Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттер тұлғаның әлеуметтенуі және тұлғаға қатысты концепцияларды игереді.
Жоспар: 1. Түлға әлеуметтенуі ұғымы. Тұлғаның макросоциологиялық және микросоциологиялық концепциясы.
2. Тұлғаның даму теориясы. Дж.Мид тұлғаның дамуы туралы. Ч.Кулидің «Айнадағы Мен» теориясы. З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясы. Ж.Пиаженің когнитивті даму теориясы. Л.Колбергтің адамгершілік даму теориясы. Э.Эриксонның тұлғаның дамуы туралы теориясы.
3. Әлеуметтенудің негізгі кезеңдері. Әлеуметтенудің негізгі агенттері: отбасы, әлеуметтік коршаған орта, бұкаралык акпарат кұралдары және басқалары.
4. Тұлғаның рөлдік және мәртебелік концепциялары. Рөл және мәртебе ұғымдары. Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі. Гендерлік әлеуметтену.
Негізгі сөздер:тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік рөл, әлеуметтік мәртебе, рөлдік тұжырымдама, адам, индивид, тұлға.
1. Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Тұлға-әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады.