«Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер кафедрасы»



бет1/4
Дата13.11.2022
өлшемі113,59 Kb.
#157977
  1   2   3   4
Байланысты:
срс кукык 2
Қоңыр күз еді, 100 есеп физикадан, 1, матем 113 дарс 3 синф, Мағжан Жұмабаев мақала


«Қазақстан тарихы және әлеуметтік- қоғамдық пәндер кафедрасы»

«Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның пайда болу себептері»


Орындаған : Ілес Гүлбану


Топ : СТҚА-04-22
Қабылдаған : М.М.Мухтархан
Жоспар
Кіріспе
1.Сыбайлас жемқорлық түсінігі және мәні.
2.Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы.
3.Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен шарттары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады.


Көптеген жылдар бұрын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң алғаш рет кірді, одан әрі арнайы органдар, партиялар құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық және облыстық қоғамдық кеңестер құрылды, онда бірінші жылы 5000 -нан астам азаматтардың өтініштері қабылданды. Өкінішке орай, Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша ТМД елдерінің алдыңғы қатарында.

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және мәні


Сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік қызметшілердің немесе оларға теңестірілген адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады.
Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады.
Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар, немесе «өз адамдары» негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді.
Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың өте күрделі мәселе екенін білдіреді және оны жан-жақты зерттеуді талап етеді.
Біздің түсінігіміз бойынша сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде лауазымдық тұлғалар мен қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы үшінші тараптың мүддесіне зиян келтіре отырып, пайда алу мақсатында өз лауазымын пайдалану болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық пайда болу тарихы


Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б.з.д. ХХІV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз әрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады. XIII ғасырда парақорлық туралы мағұлматтарды орыс халқының шежірелерінде де көптеп кездестіреміз. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазған. Оның немересі Иван Грозный 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді.
Қазақстанда құқықтық жүйенің негізі орта және соңғы орта ғасыр кезеңінде дамыды, яғни XIV-XIX ғ.ғ. бірінші кезең деп шартты түрде көрсетуге болады. Қазақтың феодалдық қоғамының кезеңінде қазіргі біз сыбайлас жемқорлық деп санайтын қылмыс үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін сыбайлас жемқорлық легитимдік институттың нысанында көрініс тапты. Жоғарыда отырған өкілдерге берілген сияпат феодалдық міндеттілікпен сипатталады. Хандардың, сұлтандардың, билердің және басқа да жоғарғы тап өкілдерінің пайдасы үшін қарапайым жер иеленушілерден (пайдаланушылардан) ұдайы «ұшыр» салығы алынды, — бұл егіннің оннан бір бөлігі. Мал шаруашылығымен айналысатындар «зекет» салығын төледі. Сонымен қатар, феодалдық жоғарғы таптың пайдасына соғым немесе сыбаға түрінде сыйлық жиналған. феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Д`Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен . Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған.
Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: — парақорлық; — сұғанақтық; — қорқытып алу; — мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997 жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000 жылы 28 сәуір, 2001 жылы 8 маусым, 2001 жылы 12 шілде, 2002 жылы 9 тамыз, 2003 жылы 27 қыркүйек, 2007 жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998 жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006 жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері мен шарттары
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар.
 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет