Міне, осыдан 20 жылдай уақыт аралығындағы мәңгі кӛрші Қытай Халық Республикасы
мен Қазақстан Республикасы бір-бірін мемлекет ретінде мойындауы, мемлекет пен үкімет
басшыларының жоғарғы деңгейдегі келіссӛздері, ынтымақтастық бағытындағы маңызды
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
62
құжаттардың қабылдануы және басқа да әрекеттері сӛзсіз Қытай Халық Республикасы және
Қазақстан Республикасы дипломатиясының үлкен жетістіктерінің бірі болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Ӛнер, 1996. - 205-206
2. Токаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы: ҒӚ Пбк
«GAUHAR», 2002. – 568. -124 б.
3. ҚХР басшысы ресми сапармен Қазақстанда //Егемен Қазақстан.27.04.94ж. )
4. ҚР мен ҚХР-ның мұнай саласындағы ынтымақтастығына қол жеткізілді
//Дипломатия жаршысы. - 1997. - №4. - 59 б
5. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. - Алматы, 1996. – 605-606 бб.
6. Қазақстан-Қытай
мұнай
құбырының
құрылысы
басталды
//Дипломатия
жаршысы.1997.- №1. - 4 б.
7. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Пэннің ҚР-на сапары //Дипломатия
жаршысы.1997. - №4. - 35б.
8. Токаев Қ. Беласу.- Алматы. ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. – 552. –(252б).
9. ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Чжу Жунцзының Қазақстан Республикасына
ресми сапары // Дипломатия жаршысы. 2001. №4. 24-25 бб.
10. ҚР мен ҚХР- ның арасындағы бірлескен декларация // http: //www. russian.
peopledaily.com.cn.05/06/2003.
11. Дополнительное соглашение между РК и КНР о казахстанско-китайской границе //
Государственная граница: Сб. нормативно-правовых актов и международно-правовых
документов. - Алматы: Данекер, 2000. - С. 106.
12. Адырбеков И. Қазақстан-Қытай қатынасы стратегиялық әріптестіктің жаңа
белесінде. // Айқын газеті, №65, 2009ж., 15 сәуір.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается содружество и взаимо соглашение между
Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой.
S
UMMARY
This article examines the
interaction between
Commonwealth and
agreement between
Kazakhstan
and China.
ӘОЖ 9(С)55 Қ 44
ҚЫПШАҚ ТАЙПАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ
Мухамедиева Ж.Қ. –
мұғалім
Қазақстан, Алматы облысы,
Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы,
№10 мектеп
Аннотация: Мақалада қыпшақ тайпасының мәдениеті мен ӛнері қарастырылған.
Қыпшақтардың негізгі кәсібі, кӛші-қоны, бет-бейнесі, мекендеген аймағы, жалпы ӛркениетке
қосқан үлесі мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: қыпшақтар, кӛшпенді, тас мүсін, әшекей бұйымдар, Тәңір, Ұмай ана.
Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі
де қызғылықты мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып
кеткен» халықтар тарихы. Олардың тұрмыс тіршілігі, кӛші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы
әлі күнге дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
63
археология мамандары ӛздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердің
қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған кӛптеген «ұсақ-түйек» жебе,
сауыт, қалқандар т.б. заттардың мол қоры арқылы олардың ӛмір тарихын қайтадан қалпына
келтіруге тырысады. Алайда, ӛздерінің құдіретті күшімен тіпті, европалық мемлекеттердің
зәре құтын алған «кӛшпенділер империясы» атанған кӛптеген ұлыстардың одақтары тарихи
шежірелер мен географиялық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа
ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған.
Сондықтан да археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ-түйек
мәліметтерді кӛркем ойдан шығарылған аңыз-әңгімелермен салыстыра отырып, шындық
елегінен ӛткізеді. Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар. Қыпшақтардың материалдық
мәдениетіне тоқталатын болсақ, қыпшақтардың кәсіптік ӛндірісі негізінен мал ӛнімдерін
ӛңдеу мен шаруашылықта тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған
болатын. Мәселен, арбаны жасау үшін белгілі бір ӛндірістік ӛнім қажет етілді. Ал бұл
қыпшақтарда кәсіпшіліктің, атап айтқанда, ағаш ӛңдеу кәсібінің дамығандығын кӛрсетеді.
Халық ағаш арбаның бӛлшектерін жасаудан басқа, киіз үйдің ағаш бӛлшектерін (кереге, уық,
есіктер) дайындаумен, ер тоқымдардың ағаш бӛлшектерін, ыдыстардың бір сыпыра бӛлігін,
қымыз құюға арналған ожау, ет тағамдарына арналған ыдыстар мен ағаш кеселерді жасаумен
айналысқан.
Негізгі кәсіптік, ӛндіріс мал шаруашылығы ӛнімдерінен жасалған бұйымдарды ӛндіру
және ӛңдеумен байланысты болды. Бұл арқандар, қайыс бұйымдар, жүннен жасалған
бұйымдар, маталар. Тері мен жүннен киімдер (тондар, баскиім, малақай), аяқ киім, түрлі
ыдыстар жасалынатын. Оңтүстік қазақтардың отырықшы-егіншілік оазистері халықтарына
жақын орналасқан қыпшақтарға керамикалық ыдыс жасау ӛндірісінің техникасы мәлім
болуы мүмкін. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бай ат жасақтары мен қарулары
(үзеңгі, ауыздық т.б.), сонымен қатар тұрмыстық сипаттағы металл бұйымдары қыпшақтарда
металл ӛңдеу және темір рудасын ӛндіру дәстүрінің болғандығы дау туғызбайды.
А.Х.Марғұлан осыған байланысты былай жазған: Орталық Қазақстанда сол кездегі
бірнеше ежелгі кен орындары сақталған. Оларға Шығыс-Қарқаралы ауданының ӛңдеу
орындары, атап айтқанда Кентӛбе, Кенқазған, Қарашошақ, Қарасы, Жалпақ, Қарашұңқыр
жатады. Дешті Қыпшақтың осы және басқа жерлерінде тау ісіне маманданған қыпшақ
тайпаларының ӛкілдері темір рудасын ӛндіруі әбден мүмкін. Шығыс-Қарқаралы ауданында
темір ӛндіру бойынша аймақтардың бірі Темірші таулары болды. Темір ұсталары барлығын
ағаш ӛңдейтін және басқа арнайы құралдардан бастап ат жасақтарының, қарулардың ұсақ
заттарына дейін ӛндірді. Мәселен, ІХ ғасырда автор әл-Джахиз былай айтқан: «Олар қару,
садақтар, ер-тоқымдар, найзалар ӛндіреді». Қыпшақтардың арасында арнайы қару – жарақ
ұсталарының болуы туралы Дешті Қыпшақ тұрғындары мен қолданылатын, ерте
ғасырлардағы араб-қыпшақ сӛздіктерінде сақталған терминдер дәлел болады: йачи-садақшы,
окчы-оқ дайындайтын ұста, сунучи-найза дайындайтын адам. Кәсіпшіліктің кейбір түрлері
мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Белгілі уақыт аралығында, моңғол шапқыншылығына
дейін қыпшақтар мекендеген далаларда тас жасау ұсталары жұмыс істеуі мүмкін.
Қазылған қабірлерден алынған археологиялық олжалар қыпшақ тайпалары
материалдық мәдениетінің кейбір ерекшеліктерін сипаттауға мүмкіндік береді. Қабірлердегі
құрал – саймандар қару, ат әбзелдері, тұрмыстық мақсаттағы заттар болып табылады.
Сонымен қатар қабірлердегі қару-жарақ заттары ішінде бәрінен де жебелердің ұштары жиі
кездеседі. Аттың ер-тұрман әбзелдерінен темір ауыздықтар, үзеңгілер, әшекейленген
жүгендер кездеседі. Қыпшақтарда кілем жасау кәсібі жақсы дамыған. Қыпшақтар түрлі
тоқыма және жүннен дайындалған кілемдер жасаған. Оларды дайындау техникасына, бояу
таңдау түріне бірнеше топқа бӛлуге болады. Олар жүннен текемет, сырмақ, түскиіз тәрізді
кілемдер жасаған. Текемет жасау үшін жартылай дайын ақ жүнге ылғал боялған жүннен
оюлар салынады. Содан кейін жүнді орап, оны алдымен білекпен илейді және де ұзарту,
булау процесі жүреді. Қыпшақтардың кілем жасау мәдениеті тек қазақтарда ғана емес,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
64
сонымен қатар, ноғай, черкес, кумык сияқты Солтүстік Кавказ халықтарында сақталып
қалған. Қыпшақтардың тас қашау ӛнерінің ӛкілдері бұл тұста шеберліктің шыңына шықты.
Олар алып ескерткіштер жасай алды, адамдардың бет-бейнесін ӛте дәл кескіндей білді.
Қыпшақ ескерткіштерінің осы дәстүрлі кӛрінісін саяхатшы-монах Вильгельм Рубрук:
«Кумандар қайтыс болған адамдардың қабіріне құмнан тӛбешік жасайды, жүзі шығысқа
қаратылған, кіндік тұсына қос қолымен әрең ұстап тұрған құлыптас орнатады» деп
суреттеген еді. Шеберханалар, сірә, ашық аспан астында, ескерткіш-құлыптас жасауға
қажетті нәрселерді алуға ыңғайлы жерлерге жақын орналастырылған. Осы жерлерден
құмтастар, қызыл гранит, қатпар тастар қиылып алынып, ескерткіштер жасалынған.
Қыпшақтардың тілі мен жазу ӛнерінде қыпшақ бірлестігі дәуірінде қыпшақ хандары Ертіс
ӛзенінен Дон ӛзеніне дейінгі, Орал тауынан Қара теңізіне дейінгі кең ӛңірде жасаған түркі
тілдес тайпалардың басын біріктірді. Қыпшақ тайпалары Европаға, Кіші Азияға, тіпті
Египетке дейін жайылды. Кӛп ӛңірлерде қыпшақтар әскери-әкімшілік билікті қолына алып,
үстемдік жүргізді. Осы жағдайға байланысты, жоғарыда айтылған ӛңірлерде қыпшақ әдеби
тілі қалыптасты және дамыды.
Зерттеуші Машковтың айтуына қарағанда, бұл дәуірде қыпшақ тілі батыс Европа
жиһанкездері мен шығыста зерттеушілер үшін халықаралық тіл болып есептелді.
Европалықтар, арабтар, парсылар, т.б. халықтар қыпшақ тілін үйренуге, зерттеуге атсалысты.
Қыпшақтар арасынан тіл ғалымдары шықты, қыпшақ тілі ғылымы, әсіресе, сӛздік ғылымы
қарыштап дамыды. Қыпшақ тілінің грамматикасы, қыпшақ тілін үйретудің жан-жақты тіл
құралдары, қыпшақ тілімен басқа тілдерді салыстырған қыруар сӛздіктер жасалды. Олардың
бірсыпырасы талай ғасырды басынан кешіре отырып, «балдан қалған сарқыттай» біздің
заманымызға жетті. Олардың бастылары: «Мұқадима тұл әдәп» (Әдебиетке кіріспе), авторы
Әл-Замақшари, ХІІ ғасырда жазылған арабша-парсыша, түрікше-моңғолша сӛздік;
«Таржуман түркі уа араби» (Түрікше-арапша аударма сӛздік), 1245 жылы жазып аяқтаған,
авторы белгісіз, «Китабул – идрак лилиса-нұл-артак» (Түркі тілінің түсіндірме сӛздігі),
авторы Жамалидин Мұхаммед Абдулла ат түрки. Бұл сӛздіктердегі «Түркі тілі», «Түрікше»
деген сӛздер қыпшақ тілі деген сӛздің баламасы еді.
Жоғарыдағы кӛне мәдениет куәліктері қыпшақтардың тіл-әдебиеті мен ӛз заманындағы
ӛркендеу деңгейінен дерек береді. Алтын орда дәуірінде қыпшақ тілі Алтын орданың әдеби
тілі болды. Алтын орда хандырының жарлықтары және кӛптеген әдеби шығармалар осы
қыпшақ әдеби тілінде жазылды. Қыпшақ әдеби тілі қазіргі қазақ тілінің түп-тӛркіні, яғни,
кӛне қазақ тілі болып табылады. Осы заманғы қазақ тілі кӛне қыпшақ тілінің дамуы негізінде
қалыптасты.
Қыпшақ хандығының рухани мәдениетіне діні, салт-дәстүрі жатады. Қыпшақтардың
кӛшпелі қоғамының экономикалық және саяси құрылымының спецификасы рухани
мәдениетке, дүниетанымына және идеологиясына әсер етті. Дешті Қыпшақта, оның шығыс
бӛлігінде де, батыс бӛлігінде де діннің ең кӛп тарағаны «шаманизм» діні болып табылды. Бұл
діннің элементтері тас мүсіндерге табынуда, табиғат күштеріне, аспан (тәңір), күн, отқа
табынуда құдай деп есептелінді. Қыпшақтардың кӛшіп-қонып жүрген далалы жерлердің
барлығында адамдарды бейнелейтіні - тас мүсіндер. Кӛптеген пікір-таластардан кейін,
Н.И.Веселовскийдің пікірінше мүсіндердің үлкен бӛлігі қыпшақтардікі деген пікір айтқан.
Сонымен қатар, қыпшақтарда әйел құдайы – Ұмай ана болды. Ұмай ананы от басын
сақтайтын, ұрпақ сақтаушы деп таныды. Ұмай анадан басқа қыпшақтар жұлдыздарға
табынып, аспан әсеріне сенген. Ибн ал-Асирдің дәлелдеуінше, қыпшақтар шығыста күнге
табынады. Басқа да түркі тілдес халықтары сияқты қыпшақтар да жоғары құдай деп Тәңірді
таныды. Тас мүсіндерге табыну, аспанды (тәңірді) құрметтеу, сонымен қатар басқа да
табиғат құбылыстарына (тау, ӛзен, кӛл, орман) табыну осының бәрі қыпшақ тайпаларының
дінінің негізгі формасы ретінде пұтқа табынушылық болғанын кӛрсетеді. Осылайша,
қыпшақтардың діни нанымдары шаманизм негізінде болған. Ал тотемистік нанымдарға
келетін болсақ, қыпшақтарда басты тотем кӛк бӛрі болып табылды.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
65
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Гумилев.Л. Кӛне түріктер. Алматы., 1994 .
2. Кляшторный.С.Г., Султанов.Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы,
1992.
3. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и-Рашиди., Алматы, 1999.
4. Мусин.Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2005.
5. Қазақстан тарихы кӛне заманнан бүгінге дейін. Алматы, 1994.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются культура и искусство племен кипчаков.
SUMMARY
In article the art of tribes kypchakov is considered.
ӘОЖ 947.084.3.9(с55) Р 271
АШАРШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ
Рахимжанова М.Д.-
оқытушы
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Касабулатова Ж.Д.
-оқытушы
Қазақстан, Алматы облысы,
Іле ауданы, №1 Қоянкұс орта мектебі
Аннотация: Қазақ тарихында «ұлы жұт» атауымен қалған 1920-1930 ж.ж.
ашаршылықтың экономикалық және демографиялық зардаптарының ӛте ауырлығы
дәлелдеуді қажет етпейді. Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша,
ашаршылық апаты Алтайдан Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Бұл
жылдары дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік кӛзінен
айрылған қазаққа біржолата жойылу қаупі тӛнді. Қазақ халқының тарихындағы 1928-1933
жылдардағы ашаршылық бүкіл адамзат тарихындағы ең зұлмат, жантүршіктірер нәубет
болып табылады. Мақалада 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы мәселелер
қарастырылған.
Түйін сөздер: ашаршылық, 1932-1933 жж., ұлы жұт, қазақтар, қырылу, саны
Кеңестiк билiктiң алғашқы 1920-1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. айырылған.
1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға кӛмек кӛрсету
комиссиясының тӛрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн.
300 мыңға жуық адам құрбан болған. Соңғы мәліметтерде, «1920 жылдардағы
ашаршылықтан ӛлгендердің саны 2,3 млн. адамға жеткені», қазақ демографы Мақаш
Тәтiмовтің деректерінде «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық,
қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық
қазақ қырғынға ұшырағаны» айтылады.
Қазақ тарихында «ұлы жұт» атауымен қалған 1920-30 ж.ж. ашаршылықтың
экономикалық және демографиялық зардаптарының ӛте ауырлығы дәлелдеуді қажет етпейді.
Сол кездегі қазақ зиялыларының мәліметтері бойынша, ашаршылық апаты Алтайдан
Маңғыстауға дейінгі қазақ даласын түгел қамтыған. Бұл жылдары дәстүрлі мал
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
66
шаруашылығы күйзеліске ұшырады, бірден-бір тіршілік кӛзінен айрылған қазаққа біржолата
жойылу қаупі тӛнді.
КСРО-да жүргізілген күштеп ұжымдастыру науқаны Қазақ елін айналып ӛтпегені
белгілі. Жаппай тәркілеу құрығына шаруалармен қатар, дәулетті қазақ байлары мен кезінде
билік тізгінін ұстаған хандардың ұрпақтары ілікті [1].
Большевиктер ӛкіметті басып алғаннан кейінгі жылдары қазақ жері екі дүркін - 20-шы
және 30-шы жылдар басында жан түршігерлік ашаршылықты бастан ӛткерді. Осы
аштықтарда қазақтың қырылғаны қырылып, аман қалғаны бас сауғалап, тоз-тоз болып,
халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында қалды [2]. Ауа райының аса қолайсыз
құбылыстары, атап айтқанда, қуаңшылық, жерді кӛк мұз басуы т.б. салдарынан болатын
экономикалық күйзелісті ежелгі қазақтар жұт деп үрейленген. Қазақ «жұт – жеті ағайынды
содырмен сегіз, салақпен тоғыз, олақпен он» деген сӛздер де ертеден келе жатыр. 19 ғасырда
қазақ даласында 20 ірі жұт тіркелген.
Міне, осындай дүркін-дүркін жұттан аман қалған қазақ, большевиктер билікке
келгеннен кейінгі жағдайда оған тӛтеп бере алмады. Оның басты себебі, жұмысшы мен
шаруаның одағына негізделген пролетариат диктатурасының орнауы еді. Бұл тӛңкеріс
бастапқыда «әлемдік социализм» теориясына сәйкес Ресей империясына «эксперимент»
ретінде енгізілген-ді. 1917 жылғы үздіксіз революциялар, соның ішіндегі «социалистік
революция», «кеңестер» туралы В.И.Ленин: «Уақытша үкіметпен, буржуазия үкіметімен
қатар әлі әлсіз, жаңа ұрық салып келе жатқан… екінші үкімет – жұмысшы және солдат
депутаттарының Советтері құрылды. Бұл үкіметтің саяси сипаты қандай? Бұл –
революциялық диктатура, яғни орталықтандырылған мемлекеттік ӛкіметтің шығарған
заңына емес, .бұқара халықтың тӛменнен болатын тікелей бастамасына сүйенетін ӛкімет»
деп жазған еді. Алайда, бұл ӛкімет орталықтан шет жатқан Түркістан сияқты аймақтарда
Мұстафа Шоқайдың сӛзімен айтқанда, «... ӛліктердің үстінде әйелдер мен балалардың
ӛліктерін құрбандыққа шалып орнады». Билік үшін күресте большевиктердің толық жеңісі
немесе «социалистік революцияның салтанат құруы» – азамат соғысынан кейін ғана мүмкін
болды. Кеңес ӛкіметінің 1920 жылдан басталатын дербес билігі 1930 жылдары тоталитаризм
(лат. totalis – тұтастай, түгелдей) жүйесін туғызды. «Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам
ӛмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық
құқықтары жойылады, оппозиция мен ӛзге саяси ой ӛкілдері саяси қуғын-сүргінге
ұшырайды. Оның тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэдун, Солтүстік Кореяда
Ким Ир Сен режимі кезінде, сондай-ақ фашистік Италияда Б.Муссолини және Германияда
А.Гитлер тұсында орнады» [3].
Тоталитаризм орнаған КСРО-да 1920-30 ж.ж. байлар мен кулактарды тап ретінде жою
шаралары мен ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты жүзеге асырылды.
Нәтижесінде қазақ халқы алапат ашаршылыққа ұшырап, жаппай босқыншылықты бастан
ӛткерді. Кеңестік тоталитаризм зиялы қауым ӛкілдерін ұлттық саяси ұстанымдарына орай
«тап жаулары», «жат пікірдегілер» және «әлеуметтік қауіпті элементтер» ретінде қудалады.
А.Байтұрсынов, Ә.Бӛкейханов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов,
М.Тынышпаев, Т.Рысқұлов т.б. Алаш арыстары тоталитаризмнің құрбаны болды.
Қазақ ӛлкесін басқарған Ф.И.Голощекин (1925-1933) елдi индустрияландыру және
ұжымдастыру саясатын тездетті. Оған И.Сталиннің 1928 жылы 15 қаңтар – 6 ақпан
аралығындағы Сібірге сапарында (Новосибирск, Барнаул, Бийск, Рубцовка, Красноярск,
Омбы), Красноярскіде ӛткізген «Шығыс кеңесі» түрткі болды. КСРО-ның Бірінші адамы
елдегі астық дағдарысына тоқталып, «егер 1927 жылғы қаңтарда 428 млн. пұт дәнді астық
дайындап үлгірген болсақ, ал 1928 жылғы қаңтарда дайындалған астық 300 млн. пұтқа әрең
жеткенін, осы жетіспеушіліктің 128 млн. пұт болғанын» [4] тілге тиек етті. Осы сӛздерді
құлағы шалған жергілікті «шабармандар» астық дайындауда «асыра сілтеулерге» жол берді.
Соның салдарынан қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелдi, қазақ зиялыларының
мәліметтері бойынша, сол кезде 40,5 млн.-дай мал басы 4,5 млн.-ға қысқарғаны белгілі.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
67
Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы мен аштықтан босқан халықтың 24 пайызы, яғни
әрбiр тӛртiншi адам қазаға ұшырап отырған.
Осылайша, большевиктер жоспарға негiзделген экономиканың негiздерін қалады, ӛнер-
кәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуда сан қуып кетті. Ал, Қазақ даласында «папка ұста-
ған шолақ белсендiлер» кӛбейіп, кӛк аспанда «асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын»
ұрандары самғады. Патшалық биліктен мұраға қалған кеңестiк билiктiң ӛзге ұлттарды
отарлау саясаты, қаншама халықтың кӛз жасын кӛлдетіп, «жасанды» қасiретке душар еттi.
Әбден, ашыққан қазақтар шекаралас Қытай, Ресей, Қырғызстан, Ӛзбекстан, Түрікменстан
арқылы Моңғолия, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге асып кетіп жатты. Сол
жылдары осы елдерге табан тіремеген қазақ отбасы кемде-кем.
1928-1932 ж.ж. бірінші бесжылдық тұсында қазақ байларын тәркілеу саясаты күшіне
еніп, кеңестік билікке қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды күштеп
жер аударуға ұласты. Әсіресе, қазақ байлары қудаланды.
Ұжымдастыру науқанында Жетісуға әйгілі ірі ауқатты әулет Маман отбасынан 1720 ірі
қара, 13 ақ үй, 13 ағаш үй тәркіленген. Бұл әулеттің мүшелері қазаққа пайдалы істер
жасаумен танылған еді, айталық ғылым-білімнің қадірін ұққан Есенқұл Маманов жақсы
роман жазған адамға бәйге жариялаған болатын; Семей округінен Құнанбай – Абай
ұрпағынан Шәкәрім, Тұрағұл қудаланғаны белгілі. Сол кезде Тұрағұлдан небәрі 36 мал басы
тәркіленген екен. Семей қаласындағы ет және тері ӛнеркәсібінің негізін қалаған, 1918 жылы
М.Әуезовтің ӛтінішімен «Абай» журналын шығаруға қаржылай демеушілік танытқан, ірі
қазақ байларының бірі Қаражан Үкібаевтың мүлкі кәмпескеленеді.
Батыс ӛңіріндегі ауқатты адамдардың бірі, Сырым Датұлының шӛбересі Салық
Омаровтың мал-мүлкі тәркіленіп, ӛзі Жетісуға жер аударылады. Ол кезінде Жаһанша
Досмұхамедовтың Санкт-Петербургке оқуға түсуіне қаржылай кӛмек кӛрсетіп, Алаш
әскеріне 200 жылқысын берген адам. Сол сияқты Тұрағұл Ибрагимов алашордашы ретінде
Халел Ғаббасов, Мұсатай Молдабаевпен бірге Сібірге жер аударылған.
Ӛйткені, 1932 жылы Ораз Исаевтың Сталинге жолданған хатында жазылғандай:
«…Байлардың кӛптеген аудандарда белгілі бір табысқа жеткенін мойындау керек. Бұл 1930-
1931 жылдары байлардың Алтайдан Маңғыстауға дейін едәуір ірі-ірі контрреволюциялық
бас кӛтерулер ұйымдастыра алғанынан ерекше айқын кӛрінді» [5].
Бүгінге дейін Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мен ашаршылыққа қарсы бой
кӛтерулер туралы аз жазылған жоқ. Қазақ жерінде 1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды
қамтыған 372 шаруалар кӛтерiлiсі талқандалды. ОГПУ (Біріккен Мемлекеттік Саяси
Басқарма) мәліметтері бойынша, 1930 жылы қаңтар-сәуір айларында КСРО-да 1,8 млн.
адамды қамтыған 6 мыңдай шаруалар кӛтерілісі болған. Соның ішінде Қазақ даласындағы ірі
кӛтерілістер: Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Қарақалпақ (басмашылық кӛтеріліс – Тақтакӛпір),
Адай, Абыралы, Шыңғыстау, Батпаққара (Торғай – Әбдіғаппар хан), Балқаш, Жетісу,
Сарқанд, Қордай [6]. Қалай болғанда да, мұндай фактілер шаруалар кӛтерілісін беделді
адамдардың басқарғанын айғақтайды.
Қазақ халқының тарихындағы 1928-1933 жылдардағы ашаршылық бүкіл адамзат
тарихындағы ең зұлмат, жантүршіктірер нәубет болып табылады. «Осынау алапат аштық
ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатын бүркенгенімен, сол саясатқа мүлдем қарсы
әрекеттерге барып, кеңестік-тоталитарлық жүйенің қазақ халқының дәстүр, құқық, ӛзіндік
шаруашылық ерекшеліктерін аяқасты ету нәтижесінде тұтастай ұлтты қолдан жасаған
геноцид пен демографиялық детерминизмге алып келген қылмыстың ең ауыр түрінің
қайғылы нәтижесі. Демографтар сол жылдары жаппай қырғын болмаса, қазіргі таңда
қазақтардың саны 40 млн. адамға жетер еді дегенді алға тартады. Сондықтан да бұл нәубет
қазақ халқының ӛсімін кем дегенде 110 жылға артқа шегіндірді!
Достарыңызбен бөлісу: |