Ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін – белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші, т.б. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.
Ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынының барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылар да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелі қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінінде түсініп жақсы біледі.