Тапсырма
1.
Төмендегі арнау әңгімелерінің мазмұнын айтыңыз, талданыз
2.
Тапқырлық туралы не түсіндіңіз?
3.
Қасірет деген не?
4.
Жұбату деген не?
5.
Жақы лебіз туралы айтыңыз, мысал келтіріңіз
6.
Шешендік сын туралы қандай шығармаларды білесін?
Арнау сөздердің бір саласы – шешендік сын. Қазақ ауыз әдебиетінде
жерге, елге, малға айтылған шешендік сынның алуан түрі бар. Асан қайғы
атынан он жылда бес саулық мыңға, бес қара жүзге жететін жердің құты емен,
әттең аттың сауырына сыймайды-ау артыма сала кетер едім деп – жерге төс
табаны төрт елі қарлап жүрер жол екен, төсегінен түңілген ерлер жүрер жол
екен деп - шөлге, жал құйрығы қанат екен, төрт аяғы босаң екен деп - жылқыға
айтылатын сөздер шешендік сынның ежелгі үлгісі. Түйе үстінде туып ат
жалында өскен малшы, аңшы қазақ қашаннан ақ сыншы болған. Жүйрік ат
қыран құсты шаппай ұшпай танитын саяткер құсбегілер туралы аңыздар бар.
Ізіне қарап түйенің түгін, түсін айтатын қозыға қарап мың қойдан енесін тауып
табыстыратын, жоғалған биенің ішке кеткен құлынын ат болғанда танып алатын
сыншылар туралы аңыз әңгімелер сақталған. Ондай сыншылар шындығында
болды ма, жоқ па оған кепілдік беру қиын, бірақ сөздің қисыны мен дәлеліне
қарап халықтың даналығы мен тапқырлығына сүйенесің.
Қоғам дамуының шешен сатысында тұрған қазақ елінде не қызыңның
ажарымен, не ұлыңның ақылымен байсың, онда да өзің сақ болсаң, әйелің қолы
берекетті болса, мал құралады -дейді Асау қарт.
* * *
Наурызбай би жас кезінде Қыпшақ, Монғол биді шақырып мейман ғып
сыйлап, бағын сынатады. Сонда Монғол би былай дейді:
Ілімің бар екен
Білімің әлде қалай,
Қағуың бар екен
Халқыңа жағуың әлде қалай,
Айлаң бар екен
Халқыңа пайдаң әлде қалай,
Жорғалығың бар екен
Халқыңа қорғандығың әлде қалай,
Заттығың бар екен, Жарқыным
Халқыңа қымбаттығың әлде қалай.
Мұнда қарт сыншы жас бидің ілімділігін, айлакерлігін, сөзшеңдігін
бектігін растайды. Бірақ ақыл қайрат барлығымен құнды емес, дұрыс
бағытымен құнды дейді. Егерде қасиетті адам қабілетін халқы үшін пайдаланса,
ол елінің қамқоры, ол айласын қара басы үшін жұмсап, еліне ептілік жасаса –
ол халқы үшін нағыз қауіпті адам болмақ.
Осындай бір шешендік сын:
Алғаның жақсы болса - абыройыңның тұрағы,
Атың жақсы болса - дүниенің пырағы.
Балаң жақсы болса – екі көздің шырағы, деп келесі ұрпақ, келешек жасты
қара басы үшін емес, халқы үшін қызмет істеуге жақсылыққа, сыйластыққа
меңзейді.
Сөзге шебер шешен адамдар ауызекі сәлемдескенде өзара жауаптасқанда
шешендік сөз тақпақ жырларды жиі қолданған. Тұрмыс салт жырларында
батырлық және ғашықтық дастандарда шешендік сәлемнің неше түрлі келісті
үлгілерін кездестіруге болады. Қамбар батыр жырындағы Келмембеттің
Өзімбанға Жәдігердің Қамбарға, Қамбардың Қараманға тұспалдап айтылатын
сөздері осыған мысал бола алады. Сол сияқты ел аузынан жиналған халық
шығармаларында да шешендік сәлемнің сан қилы нұсқаулары алынған. Арғын
Мұнасып батыр кедей екен. Бір күні есік алдында тары түйіп жатса төрт бес
адам келіп сәлемдеседі. Сонда Мұнасып қонақасыдан қысылып жазушыларға
былай дейді.
Түзге шықсам батырмын,
Үйге келсем қатынмын.
Қатын ауру, бала жас,
Тары түйіп жатырмын.
Менің атым Мұнасып,
Жүрем десең жол ашық.
Түсем десең үй мынау,
Алдыңдағы лашық..
Атадан қалған кедеймін,
Келе жатыр ұласып.
Бұл сөзді Досбол айтты деген де нұсқасы бар. Алайда сөздің түпкі төркіні
халықтікі. Халық Мұнасыптай батырдың Досболдай бидің ісін жастарға үлгі
етіп ұсынады. Түзде айбынды батыр, азулы би болсаң да өз үйіңде өзің төре
болма «құлдай істеп, бидей іш» дегенді аңғартады. Барбас дейтін бай бүкіл үш
жүзге сауын айтып той жасап, Алтай Байдалы биді шақыртады.Тойға мініп
баратын аты болмай байға былайша сәлем айтыпты.
Дұғай сәлем Барбасқа,
Көкірек бірге жан басқа
Сұлулығы өзіндей
Жүйріктігі өзімдей
Ат жіберсін торы қасқа
Байдалы мінер әр топқа
Даңқы кетер жан жаққа
Небір ақын, шешен, билер ел арасын ығыр қылған қасаң дау талапты
алдын ала анықтау үшін араға кісі салып «ауызша хатбегі» сөйлесуді де
қолданған. Сондай ақ ілгеріден кейінгіге қосып келе жатқан «білімдінің хаты»
сияқты өсиет сәлемдер де бар.
Адам баласының басына түсетін қайғының ауыры қазамен байланысты
туған естірту, көңіл айту сияқты шешендік сөздердің әр түрлі нұсқалары
сақталған ондай создерді топтап, шешендік көңіл айту деуге болады. Шешендік
сөздер көңілі қаралы, беті жаралы жандарды жұбату үшін айтылады. Тауып
айтылған көңіл қайғылы қазаны жанды қайырымсыз қазадан түңілтеді, қаза
ортақ, қайғы кезек екенін ескертіп жұбатады. Өткенге өкінгенше тірінің
тілеушісін тіле дейді.
Жұбату
Ақ қоян қашты беркінге,
Қоймады бүркіт еркіне.
Өлмес адам болмайды,
Өткелсіз су болмайды.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ..
Дүниеде не күшті
Ажал күшті
Ақ сұңқар тұғырдан ұшты.
Таусардың суын ішті
Хордың қызын құшты- дейтін жұбату сөздер – жалғыз баласы өліп жер
таянып қалған қарт ата –анаға әртүрлі үлгіде атам заманнан бері келе жатқан
көңіл айтудың дәстүрлі түрі. Халық мұнда қаза ешкімнің қалаулысына
қарамайды. Өлімнен ешкім қашып құтылмайды дегенді аңғартады. Сонымен
бірге өлім - өмірдің заңы, оған мойын ұсын дейді, балаң бұл дүниеде көрмеген
қызығын о дүниеде көреді-міс деп жылағанды жұбату үшін діни аңыздарды да
пайдаланады. Халық жалаған даналық ой, тапқырлық сөздерді белгілі билердің
беделді адамдардың атынан тарату ауыз әдебиетіндегі ертеден келе жатқан
дәстүр сондай шешендік көңілдің бірі - Шоқай мен Досболдың Ерденге айтқан
сөзі.
Баласы өлген Ерден батыр ешкімді қабылдамай қайғырып жатып қалады.
Соған көңіл айта келген Шоқай би былай дейді:
-Ей батыр Ерден!
Басыңды көтер жерден,
Әкең Сандыбай да өлген,
Оны мына Шоқай көрген.
Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Ауырды нар көтереді,
Өлімді ер көтереді...
Сонда Шоқаймен келген Досбол шешен:
Өлмесе қайда кетті,
Бұрынғының кәрісі,
Жер жүзін жұтса да тоймайды.
Қара жердің талысы
Ерден- ау!
Өткенге өкінбе,
Келмеске кейіме,
Өлім деген ұзақ жолдың алысы – дегенде Ерден басын көтеріп, жылап
көріскен дейді.
Бұл сөзде халықтың дүниеге өмірге диалектикалық реалистік
көзқарасынан көрінеді. Сосын халық қазаға сабыр қыл, болған іске болаттай
бол дегенді аңғартады. Өмір сүруге лайықтының бәрі - өлімге де лайық.- депті
Ф.Энгельс. Жақсы лебіз, жанашырлық сөзі жаралы жанның көңілін ширатып,
көзінің жасын жияды. Бұл сөз өнерінің соның ішінде шешендік сөздердің
сиқырлы күшіне дәлел бола алады.
Екі оқты құлан көтереді
Бір оқты бұлан көтереді
Арыстанның белгісі
Айналып кетсе артына
Ақырмайды деп еді.
Нар түйенің белгісі
Қабырғасын сөгіп қаза алса
Бақырмайды деп еді
Нағыз туған асыл ер
Қасірет қайғы тартса да
Аһ! Ұрмайды деп еді – дейтін шешендік сөздер ерді, сабырлы шыдамды
болуға шақырады. Өмірде өлім қайғысын таратпайтын басына ауыр іс түспейтін
кімде болмайды, қаза қайғы қиыншылық, таршылық жаман адамды жасытады,
жақсыны шынықтырады, ширатады.
Басыңа іс түссе ойлай берме, бойлай бер дейді.
Өлім алусыз тау
Кімнің бауыры сау?
Пұлсыз берді
Құнсыз алды
Оған не дау?
Бізге аяулы
Алушыға да қалаулы - деп өмірдің заңын, өлімнің қайырымсыздығын өз
ұғымына лайықтап түсіндіріп жақсылыққа тасымайтын, жамандыққа
жасымайтын төзімді қайсар болуға шақырады. Сайып келгенде, шешендік
арнау адам арасында қарым-қатынастарды бейнелейді. Халықтың әдет ғұрпын,
салт санасын білу, тіл байлығын сөйлеу мәнерін үйрену үшін шешендік арнау
сөздердің мәні үлкен.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы. Рауан. 1996 ж. (92-99 беттер
аралығы)
2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Алматы: 1989
3. Жандыбаев Ғ. Сөй мәйегі. Алматы: 1998
4. Типтік оқу бағдарламалары ІІІ бөлім.Абай атындағы ҚҰПУ-нің қазақ
әдебиеті кафедрасы. Алматы: 2003
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. Алматы: 1993
2. «Билер сөзі». Кәкішов Т., Алматы1992
3. Б.Адамбаев. «Қазақтың шешендік өнері».1984ж
4. Б.Адамбаев. «Халық даналығы».1976ж
№8 № Тәжірибеліқ сабақ
Тақырыбы: Шешендік арнаудың түрлері
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қазақтың салт-дәстүрін, тұспалдап
сөйлеудің жұмбақтап сөйлеудің мәнін түсіндіру.
Тапсырма
Сұрақтар
1.
«Естірту» дегеніміз не? Бірнеше мысал келтіріңіз
2.
«Көңіл айту» деген не?
3.
«Бата беру» рәсімінің бірнеше нұсқасын беріңіз
4.
«Жұбату» туралы түсінігіңіз қандай?
Естірту. Көңіл айту
Қазақтың ертедегі салт бойынша түзде жүріп өлген адамды отбасы
мүшелеріне жақын туыстарына естіртуші адам айтатын сөзін естірткелі
отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап ишарат пен өлеңмен кейде әр түрлі
салыстырушылармен хабарлаған. Естірту көңіл айту, жұбату өлеңдері тақпақ
жыр түрінде де келеді. Шешендік сөз арқылы көңіл айту көңілі қаралы, жүрегі
жаралы жандарды жақсы лебіз жанашырлық сөзбен көңілін ширатып, көзінің
жасын тияды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтеді. Қаза ортақ, қайғы
кезек, өлім хақ екенін естіртіп жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін тіле
дейді.
Кенен Әзірбаев Жамбыл Жабаевтың баласы Алғадай қайтыс болғанда
айтқан көңіл айтуы:
Ақ сұңқар ұшты ұядан
Қол жетпейтін қиядан
Қанаты бүтін сұңқар жоқ
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
Топырағы торқа болсын
Қалғанға өмір берсін
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ.
Өлгенге қайтып келмек жоқ- деп не кетпесті қума, келмеске жылама деген
жұбату айтады. Кейін ауыр қазаны күймен де естірту дәстүрі болған. Ер
азаматтың ерлігін шын сүю, адамгершілік ұлы қасіретін қастерлеу, халыққа
мағлұмат ету, сол арқылы оның өнегелі істерін ортаға ағайын туысқан, аға-ініге
бауырлар мен балаларға, ел жұртқа үлгі өнеге етіп ұсынудың тәрбиелік мәні де
зор.
Шоқанның қазасын естірту
Қазақтың атақты ғалымы, белгілі ағартушы, әрі саяхатшысы Шоқан
Уәлиханов қайтыс болғанда Тезек төре оны Шыңғыс сұлтанға елдің басты
адамдары арқылы естіртеді.
Тезектің суыт хабарлауы бойынша, Атығай Келдібек би мен Әлібек батыр
көп нөкер ертіп Шыңғыс сұлтанның үйіне келіп түседі. Келсе, сұлтан іштей
сескеніп отыр екен. Келдібек би ойлы пішінмен жадырай сөйлеп:
-
Төре, дүниеде не қымбат? – дейді.
-
Адам қымбат, - депті Шыңғыс
-
Адамға не қымбат?
-
Бала қымбат, егер сүйеніш болар перзент болса.
-
Жансызда не қымбат екен?
-
Жансызда қымбат гауһар деуші еді...
-
Теңіздің тұңғиық түбінде жатқан сол гауһардың да иесі бола ма?
-
Е, иесіз дүние бар дейсің бе, әр нәрсенің екі иесі бар ғой.
-
Егер осы жанды-жансыз ең қымбаттыға сол екі иесі таласса,
қайсысы алар еді? – дегенде, Шыңғыс төре: «Ең күштісі алады» - деп өз санын
өзі бір соғыпты да, -«Менің гауһарым Мұхаммед Қанапияға тағдырдың оғы
тиген екен ғой» - деп өкіре жылап, жер бауырлап жатып қапты.
-
Келдібек би тоқтау айтып:
-
Уа, сұлтан, бала сіздікі еді, бақыты халықтікі еді. Пұлсыз берді,
құнсыз алды, не шара! – деп кемсеңдеп, төңірегіне көз тастағанда, үйдегілердің
бәрі еңірепті.
Бата
Қазақ халқының ежелгі салт дәстүрінің бірі – бата, тілек білдіру. Сөз
арқылы таратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген
ата-бабаларымыз, «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгереді», «Баталы құл
арымас», «Көп тілеуі – көл» деген оқ пікірді уағыздап кейінгі ұрпағына ықылас
білдірген. Ат жетектеп, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата
беру әдетте, құрметті ақсақалдардың, не құдайы қонақтың үлесіне тиген.
Халқымыздың бата тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің неше алуан
нұсқалары бар. «Ас адамның арқауы», «Астан ешкім үлкен емес», - деп
игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсінген ата-бабамыз шын
пейілімен ақ дастарханын айқара жайып, келген құдайы қонаққа барын беріп,
құрақ ұшып қарсы алған
Бата – тілектің енді бір тобы отбасы бақыты - жаңа туған жас нәрестемен
жаңа түскен жас келінге арналған.
Баланы бесікке салып, ат қою тойына бүкіл ауылдың үлкен-кіші, кәрі-
жасы жиналатын болған. Осы тойда ауылдың сөз білер пысық азаматтарының
бірі бата берген.
Бата-тілекте де жаңа түскен келінге деген ыстық ықылас, аталы сөз, ақ
тілек ашық айтылған. Үлкендерден алғыс алған жас келін үй ішкі өміріне бар
ынта жігерімен, аянбай еңбек етіп кірісуге тырысқан. Жастарды жақсы сөзбен
жарылқап, еңбекке ынталандыру, отбасы татулығын күшейтуге бірден бір әсер
еткен.
Жоқтау
Күйеуі өліп қаралы болған әйел қайғысының ауырлығын білдіру үшін
жоқтау айтады. Тіпті көне түркілерде әкесі өлген жігіттер өзінің жетімділігін
білдіру үшін оң құлағынан бастап сол құлағына дейін пышақпен бетін тілетін
дәстүр болған. Сірә, тіліміздегі «бетің тіліңгір» деген қарғыс осыдан қалған
болу керек. Өлген адамның әйелі ері қайтыс болған күннен бастап басына қара
жамылған. Киелі қыздар ана-қарындастар жыл бойы күн сайын таңертең ерте
тұрып, беттерін керегенің бетіне қаратып 1-2 сағат бойы дауыс салып, жоқтау
айтатын болған. Жоқтау өлеңде өлген адамның ел-жұрт, ағайын, туысқан
тигізген пайдасы, қамқорлығы ерлігі туралы айтылады.
№ 9 № Тәжірибеліқ сабақ
Сәлем сөз
Сабақтың мақсаты: Шешендік арнауға жататын сөздердің мәнін
түсіндіру.
Тапсырма
Сұрақтар
1.
«Сәлемдесу» рәсімінің қандай түрлері бар?
2.
«Айтыс» ақындары қалай сәлемдеседі?
3.
Үйге келген қонақтармен қалай сәлемдесесіз?
4.
Сәлемдесудің бірнеше нұсқасын ауызша айтыңыз, жазыңыз
Шешендік сөздерге сәлем сөз де жатады. Сөз бас сөйлем әдептіліктің
белгісі. Дұрыс сәлемдесу білу де шешендікке жатады.
Амандасу адамгершіліктің әдептіліктің нышаны, ал сәлем қылу қазақ
келіндеріне тән ізеттілік, инабаттылық, иман жүзілік құрмет көрсету ниеті
болып табылады. Әдеппен сөйлеп әдеттенген дұрыс. Мақұл жақсы, ғапу етіңіз,
рұқсат етіңіз, ренжімеңіз, мүмкін болса, қалауыңыз білсін т.б. сөздерді
пайдаланып үйренген жөн. Ата-бабаларымыз өмір тәжірибелерінен халықтық
әдет-ғұрып болып қалыптасқан салт-дәстүр нұсқаларын басқаға өнеге етіп,
ұрпақтарына үйретіп отырған. Аса үлкен сыйластықпен бата беріп, тілек тілеп
жастарды жақсы жолға бастаған. Шешендік сөздер - ел құралып халық
қалыптаса бастағаннан бері өсер ұрпақтың өнеге тұтып өмір тәжірибесіне
пайдаланып келе жатқан дуалы сөздері. Мұндай сөздерді билер мен ойшылдар,
ақылдармен шешендік шығарған. Халық өнегелі сөздерді жадына сақтап
ескеріп жүрген.
Мысалы: Ел байлығы жер. Жер байлығы халық. Мыңғырған мал,
қаптаған аң телегей теңіз су, жайқалған ну. Немесе байлық қатқан мұз, бірде бар
бірде жоқ еріп кетеді. Бақ қолға қонған құс, ұстай алсаң тұрады, ұстай алмасаң
ұшып кетеді. Бала артта қалған із. Адамға ең қымбаттысы сыйластық. Сіз бенен
біз.
Әрбір адамның бойында қисынды сөйлеудің яғни шешендіктің
нышандары болады. Бейімделу әркімнің өзіне, ықыласына байланысты.
Қонақжайлық – халықтың әлеуметтік кеңпейілдік тұрмыстық салтына
байланысты қалыптасқан дәстүр, ұлттық салтқа айналған ізгілік. Халық айтқан:
қонақ десе қон етіп қосып беретін халықпыз. «Кім бар-ау, құдайы қонақпыз»-
деп үн қатып атын байлап киімін іліп, жүгін жинап қарсы алып төрге шығарған.
Қонағасы берген қонақтар қонақ кәде жасаған. Кетерде қонаққа сыйлық беріп,
жоралғысын дайындап, кұрметтеп аттандырған. Құтты қонақ келсе қой егіз
табады деген.
«Қонақ қойдан жуас», «Бір күн қонақ құт» деп соңғы бір үзім наны мен
дәмді асын қонаққа сақтаған. Қонақ бірінші күні – құт, екінші күні – жұт,
үшінші күні – зыт деп қонақ әдебін уағыздаған.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы. Рауан. 1996 ж. (92-99беттер
аралығы)
2. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Алматы: 1989
3. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі. Алматы: 1998
4. Типтік оқу бағдарламалары ІІІ бөлім.Абай атындағы ҚҰПУ-нің қазақ
әдебиеті кафедрасы. Алматы: 2003
№ 10 № Тәжірибеліқ сабақ
Шешендік дау
Сабақтың мақсаты:
Студенттерге рухани даулы мәселерді реттейтін ежелгі әдет-заңы туралы
түсінік беру.
Тапсырма
Сұрақтар
1.
Ежелгі әдет – ғұрып заңдары туралы айтыңыз
2.
«Шешендік дау» дегеніміз не?
3.
Үш жүзде болған шешендік даулар туралы не білесіз?
4.
Төмендегі әңгімелерді оқып, талдаңыз
5.
Талас – тартыс, ру мүддесі, ағайын ары деген не?
6.
Атадан балаға қалған мұра туралы не түсіндіңіз?
7.
«Шешендік дау» туралы көзқарасыңыз қалай?
Шешендік арнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шешендік
толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау -
қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты
істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі есепті.
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы,
мал және ар дауы деп беске бөлуге болады.
Бірыңғай мемлекеттегі, қабылданған заңы жоқ елде барлық дау - талап
мәселесі ағайынның қазылығымен, жол-жоба білетін адамдарға жүгінумен
шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжіриебесінен қазылық институт,
билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.
Мұны кейін хандар пайдаланып, төңірегінде кеңесші билер ұстап,
қарапайым қазылық, билік институтты өзінің ел билеу және қаражат түсіру
статьясының біріне айналдырған.
Қазақ жерге бүкіл халықтық-ұлттық қазына деп қараған, қоныс пен
өрісті ру-ру болып жайлап-қыстап ортақ пайдаланған. Бірақ қоныс салып, егіс
екпейтін малсыз кедей арық, құдық қазып суландыру, байлардың малын жаю,
шөбін шабу және дұшпаннан бірлесіп қорғау жұмыстарына ортақ болғанмен
жердің қызығын көруде өгей болған. Сол қоныс, жайылым, шабындық үшін ру
мен рудың, әсіресе дәулетті адамдар арасында болған дау-жанжалдарды
бейнелейтін шешендік даулардың үлгілері бар.
* * *
Ұлы жүз Төле би, кіші жүз Әйтеке би, орта жүз Орманбет бимен
Қасқакөл деген көлге даулы болып сөйлесуге Айқынкөлге үй тіктіріп, ел
жиналады.
-Ей, Орманбет! Мен әлі тірімін, өлген жоқпын; бұдан бұрын әлденеше
рет сәлем айтсам да, сен келген жоқсың: ер кетер, жер жетер, ешкімге опа
қылмас дүние-боқ. Сен бізден жасы кіші баласың, біз барып қайттық, сен ілгері
барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз. Сен жассың, көңілдегіңді
аларсың!-дейді Төле.
-Бай болсаң халыққа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін;
бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе жұрттан ала-бөтен үйің
күйсің деген ғой; бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын,- дейді Әйтеке
Төленің сөзін қоштап.
Сонда Орманбет тұрып:
-Екі би, айтқан сөзің жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады.
Қасқакөл орта жүздің үлесі еді,
Дауларың қиянатқа жанасады.
Қанағатсыз билерді қабан деген,
Қамшылатқан жүйрікті шабан деген.
Біреудің ақысына зорлық қылған
Қиянат қияметте жаман деген,-
дейді.
Оған тоқтамай Төле былай дейді:
-Ей, Орманбет! Сен бізге Қасқакөлді беріңіз,
Қасқакөл сізге, рас, жақынырақ жеріңіз.
«Бардан пайда, жоқтан залал» деген,
Не берсе артының қайырын тілеп көріңіз.
Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар,
Әр жерде ауыз сулық басқа көл бар.
Үш бөліп енші қылып алысайық,
Жер жетер, көңіліңді ұстама тар.
Сонда да бітімге келмеген Орманбетті анасы ақылмен көндіреді. Соған
разы болған Төле би:
Әйел жақсы болса елдің басшысы емес пе,
Бұрынғы өткен жақсылар солай деген емес пе?!
Қасқакөлден енші алам деп келіп едім.
Орманбет бермесе осы жерде өліп едім.
Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде қалып,
Мәңгіге тірілместей болып едім.
- Жеңгей, мені қайта тірілттіңіз. Енді балаңызға бата берелік! – депті.
Сөйтіп, үш жүз көлді ортақ пайдаланатын болып ынтымақтасып,
разыласып тарапты.
Бұл даудан, біріншіден, әр би өз руының, өз ағайындарының мүддесін
қорғайтындығын көреміз. О қайыр, ру атымен үстем таптың, дәулетті топтың
қызығын қызықтап қызғыштай қорғап отырғаны да анық.
Сонымен бірге сөз арасында жақсылығыңды еліңе көрсет,
жамандығыңды жауыңа көрсет деген бұқараның ой – тілегі де елес береді.
Пейіл жетсе жер жетеді, жер үшін, көл үшін ел араз болмасын, араздық, ала
ауыздық атадан балаға мұра болып қалмасын деген халықтық, даналық тілек
бар.
* * *
Төре тұқымы Дәулетқали төңірегіне үстемдік жасап, жайылым қорып,
елдің түйесін ен далаға жайғызбай қойған соң Асау бидің баласы Тұрлан келіп:
- Жұрттың түйесін неге қайырасың? – дейді.
- Түйеңді қайырмай, қазақ, сенің мұнда төреге бақтырып қойған жерің
бар ма еді? – дейді Дәулетқали.
- Атаңа нәлет ақсүйек! Төренікі деген елді қайдан көрдің, жерді қайдан
көрдің?! – деп қамшының астына алады Тұрлан.
Дәулетқали Орынбордағы «ханға» арыз береді. «Хан» төре тұқымына
«тіл тигізгені» үшін Тұрланды жазалаймын деп Асау бидің аулына келіп,
«айыпкерді» шақыртады.
Халыққа арқа сүйеген Тұрлан «ханнан» қаймықпайды,
- Әлен соқыр, мені неге шақырдың? – дейді салғаннан. «Хан»
қаһарланып, қылышын қынабынан суырып алып, төрт сардар биіне:
- Мынаның төресін беріңдер,басын аламын! – дейді.
Сонда Айтуар шешен:
- Ау, тақсыр! Бұрынғыдан қалған сөз қайда? Қазаққа хан ие, қара жерге
халық ие демеуші ме еді? Хандығыңды бер де, жерді ал, хан болып тұрғанда
жерде нең бер? – депті. Сонда халық қаһарынан қаймыққан «хан»:
- Төрелігіңе құлдық! – деп орнынан тұрып, төре – төлеңгіттеріне:
Хандықты қара жерге айырбастағыларың келген екен, жоғалыңдар көзіме
көрінбей, - деп ақырған болыпты.
Бұл мысал төре тұқымы мен қанаушы таптың өкілдері халықты
жайылымнан қысып, жерді иемдене бастағанын оған қарсы шыққан халық
наразылығын бейнелейді. Бөкей ордасының тарихынан белгілі фактіні ауыз
әдебиеті осылай дәлелдейді. Оның үстіне «Билеуіңе көнсем де илеуіңе
көнбеймін» деген халықтың қаһары сезіледі.
Өмірге ауа, күн қандай қажет болса, жер-су да сондай қажет. Елді туған
жерден айырудан ауыр қиянат жоқ. Кір жуып, кіндік кескен атамекен, ана
ошағының қадір-қасиетін қашаннан жақсы білетін халық өкілі хан алдында,
қылыш астында тұрса да «жер менікі» деуден тайсалмаған.
Жарлы-жалшы жалағанды тамақ, жамағанды киім ғып аяғы артқа, аузы
аққа жарымай жүргенде байлар ен жайылым, мол шабындыққа таласып-
тартысуға арланбаған. Елдің ішкі бірлігін, берекесін келтіретін ондай іші
тарлық, қызғаншақтық мінез-құлықтарды да айыптайтын сөздер бар. Мол
шабындыққа таласқан екі байға бір жігіт былай дейді:
- Өзімнің атым Күдері, Анау тұрған шабындық
Ер Көшектің баласы. Баршаңызға жетеді.
Талассаң бағың кетеді, Дүние шіркін жалған ғой,
Таласпасаңдар не етеді? Бастарыңнан әлі – ақ өтеді.
Бірлік қылсаң, ағалар,
Жер байлығы үшін байлар арасында өткен дау-жанжалдардың бір елесі
болып табылатын бұл мысалда байлардың нысапсыздығы, байыған үстіне байи
берсем дейтін пиғылы әшкереленеді. Халық бала жігіт атынан ондай дүниеқор
байларға әлі-ақ ырылдасумен өтерсіңдер, ішпей-жемей, ұрлап-жырмалап
жиғандарын арттарыңда қалар деп ескертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |