салауату уа’таййбату, әс-сәламу а’ләйка әйюһән-
нәбию уә рахмәтуллаһи уә бәрәкатуһу, әс-сәламу
а’ләйна уә а’ла ибәдиллаһис-саалихин, әшһаду ән ләә
иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу
уә расулуһ»,
«Аллаһумма салли а’ла Мухаммәдин уә а’ла әли
Мухаммәд. Кәмәә саллайта а’ла Ибраһимә уә а’ла әли
Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик а’ла
Мухаммәдин уә а’ла әли Мухаммәд. Кәмәә бәәрәктә
а’ла Ибраһимә уә а’ла әли Ибраһим. Иннәкә хамидун
мәжид».
191
Намаз
«Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-
әәхирати хасанатән. Уә қинәә а’заабан-наар.» Осыдан
кейін барып «әс-Сәламу а’лайкум уә рахматуллаһ» –
деп алдымен – оңға, сонан соң – солға сәлем береді. Міне,
осылайша екі рәкаттық намаз аяқталады. Негізі намаз
осы екі рәкаттық қозғалыстан тұрады. Бұл намаздағы
барлық «тәкбір», «тәсбих», «қырағатты» түгелдей құпия
оқиды. Ер мен әйелдің намаздағы айырмашылықтары
жайлы жоғарыда айтып өткенбіз.
Міне, екі рәкат сүннет біткеннен кейін бамдат
намазының екі рәкат парызы басталады. Алдымен
қамат айтылады да, парызға ниет етіледі. Осыдан кейін
қолдарын көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, намазға бастайды.
Бұл екі рәкат тұп-тура, жоғарыда өткен екі рәкат сүннет
секілді оқылады. Бірақ «Фатихадан» кейін Құранды
көбірек оқу – сүннет. Бұл сүннеттің азы – қырық аят.
Бірақ үш аят оқыса да болады. Бамдат намазын жеке
оқыған адам тәкбірлерді, «Фатиха» мен сүрелерді яки
аяттарды, «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһты» жария оқи
алады.
Бесін намазы
Бесін намазының алғашқы төрт рәкат сүннетінің
алдыңғы екі рәкаты дәл бамдат намазының екі рәкаты
секілді оқылады. Яғни, сүннетке ниет етіп, қол байланып,
екі рәкат оқып отырады. Бірақ бұл жерде әт-тахиятты
оқығаннан кейін «Аллаһу әкбар» деп орнынан түрегеліп,
қиямға барады. Салауат пен дұға оқылмайды. Салауат
пен дұға әрқашан намаздың соңғы отырысында оқылады.
Қиямға барған соң «субханака» дұғасын оқымай, бірден
Бисмиллаһ пен «Фатиха», Құраннан сүре оқылады. Одан
192
Ислам ғылымхалы
кейін рүкүғ және сәждеге барады да, сәжде жасаған соң
қайта қиямға тұрады. Мұнда да бисмиллаһ, «Фатиха»,
аздап Құран оқылып, рүкүғ, сәжде жасап отырады. Бұл
намаздың соңы болғандықтан, осы отырыс – «ақырғы
отырыс» деп саналады. Міне, осы кезде «әт-тахият»,
«салауат», дұға оқылып, сәлем беріледі.
Ал бесін намазының парызы былайша оқылады:
Сүннет оқылып біткеннен кейін қамат айтып, бесін
намазының парызын өтеуге ниет етеді. Содан кейін екі
қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлайды да, дәл таң
намазының екі рәкат парызы секілді оқылады. Бірақ
түскі намаз төрт рәкат болғандықтан, екінші рәкаттан
кейін отырып, «әт-тахиятты» оқиды да, «Аллаһу әкбар»
деп орнынан түрегеліп, үшінші рәкатқа бастайды, Бұл
жерде тек қана Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқылады. Яғни,
қосымша сүре, аят оқылмайды. Содан кейін рүкүғ пен
сәждеге барады да, қайта «Аллаһу әкбар» деп, төртінші
рәкатқа бастайды. Мұнда да тек қана Бисмиллаһ пен
«Фатиха» оқылып, рүкүғ, сәждеге барады да, ақырғы
отырысқа отырады. Бұл соңғы отырыс болғандықтан,
«әт-тахияттан» кейін, «салауат» пен дұға оқып, сәлем
береді. Осылайша бесін намазының төрт рәкаттық
парызы аяқталады. Бұдан кейін бесін намаздың екі рәкат
сүннеті оқылады. Бұл сүннетке ниет еткеннен кейін дәл
бамдат намазының екі рәкат сүннеті секілді орындалады.
Жеке адам бұл намазды құпия оқиды.
Намаздыгер намазы
Намаздыгер намазының парыздан бұрын оқылатын
төрт рәкат сүннеті – мүәккад болмаған сүннет. Мұның
әрбір екі рәкаты өз алдына жеке намаз секілді. Сондық-
193
Намаз
тан бұл намазға бастарда адам намаздыгер намазының
төрт рәкатына ниет етеді де, алғашқы екі рәкаттан кейін
отырып, «әт-тахият» пен «салауатты» оқиды. Яғни, бұл
жерде дұға оқылмайды. Міне, осыдан кейін «Аллаһу
әкбар» деп, қайта үшінші рәкатқа бастайды. Бұл үшінші
рәкатты бастарда намазды жаңадан бастағандай етіп, ал-
дымен «субханака», «әуз’у мен бисмиллаһ», одан кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ пен сәждеге
барады. Бұдан кейін тәкбір айтып, төртінші рәкатты
бастайды. Рүкүғ пен сәждеден кейін отырып, «әт-тахия»,
«салауат», дұға оқып, екі жаққа сәлем береді.
Намаздыгер намазының төрт рәкат парызы дәл
бесін намазының төрт рәкат парызы секілді оқылады.
Айырмашылығы – намаздыгер намазына ниет ету. Бұл
намаз құпия оқылады.
Ақшам намазы
Ақшам (намазшам) намазының үш рәкат парызы
бесін мен намаздыгер намазының алғашқы үш рәкат
намазы секілді оқылады. Алдымен ақшам намазының
парызына ниет етеді де, қол көтеріп, тәкбір айтып, қол
байлайды. Содан кейін жоғарыда айтылғандай екі рәкат
оқылып, болған соң отырып, «әт-тахият» оқиды. Бұл –
бірінші отырыс. Міне, осыдан кейін тәкбір айтып, үшінші
рәкатқа бастайды. Бұл жерде Бисмиллаһ пен «Фатиха»
оқылады да, сүре, аят оқылмай, рүкүғ пен сәждеге барып,
ақырғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тахият», «са-
лауат» және дұға оқып барып, екі жаққа сәлем береді.
Ақшам намазында уақыт қысқа болғандықтан, қысқа
сүрелер оқылады.
194
Ислам ғылымхалы
Ақшам намазының екі рәкат сүннеті – айна-қатесіз
бамдат намазының екі рәкат сүннетіндей оқылады. Жеке
адам ақшам намазы парызының екі рәкатын бамдат
намазының парызы секілді жария оқи алады. Бірақ соңғы
рәкатта Бисмиллаһ пен «Фатиханы» құпия оқиды.
Құптан намазы
Құптан намазының алдымен төрт рәкат сүнетті
оқылады. Бұл – намаздыгер намазының төрт рәкат
сүннетіндей мүәккад болмаған сүннет. Айна-қатесіз
намаздыгердің төрт рәкат сүннеті секілді оқылады.
Осыдан кейінгі оқылатын төрт рәкат құптан парызы
да дәл бесін және намаздыгер парыз намаздары секілді
оқылады. Айырмашылығы құптан намазына ниет
етіледі. Осыдан кейін оқылатын екі рәкат сүннет бамдат
намазының екі рәкат сүннеті секілді оқылады. Бұл жерде
тек ниет өзгереді. Жеке оқыған адам құптанның алғашқы
екі рәкатын жария оқи алады.
Үтір намазы
Үш рәкаттан тұратын үтір намазының оқылу тәртібі
төмендегідей: Алдымен үтір намазына ниет етеді. Содан
кейін қолын көтеріп, тәкбір айтып, қол байлап бастай-
ды да, екі рәкаттан кейін отырып, «әт-тахият» оқиды.
Осыдан кейін тәкбір айтып, орнынан тұрып, үшінші
рәкатқа Бисмиллаһ пен «Фатиха» оқиды да, «әмин» деген
соң, осыған жалғастырып аят немесе сүре оқиды. Осыдан
кейін түрегеп тұрып, қолдарын құлағының тұсына дейін
көтеріп, «Аллаһу әкбар» деп, тәкбір айтады да, қайта қол
байлап, түрегеп тұрған бойы «құныт» дұғасын оқиды.
195
Намаз
Содан кейін тәкбір айтып, рүкүғ пен сәждеге барып,
ақырғы отырыс жасайды. Әдеттегідей «әт-тахият», «са-
лауат» және «раббана әтина» дұғасын оқып, екі жаққа
сәлем береді. Мұның дәлелі: Хазіреті Айша былай дейді:
«Аллаһ Елшісі (с.а.у.) үш рәкат үтірді оқитын. Үш
рәкаттан кейін сәлем беретін». Басқа бір хадисте Аллаһ
Елшісі былай дейді: «Ей, Құран иелері! Үтірді оқыңдар.
Өйткені, Аллаһ жалғыз. Тақ санды жақсы көреді»
231
.
Үтір намазы Рамазанда ғана жамағатпен оқылады.
«Құныт» дұғасын білмейтін адам «Рәббәнә әәтинә...»
дұғасын оқи алады.
Құныт дұғасы. Бұл – Хазіреті Омар мен ұлы
Абдуллаһтан (р.а.) бізге жеткен:
ُبوُتَن َو َكِب ُنِمْؤُن َو َكيدْهَت ْسَن َو َكُرِفْغَت ْسَن َو َكُنيِعَت ْسَن اَّنِا َّمُهللأ{
َكُرُف ْكَن َلا َو َكُرُك ْشَن ُهَّلُك َرْي َخْلا َكْيَلَع ىِنْثُن َو َكْيَلَع ُلَّكَوَتَن َو َكْيَلِا
ُد ُج ْسَن َو ىِّل َصُن َكَل َو ُدُبْعَن َكاَّيا َّمُهللأ .َكُر ُجْفَي ْنَم ُكُرْتَن َو ُعَل ْخَن َو
َكباذَع َّنِا َكَباذَع ى َش ْخَن َو َكِتَم ْحَر و ُجْرَن ُدِف ْحَن َو ىَع ْسَن َكْيلا َو
} ٌق ِحْلُم ِراَّف ُكْلاِب
«Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә
уә нәстаһдика уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә
нәтәуәккәлу а’лайкә уә нусни а’лайкәл-хайрә күлләһу
нәшкурукә уә ләә нәкфурукә уә нахла’у уә нәтруку
мәй йәфжурук.
Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусалли уә
нәсжуду уә иләйкә нас’а уә нахфиду наржу рахмәтәкә
уә нахшә а’заабәкә иннә азаабәкә бил куффари
мулхиқ».
231
Бухари, Дәауат, 69
196
Ислам ғылымхалы
Мағынасы: «Аллаһым, біз күмәнсіз сенен жәрдем
және кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз.
Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе
етіп, саған сүйенеміз. Сені барлық жақсылықтармен
мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе
шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған
қарсы келгендерді теріске шығарып, олармен мүлдем
байланысымызды үземіз. Аллаһым! Біз тек саған ғана
құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде
етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу
үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің
рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз.
Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды».
Науқас адамдар намаздарын қалай оқиды?
Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса
да діни міндеттерден жауапты. Бірақ дініміз бұл діни
парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.
Намаз оқудағы жеңілдіктер:
Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын
оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған
жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда,
отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып
немесе жанымен жатып намазын оқиды.
Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи
алатындар сүйеніп оқиды.
Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала
алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын ша-
масына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.
197
Намаз
Орындыққа отырып оқуға да болады.
Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын
жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи
береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасала-
ды. Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию
арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз,
қас арқылы ишарат жасап оқи алмайды. Ишаратпен де
оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен
аз болса, кейіннен қаза етеді. Ал 5-тен көп болса, қазасын
өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек,
кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде
етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер
қойылмайды.
Жамағатпен намаз
Ислам діні – жамағат діні. Сондықтан жамағатпен
намаз оқуды өте жоғары бағалаған. Ханафи мәзһабында
ер кісілердің бес уақыт парыз намазды жамағатпен
оқулары – бекітілген сүннет. Тіпті басқа мәзһабтардағы
кейбір ғалымдар парыз деп үкім берген. Екі кісі болса
да намазды жамағатпен оқу керек.
Жамағатпен намаз оқу арқылы мұсылмандар бір-
бірімен танысып, араларында жылы қарым-қатынас
күшейеді. Періштелер сияқты Аллаһтың құзырына
сап құрып, жамағатпен оқылған намаздың сауабы,
жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық.
Пайғамбарымыз (с.а.у) жамағатпен намаз оқудың
сауаптылығын көптеген хадистерінде білдірген. Мысал
ретінде: «Жамағатпен оқыған намаздың сауабы жеке
оқылған намаздан жиырма жеті есе артық». «Кімде-
кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түн ортасына
198
Ислам ғылымхалы
дейін намаз оқығандай сауап алады. Таң намазын да
жамағатпен оқыса түні бойы намаз оқығандай сауап
алады». «Адамдар егер алдыңғы саптың қаншалық
сауаптылығын білгендерінде, алдыңғы саптан орын
алу үшін араларында жеребе тастауға дейін баратын
еді». «Намазды алғашқы уақытында оқудың сауабын
білгендерінде ол үшін жарысар еді. Құптан намазы мен
таң намазының кереметтігін білгендерінде, еңбектеп
болса да, бұл намаздарды жамағатпен оқуға келетін
еді». Саптардың ең сауаптысы – ең алғашқы сап. Одан
кейін ретіне қарай келесі саптар.
Әйел адамдар мешітке барып жамағатпен бірге
намаз оқуларына болады. Бірақ үйде оқулары абзал.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайлы: «Әйелдердің мешітке
баруларына бөгет болмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін
мешітке баруларынан да абзал», – дейді.
Жамағат намазда саптың реті
Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып,
екіншісі оң жағына тұрып, аяғының өкшесі имамның
аяғының өкшесінен кейін тұру керек. Бір адамның
имамның артына немесе сол жағына тұруы – мәкрүһ.
Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына
тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса, имамның
артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі әйел
болса, ер кісі имамның оң жағына, әйел арт жағына
тұрады. Имамнан басқа екі ер кісі және бір әйел кісі болса,
ер кісілер имамның артына, әйел ер кісілердің артына
тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан
уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағындағы
199
Намаз
адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз
оқуларына рұқсат.
Имамдықтың шарттары
Имамның жасы балиғатқа жеткен, ақыл-есі түзу
және мұсылман болуы шарт. Иманға теріс кейбір күпір
сенімі бар адамның артында намаз оқуға болмайды.
Имам кісінің ер кісі болуы керек. Әйел заты ер кісілерге
имам бола алмайды. Бірақ әйел адамның өз араларында
имам болуы мәкрүһ жолымен рұқсат. Әйел имам болған
уақытта басқа әйелдермен бір сапта тұрады. Имам болған
әйелдің алдыға шығуы – мәкрүһ.
Имам кісінің намазды дұрыс оқи алатындай және
оқитын Құран сүрелерін жатқа білуі қажет. Үзірлі адам
имам бола алмайды.
Намаздың_жамағатпен_оқылу_үлгісі'>Намаздың жамағатпен оқылу үлгісі
Жамағаттың әрбірі имамға ұюға ниет етеді. Мысалы:
«Бүгінгі бамдат намазының парызын өтеуге ниет еттім.
Ұйыдым имамға». Одан кейін имам қолдарын көтеріп,
жария түрде «Аллаһу әкбар» деп намазға бастайды.
Жамағат қолдарын көтеріп, құпиялай «Аллаһу әкбар»
деп, имаммен бірге намазға бастайды. Имам мен жамағат
«субханаканы» жасырын оқиды. Имам құпиялай ә’узу
мен Бисмиллаһты оқып, әрі қарай жариялай «Фатиха»
және қосымша сүре оқиды. Имам бамдат, ақшам және
құптан намазының алғашқы екі рәкатында және үтір
намазының үш рәкатында, жұма мен айт намазының
барлық рәкаттарында «Фатиха» мен оған қосымша аят-
тарды жамағат еститіндей жария оқиды. Және тәкбірлер
200
Ислам ғылымхалы
мен «сами’ Аллаһу лимән хамидаһты» және де сәлемді
жария айтады. Ақшам намазының үшінші және құптан
намазының үшінші, төртінші рәкаттары мен бесін,
намаздыгер намаздарының барлық рәкаттарындағы
тәкбірлер мен «сами’ Аллаһу ли мән хамидаһ» сөзін және
сәлемдерді жария түрде, ал «субханака» мен қырағатты
құпия оқиды.
Имам бамдат намазының алғашқы рәкатындағы
аяттарды, екінші рәкатта оқитын аяттардан екі есе көп
оқу керек. Бұл – сүннет. Жамағаттың алғашқы рәкатқа
жетуіне көмектеседі.
Жамағат тәкбірлерді құпия айтады. Имам рүкүғтен
тұрған кезде жариялай «сами’ Аллаһу лимән хамидаһ»
деп, құпиялай «Раббәнә уә ләкәл-хамд» дейді. Имам
Ағзамның басқа бір риуаятында имам «Раббәнә ләкәл-
хамдты» айтпайды. Жамағат құпиялай «Аллаһумма
Раббәнә уә ләкәл-хамд» немесе «Раббәнә уә ләкәл-хамд»
дейді. Одан әрі рүкүғ пен сәждеде бәрі бірге құпиялай
тәсбихтарды айтады.
Имам сәлемді жария түрде, жамағат құпия түрде
береді. Имам да, жамағат та «әминді» құпиялай
айтады.
Имам сәлем бергеннен кейін мына дұға оқылады.
}ِماَرْكلاا َو ِللا َجْلاَذ اي َتْكَرابَت ُملاَّسلا َكْنِم َو ُملاَّسلا َتْنَا َّمُهللأ{
«Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм
тәбәәрактә иәзәл-жәләәли уәл-икрәәм» дейді.
Мағынасы: «Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен.
Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен
ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен
201
Намаз
ғана болады. Нағыз қасиетті, Сенсің. Ей, құдірет пен
жомарт иесі, Раббым»
Бұнан кейін имам мен жамағат құпиялай «Аятул-
күрсіні» оқиды да, отыз үш рет «Субханаллаһ», отыз
үш рет «Әлхамдулилләһ», отыз үш рет «Аллаһу әкбар»
тәсбихатын жасайды.
Бұдан кейін:
َىلَع َوُه َو ُدْم َحْلا ُهل َو ُكْلُمْلا ُهل ُهل َكيرَش َلا ُهَد ْحَو ُلا َّلاِا َهَلِا َلا{
}ٌريدَق ٍء ْيَش ِّلُك
«Ләә иләһә иллАллаһу уахдаһу ләә шәрикә ләһ.
Ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә а’лә күлли шәй’ин
қадиир» дұғасын оқып, имам мен жамағат дұға жасайды.
Мағынасы: «Аллаһтан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз.
Оның теңдесі мен серігі жоқ. Күллі мүлік иесі – Ол ғана.
Мадақ Оған лайық. Ол барлық нәрсеге күші жетуші,
аса құдіретті». Жеке намаз оқығандар да осыны оқи
алады.
Имамға кешігіп ұйыған адам намазын
қалай жалғастырады?
Имамға намаздың ортасында немесе аяғында,
мысалы, бір, екі яки үш рәкаттан кейін ұйыған адамға
«мәсбуқ» делінеді.
Мәсбуқ имамға жария оқылған намазда үлгерсе,
«субханака» дұғасын оқымастан имамға құлақ асады.
Сосын үлгермей қалған рәкаттарын жалғастыру үшін
тұрған уақытта субханака дұғасын оқиды.
202
Ислам ғылымхалы
Таң намазының екінші рәкатына үлгерген
жағдайда...
Имамға таң намазының екінші рәкатында үлгерген
адам ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алғаннан кейін
ары қарай имамды тыңдайды. Соңғы отырыста тек
қана «әт-тәхият» дұғасын оқиды. Имам екі жаққа сәлем
бергеннен кейін дереу тұрып, үлгермей қалған бірінші
рәкатын жалғастырады. «Субханака» дұғасы мен «ә’узу
мен бисмиллаһты», сосын «Фатиха» мен қосымша сүрені
оқығаннан кейін рүкүғ, сәжде, соңғы отырыс жасап, на-
мазын аяқтайды.
Ақшам намазының екінші рәкатына
үлгерген жағдайда...
Имамға ақшам намазының екінші рәкатында
ұйыған адам үлгермей қалған бірінші рәкатын тура
таң намазының екінші рәкатына үлгерген адам сияқты
оқиды.
Ақшам намазының соңғы рәкатына
үлгерген жағдайда...
Ақшам намазының соңғы рәкатына үлгерген адам
ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алғаннан кейін «суб-
ханака» дұғасын оқып, ары қарай сол рәкатты имаммен
бірге тәмамдайды. Имам сәлем бергеннен кейін тұрып
«субханака» дұғасы мен «ә’узу мен бисмиллаһты» сосын
«Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде
жасап отырады. Бұл отырыста тек қана әт-тахият дұғасын
оқып, қайта тұрады. Бисмиллаһтан кейін «Фатиха» және
қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде жасағаннан кейін
соңғы отырысқа отырады. Бұл жерде «әт-тәхият», «са-
203
Намаз
лауат», «раббанә әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем
беріп, намазын аяқтайды. Ақшам намазының екінші
рәкатына үлгерген адам үш рет тәшәһһүдке отырады.
Бірақ екінші рәкаттың соңында қателесіп, отырмай қалса,
сәһу сәждесі қажет емес.
Төрт рәкатты намаздың соңғы рәкатына
үлгерген жағдайда...
Төрт рәкатты намаздың төртінші рәкатында имамға
ұйыған адам имам екі жаққа сәлем бергеннен кейін тұрып,
«субханака» дұғасы мен «ә’узу мен бисмиллаһты» және
«Фатиха» мен қосымша сүре оқып, рүкүғ және сәжде
жасап отырады. Бұл отырыста тек қана «әт-тахият»
дұғасын оқып, қайта тұрады. «Бисмиллаһтан» кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ, сәждеге
барып соңғы рәкатқа тұрады. Бисмиллаһтан кейін тек
қана «Фатиха» сүресін оқып, рүкүғ, сәждеге барып, соңғы
отырысқа отырып, «әт-тәхият», «салауат», «раббанә
әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем беріп, намазын
аяқтайды.
Төрт рәкатты намаздың үшінші рәкатына
үлгерген жағдайда...
Төрт рәкатты намаздың үшінші рәкатында имамға
ұйыған адам имам соңғы отырысқа отырған уақытта
тек қана «әт-тәхият» дұғасын оқиды. Имам сәлем бер-
геннен кейін тұрып, «субханака» дұғасы мен «ә’узу мен
бисмиллаһты» және «Фатиха» мен қосымша сүре оқып,
рүкүғ, сәжде жасап қайта тұрады. Бисмиллаһтан кейін
«Фатиха» және қосымша сүре оқып, рүкүғ, сәждеге
барып, соңғы отырысқа отырып, «әт-тәхият», «салауат»,
204
Ислам ғылымхалы
«раббана әтина» дұғаларын толық оқып, сәлем беріп,
намазын аяқтайды.
Төрт рәкатты намаздың екінші рәкатына
үлгерген жағдайда...
Төрт рәкатты намаздың екінші рәкатында имамға
ұйыған адам, имам соңғы отырысқа отырған уақытта
тек қана әт-тәхият дұғасын оқиды. Имам сәлем берген-
нен кейін тұрып, «субханака» дұғасы мен «а’узу мен
бисмиллаһты» және «Фатиха» мен қосымша сүре оқып,
рүкүғ, сәжде жасап, соңғы отырысқа отырады. Бұл жерде
«әт-тәхият», «салауат», «раббана әтина» дұғаларын
толық оқып, сәлем беріп, намазын аяқтайды.
Имамға рүкүғда үлгерген адам сол рәкатқа үлгерген
саналады. Имамға сәжде немесе отырыста үлгерген адам
дереу ифтитах (намазға бастау) тәкбірін алып, имамға
ұйиды.
Достарыңызбен бөлісу: |