III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
болашақтағы ізденістердің қажеттілігімен маңызды, әсіресе, олар
салыстырмалы талдаулар жүргізулер арқылы өрбитін болса
құндылығы арта түседі. Бірақ бұл зерттеудің міндеті тәуелсіздік
дәуіріне дейінгі қазақстандық философияны дамуын және оның
ХХ ғасырдағы негізгі мектептерін көрсету болғандықтан сана-
лы шектеулер арқылы Қазақстандағы фарабитанудың дамуы
көрсетіледі.
Қазақстандағы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығын
зерттеу кеңес дәуірінде-ақ басталған болатын, дәлірек айтсақ
жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары. Бұл саладағы
ғылым и зерттеулердің бастамашысы Ақжан Машани бола-
тын (Машанов). Ол Қазақстан ғылымында алғашқы болып
ортағасырлық ойшылдың энциклопедиялық мұрасын зерделеу-
ге назар аударды. Оның осы бастамасын Ғылым академиясының
Президенті, әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалым Қ.И. Сәтбаев
қолдайды. Осы жағдайды еске ала отырып Машани төмендегі
ойларын тұжырымдайды: «Бізге әл-Фарабидің ғылыми мұрасын
зерделеумен айналысуға біреу тыйым сала ма және олай жасау
оған отан болған Қазақстанның ғалымдарының тікелей және
абзал міндеті емес пе? Бұл біздің халқымыздың алдындағы па-
рызымыз және оның керемет бір ұлын еске алуға арналған жа-
дымызды жаңғырту болып табылады. Мен өзіме төмендегідей
міндет қойдым: Фараби мұрасын зерттеуді бастау. Бұл 1956 жыл
еді ... Дегенмен, әл-Фараби мұрасын ғылыми зерделеу мәселесін
көтеру оңай нәрсе емес екен, өйткені Қазақстанда оның еңбектері
болмады, араб тілінің мамандары жоқ болатын, сонымен қатар
осындай зерттеулер жасау дәстүрі мен тәжірибесі де жоқ еді.
Осылардың барлығына қорқыныш мен тәуекелге қарамастан
мен жұмысқа кірістім. Көптеген ізденістердің нәтижесінде әл-
Фараби еңбектерінің қолжазбалары қай жерде сақталатындығын
анықтадым. ... Мен осы еңбектердің микрофилмьдерін маған
жіберу жөнінде хаттарды тарата бастадым. Лондон, Париж,
Дрезден, Берлин, Анкара, Стамбул, Тегеран, Каир, Дамаск, Баг-
дад, Бейрут және басқа қалаларға хат жіберілді. Бұл әрекеттер өз
нәтижелерін берді. Екі жылдан кейін әл-Фарабидің еңбектерінің
екі томы және ол туралы шыққан еңбектер қолға тиді. 1960 жылы
ҚазССР ҒА кітапханасының директоры Н. Ахметова екеуміз
Ғылым Академиясының Президенті Қ.И. Сәтбаевқа әл-Фарабидің
мұрасын зерттеумен тікелей айналысудың уақыты келгенін айтып
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
324
хат жаздық. Ол біздің хатымызды барынша мұқият қабылдап,
«Келісемін. Жүзеге асыру керек.» деген бұрыштамасын қойды» [1,
106 б.].
Содан бірнеше жылдар өткен соң, яғни 1967 жылы Қазақстанда
әл-Фараби мұрасын зерттеу бойынша топ ұйымдастырылады,
сөйтіп, оның еңбектерін іргелі зерделеулер басталады. Олар
әлемдік философия аясында және тарихи-философиялық
үдеріс мәселелерін зерделеу ауқымында жүргізілді. Бірақ әл-
Машани Қазақстандағы фарабитанудың дамуын ұлттық тарихты,
мәдениетті және халықтың өзіндік санасын пайымдау шеңберінде
айқындайды. Оның осындай бастамаларының арқасында
қазіргі таным жүйесі әл-Фарабидің мұрасынан қазақтың рухани
мәдениетінің, оның түркі-ислам негіздерінің және дүниетанымдық
мазмұнының терең тамырларын табуда. Осы патриот-зерттеуші
туралы тарихи жады және фарабитанудың дамуына сіңірген
үлесі ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған Қ.И. Сәтбаев атындағы
қазақтың ұлттық зерттеу техникалық университетінде мәңгілікке
қалдырылды. Оның атымен осы еліміздің техникалық кадрларды
дайындайтын мекеменің базалық білім беру Институты аталады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеуді орталығына
Ғылым Академиясы айналады, ал осы саладағы іргелі зерттеулерді
атқарып келе жатқан басты мекеме – ҚазССР ҒА философия және
заң институты, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым
комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты болып
табылады.
Әл-Фараби мұрасын зерделеуге алғашқы пәрменділік бер-
ген және оны зерттеу бағдарламалардың жүзеге асырылуы-
на ықпал еткен нәрсе – ЮНЕСКО ауқымында ойшылдың 1100
жылдық мерейтойының халықаралық деңгейде аталып өтілуі еді.
Мерейтойлық бағдарламаға ойшылдың тарихи отаны болып та-
былатын сол кездегі Қазақстанның астанасы – Алматы қаласында
өткізілген халықаралық ғылыми конференция енді. Сол тарихи
кезеңде ҚазССР Ғылым Академиясын қазақ халқының рухани
құндылықтарын жаңғыртушы ғалым Ш.Е.Есенов басқарған бола-
тын. Еліміздің Ғылым Академиясы КСРО Ғылым Академиясының
құрамына енгендіктен осы орталықтың басты мекемесіме.н
тығыз байланыста атқарылды. Қазақстандық фарабитанудың
қалыптасуына септігін тигізген көрнекті ресейлік ғалымдардың
қатарына академик Б.Г. Гафуров, ғылым докторлары С.Н. Григо-
325
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
рян және Б.А. Розенфельд, ғылым кандидаты А.В. Сагадеев және
т. б. жатқызамыз.
КСРО ҒА ғалымдары әл-Фараби трактаттарын табуға, оларға
аударма жасауға өз көмектерін беріп отырды, кеңестерін аяма-
ды. Қазақстанға осы салалар бойынша аспирантура мен доктор-
антура арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауға ат салы-
сты, мақаллардың жариялануына қол ұшын берді. Кееде бірігіп
ғылыми-зерттеу жобаларын да орындап отырды. Сәйтіп, 1995
жылы Алматы қаласында осындай ғылыми ынтымақтастықтың
арқасында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған
мерейтойлық халықаралық ғылыми конференция өткізілді, оның
материалдары жарық көрді. Қазақстанның атынан Г.Б. Шай-
мухамбетова және С.К.Сатыбекова сияқты жас зерттеушілері
Мәскеудің жетекші ғылыми орталықтарында аспирантурасын-
да оқып бітірді. Академия басшылығының орнықты қолдауы
арқасында мен шығармашылық тобының ұлы ойшылдың
мұрасын қажырлы және белсенді зерделеуі арқасында әл-Фараби
есімі Қазақстан жұртшылығы үшін кеңінен танымал болды.
Қазақстан фарабитанушылары ондаған жылдар бойы
ойшылдың энциклопедиялық мұрасының көптеген төмендегі
қырларын жан-жақты зерделеумен айналысты: онтология мен
гносеология, логика мен әлеуметтік философия, этика мен эсте-
тика, саясат пен жаратылыстану, музыка мен математика жа-
тады. Осы ғылыми-зерттеу қызметтің нәтижелері қомақты
монографиялық жұмыстар және ғылыми мақалалар, ғылыми
конференциялар мен әртүрлі ғылыми форумдардың материалда-
ры түрінде көрініс беріп отырды. Қазақстандық фарабитанудың
елу жылдық тарихының негізгі жетістігі – ұлы ортағасырлық
энциклопедист-ойшылдың мұрасы Қазақстанның рухани
мәдениетінің қазынасына толығымен ендеуі болып табылады.
Ал әл-Фараби есімі еліміздің мәдени рәмізіне және оның бай
тарихының жәдігеріне айналды. Әл-Фараби есімі тек қана ғылыми
форумдардың мінбесінен ғана айтылған жоқ, ол сонымен қатар
студенттік аудиторияларда, мекетеп сыныптарында оқытылып,
теледидар мен радио арқылы беріле бастады.
Отандық философияда фарабитанудың қазақстандық мектебі
қалыптасты, қазіргі кезеңде тарихи-философиялық білімнің осы
саласы бойынша философиялық дәстүр тұрақты дамып келеді.
Фарабитанулық зерттеулер белгілі бір эволюциядан өтті, олар-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
326
да ғылыми жобалардың жетекшілері өзгеріп отырды, зерттеу
басымдылықтары мен бағыттары кейбір өзгерістерге ұшырап
жаңа зерттеушілер осы салаға өзіндік жаңа леп алып келді. Бірақ
бір-ақ нәрсе өзгеріссіз қалып отырды – ол эллиндік идеяларды
бойына сіңірген, араб-парсы және түркі мәдени дәстүрлерінен
сусындаған және Шығыс пен Батыстың рухани байланысын
нақтылай орнатқан әл-Фараби мұрасы болатын.
Кез келген күрделі істегі сияқты әл-Фараби мұрасын зерде-
леуде өзара байланысқан, бірақ ғылыми зерделеу деңгейі және
пәнді зерттеу біліктілігі бойынша айырмашылығы бар белгілі
бір деңгейлер мен бағыттарды айқындауға болады. Әл-Фарабидің
энциклопедиялық шығармашылығын зерделеу бойынша
ғылыми жұмыстардың басында-ақ ғылыми зерттеу жұмысының
үш бағыты анықталды. Бірінші бағыт – ойшылдың трактарын
тауып, оны қазақ және орыс тілдеріне байланысты жұмыстар
еді. Екінші бағыт – ғылыми-зерттеу және ғылыми-ұйымдастыру
қызметтері, оның құрамына әл-Фараби еңбектерін зерделеу және
қазақстандық философия дискурсына белсенді түрде енгізу бо-
лып табылады. Ал, үшінші бағыт – ғылыми-көпшілік, білім беру
және насихаттау жұмыстарымен байланысты болды, яғни әл-
Фараби мұрасы калың оқырманның, ғылыми ортаның, жастардың
және ел тұрғындарының игілігіне айналуына тиіс болатын. Міне
осы бағыттарда қазақстандық фарабитану дамып отырды. Қазіргі
кезеңде аталған бағыттар бойынша әрі қарай фарабитану жаңа
білімдіреді табу арқылы өзінің дамуын жалғастыруда.
Өткен жылдардағы жоғарыдағы бағыттар бойынша жұмыстар
білікті зерттеулердің кқбейюін қамтамасыз етті және тек ғылыми
кеңістікті кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар фарабитанудың
Қазақстандағы білім беру- ағартушылық қырларын күшейтті.
Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі белгілі болған сайын гуманистік
мәдениеттің өзіндік үлгісі ретінде баланды және өткеннің рухани
құндылықтарын жандандыру ауқымында біздің халқымыздың
тарихынан орын алды, қазақстандық қазіргі жастарды, өскелең
ұрпақты әлемдік және отандық мәдениеттің озық үлгілерімен
тәрбиелеудің көзіне айналды. Осы бағыттағы қызметтердің тари-
хы таңдалған бағыттардың дұрыс болғандығын дәлелдейді, соны-
мен қатар Қазақстанның рухани ойымен және философия тари-
хымен қызыкқандардың барлығына зерттеушілер әл-Фарабидің
зияткерлік қырларын ашу арқылы және әмбебаптылығын көрсету
327
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
арқылы оның бай рухани мұрасының жаңа мағыналарға ашық
екендігін көрсетті.
Кеңестік кезеңдегі фарабитанудың дамуында, 1991 жылғы
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғанға дейін екі кезеңді атауға бо-
лады:
- біріншісі – (ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан
ойшылдың 1100 жылдық мерейтойын өткізгенге дейінгі аралық)
Қазақстандағы әл-Фараби мұрасын зерделеудің басталуы;
- екінші кезең – (жетпісінші жылдардың ортасынан бастап
тәуелсіздік алғанға дейін) бірінші кезеңнің жалғасы, ойшылдың
мұрасын жоспарлы түрде зерделеудің жүзеге аса бастаған уақыты.
Жалпы алғанда 1991 жылға дейінгі фарабитанудың дамуы
маркстік-лениндік дүниетанымның ықпалында болып келді, оның
таптық тұрғысы және диалектикалық-материалистік әдіснамасы
басымдық етті. Ол негізінен ортағасырлық ойшылдың мұрасынан
алдымен дүниетанымдағы материалистік үрдістер айқындалып,
кейбір идеалистік көзқарасқа философиялық-энциклопедиялық
мұрасында жол берілген жерлер анықталды. Оның методоло-
гиясынан диалектиканың іздері ізделініп, кейбір әдіснамалық
тұрғылардың метафизикалық қырлары айқындалды. Осындай
тұрғылардан қарастыру жалпы кеңес философиясының ерек-
ше сипаттары еді, қазақстандық фарабитану да одан еркіндікте
болмағаны белгілі.
Әл-Фарабидің энциклопедиялық мұрасын зерделеудің
бастап-қы кезеңінде ойшылдың трактаттарын іздеп, барынша
көп етіп табуды алғашқы міндеті алға қойылады. Бұл жағдай
шетелдердегі ғалымдармен, ғылыми орталықтармен, универси-
теттермен және кітапханалармен жаңа ғылыми байланыстарды
орнатумен қатар мемлекетіміздің қолдауын қажет етті. Деген-
мен, бағыттың толықтай даму үшін бұл салада араб, парсы және
батысеуропалық тілдерді жақсы білетін және биік философиялық
мәдениеті бар жоғары деңгейлі мамандарды қажет етті.
Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын зерттеу жұмыстары
басталғанда Қазақстанда шығыс тілдері мен мәдениетін оқытуға
арналған факультеттер жоқ еді және сондықтан, бір жағынан,
араб және шығыс тілдерін білетін кадрлер жетіспейтін. Екінші
жағынан, философия факультеті шығыс философиясы бойынша,
оның ішінде ортағасырлар бойынша мамандықтар дайындаумен
айналысқан жоқ еді. Сондықтан әл-Фараби мұрасын зерттеуді ба-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
328
стаушылар мен тәржілемеушілердің алдында тұрған міндеттерді
жүзеге асыру оңай емес екені байқалды.
Ортағасырлық философ, энциклопедист-ғалымның трактат-
тарына аудармалар жасауға ресей ғалымдары үлкен көмек берді,
содан соң бірте-бірте елімізде әл-Фарабидің философиялық
еңбектерін аудармалау бойынша еңбектенетін өзіміздің жас кад-
рларымыз қалыптасты. Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттарының
араб және басқа тілдерден орыс тіліне тәржімеленген мәтіндерді
жариялау арналған жобалардың алғашқыларының қатарына Б.Я.
Ошерович, Е.Д. Харенко, К.Х. Тәжікова, Н.Н. Караев, Б.К. Тайжа-
нов сынды білікті мамандарды атауға болады.
Аудармалар негізінен қолжазбалық мәтіндерден адлынып,и
жүзеге асты. Мәтіндер әлемнің әр түкпірінен алынды, әсіресе, Ре-
сей, Өзбекстан, Чехословакия сияқты елдерден келген материалдар
құнды болатын, сонымен қатар Каир, Анкара, Берлин, Хайдарабад,
Бейрут, Лейден, Лондон және т. б. қалалардың кітапханаларында
сақталған қолжазбалардың құндылығы еліміздің фарабитану са-
ласы үшін өте құнды еді.Әрине, бірталай қолжазбалар жоғалып
кеткені де белгілі болды. Аударма ісі ортағасырлық мәтіндердің
мазмұнының өзгешелеу болғандығымен ғана емес, сонымен
қатар біздің заманымызға жеткен, мұрағаттарда сақталып келген
қолжазбалардың сапасының біршама төмендігімен байланысты
бірталай қиындықтар туғызды.
Қазақстандық аудармашылар мен зерттеушілер ортағасыр-
лық ойшылдың жұмыстарының тақырыптық сериясын қазақ
және орыс тілдерінде басып шығаруды жүзеге асырды. ХХ
ғасырдың 70-80-ы жылдары Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінің
төмендегідей топтамасы жарық көрді: «Философские трактаты»
(1972 ж.), «Философиялық трактаттар» (1973 ж.), «Социально-
этические трактаты» (1973 ж.), «Әлеуметтік трактаттар» (1974 ж.),
«Логические трактаты» (1975 ж.), «Математические трактаты»
(1972 ж.), «Комментарий к «Альмагесту» Птолемея» (1975 ж.), «О
разуме и науке» (1975 ж.), «Историко-философские трактаты»
(1985 ж.) және «Естественно-научные трактаты» (1987 ж.).
Сонымен қатар әл-Фарабидің төмендегі еңбектері орыс және
қазақ тілдерінде жарық көрді: «Трактат о взглядах жителей до-
бродетельного города», «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат», «Рассуждение Второго Учителя аль-
Фараби о значениях [слова] интеллект», «Слово о классификации
329
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
наук», «Об общности взглядов двух философов – Божественного
Платона и Аристотеля», «О достижении счастья», «Диалектика»,
«Книга «Катагурийас», или «Категории», «Философия Платона и
ее части. Расположение этих частей от начала до конца» және т. б.
Жоғарыдағы трактаттардың бірталайы кейін елімізге тәуелсіздік
келген жылдары қазақ тіліне аударылғанын атап өтуге болады.
Осылардың барлығының арқасында әл-Фараби дүниетанымын
жүйелі түрде ғылыми зерттеу үшін қолайлы библиографиялық
база қалыптасты және олар өз кезегінде ортағасырлық философ-
ғалымның, ағартушы-гуманистің шығармашылығын іргелі зерт-
теулер жасауға қазақстандық зерттеушілерге кең мүмкіндіктер
ашып берді. Бұл еңбектер негізінен философия, тілі білімі, меди-
цина және химия сияқты ғылым мен білім салаларын қамтыды.
Әл-Фарабидің шынайы энциклопедиялық танымын қазіргі әлемге
кеңінен паш ететіндей еңбектердің кітаби қоры құрылды.
Біз қазіргі таңда Қазақстандағы фарабитану саласының
қалыптасуының қайнар бастауында тұрған зерттеушілерді
құрметпен еске түсіре аламыз, шын мәнінде олар өздерінің
қажырлы еңбегінің арқасында келесі ұрпаққа шығармашылық
жол ашып берді, жаңа асуларды алуға итермеледі. Олардың
еңбегін жоғары бағалауға тиістіміз. Біздің ризашылығымыз
негізінен алғанда олардың шынайы шығармашылығымен аста-
сып жатады. Соның арқасында әл-Фараби есімі біздің еліміздің
рухани мәдениетінің анналдарына жазылғанын байқаймыз.
Жас ғалымдардың аға ұрпақтың еңбектерінеи қарап үйренуге
мүмкіндіктері ашылып, қазіргі философияның жаңа идеяларын
игеруге, дамытуға бейімделе бастады.
Ақжан Машаниді олардың ішінде алғашқысы деуге болады.
Оның ғылыми қызметінің ең бірінші маңызды еңбегі Қазақстандағы
фарабитанулық зерттеулердің басталуына мұрындық болуында.
Тарихи тұрғыдан алғанда бұл маңызды дерек. Ол кәсіби марк-
шейдер бола тұрып Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығын
математика мен жаратылыстану ғылымдары өкілі тұрғысынан
зерттеуге ұмтылады. Оны әл-Фарабидің астрономия мен геоде-
зия, геология мен тау-кен ісі, металлургия и физика, химия және
т. б. ғылымдар тұрғысынан еңбектері қызықтырады. Ол елімізде
әл-Фараби туралы алғашқы ғылыми мақалалар жазған зерттеуші
болып табылады. Мәселен, «Әл-Фараби» (1961 ж.), «Әл-Фараби
еңбектері туралы: Орта Азия ғалымдарының ең көрнектісі», «Әбу-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
330
Насыр әл-Фараби еңбегі алғашқы рет қазақ тілінде» (1962 ж.) және
т. б. атап өтуге болады. Сөйтіп, ол қазақстандық оқырмандарды
бұрын онша белгілі болып келмеген белгілі философтың,
ғалымның еңбектерімен таныстыра бастайды.
Машани фарабитану саласындағы қызметінің ерекшелігі
оның ешқашанда кабинеттік ғалым болып қалмағандығында.
Еліміздің қоғамдық, әлеуметтік өміріне белсенді араласуының,
оның бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздерінің
арқасында қалың көпшілік ғалым-энциклопедистің мұрасымен
танысты. Сол тарихи кезеңдегі «Социалистік Қазақстан», «Білім
және еңбек», «Лениншіл жас» және т. б. сияқты белгілі басылым-
дарда ол өзінің мақалаларын жариялайды. Сөйтіп, қазақстандық
көпшілік өзінің атақты жерлестерінің шығармашылығымен, оның
негізгі еңбектеріндегі идеялармен таныса бастайды. Әл-Машани
шығармашылығының осы екі қыры бір-бірін толықтырып оны тек
ғылыми ортада ғана емес, сонымен қатар қазақстандық қоғамның
кең ауқымында белгілі тұлғаға айналдырады.
Қазақстандағы әл-Фараби мұрасын кең мағынадағы филосо-
фиялық зерттеулердің алғашқы жетекшісі және ұйымдас-
тырушысы қазақстандық көрнекті ғалым, ҚазССР ҒА корреспон-
дент мүшесі, профессор А.Х. Қасымжанов болатын. Оның ғылыми
жетекшілігімен Қазақстандағы фарабитанудың дамуының
алғашқы кезеңі басталған еді және сол кездің өзінде көптеген сүбелі
идеяларға толы ғылыми әрекеттердің көрініс бергенін де атап
өткен жөн. Ортағасырлық ойшылдың шығармашылығын ашып
көрсетуге арналған А.Х.Қасымжановтың көптеген мақалалары,
жеке-дара және ұжымдық монографиялары болғаны белгілі.
Ғалымның жеке барлық шығармашылық өмірбаянында әл-
Фарабидің көп қырлы мұрасын зерделеуге арналған тұстар молы-
нан орын алған еді, оның философиялық баяндаудағы шеберлігі
ортағасырлық ойшылдың дүниетанымын өз замандастарына,
басқа халықтарға барынша өнерлеп, ғылыми пайымдап жеткізуге
көмектесті.
Оның Б.Г. Гафуровпен бірігіп жазған «Аль-Фараби в истории
культуры» (1975 ж.). атты еңбегі кеңестік философия үстемдік ет-
кен заманда оқырмандар арасында, ғылыми философиялық орта-
да кеңінен белгілі болды. Бұл еңбек алғашқы іргелі жұмыс ретінде
әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын көп қырынан ашып
берді және оқырмандарды мәдениеттегі жеке шығармашылық
331
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
мәселесіне назар аудартты. Ғалымның зерделенуінде даралылыққа
дәуірдің өзіндік ықпалы мен белгілі бір дүниетанымды
қалыптастыратын идеялық бастаулар болатындығы көрсетіліп,
ойшылдың ғылым мен философияның дамуына қосқан үлесі
айқындалып беріледі. Сонымен қатар Шығыс пен Батыстың
мәдениетінің дамуына ортағасырлық ойшылдың тигізген әсері
алғашқы рет философиялық тұрғыда паш етіледі.
А.Х. Қасымжановтың жұмыстарында әл-Фараби философия-
сының мағыналық негіздері анықталған еді. Демек, әл-Фараби фи-
лософиясы антикалық рухани мұраны қарапайым түсіндірмелеп
беру ғана емес, ол ойшылдың терең мағыналарды түсіну арқылы
жаңа заманға сәйкес тұжырымдамалар жасауы болып табылады,
ол сонымен қатар бұл шығармашылықта дараланған дарынға
тән шығармашылықтың көріністері айқын байқалатындығы
бағамдалады. Ол дүниетанымдық негіздерді айқандай оты-
рып ортағасырлық ойшылдың философиялық көзқарасының
териялық қайнар көздерін айшықтап береді, әл-Фараби логикасы
мен таным теориясының іргетастарын айқындайды. Ғалым ой-
шылдың адам тәрбиесі мен зерде туралы ілімін қарастырып оның
ғылымға қосқан үлесін көрсетеді, сонымен қатар ғылымдардың
жіктемеленуі жаңаша зерделеніп, ислам ортағасырының
ойшылының әлеуметтік-философиялық, этикалық және саяси
көзқарастарының өзара байланысы анықталады.
А.Х. Қасымжановтың зерттеу стилінің, қолтаңбасының
ерекшелігі әл-Фарабидің энциклопедиялық ойын жан-жақты
игеруге мүмкіндік беретін философиялық эрудициясының,
білімнің жоғарылығында еді. Ойшылдың шығармашылығын
әлемдік философия тарихы ауқымда қарастыруы арқылы ғалым
ортағасырлық ойшылдың философиялық көзқарастарының
әмбебаптылығын және энциклопедизмін дәлелдей алды және
сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар қордалаған ой-
лау энергиясының озық үлгісінің көріністерін пайымдап береді.
Оның еңбектерінде Шығыс Аристотелі атанған ойшылдың
шығармашылық портреті ұсынылған және энциклопедиялық
сипаттағы көзқарастар талданып, антикалық философия мен
ғылымның білгірі екендігі, заманында ағартушылық пен гуманизм
идеяларын таратушы тұлға болғандығы дәйектеледі. Осы кәсіби
философтардың алғашқы еңбектерінің арқасында ойшылдың
философиялық шығармашылығы нақты бағамдалады, оның ру-
|