен  Капулеттилердің  қарсылығына 

ұшырайды.  Ал,  қалайда  үйленбек  талпыныстары  ақыры  қайғы-

қасіретпен аяқталады. 

            4.Клеопатра  мен  Марк  Антоний. 

40 жасар Марк Антоний 

28  жасар  жас  патшайым  Клеопатраны  жақсы  кӛріп  қалады.10 

жылдаң  астам  созылған  махаббат  хиқкаясының  нәтижесінде 

Клеопатра б.з.д 40 жылы Антонийдан егіз туды: ұлдың атын Гелиос 

(«Күн»)  деп  қойып,  қыздың  атын  Селена  («Ай»)  деп  қойды.  Б.з.д. 

36  ж.  Антонийдан  үшінші  бала  -  Птолемей  Филадельф  атты  ұл 

тапты.  Б.з.д.  32  ж.  Рим  империясында  азаматтық  соғыс  басталды. 

Б.з.д.  31  жылы  Акциум  түбінде  Клеопатра  мен  Антонийдің  әскері 

жеңіледі. Б.з.д. 30 ж. кӛктемде Октавиан армиясы Мысырға кіреді. 

Клеопатра  ӛзінің  серіктес  әйелдерімен  тығылып,  ӛтіріктен  у  ішіп 

қайтыс болған туралы жалған хабар береді. Оны естіген Антоний ӛз 

ӛзіне  пышақ  салып  қайтыс  болады.  Кӛп  ұзамай  Клеопатра  да 

Октавианның алдында басын игісі келмей у ішіп ӛз ӛзін ӛлтіреді.

 

16-СЛАЙД. 1) 5.«Соңғы» 

Жүргізуші:  Міне  сіздерге  таңғажайып  махаббат  тарихы 

жайлы  жан-жақты  әр  түрлі  кітаптарды  ұсына  алатын  «Соңғы» 



аялдама 2) ОБЖК-на кеп жеттік. 

Кітапхана тарихына қысқаша сипаттама.  

ОБЖК  ӛз  жұмысын  1939  жылдан  бастайды.  Алдымен 



Ӛскемен 

қаласындағы 

А.С.Пушкин 

атындағы 

облыстық 

кітапханада  оқырман  балаларға  қызмет  кӛрсету  бӛлімі  болып 

бӛлінеді.  Содан  кейін  жеке  «№1  қалалық  балалар  кітапханасы» 

болып 1959 жылға дейін жұмысын жалғастырады.  

-  Кітапхана  1964  жылы  балалар  жазушысы  А.П.Гайдардың 

60 жылдық мерейтойына орай жазушының атын алды. 



Жүргізуші: Минеки, біздің қызықты квестіміз аяғына жетті. 

Кездескенше күн жақсы! 



Ойындардың нәтижесі: 

1)Жастардың  ортасында  Кітапхана  беделі  арта  түседі:  квесттен  балалар  ӛте 

жақсы әсер алады. 

Квест үшін мыналар қажет: 

1)  Карта-бағыт белгіленген бақылау аялдамалары; 

2)  Аялдамалар атына қатысты сұрақтар мен тапсырмалар; 

3)  Аялдамалардан ӛту уақытын белгілеу; 

4)  Берілген тапсырмалар арқылы қандай орын екен табу



5)  Балаларға ширату мақсатында берілген қосымша тапсырмалар. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет