А. И. Бегимтаев



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата21.02.2020
өлшемі453,46 Kb.
#58597
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
2.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»
3.Қ.Жарықбаев. «Ақылдың кені».Алматы. 2000ж
4.А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы,1989ж.
№ 4  Дәріс сабағы
Тақырыбы: Шешендік өнердің дамуы
         Жоспары: 
1.Шешендік өнердің дамуы
2. Ескерткіштер сөйлейді
3. Орхон-Енисей ескерткіштері
Шешендік   өнер   тарихына   көз   жіберсек     Ежелгі   Греция   мен   Рим
қоғамынан   бастап,   Еуропа   Шығыс   халықтарында   да   шешендік   өнер
қалыптасқан. Зерттеушілердің айтуынша шешендік өнер айтыс дауларда туып
дамыған.
Шешендердің   көпшілігі   мемлекет   қайраткерлерінен,   парламент
мүшелерінен, философтардан, саясаткерлерден болған

Мысалы, ежелгі Грек шешені Демосфен және Рим шешені Цицирон әуелі
адвокат   кейін   парламент   басшылары   болған.   Шешендік   өнер   ғылыми   тілде
риторика деп аталады.
Шешендік өнердің даму кезеңдері төмендегідей:
1.Ел құрасқан шешендер
2. Ер қорғасқан шешендер
3. Хан-сұлтандарға қарсы шешендер
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1- кезең  Майқы би, Аяз би дәуірі (12-13 ғасыр)
2- кезең  Асан қайғы, Жиренше дәуірі (14-16 ғасыр)
Осы екі  дәуір шешендері «Ел құрасқан шешендер»деп аталады.
3- кезең    «Ел қорғасқан  шешендер».Байдалы,  Әз Жәнібек, Тіленші би,
Шалқар би, Тарақты Тұяқ дәуірі (17-18 ғасыр)
5- кезең   «Би болыстарға қарсы шешендер».Бала би, Досбол, Махамбет,
Сырым батыр шешендер дәуірі (19-ғасыр)
Шешендік дегеніміз -  белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен
көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған
үлгілі ойлар мен тұжырымдар.
Риторика   ғылымының   негізін   салушылар   грек   Протогор   және   Сократ,
Платон.
Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған.Астанасы-Афины.
Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56 жазба сөз, 6
хат сақталған.
Шешендік өнер Грециядан кейін Рим мемлекетінде дамыған.Онда Крас
Анатия, Горденция бастаған атақты шешен қолбасшылары болған.
Жан   Поль   Марат,   Максимиллиан   Реберс     Пьер,   Ресейде   В.И.Ленин,
Луначарский   өзінің   шешендігімен   көзге   түскен.   М.В.Ломоносов   «Краткое
руководство»   еңбегінде   орыс   шешендік   өнері   туралы   жазған.   Қазақтың
шешендік   өнерінің   алғашқы   нұсқалары   түркі   халықтарының   Орхон   Енисей
ескерткіштерінде жазылған.  Онда Қорқыттың айтқан нақыл сөздері де бар.
Көне   жазба   мұраларында   Махмұд   Қашқари,   Баласағұнни,   А.Игнеки,
С.Сарайи, Құтып, Р.Хорезмнің айтқан сөздері табылған.Шешендік өнер бастауы
мен даму кезеңдері 7 жарғы заңына да Салон заңына да байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ әдебиеті тарихы 1,2 том
2.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер». Алматы 1993ж
3.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
4.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»
№ 5 Дәріс сабағы
Тақырыбы: Шешендік сөздердің түрлері

               Жоспары:
         1.Шешендік арнау
         2. Шешендік толғау
         3. Шешендік дау
Шешендік   арнау   дегеніміз  –   адамдар   арасында   қарым-қатынас
көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйіне бейнелейді.              
Шешендік   арнауға   жататындар:1.Бата,   2.Сын   сөздер,   3.Көңіл   айту
4.Жұбату. 5.Естірту, 6.Сыңсу, 7.Әзіл оспақ,  8.Сәлем сөз
Шешендік   толғау   дегеніміз  –   халықтың   философиялық   көзқарасын
көрсетеді.
Шешендік толғауға жататындар:
1.Нақыл   сөздер   2.Мақалдар   3.Жаңылтпаштар   4.Мысалдар   5.Жұмбақтар
6.Жарапазан 7.Қанатты сөздер
Шешендік дау –заттың және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі
әдет заңын бейнелейді. Ар дауы адам намысын қорғайды.
Шешендік дауға жататындар:
1.Ердің құны   2. Жер дауы. 3 Жесір дауы 4.Ар - намыс дауы. 5. Отбасы
дауы. 6 Халықтың ар-намыс дауы.
Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтың үрім-
бұтағына   жеткіншектерге   айтар   ақылы   насихат   толғау   деп   аталады.
Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі қонысы, арманы айтылады.
Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.
Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа айтылатын   насихаты толғау деп
аталады.
Жоқшылықтың   азабын   шеккен   халықтың   өмірі,   қонысы,   арманы
айтылады.
Ар дауы-адам намысын қорғаған.
Ел   мен   елдің   арасында   елшілік   келісім   болады.   Ол   елдің   дербестігін
жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап
етеді
Шешендік сөз ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша таралған.
Қонақтықта немесе бір мәселені талқылаған жиында көп жасаған кәрі құлақты
қариялардың   аузынан   шыққан   жүйрік   ойлы,   жүйелі   сөздерді   құймақұлақ
талапты   жастар   өнер   қуған   қыз-бозбалалар   жаттап   алып,   жүрген-тұрған
жерлерінде ойын, жиындарда айта жүрген.
Шешендік   сөздер   ертегі   аңыздары   мен   халық   поэзиясынан   іріктеліп
алынған тартымды шумақтары халықтың бірыңғай әдеби тілінің қалыптасуына
себепкер болған.   
Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған нағыз шебер болу үшін
сөзге   шебер   болу   жеткіліксіз.   Табанда   ақыл   тауып   сөйлейтін,   топ   алдында
тайсалмай сөз бастайтын сөз сайысында саспайтын, батыл, ақылды, сабырлы
болу тиіс. 
Билер   дегеніміз  –   халықтың   көкейіндегісін   айтқан.   Көкірегіндегісін
жарыққа   шығарған.   Әділетті   шешушісі   шешімін   айтушы   болған.   Билерді

барлық та, байлық та жасай алмаған. Билер өз тұғырынан топты жарған таразы
басын   тең   ұстаған.   Қара   қылды   қақ   жарған   әділдігі   мен   төрелігімен,   асқан
кемеңгерлігімен,   данышпандығымен,   сабырлығымен   би   атаған.   Билерді   от
ауызды орақ тілді деп атаған.
Шешендік сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар
  Шешендік   сөздердің   ақындық   өнерден   ерекшелігі   бар.   Ақындық   пен
шешендікті ортақ бірлікте алып қарастыруға болмайды.
Аристотель шешендік 3 элементтен тұрады. 
1.
Сөйлеуші адам
2.
Сөйленетін сөз
3.
Тыңдаушы топтан тұрады.
Осы үшеуі бір-бірлікте қаралады. Шешендік сөздің тіл көркемдігіне теңеу,
бейнелеу,   әсерлеу,   шендестіру,   дамыту,     арнау   т.с.с.   әдебиет   теориясы
қолданылады.   Шешендікті   зерттеуші   А.Байтұрсынов,   С.Исаев,   М.Балақаев
бұрынғы   шешендік   сөзінен   қазіргі   шешендік   сөздердің   арасындағы   стилдік
ерекшелігін айтады. Зерттеушінің айтуынша, сөз өнері ақылға, көңілге, қиялға
қонымды келетіндігі. Сөздің қисынды тазалығы, әсерлілігі ерекше орын алады.
Шешендік өнер сөзді дұрыс жұмсау тілдің әдеби нормасына сәйкес келуі,
ал   сөздердің   бір-бірімен   байланысы   грамматикалық   тұлғалардың   дұрыс
қолданылуы.   Шешендік   сөздердің   орын   тәртібінің   дұрыс   қойылуы   стилдік
норманың   сақталғаны.   Шешендік   сөз   шұбалаңқы   болмай   нақты,   мағыналы
болып келеді.  Нақыл – заттың аты, өнеге өсиет ретінде айтылатын аталы сөз.
Әдетте  мақал-мәтелдің көлемі екі төрт  жолдан   аспайды.Егер  асып кетсе  ол
нақыл сөзге айналады.    
Имандылық шешендіктің бір белгісі
Иман арабша – сенім дегенді білдіреді. Иманды адам айналасындағыларға
және бүкіл азаматқа тек жақсылық ойлайды. Иманды адам өзін қоршаған ортаға
мейір шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады. Әркімге
әдеппен,   ізетпен,  инабатпен  қарайды.   Иманды  адамды  халық   бет  бейнесінен
танып иман жүзді адам дейді. Неге десе ол адам мейірімді, қайырымды болады.
Ал   қайырымсыз   адамдар   адамгершілігі   жоқ,   санасыз,   тас   жүрек   болады,   ал
қайырымдылық - адамдық парыз, адамдық борыш.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.М.Тілеужанов. «Ел әдебиеті»
2.Ә.Табылдиев. «Халық тағылымы»
3.Б.Адамбаев. «Тозған қазды топтаған қарға жейді». Рауан 1991ж
4.Т.Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж
№ 6 Дәріс сабағы
Шешендік сөздердің берер ұлағаты
Жоспар:
1.
Сөз өнері – дертпен тең

2.
Шешендік өнер – рухани азық
3.
Шешендік өнер – халық мұрасы
Халқымыздың   үлгілі   даналығы   болып   келген   шешендік   сөздің   сан
ғасырлық   тарихы   бар.   Шешендік   сөздер   халық   қазынасы,   халықтың   құнды
мұрасы. Шешендіктің тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйінін қып-қысқа нақыл
сөздерге сыйғызып айтуы үлкен өнер. Сөз өнері – дертпен тең.
Шешендік өнердің қиындығы  туралы  Бұқар Жырау былай деген: 

Көш бастау қиын емес

Қонатын жерде су бар 

Шабатын жерде жау бар 

Шаршы топта сөз бастау қиын 

Шешіммен таппас дау бар 
Шешен   адамның   бойында   кездесетін   тапқырлық,   батылдық,   сабырлық
қасиеттердің   белгісі.   Сол   қиын   дауларды   шешуге   көмектескен.   Тыңдаушысы
жоқ   жерде   сөзді   босқа   қор   етпеген.   Қазақтың   шешендік   сөздерінің   тарихы
Майқы би мен Аяз биден басталады.
Түгел сөздің түбі бір,
Түп атасы – Майқы би.
Аяз әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл.
Халықтың   сеніміне   айналған   шешендер:  Жиренше,   Асанқайғы,   Бұқар,
Шалкиіз, Шортанбай, Дулат, Мұрат сөздері халықтың көкейінен шыққан. Ел
қамын ойлаған. Біздің атақты билеріміз Төле, Қазыбек, Әйтекелердің білімпаз,
көреген,   ұлағатты,   ғибратты   сөздері   өскелең   ұрпаққа   болашақтың   жарық
шамшырағы іспеттес.
Төле би айтқан: Тура биде туған жоқ,
                           Туғанды биде иман жоқ.
Қазақтың шешендік сөздері  сөз құдіретін түсінетін адамға шөлдегенде
ішетін сусын, тоңғанда жылынатын отын, ыстықтағанда желпінетін самал жел,
адасқанда жол көрсететін жолбасшы, жауға аттанғанда қолбасшы, рухани азық,
өмірдегі бағыт беретін темірқазық жұлдыз. Даналардан шыққан сөз, білімдіге
болсын кез.
Төле бидің:  «Ел басы», «Төле бидің төрелігі», «Төле бидің шешендігі»,
«Қаз дауысты Қазыбек би» т.б. әңгімелері бар.
Мысалы:   «Дүние не өлмейді?»
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде
не өлмейді?», - деп сұрақ қойғанда, алпыс би бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді
Асқар тау өлмейді
Аспанда ай мен күн өлмейді
Әлемде қара жер өлмейді.
Сонда Жиренше шешен бәріне қарап шығып:
Ағын судың өлгені-
Алты ай қыста қатқаны
Асқар таудың өлгені-

Басын бұлттың жапқаны
Ай мен күннің өлгені-
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені – 
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ
Бір алланың қақпаны
Дүниеде не өлмейді
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді,- дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Ана тілім - ардағым». Алматы. 1999ж
2.Қ.Жарықбаев. «Ақылдың кені». Алматы. 2000ж
3.А.Байтұрсынов шығармалары. Алматы,1989ж
4.Ә.Құрымжанов.   «Сөз   атасы   мақал-мәтелдермен   қанатты   сөздер».
Алматы, 1989ж
№ 7 Дәріс сабағы
Тақырыбы:Шешендік өнердің зерттелуі
Жоспары:
1. А.Байтұрсыновтың зерттеуі
2. Р.Сыздықованың зерттеуі
3. Шешендік сөздерді топтастыру
А.Байтұрсынов шешендік сөздерді бірнеше топқа бөледі.
1.Саясат шешендік сөзі
2.Билік шешендік сөзі
3.Қошемет шешендік сөзі
4.Ділмар шешендік сөзі
5.Молдалардың нақыл сөзі
  Қазақ шешендіктану ғылымында шешендік өнер мен шешендік сөздің
ұғымдық айырмасын ашып, анықтама берген ғалым – Р.Сыздықова. 1987 жылы
жарық   көрген   «Қазақ   әдеби   тілінің   ауызша   түрі»   деп   аталатын   кітапта
шешендік өнердің сөзге шеберлік екендігін ұғындырып, оны шешендік деген
атаумен   атауды   ұсынды.   Орыс   ғылымында   «ораторское   искусство,   риторика,
красноречие»   деп   жүрген   категорияларды   білдіретін   шешендік   атау
қалыптасты.   Р.Сыздықова   қазіргі   шешендік   сөздерге   қойылатын   шарттарды
санамалап көрсетіп береді: - әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы; - әңгіме
өзегінің дәлелі болуы; - тыңдаушыларға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы;
-   тыңдаушыларын   белгілі   бір   іс-әрекетке   ұмтылдыратын   сөз   болуы;   -
айқындылығымен түсініктілігі.
Одан әрі ғалым бұрынғы шешендік пен қазіргі шешендіктің айырмасын
қолданылар   жерлері,   тақырыптары,   түрлеріне   қарай   дәлелдеп   көрсетеді.
Р.Сыздықова   бұрынғы   шешендіктің   ақындыққа,   шешендік   сөздің   поэзияға
жақындығын көркемдеу тәсілдерінің ортақтылығынан, екеуінің де әлеуметтік

мүддені   көздейтіндігінен,   екеуінің   де   тыңдаушыға   психологиялық   әсер
туғызатынын түсіндіреді. Шешендік сөз бен поэзияның арасындағы ортақтықты
тап   басып   көрсетеді.   Ертедегі   Греция   теоретиктерінің   риториканы   шешендік
пен поэзия туралы ғылым деп қарастыруының өзі осындай ортақ белгілерінен
еді.
Бірақ Р.Сыздықова шешендік сөз бен поэзияның бірдей еместігін, екеуінің
арасында мынадай айырмашылық бар екендігін билер сөзін мысалға келтіріп
көрсетеді:   шешендер   сөздерінің   алды-артында,   ішінде   түсіндірме-баяндау
мәтіндер   болады,   ал   поэзияда   түсіндірме   баяндаулар   болмайды,   көркем   сөз
творчествосында   тақырыпты   ойдан   шығару   және   оқиға   өрісін   ойша   болжау
дегендер орын алатын болса, шешен сөзінің өзегі тек қана шындық болмыс,
көркемдеу құралдары мен тәсілдер поэзия үшін шарт болса, шешендік сөзде
олар иіні келген тұста ғана қолданар құрал, тармақтардың буын саны жағынан
біркелкілігі – поэзияға тән белгі, ал шешендік сөзде біркелкі емес, өлеңде ұйқас
тәртібі сақталса, шешендік сөзде ұйқас тәртібі сақталмайды.
Мұнымен   қоса,   Р.Сыздықова   шешендік   сөздің   басқа   тілдік   қарым-
қатынастан  өзгешеленетін  белгілерін   атап  көрсетеді,   олар:  - шаршы  топ   пен
шешеннің   тікелей   қарым-қатынасы,   -   шешен   мен   шаршы   топ   арасындағы
тоғыспалы әсерлер; - шешеннің сөзіне дауыс ырғағы, мимикасы, т.б. қатысуы.
Р.Сыздықова осы кітапта бұрынғы шешендік сөздерді мазмұнына қарай
төрт топқа бөлген:
1.Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөз
2.Әлеуметтік- тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздер
3.Білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөздер
4.Сотта қолданылатын шешендік сөздер
 Қорыта айтқанда, қазақ шешендік өнері ежелден сөзге дәл осындай сипат
беріп, оны саяси, әлеуметтік күш ретінде таныды. Біздің бұл еңбегімізде  қазақ
шешендік өнерінің негіздері етіп ежелгі сақ, ғұндардың шешендігі, көне түркі
шешендігі,   орта   ғасыр   түркі   шешендігі   алынып,   қазақ   шешендік   өнерінің
қалыптасу   тарихы   ақын-жыраулар   шешендігі,   билер   шешендігі,   қазіргі
шешендік ретінде кезең-кезеңге бөлініп қарастырылады.   Осы арқылы ежелгі
грек-рим, қытай, үнді шешендігі тәрізді түркі шешендігі болғандығын, қазақ
шешендік өнері сол түркі шешендігінің үзілмеген жалғасы екендігі дәлелденеді.
Г.З.Апересян 5 топқа топтаған.
1.Әлеуметтік саяси шешендік сөз
2.Академиялық шешендік сөз
3.Сотта айтылатын шешендік сөз
4.Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөз
5.Діни қызметте қолданылатын шешендік
Шешендік   сөздер  –   ауыз   әдебиетінің   ең   аз   зерттелген   жанрлық
түрлерінің   бірі.   Мұның   себебі   кеңестік   саясаттың   қазақ   шешендік   өнерінің
зерттелуіне   тежеу   салып   келгендігі.   Себебі,   шешендік   сөздерде   халықтың
ұлттық   тарихы   мен   дүние   танымы,   азаматтық   пен   тәуелділікті   аңсаған
күрескерлік   рухы   жатты.   Сондықтан   кеңескерлік   тотаритарлық   тәртіп
тұрғысында  шешендік сөздерді  жинап, жариялау, зерттеу  ісіне шек қойылып

отырды. Дегенмен қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі- М.Әуезов
«Әдебиет   тарихы»   атты   еңбегінде     шешендік   сөздерге   «Билер   айтысы»
терминдік   атау   беріп,   оның   билер   сөзі   екенін   айтқан   еді.   Әйтсе   де   әдебиет
зерттеушілері күні бүгінге дейін шешендік сөздерді фольклор қатарына қосып
келеді.   Бұл   орайда,   ұлы   М.Әуезов   пікіріне   сүйенсек,   билер   сөзінің   авторы
қазақтың даңқты би-шешендері болмай ма? Расында шешендік сөз белгілі бір
би-шешеннің атынан айтылатыны мәлім. Ал атақты В.Г.Белинский фольклорда
даңқты   есімдер   болмайтынын   алдағы   көркем   сөз   авторы   халық   екенін
көрсеткен. Сонда шешендік сөздерді фольклорға телу кеңістік дәуір тұсында
би, шешендер есімін ауызға алудан тайсақтағандықтан ба, әлде фольклор мен
авторлы   ауыз   әдебиетінің   ара   жігінің   ғылыми   тұрғыда   түпкілікті
ажыратылмағандығы   ма?   Рас,   шешендік   сөздер   ғана   емес,   белгілі   әдебиет
зерттеушісі   Е.Тұрсыновтың   айтуынша   жақын   уақыттан   бері   ғана   баспасөз
авторы   шығарма   деп   танылған   және     осы   күнге   дейінгі   авторлығы   ауызша
сақталып келген, қазақ ақын жырауларының бай поэзиясы неге екені беймәлім
фольклор   қатарына   жатқызылып   келген.   Сондықтан   кеңестік   дәуір   тұсында
жазылған   еңбектерге   жаңаша   көзқарас   тұрғысынан   баға   беру   ләзім.   Осы
тұрғыдан   келгенде   кеңес   дәуірінің   соңғы   кезеңдерінде   шешендік   сөздерді
шұқшия зерттеген Б.Адамбаевтың көзқарастарында да қайшылық аз емес.
Пайдаланылған әдебиет: 
1. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы. –
Алматы: «Ғылыми» ғылыми баспа орталығы, 2005.-296 бет.
2.Т.Садықов. «Қазақтың шешендік сөздері». Алматы 1997ж
3.А.Нұрпейісова. «Тіл мәдениеті курсы». Талдықорған
4.М.Әлімбаев. «Өрнекті сөз ортақ қазына». Алматы 1977
№ 8 Дәріс сабағы
Тақырыбы: Қорқыт ата әңгімелеріндегі шешендік
Жоспар:
1.
Қорқыт ата өмірі
2.
Қорқыт – күйші, сазгер
3.
Қорқыт ата еңбектері
Қорқыт   ҮІІІ   ғасырда   Сырдария   бойын   мекендеген   Қыпшақ-Оғыз
тайпаларынан   шыққан   атақты   жырау,   дарынды   күйші   және   ойшыл   философ
болған. Қорқыт жайында 12 дастаннан құралған «Қорқыт ата кітабы» аталатын
жинақ   бар.   Бұл   кітаптар   Ватикан   (Рим)   кітапханасында   және   Дрезден
кітапханасында сақтаулы.
Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу,
Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға ақылгөй уәзір
болған.   Елді   жаудан   қорғау   ,   жер-суды   белгілі   тәртіппен   пайдалану,   дау-
жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді
оң және сол деп екі қанатқа бөлу сияқты тәртіптерді белгілеп, әлеуметтік заң
жүйесін жасаған. 

Қорқыт өз ел-жұртының аянышты халін көріп, одан елді құтқаруды мәңгі-
бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, елдің төрт бұрышын кезеді. Бірақ ол
қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады. 
Қорқыт   дүниеде   өзгермейтін   еш   нәрсе   жоқ   деген   қорытындыға   келіп:
«Сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ» деген екен. 
Тарих   саласынан   ерекше   орын   алатын   түркі   тайпасына   ортақ   ұлы
перзенттердің бірі – Қорқыт ата. Тарихи деректермен халық шежіресі бойынша,
Қорқыт – тоғызыншы ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын,
асқан   күйші,   бақсы-балгер,   аңыз   кейіпкері.   ҮІІІ   –   ІХ   ғ.ғ.   төңірегінде
Сырдарияның орта және төменгі бойын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының
мемлекеті болған. Халық аңыздарында Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан,
әкесі   Қарақожа   оғыздарының   Баят   тайпасынан   екен   дейді.   Сондықтан   да
Қорқыт қыпшақтар мен оғыздар арасында өмір сүріп, екі жаққа бірдей ел ағасы
атанған. Қорқыт туралы ел арасында сақталған аңыздар көп. Бір аңызда Қорқыт
ұзақ   жылдар   бойы   ел   басқарған   көсем   болғанын,   өз   өмірінде   үш   ханның
тұсында уәзірлік қызмет атқарғаны туралы баяндайды. Ал Қорқыттың теңдесі
жоқ күйші-сазгер болғанын халық жадында сақталып, біздің дәуірімізге жеткен
«Қорқыт ата күйі», «Ұлардың ұлуы», «Қорқыт сарыны» аталатын музыкалық
шығармалар дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-
жыраулар   Қорқыт   атаны   өздеріне   ұстаз,   пір   тұтқан.   Өмір   өздерінің   өлең
жырларын немесе бақсылық сарындарын бастар алдында Қорқыт атаның есімін
ауызға алуды басты шарт деп білген. Сондықтан да халық.: 
«Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт ата,
Бата алған балық бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен
Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда», - деп тегін жырламаған. 
Академик   Ә.Марғұлан:   «Қорқыт   мұрасына   ие   болғандарды   төрт   топқа
бөлуге болады: оның біріншілері, - ежелгі бақсы жыраулар. Олар : Қойлыбай,
Балақай,   Қарамырза,   Нысан   абыз.   Екінші   –   қобызбен   күй   шығарған   атақты
күйшілері:   Әл-Фараби,   Кербұқа,   Ер   Шегедей,   Досан,   Өтеболат,   Қанғожа,
Құрманғазы, Ықылас т.б. Үшінші – болжам айтатын ойшыл жыраулар: Сыпыра
жырау,   Асан   Қайғы,   Қазтуған,   Шалкиіз,   Әнет   баба,   Бұқар   жырау,   Тәттіқара,
Майлықожа.  Төртінші – Қорқыт дәстүрі бойынша қобыз бен жыр тасқынын
ағызған   құйылма   ақындар:   Жанақ,   Сабырбай,   Найманбала,   Жұмағұл,   Базар
жырау,   Ерімбет   жырау,   Абыл   жырау   т.б.     Қорқыттың   ақындық,   күйшілік,
бақсылық,   ойшылдық   мұраларының   ХІІ-ХІІІ   ғ.   бойы   бүкіл   қазақ   даласынан
үзілмей келе жатқан керемет өнер желісі екенін дөп басып белгілеп берген. 
Қорқыт күйлері мен жырларының маңызы мен мәні   жайында академик
Ә.Марғұлан 1950 жылы 4-5 мақала жазды. Ол еңбектер «Ежелгі жыр аңыздары»
атты кітабында басылып жарық көрген болатын. Ал Қорқыт туралы тұңғыш
зерттеу еңбектерін жазған Ш.Уәлиханов пен Ә.Диваевтар еді. Бұл еңбектердің
барлығында да Қорқыттың қай дәуірде өмір сүргені, бейітінің қай жерде екені
(Қызылорда  облысы  Қармақшы  ауданының  орталығы,  Жусалы  станциясынан
1,5 шақырым жерде Сырдария өзенінің бойына орналасқаны) әңгіме арқауына
айналып,   жырдағы   сөз   болатын   тәлімдік   ойлар   терең   талдауға   алынған.

Қорқыттың ақындығын жыраулығын дәлелдейтін фактілер оның «Қорқыт ата»
кітабында   көп   дейді.   «Қорқыт   ата»   кітабының   бір   қолжазба   нұсқасы   –
Германияның   Дрезден   кітапханасында,   ал   екінші   қолжазба   нұсқасы   –
Ватикандағы (Италияда) Аростолика кітапханасында сақталып келген. 
Қорқыт ата кітабының тәлімдік   мәні күшті. Түрлі афоризмдер, қанатты
сөздер,  ұстаздық  ұлағатты  ойлар біршама баршылық.   Мәселен,  имандылық,
кісілік,   қанағатшылдық,   әрекетшілік,   жайында   айтылатын   мынадай   ақыл-
нақылдарға ой жүгіртуге болады. «Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл
болмайды. Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып бір күн тыныштық көрмей дүние
жияды, байиды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. Менмен,
тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңір
бақ   бермейді.   Дана   ойшылдың   ата-ананы   сыйлау,   құрметтеу,   үй   ішілік
сыйласымды қарым-қатынас ұл мен қыз тәрбиесі адамның әр түрлі мінез-құлқы
сипаттары   жайында   айтқан   тағылымдары   да   бүгінгі   ұрпақтарға   да   өнеге
болғандай.
Мысалы: «Өзіңнен тумаса ұл өгей, қаншама бағып-қаққанымен ол саған
ұл болмайды. Мыңғырған мал жиғанменен адам жомарт атанбас. Анадан өнеге
көрмеген   қыз   –жаман,   атадан   тағылым   алмаған   ұл   –   жаман.   Ондай   бала   ел
басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды».
Қорқыт ата жас өспірімнің елін жаудан қорғап, азамат болып өсуіне де
ерекше  мән беріп  киелі ойлар  қозғаған.   Осыған  орай  ол былай  дейді:  «Жол
қиындығын көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгеннен келер
пайда жоқ. Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш
сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай
кесіп түседі.Қолыңа ұстаған болат қылышың мұқалмасын. Жауға атқан садағың
өткір   болсын».   Кемеңгер   ойшыл   жас   жеткіншектің   жас   қонақжай,   көпшіл
болуын сөзі мен ісінің бір жерден шығуын қалайды. Мысалы,  «Қонағы  жоқ
қараша үйден құлазыған түз артық». «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған
балаға   ешкім   жетпейді».   «Өтірік   сөз   өрге   баспайды».   «Өтірікші   болғаннан
жарық   көріп,   өмір   сүрмеген   көп   артық».   «Сөзге   берік   шыншыл   адамға   бұл
дүниеде отыз жылды үшке көбейтіп өмір сүрсе де аз» т.б.
Отбасы   үй   іші   тіршілігінің   береке-бірлігі,   ұрпақ   тәрбиесі   анаға
байланысты   деп   ұққан   Қорқыт   бабамыз   оларды   төртке   бөліп   қарастырады.
Олардың   бір   тобы   отбасының   тірегі,   үйдің   құты   қонақжай,   үрім-бұтақтары
өсіп-өнген   жандар.   Мұндайлар   «Айша   мен   Фатимадан   бата   алғандар»   деп
ақылды,   арлы,   еңбекқор   аналарды   жастайынан   тәрбиелеп   шығаруды   міндет
санайды.
Қорқыт - ежелгі түркі тайпаларының ІХ-Х ғғ. Сыр бойында өмір сүрген
ойшылы. ҮІІІ- Х ғ. надандық патриархалдық  өмір өзгеріп далаға  ислам діні
феодализм   бұлты   келе   бастағанда   Қорқыт   соның   екеуінде   сынап   көшпелі
тайпалардың   еркіндігін   жақтаған,   ислам   дінің   орнына   мамандық   сенімді
тұтатып,   түркі   тайпаларының   мүддесінде   болған.   Ол     Сыр   бойындағы   оғзы
қыпшақ ұлысының құрылу,   ыдырау кезеңдерін басынан өткерген адам. ХҮ ғ.
Асан қайғы осы Қорқыттың ізін қуған. 
Қилы-қилы заман болар,

Әулиеден би болар.
Үй басына бір-бірден молда болар,
Қас,   жүзі   қара   сонда   болар,   -   деген     жерде   Асан   феодализмді   әсіресе
ислам дінін сынап отырса керек.
Көпке дейін біз қазақ эпосындағы осындай тапта   феодалдық сарынды
жете   түсіне   алмадық.   Феодализм   таптық   қоғам,   ендеше     онда   феодалдық
халықтық   мәдениет   тенденцияларының   бітімсіз   тартыста   болуы   заңды.   Біз
өткеннің мұрасына тарихқа осы тұрғысынан басымдау келуіміз керек.
Бұл реттен алғанда жете танылмаған орта ғасыр ойшылдарының бірі –
Қорқыт. Оның музыкалық, эпостық бай мұрасы. Бұл мұраға тек фольклор деп
қарамай, шығыс Ресенансы тұрғысынан да келуге тиіспіз.
  Өйткені «Кітаби Қорқыт» жырлары Қорқыттың күйшілік дәстүрлі орта
Азиядағы мәдени оянудың ІХ-Х ғ/дың жарқын бір көрінісі болған еді. Қазақ
халқы үшін оның эпостық жырлары мен музыкасы теңдесі жоқ жаңалық үлкен
прогресс болды.
Халық   арасында   Қорқыт   туралы   тасып   жатқан   аңыздар   бар.   Ол  өзінің
астындағы жалғыз түйесін   сойып, терісін қобызына шанақ етіпті, дейтін сөзі
бар. Қорқытқа тән басты қасиеттің бірі – бақсылығы. Баба Ғұмырды айтпағанда
қазақ аңыздарында әруаққа сиынудың басы осы Қорқыттан басталған.
Қорқыт аңыздарындағы басты бір сарын оның ажалдан қашуы. Қорқыт
өзінің желмаясына мініп, ел кезіп жүрген. Қайда барса да алдынан екі адам
кезігіп,   көр   қазып   жатады.   Қорқыт   оларға:   «Бұл   кімнің   көрі?»   деп   сауал
қойса,олар «Қорқыттың көрі» деп жауап қатады.
«Қайда   барса   да   Қорқыттың   көрі»   деген   афоризмді   екі   жақты   түсіну
керек. Біріншіден ІХ-Х ғ/да  оғыз қыпшақ ұлысында әлеуметтік өзгерістер туған
еді.   Сондықтан   Қорқыттың   пессимизмін   феодализм   мен   аталық   қоғам
арасындағы  қайшылық ауыспалы заманның таңбасы  дейміз. Оған дәлел көп.
Мысалы,   оның   жырларындағы   батырлар   Өгізбен,   Әзірейілді   жеңе   алмайды.
Екіншіден   осы   ұғымды   ертедегі   сақ   тайпаларының   наным-сенімдері   де   бар.
Олар адам өлген соң қайта өмір сүреді деп ойлаған болса, бақсылар Қорқытты
дүниеге өлмей тірі кетті деген. «Өлі десем өлі емес, тірі десем тірі емес» деген
сөз содан қалған. Бұл ұғымның ізі Шоқан келтіретін «Өлі мен тірінің достығы»
деген ертегіде бар. Сонда ата баба культінде алынған Қорқыт «пендеге өлім
парыз» деген ислам идеясымен күрескен болады. Қорқыттың өлімі сол идеяны
жеңуін   меңзеу   ме   дейміз.   Қазақ   аңыздарында   Қорқыт   бір   ғана   бақсы   емес,
көптеген   күйлер   мен   дастандар   тудырған   тарихи   тұлға.   Кейін   бұл   аңыздар
Ислам   санасымен   бояла   бастаған.   Бірақ   бұл   жай  оның   жырларында   жоқтың
қасы. Қорқыт жырлары дала поэзиясының басы, сондықтан оның жырлары мен
күйлері, аңыздары қазақ халқына да ортақ.
Қорқыт жайындағы аңыздарды жинақтай келгенде, оның бойындағы үш
түрлі өнері айқындала түседі. Біріншіден ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан
айтулы бақсы, маман. Ә.Диваев бақсы шағатай сөзі, ол балгер сиқыршы деген
ұғымды береді.Бұл сөз мөнжүр елінде де бар. Оларда бақсы ақылшы, ғалым
дегенді   білдіреді.   Екіншіден   Қорқыт   күйші,   музыкант   ең   тұңғыш   қобыз

сарынын тудырған адам. Үшіншіден Қорқыт –эпос айтушы, әйгілі ұзын жырау
оның жырлары оғыз қыпшақтарының өмірінен қалған әдеби тарихи мұра.
Қорқыттың   аты   ерте   замандардан   бері   бар.   Анатомия   түріктері   оны
Баязид сұлтанның баласы еді дейді. Түрік ғалымы Абдулқадыр иман Қорқытты
қобызда, тамбурда шебер ойнаған қазақ бақсылары сол Қорқыт атаға табынған
дейді.
Қорқыт   аңыздары   көптеген   ғалымдардың   назарынан   да   тыс   қалмаған.
Мысалы, Вельмиинов «Қайда барсаң Қорқыт көрі»  деген аңызды зерттеген.
Жоғарыда   келтірілген   Ә.Диваев   деректеріне   сүйенсек   Сыр   бойында
Қорқыт бірде бақсы, бірде әулие.   Түркімен аңыздарында Қорқыт-Инал ябы,
Ирке   дойлы,   қай   руларының   көсемі.   Наом   мен   Жәмиде,   Қорқыт   түркі
тайпаларына  әйгілі бақсы, сәуегей адам.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Әбілмолдин К.Қорқыт ата туралы хикая//Ұлағат журналы №4, 2005-
43-45 беттер.
2.
Ә. Қоңыратбаев.  Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тілі,
1991 ж.- 86-89 беттер.
3.Ескі түркі ескерткіштері туралы зерттеулер».Алматы: Мектеп 1993-58

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет