Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет36/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
332
хани  мұрасы  онтологиялық,  гносеологиялық  және  әлеуметтік 
қырларының бірлігінде, әлемдік тарихи-философиялық үдерістің 
аясында, оның сабақтастығында және дамуында қарастырылады. 
Қазақстандағы  фарабитанудың  бірінші  кезеңінің  елеулі 
оқиғасы  –  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  1100  жылдығына  арналған 
мерейтойлық  салтанатты  шаралар  болып  табылады.  Олардың 
ішінде «Әл-Фараби және Шығыс елдерінің ғылым мен мәдение-
тінің  дамуы»  (1975  ж.)  атты  халықаралық  ғылыми  конферен-
ция  және  Алматы  қаласында  Азия  және  Африка  елдерінің 
жазушыларының  V  конференциясының  (1973  ж.)  жұмысы 
ауқымында  өткізілген  әл-Фарабидің  1100  жылдығына  арналған 
мерейтойлық салтанатты жиналыс болып табылады.
Азия және Африка елдерінің жазушыларының үлкен жина-
лысы елдің мәдени өмірінде елеулі құбылыс болып қабылданды. 
Кеңестік  кезеңде  жазушылардың  беделі  мен  құрметі  қоғамда 
жоғары қойылатын. Олар әлеуметтік өмірдің әрбір сәтін көркем 
образдар арқылы өрнектеп, адамдардың жан дүниесін зерделеді, 
әрбір  тұлғаның  азаматық  келбетін  ашуға  тырысты  және  жазу-
шылар қауымы барлық қазақстандықтар үшін үлкен беделге ие 
болған және жұртшылық жақсы көретін интеллегенттер тобы бо-
латын. Сондықтан әл-Фарабиға арналған күн адамзатты мәдениет 
арқылы біріктіруші гуманистік қадам іспетті көрінді және Шығыс 
пен Батыстың арасындағы шекаралардың шартты түрде екендігі 
сол күндері байқалды. өзара қарым-қатынастар арқылы адамдар 
бірі-бірінің  әр  қилы  мәдениеттерін  байытатындарына  көздері 
жетті. 
Әртүрлі  елдердің,  оның  ішінде  Қазақстанның,  Пәкістанның, 
Сирияның,  Иранның  және  т.  б.  елдердің  өкілдерінің  сөйлеген 
сөздерінде  әлеуметтік  прогреске,  ғылымға,  адамгершілікке  сен-
ген  түркілік  ойшылдың  тұлғасына  үлкен  құрмет  байқалды. 
«Қайырымды  қала  тұрғындарының  көзқарастары  туралы»  трак-
татында  келтірілген  адами  мұраттар  халықаралық  жиынның 
топтастырушы  рәмізіне  айналады.  Бұл  жиындарда  бірігуді, 
адамаралық  достықты,  өзара  көмекті  және  ынтымақтастықты 
өзінің  шығармашылығына  арқау  еткендіктен  ойшылды  бүкіл 
адамзаттың  ортақ  игілігі  болып  табылады  ұйғарылады.  ҚазССР 
Ғылым Академиясының президенті Ш.Е. Есенов өзінің сөзінде бы-
лай дейді: «Әл-Фараби халық терең құрметтейтін және оның об-
разын  сөзде,  музыкада,  мраморда  және  бояуларда  өрнектелетін 

333 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
өткеннің  рухани  мәдениетінің  ұлы  қайраткерлерінің  қатарына 
жатады. ...Бізге сонымен қатар адамзат данасының жасағандарын, 
оның көптеген ғасырлардан өткен алдыңғы қатарлы, прогрессивті 
идеяларының  барлығын  ыждағатпен  жаңа  ұрпақ  үшін  зерделеу 
және сақтаудың құрметті құқығы мен міндеті жүктелген» [1, 195 б]. 
Бұл сөздерден Қазақстандағы фарабитанудың қайнар баста-
уында  ойшылдың  мұрасын  зерттеу  бойынша  тек  қана  ғылыми 
тұрғыда мағынада емес, сонымен қатар әліміздің мәдени симво-
лы ретіндегі болашаққа деген рәміздік бағдарлар анықталғанын 
байқаймыз. Талданып отырған кезеңде қазақстандық ғалымдардың 
еңбегінен  басқа  төмендегідей  Ә.Әлімжановтың  көркем-әдеби 
шығармалары – «Сувенир из Отрара» (1966 ж.) және «Возвраще-
ние Учителя» (1979 ж.) алдымен орыс тілінде, содан кейін қазақ 
тілінде  жарық  қөрді.  Театрда  жоғарыдағы  шығармалардың 
негізінде  пьесалар  қойылды  және  Алматы  қаласында  ойшылға 
арнап ескерткіш орнатылды.
Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  1100  жылдығына  арналған 
мерейтойлық  «Әл-Фараби  және  Шығыс  елдерінің  ғылым  мен 
мәдениетінің  дамуы»  (1975  ж.)  атты  халықаралық  ғылыми  кон-
ференция  отандық  және  шетелдік  көрнекті  шығыстанушы 
ғалымдарды  ойшылдың  тарихи  отанында  жинап,  оның  ұлы 
ортағасырлық ойшылдың мұрасын жоғары зияткерлік деңгейде 
ашуға талаптанды. Оның жұмысы үш бағытта өтті: 1) Әл-Фараби 
және қоғамдық-философиялық ойдың дамуы; 2) Әл-Фараби және 
жаратылыстану  ғылымдарының  дамуы;  3)  Әл-Фараби  және  тіл, 
әдебиет, өнер, психология мәселелері баяндамалар тезистерінен 
көрініс берді [2].
Қоғамдық-философиялық  мәселелеріне  арналған  баяндама-
ларда ойшылдың тұлғалық дүниетанымының менталдық негізін 
қалаған  Оңтүстік  Қазақстанның  әл-Фараби  дәуіріндегі  тарихи-
әлеуметтік, материалдық және мәдени жағдайы ашып көрсетілді. 
Әл-Фарабидің  онтология,  гносеология,  логика  және  әлеуметтік 
философия сияқты философиялық білімдер салалары бойынша 
терең  ойлары  паш  етілді.  Ойшылдың  философия  тарихындағы 
рөлі  мен  орны  көрсетілді,  әл-Фарабидің  зияткерлік  ойларына 
арқау  болған  жалпы  мен  дараның  арасындағы  өзара  байланы-
стар айшықталып берілді және сонымен қатар Екінші Ұстаздың 
көзқарастарының теория саласындағы алдыңғы және кейінгі кел-
ген философтардан айырмашылығы айқындалып, философиялық 
сабақтастық мәселесі бағамдалды.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
334
Конференция  жұмысының  екінші  бағыты  бойынша  баян-
дамаларда  діни-теологиялық  көзқарастың  басымдық  еткеніне 
қарамастан  исламдық  ортағасырдың  ғылымы  ортағасырлық 
мәдениетте  ерекше  рөл  атқарғаны  пайымдалды.  Ол  табиғат 
әлемін  зерделеуде  зерттеудің  әдіснамалық  тәсілдерін  анықтау 
бағытында  біршама  қомақты  нәтижелерге  қол  жеткізді.  Осын-
дай  танымдық  әрекеттердің  нәтижесінде  қол  жеткізілген  жаңа 
білімдер  зерденің  көкжиегін  кеңейтіп,  соның  әсерінен  рухани-
дүниетанымдық  көзқарастардың  өзгеруі  мен  жаңғыруы  жүзеге 
асып  отырды.  Сондықтан  сол  тарихи  кезеңдегі  ортағасырлық 
мәдениеттегі  математикалық  және  жаратылыстанулық  таным 
мәселелері  философиялық  қырынан  әлсіз  зерттеліп  келгендігі 
белгілі  болды.  Осығын  орай  ғылыми  қауымдастықтың  осы 
мәселлеге  көңіл  аударылуы  жөнінде  пікірлер  ортаға  салынды. 
Баяндамаларда  механика  мен  астрономияны,  математика  мен 
жаратылыстануды  дамыту  тұрғысынан  әл-Фараби  ғылымының 
маңыздылықтарына  бағалаулар  берілді  және  сонымен  қатар 
ойшылдың көзқарастарының Бируни, Ұлықбек, антикалық және 
үнділік математиктердің ғылыми жүйелерімен тарихи байланы-
сы көрсетілді. 
Әл-Фарабидің  энциклопедиялық  мұрасының  аз  зерттелген 
саласына  эстетика,  психология,  тіл  мен  әдебиет  мәселелері  де 
жатады.  Бұл  мәселелерге  арналған  баяндамаларда  логика-линг-
вистикалық  сипаттағы  проблемалар  өзектелінді,  әл-Фарабидің 
шығармашылығындағы 
музыкалық 
өнер 
қарастырылды, 
психологияның  жаратылыстанулық  негізі,  әл-Фарабидің  көркем 
әдебиеттегі  образы  көрсетілді.  Конференцияның  маңызды 
жетістігі Ресей, Түркия және  Өзбекстан кітапханаларындағы араб 
және  түрік  тілдеріндегі  әл-Фарабидің  қолжазбалық  қорымен 
Қазақстан жұртшылығын таныстыру болып табылады. 
Осы  конференция,  Азия  және  Африка  елдерінің 
жазушыларының  V  конференциясысы  және  т.  б.  мерейтойлық 
іс-шаралар  шетелдердің  ғалымдарымен  және  шы,армашыллық 
интеллигенциясының  өкілдерімен  халықаралық  байланыстарды 
орнатуға мүмкіндіктер берді. Осы қатынастар әрі қарай жалғасты, 
оған  ЮНЕСКО  ауқымында  1980  жылы  Душанбе  қаласында 
өткізілген Ибн Синаның 1000 жылдығына арналған халықаралық 
конференция  да  оңды  ықпалын  тигізді.  Онда  Қазақстанның  де-

335 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
легациясы  Ибн  Синаның  философиясының  өзекті  мәселелеріне 
арналған баяндамаларды дайындап, белсенді түрде қатысты, со-
нымен қатар екі ортағасырлық ойшылдың сабақтастықтағы бай-
ланысы жан-жақты талдаудан өткізілді. 
Төмендегі тақырыптарда баяндамалар жасалды: А.Х. Касым-
жановтың «Книга «Китаб аль-Хурруф» как источник реконструк-
ции  онтологии  аль-Фараби,  предшественника  Ибн  Сины»,  М.С. 
Бурабаев пен Ғ.Қ. Құрманғалиеваның «Преемственность взглядов 
аль-Фараби и Ибн Сины и проблема противоречия в их учении», 
Е.Д. Харенконың «Органон» Аристотеля – основа логических ис-
следований Фараби и Ибн Сины», А.У. Уразбековтің «Этическая 
концепция Фараби и Ибн Сины». 
Мерейтойлық  шараларды  өткізу  қарсаңында  қазақстандық 
ғалымдардың  ойшылдың  шығармашылық  қызметінің  әртүрлі 
қырларын  ашып  беруге  арналған  бірнеше  монографиялық 
еңбектер жарық көрді. Мәселен, С.К. Сатыбекова. «Гуманизм аль-
Фараби» (1975 ж.), А.К. Кубесов «Математическое наследие аль-
Фараби» (1974 ж.), А.Н. Таукелев, Г.С. Сапаргалиев «Государствен-
но-правовые взгляды аль-Фараби» (1975 ж.), А.С. Иванов «Учение 
аль-Фараби о познавательных способностях» (1977 ж.). 
А.К.  Көбесовтің  монографиялық  зерттеуінде  әл-Фарабидің 
математикалық мұрасы ашып көрсетіліп, математик ойшылдың 
жеке  тұлғасының  келбеті  оның  бай  қолжазбалық  мұрасының 
негізінде бағамдалды. Екінші Ұстаздың философиялық жүйесінде 
таным  әдіснамасын  дәйектеу  үлкен  маңыздылыққа  ие  болғаны 
белгілі  және  танымның  ақиқаттылығы  мәселесі,  ақиқатты 
игерудегі  адамның  қабілеттері  де  орын  алды.  Математика  ақыл 
шеңберіндегі  абстрактілі  ғылым  ретінде,  әл-Фараидің  пайым-
дауынша, ойлауды дамытуды қамтамасыз етеді және танымның 
әдіснамалық  тетіктерін  қалыптастыруға  көмектеседі.  Ол  әл-
Фарабидің ғылымдарды жіктемелеуінде маңызды рөл атқарды. 
А.К.  Көбесов  ойшылдың  математиканың  дамуына  қосқан 
үлесін  жақсы  көрсетіп,  ортағасырлық  аймақта  алгоритмдік-
есептеу  бойынша  әзірлемелерді  биік  деңгейге  көтерілгенін 
және  әл-Фарабидің  математикалық  ғылымның  кейін  келген 
ізбасарларына  тигізген  әсерін  тұжырымдап  береді.  Сонымен 
қатар ғалым еңбегінде танымдағы математиканың рөлі мен пәні 
ойшыл  шығармашылығында  өзіндік  тұжырымдалғаны  байып-
талып беріледі, оның пайда болуы мен дамуы, теориялық және 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
336
қолданбалы  математиканың  өзара  қатынасы  қарастырылады, 
музыкадағы  астрономия  мен  математикалық  қолданылуын  ба-
яндалады  және  математиканың  ғылым  ретіндегі  тәсілдеріп 
айқындалып,  адамның  ойлау  құралы  ретіндегі  қызметі 
көрсетілді.  Автор  әл-Фарабидің  геометриялық  сызықтар  тео-
риясын  қарастырады  және  оның  математиканың  арнайы  аппа-
раты  ретіндегі  қасиеті  айшықталады.  Қазақстандық  ғалым  әл-
Фарабидің  «Комментариях  а  «Альмагесту»  Птолемея»,  «Книге 
приложений» және т. б. еңбектеріндегі математикалық маңызды 
ұстанымдарын мұқият талдаудан өткізеді. 
А.К.  Көбесовтің  қаламынан  туындаған  тағы  бір  маңызды 
еңбек  –  «Әл-Фараби  еңбектеріндегі  астрономия»  (1991  ж.). 
Бұл  шығармада  ойшылдың  астрономиялық  көзқарастарының 
мазмұны  ашылып  көрсетіледі  және  ондағы  тұжырымдар  сол 
тарихи  кезеңдегі  осы  саладағы  толыққанды  ғылыми  болғаны  да 
анық.  «Комментариях  а  «Альмагесту»  Птолемея»  деген  еңбекте 
әл-Фарабидің  астрономиялық  кестелерді  қалыптастырудың 
теориялық  негіздері  анықталды,  аспан  денелерінің  координат-
тарын  анықтаудың  жаңа  тәсілдері  қолданылды  және  соның 
арқасында  ойшыл  астрономиялық-геодезиялық  құралдарды 
қолдана  отырып  планеталардың  қозғалысын  анықтау  бойын-
ша  жаңа  пайымдаулар  жасайды.  А.К.  Көбесовтің  жұмысында 
көптеген мәселелелер пайымдалды және осындай математикалық 
және  астрономиялық  зерттеулердің  арқасында  қазақстандық 
фарабитануда  өзінің  көрнекті  ізін  қалдырды.  Бірақ  өкінішке 
орай  бұл  бағыттағы  ізденістер  қазіргі  кезеңде  әрі  қарай  өзінің 
жалғасын  қазақстандық  фарабитануда  алмай  отыр.  Сонымен 
қатар  әл-Фарабидің  педагогикалық  көзқарастарын  зерделеудің 
арқасында қазақстандаық педагогикаға да қомақты үлес қосылды. 
Әл-Фарабидің  осы  саладағы  шығармашылығына  арналып  «Әл-
Фарабидің  педагогикалық  мұрасы»  (1989  ж.)  атты  монография 
жарыққа шықты.
С.К.  Сатыбекованың,  академик  Г.С.  Сапарғалиевтың  (1930-
2010 жж.) және А.Н. Таукелевтің монографиялары әл-Фарабидің 
азаматтық  ғылымы  мәселесіне  арналды.  Оларда  гуманизм 
мәселесі  және  ойшылдың  мемлекеттік-құқықтық  көзқарастары 
қарастырылды. Осы салалардағы алғашқы зерттеу еңбектері бо-
латын және олар оқырмандар үшін философ-гуманистің мұрасын 
зерттеудегі жаңа қырларды айқындап берді. 

337 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Әлемдік гуманистік ойдағы әл-Фарабидің рөлін көрсете оты-
рып  С.К.  Сатыбекова  «ол  терең  бірегейліктегі,  өзінің  дәуірінің 
рухына  сәйкес  келетін  адамның  гуманистік  көзқарастарын 
тұжырымдады»  [3,  139  б.]  деген  қорытындыға  келді  және  ро 
арабтілді философиядағы гуманистік дәстүрдің негізін қалаушы 
болып  табылады.  Ойшылдың  гуманизмінің  қайнар  бастау-
лары  Таяу  және  Орта  Шығыстағы  халықтық  антифеодалдық 
қозғалыстардан  туындаған  гуманизм  идеяларына,  ежелгі  грек 
классиктерінің  философиясына,  сонымен  қатар  ислам  Шығысы 
ойшылдарының  коғамдық-саяси  көзқарастарына  сүйенетіндігін 
автор көрсетіп берді. Әл-Фарабидің адам мәселесін орталық етіп 
алуы ойшылдың гуманизмінің зияткерлік, ағартушылық сипаты 
бар екендігі тұжырымдауға авторға мүмкіндіктер берді.
Өзінің  пәнін  әл-Фарабидің  мемлекеттік-құқықтық  көзқарас-
тары ретінде қарастырылған зерттеуде «білімсіз қалалар концеп-
циясы  мемлекеттік  саяси  жүйенің  теориялық  зерделенуі,  оның 
ресми  мемлекеттік-құқықтық  концепциясының  болып  табыла-
ды»  [4,  15  б.]  деп  көрсетілген.  Авторлар  әл-Фараби  қарастырған 
мемлекет пен қоғамның жалпы мәселелерін ашып береді, оның 
айрықшалайтын  ерекшеліктерін  айқындайды  және  білімсізө 
қалларды сынға алу арқылы ойшылдың идеалды мемлекет кон-
цепциясын тұжырымдайды және Екінші Ұстаздың мемлекеттік-
құқықтық  көзқарастарын  жетістіктеріне  сыни  талдау  жасайды. 
Жоғарыда  аталған  жұмыс  Қазақстанда  осы  мәселеге  арнайы 
жазылған бір ғана еңбек болып табылады.
А.С. Ивановтың монографиялық жұмысы өзінің пәні ретінде 
әл-Фарабидің танымдық мүмкіндіктер туралы ілімін алады және 
онда  зерде  мен  жан  мәселелері,  түйсіктен  басталып,  зерденің 
қызметімен бітетін танымдық үдерістің құрылымы шешімін тап-
ты, адамның зерде күші мен оның қоршаған ортаны тану қабілетіне 
сенген ойшылдың басқа да мәселелер тұжырымдалыды. Жұмыста 
әл-Фарабидің философиялық дүниетанымының әлеуметтік және 
идеялық алғышарттарының қалыптасуы, оның философиясының 
бастапқы принциптері және әрбір адам әлемді тануға табиғатынан 
қабілетті деген ойды тұжырымдаған танымдық қабілеттер тура-
лы ілімі ашып көрсетілді, бірақ бұл мүмкіндіктер, философтың 
көзқарасы бойынша, оқыту мен білім беру саласының әлеуметтік-
мәдени жағдайына сәйкес дамиды. Автор әл-Фарабидің сезімдік 
танымның  рөлі  мен  мағынасын  қалай  түсінетіндігін,  оның 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
338
танымның  рационалдық  деңгейімен  байланысын  көрсетеді, 
интуитивтік танымның рөлі мен мағынасын зерделейді және туа 
біткен қабілеттер мәселесін шешіп береді. 
Кеңес  философиясының  қарастырылған  кезеңдегі  гносеоло-
гия  мәселелері,  танымның  әдістері  мен  ұстанымдары  көптеген 
зерттеушілердің  назарында  еді.  Бірақ  олар  негізінен  батыс 
философиясының материалдарында қарастырылып келген еді, ал 
ислам философия тұрғысынан қарастыру сыртта қалып отырды. 
Сондықтан әл-Фараби философиясына қатысты өзекті мәселелерді 
көтеру Қазақстандағы тарихи-философиялық зерттеулердің жаңа 
көкжиектерін ашып берді. 
Әл-Фараби  мұрасының  іргелі  мәселелерін  ғылыми  кешенді 
зерттеуге  және  оны  қазақстандық  жас  ұрпақтың  және  жалпы 
көпшілік  арасында  насихаттауға  белгілі  профессорлар,  ғылым 
докторлары К.Б. Жарықбаев пен А.Б. Дербісәлиев өздерінің зор 
үлесін  қосты.  К.Б.  Жарықбаевтың  еңбектерінде  әл-Фарабидің 
психологиясы  мәселелері  мен  әлемдік  психологиялық  ойдың 
дамуына  үлесі  бағамдалды.  Оның  сонымен  қатар  Қазақстан 
ғылымындағы әл-Фараби еңбектерінің бірінші библиографиялық 
көрсеткішін  жарыққа  шығарған  еңбегі  бар.  А.Б.  Дербісәлиевтің 
(Әбсаттар  Дербісілі  қажы)  жұмыстарында  Әбу  Насыр  әл-
Фарабидің  мұрасымен  қатар  исламдық  ортағасырлық  білімнің 
әртүрлі  саласының  дамуына  өзінің  үлесін  қосқан  басқа  да  әл-
Фарабилердің мұралары айшықталып берілді. 
Кеңестік  фарабитанудың  екінші  кезеңі  алғашқы  зерттеу-
лер  кезеңінен  және  әл-Фарабидің  шығармашылық  мұрасымен 
танысудан 
ойшылдың 
философиялық-энциклопедиялық 
көзқарастарының  нақты  мәселелерін  әзірлемелеуге  және  әл-
Фарабидің  жаңа  трактаттарының  аудармаларын  жариялауды 
жалғастыруға бет бұрды. 
Бұл  кезеңде  төмендегідей  қазақстандық  зерттеушілердің 
тобы  пайда  болды:  Г.Қ.  Құрманғалиева,  Н.Л.  Сейтахметова, 
А.М.  Кенисарин,  Н.Х.  Жолмұхамедова,  Г.Р.  Қоянбаева,  А.Х. 
Қасымжанова  және  т.  б.  Бұрын  әл-Фараби  мұрасымен  негізінен 
шығыстанушы-филологтар,  физика,  математика,  психоло-
гия  сияқты  нақты  ғылымдардың  өкілдері  айнылысқан  еді.  Енді 
Қазақтың  мемлекеттік  университетінің  философия  факультеті 
кәсіби  философиялық  кадрларды  дайындауды  жоспарлы  айна-
лыса бастайды. 

339 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандық философия өзінің негізгі бағыты диалектикалық 
логика саласы бойынша бүкілодақтық орталықтың біріне айнал-
ды. Философиялық білімнің осы саласы бойынша жоғары кәсіби 
кадрларды жинақтады. Неміс классикалық философиясы, ежелгі 
грек философиясы, Жаңа Заман философиясы салаларын терең 
зерттеудің  арқасында  тарихи-философиялық  мәселелерге  деген 
қызығушылық  артты.  Әлемдік  философия  және  диалектикалық 
методология  салалары  бойынша  біліммен  қаруланған  жас 
ғалымдар қазақстандық фарабитануды дамытуға жаңа леп берді. 
Олар  ислам  философиясы  және  әл-Фараби  мұрасы  мәселелері 
бойынша  кандидаттық  диссертациялар  қорғап,  республиканың 
тұрғындары  арасында  белсенді  ғылыми-көпшіліктік  және 
насихаттық жұмыстар жүргізді.
Фарабитанудың  екінші  кезеңін  дамытуға  М.С.  Бураба-
ев  үлкен  еңбек  сіңірді.  Ол  ҚазССР  Ғылым  Академиясында  фа-
рабитану  саласы  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен 
ғылыми-ұйымдастыру  қызметтерін  басқарды.  Ол  өзінің  үлкен 
ұйымдастырушылық  қабілеттерінің,  тегеруінді  және  талапшыл 
мінез-құлқының  арқасында  осы  тарихи-философиялық  білім 
саласына  жас  кадрларды  тартып,  басталған  жұмыстарды  жаңа 
деңгейде жалғастыруға қол жеткізді. 
Осы  уақытта  ойшылдың  шығармашылығының  жаңа 
қырларын зерттеуді қамтитын фарабитанудың зерттеу кеңістігінің 
әрі  қарайғы  кеңеюі  орын  алды.  Әл-Фараби  шығармашылық 
мұрасының  жаңа  қырлары  зерделеу  жалғастырылды  және 
ойшылдың  трактаттарының  бұрын  жарияланбаған  орыс  және 
қазақ  тілдеріндегі  айдармалары  жарық  көрді.  Әл-Фарабидің 
төмендегідей  шығармаларының:  «Естественно-научные  тракта-
ты» (1987 ж.), «Историко-философские трактаты» (1985 ж.) алды-
мен орыс тіліне, кейін қазақ тіліне аудармалары жарыққа шықты.
Қазақстандық  философия  тарихындағы  ерекше  орны  бар 
«Философия  Аристотеля»;  «Философия  Платона.  Расположе-
ние ее частей от начала и до конца»; «Сущность «Законов» Пла-
тона»;  «Большая  книга  о  музыке»  (кейбір  тұстары)  және  т.  б. 
трактаттар  алғашқы  рет  жарық  көрді.  Осы  жарияланымдардың 
арқасында қазақстандық ғалымдар өткеннің рухани мәдениетімен 
қызығушылар  фарабитанудың  кеңейтілген  дерекнамалық  база-
сына  қол  жеткізді,  ойшылдың  энциклопедиялық  қауқарының 
кеңдігін,  оның  әр  қилы  қызығушылықтарын,  көпдеңгейлі 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
340
дүниетанымын, адам мен әлемді философиялық игерудегі терең 
қабаттарын барынша объективті бағалауға мүмкіндіктер алды. 
Бұл кезеңде төмендегідей ұжымдық монографиялар жарық 
көрді:  «О  логическом  учении  аль-Фараби»  (авторлық  ұжым: 
М.С.  Бурабаев,  А.С.  Иванов,  Н.Н.  Караев,  Г.К.  Құрманғалиева, 
Е.Д.  Харенко,  1982  ж.),  «Социальные,  этические  и  эстетические 
взгляды аль-Фараби» (авторлық ұжым: М.С. Бурабаев, В.А. Бря-
нов,  Г.К.  Құрманғалиева,  А.В.  Сагадеев,  1984  ж.),  «Проблемы 
бытия  и  познания  в  философии  аль-Фараби»  (авторлық  ұжым: 
М.С.  Бурабаев,  А.М.  Кенисарин,  Г.К.  Құрманғалиева,  1988  ж.). 
Жоғарыдағы  еңбектер  тақырыптық  сипатта  болды  және  олар-
да  бұрын  әл-Фараби  мұрасын  алғашқы  зерттеу  кезеңінде  тек 
күн  тәртібіне  қойылған  мәселелер  арнайы  іргелі  зерттеулер 
ретінде  қарастырылды.  «Философия  Абу  Насра  аль-Фараби» 
(авторлық  ұжым:  М.С.  Бурабаев,  А.П.  Амребаев,  А.М.  Кениса-
рин, Г.Р. Қоянбаева, Г.Қ. Құрманғалиева) ұжымдық жұмысы осы 
кезеңде басталғанмен әр қилы объективті себептерге байланысты 
кейінірек, яғни 1998 жылы жарық көреді.
«Әл-Фарабидің логикалық ілімі» атты ұжымдық монографи-
яда Әбу Насыр әл-Фарабидің логикалық ілімінің алғышарттары 
қарастырылды,  ғалым-энциклопедистің  логикалық  проблема-
тиканы көтеруінің жалпы сипаттамасы берілді, ойшылдың зерт-
теу пәніне айналған логиканың басты идеялары мен мәселелері 
көрсетілді.  Әсіресе  тұжырымның  әдістері  мен  түрлері,  логика 
мен  онтологияның  өзара  байланысы  мен  қатынасы,  логикадағы 
қайшылықтар  сияқты  мәселелерді  қарастыруын  атап  өтуге  бо-
лады. Бұл жұмыста дамудың диалектикалық тізбегі жүргізіледі, 
ойлаудың формасы өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте ашы-
лып  көрсетіледі.  Ол  осы  уақытқа  дейін  ортағасырлық  дәуірдегі 
зияткерлік қабілетті дамыту үшін ең маңыздылықта болған аталған 
білім  саласы  бойынша  қазақстандық  зерттеулер  арасындағы 
біреуі ғана болып отыр. Ойлауға қабілетті сананы философиялық 
және ғылыми қызметке дайындаудың құрамдас бөлігі бола оты-
рып оған логика ғылыми философия мен ғылыммен айналысқан 
жылдарының барлығында ілесіп отырды. 
Қазіргі  мәдениет  пен  ағартушылықта,  арнайы  кәсіби 
дайындықты  қоспағанда,  логика  мен  оның  мәселелеріне  де-
ген  қызығушылық  біршама  төмендеді.  Ол  бірталайдан  бері 

341 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет