Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
68
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бүркітбай А. Ашаршылық ақиқатына жаңа кӛзқарас. www.google.kz.
2. Омарбеков Т. Ашаршылық ақиқаты. http://www //Үш қиян 2011ж.
3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 2006. – 704 б.-Т.8.- Б.458
4. Омарбеков.Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: Алматы: Санат, 1997. – 320 б. –
Б. 41
5. Қазақ қалай аштыққа ұшырады?. Алматы, 1991. – 206 б. – 26 б.
6. Буркитбай А. Красные и черные (материалы Гуверского архива). – Алматы, 2005. –
240 с. – С.82-89.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассматривается историческая истина голода казахского народа в
20-30 годы ХХ век.
S
UMMARY
Historical truth of Kazakh people`s famine is told in this article.
ӘОЖ9(с)55 Т 25
ДУЛАТ ТАЙПАСЫ ШАҒАТАЙ ҰЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА
С.Ә.Тортаев.-
п.ғ.к., профессор
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация: Мақалада моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алғаннан кейінгі дулат
тайпасының Шағатай ұлысының құрамына кіруі, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы,
ұлыстың ішкі және сыртқы саясаттағы белсенділігі, Моғолстан хандығын құруға қатысы
баяндалады.
Түйін сөздер: Дулат тайпасы, Шағатай ұлысы, Мәуераннахр, Қашғария, Қара
Кидандер, үйсін, Жетісу ӛлкесі, Болатшы, саяси-экономикалық жағдай, саясат.
ХІІІ ғасырдың 20-шы жылдарында қазіргі қазақ жері мен Орта Азияны жаулау
жорығын аяқтаған Шыңғысхан ӛзі басып алған аймақтарды балаларына бӛліп беріп, мәңгілік
мұрагерлікке қалдыруды ойластырды.
Рашид-ад-диннің айтуынша, оның ұлдары Жошы, Шағатай, Үгедей мен Толы (Тӛле)
жаңа құрылған ұлан-ғайыр моңғолдар державасының негізгі тӛрт тірегі қызметін атқарды.
Шыңғысхан оларды «тӛрт жұдырық» деп атады. Дулат тайпасы мекендеген аймақ сол тӛрт
жұдырықтың екіншісі Шағатайдың үлесіне тиді. Оның ұлысы, батысында Мәуереннахрды,
солтүстігінде Арал теңізі, Балқаш кӛлі, шығысында Алакӛлге дейінгі, оңтүстігінде
Үндістанға дейінгі аралықты қамтыды. Бұл мәселе бойынша деректерде әртүрлі пікірлер бар,
бірақ олардағы деректер бір-бірінен онша алшақ кетпейді. Солардың ішінен бірнеше мысал
келтіре кетелік.
Рашид-ад-диннің мәліметі бойынша Шағатайдың басқаруына Түркістан облысынан
бастап Амудария ӛзенінің сағасына дейінгі территория берілді.Ал Әбілғазы Шыңғыс хан
екінші ұлы Шағатайға «Мәуереннахрды, Хорезмнің бірсыпырасын, Ұйғыр, Хашафур,
Бадахшан, Балх және Ғазнинге, Сыр суына шейін берген», - деп жазады.
Ал Лэн-Пуль Стэнлидің мәліметі бойынша Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр мен
Трансоксиана (Бухария), Қашғарияның бір бӛлігі мен Бадахшан, Балх пен Газна жерлері
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
69
тиді. Үлкен энциклопедияда да Шағатай ұлысының құрамына Аму-дария мен Сырдарияның
аралығындағы жерлер, яғни Мәуереннахр түгел және Балқаш кӛлінің оңтүстігіндегі даланың
біраз бӛлігі кірді. Оның астанасы Іле ӛзенінің бойындағы Бес-балық қаласы болды делінген.
А.И.Левшиннің мәліметі бойынша ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарында Шағатай ұлысы
Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі аралықты, яғни, Жетісудың кӛп бӛлігін,
Мәуереннахр мен Шығыс Түркістанды қамтыды. Шағатайдың ордасы Іле бойында, Ел-
Аларгу облысының басты қаласы Алмалықтың маңында болды.
В.В.Бартольдтің мәліметі бойынша Шыңғысхан ӛлген жылы Шағатай жұрты
Ұйғыриядан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі және Оңтүстік Алтайдан Амударияға дейінгі
жерді алып жатты. Чан-Чунның мәліметіне сүйене отырып, В.Бартольд Шағатай ордасының
Іле ӛзенінің оңтүстігінде болғандығын дәлелдейді. Оның мәліметі бойынша Шағатайдың
жазғы ордасы Іле ӛзенінің бойындағы Күняш болды. Ол Кӛк тауының маңында, Алмалықпен
кӛрші мекен болатын. Қысты ол бәлкім сол Іле бойындағы Мераурик (немесе Мераузик) –
Ила жерінде ӛткізетін. Куняш (Күнәш – С.Т.) маңында Шағатай Құтылығ ( бақытты) деген
қыстақ салды. Чан-Чунның мәліметіне сүйене отырып В.Бартольд Шағатай ордасының Іле
ӛзенінің оңтүстігінде болғандығын дәлелдейді. Оның ойынша Джувейнидің Улуг-Иф (Үлкен
үй) деп атаған Шағатайдың мұрагерлерінің ордасы да сонда болған сияқты.
Рашид-ад-динге, Джузджаниге, А.И.Левшин мен Н.А.Аристовқа сүйене отырып
М.Тынышпаев Шағатай ұлысының құрамына «наймандар елінен Жайхун (Амудария)
жағалауларына дейінгі Туран-Замин кірді. Солтүстік шекарасы Балқаш кӛлінің оңтүстік
жағалаулары» болды десе, Ш.Құдайбердіұлы: «Үлкен Алатаудың екі жағын, Мәуереннахрды
Шағатай деген баласына берді»,- дейді. Ал қырғызстандық зерттеуші О.Қараевтың
мәлімдеуінше Шағатайдың үлесіне ұйғырлар елінен Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлер
тиді. Оның ордасы Алмалықтың батысында (қираған орны Құлжа қаласының маңында)
орналасты. Ол Куняш және Улуг-Иф (яғни Улуг-уй – үлкен үй) деп аталды. «Шағатайдың
үлесіне Қашқария, Жетісу, Мәуераннахр тиді», - деп осы аталған авторлардың пікірін
Н.Мыңжан да қайталайды.
Сонымен Шағатайдың үлесіне тиген жерлер дулаттар отырған бұрынғы Қара Кидандар
мемлекетінің жерлері, Батыс Уйгурия болатын. Оның шығыстағы шекарасы Іле ӛзеніне
барып тірелетін, батысы Сырдарияның бастауынан да әрі кетсе, оңтүстігінде Амо ӛзеніне,
солтүстігінде Цуй ӛзенінің саласымен Сібірге дейін жететін. «Шағатайдың үлесі негізінде
Шағатай хандығы құрылып, оның астанасы Алимар қаласы болды». Қазақ тарихын
зерттеушілердің бірі Ә.Хасенов «Моңғол империясы дәуірлеген тұста дулат тайпасы ӛзінің
ежелгі қонысында Ташкент іргесі, Шыршық, Талас, Шу ӛзендерінің бойында отырған», -
деген тұжырым жасаған. Осы айтылған пікірлерді саралай келіп, Шағатай ұлысы батысында
Амудария ӛзенінен – шығысында Алакӛлге дейінгі аралықты қамтыған деген тұжырым
жасаймыз.
Дулат
тайпасы
сол
Шағатай
ұлысының
құрамына
кірді.
Оған
дәлел
Ш.Құдайбердіұлының: «Балқаш, яғни, Теңіз кӛліне құятұғын Қаратал ӛзенінен Сырдария
һәм Шыршық ӛзеніне шейін қаңлы, дулат нәсілі». ...Шағатай ұлысы болып жүрген алғашқы
елі мыналар: арғын, керей, керейт, ұлы жүздегі дулат. Дулат Қаратал ӛзені мен Шу ӛзені
арасында болды», - деп жазуы.
Қазақ руларының тарихын зерттеген әйгілі ғалымдардың бірі М.Тынышпаев «Уйсуны,
аргыны, найманы, кереи были тогда в Чагатаевом улусе», - деп кӛрсеткен болатын. Үйсін
Шағатай ұлысында болса, ол үйсін тайпасының құрамындағы дулат та сол ұлысқа кірді деген
сӛз.
Қырғызстандық тарихшы Шағатай ұлысының тарихын, этникалық құрамын зерттей
келе, дулаттардың ол ұлысқа ХІІІ ғасырда қоныс аударғанын жазады. Бұл пікір басқа
зерттеушілердің тұжырымдарына сай келмейтіндігін атап ӛтеміз. Біз дулаттардың Жетісу
ӛңірінде моңғол жаулап алуының қарсаңында ӛмір сүріп жатқандығын қолдаймыз.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
70
Дегенмен, осы автордың «олардың негізгі бӛлігі Шығыс Түркістанға орын тепті. Олар басқа
да тайпалармен бірге Жетісуда және Тянь-Шаньда кӛшіп жүрді», - деген пікірімен келісеміз.
«Большая энциклопедия» деген кітаптың мәліметі бойынша дулат тайпасы «батыс
Тянь-Шаньды жағалай Іле ӛзенінен Сырдарияға және Шыршыққа дейінгі аралықты
мекендейтін». Дулаттардың негізгі бӛлігінің Шығыс Түркістанға барып қоныстануына тайпа
басшысының билігіне Қашғарияның берілгендігі себеп болды деп санаймыз. Бұл мәселе
Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде былайша баяндалған: «Шағатай хан ӛз иеліктерін
бӛліске салғанда Болатшының атасы Ӛртӛбеге «Маңлай Субе» тиген екен. Сонан бері ХVІ
ғасырдың басына дейін Маңлай Сүбе мен Жетісуда дулат тайпасының кӛсемі Ӛртӛбенің
үрім-бұтақтары ұлысбегі болған. Маңлай Сүбенің (Күнгей бет) шығысы Құсан және
Тарбұғыр, ал батысында бұл жерлер Самғар және Жакшиман (Жақсыман), яғни, сол кездегі
Ферғана уәлаятының шеткі аймағы саналатын. Ал солтүстігін Ыстық кӛл алып жатыр.
Оңтүстігі Черчен мен Сары Ұйғыр. Осы аймақты Маңлай Сүбе деп атайды. Мұнда әмір
Болатшы билік ететін. Бұл ӛлкеде біршама қалалар бой кӛтерген еді. Олардың ең үлкені
Қашқар, Хотан, Жаркент, Қаша, Ахсикент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы, Құсан еді».
М.Х.Дулатидың ӛмірі мен қызметін терең зерттеген белгілі тарихшылардың бірі
Б.Р.Қожабек-Албани «...Шағатай хандары дулаттарға күнгей бетті ғана емес, Қашқарға
тартылған керуеннің авангарды – маңғылайын, қарабұлсысын да берген. Оған дәлел – бұл
атаулар Моғолстан мен Әбілхайыр хандығында жиі қолданылады», - деп кӛрсетеді. Сӛйтіп,
Шағатай ұлысындағы дулат тайпасы солтүстігінде Қаратал ӛзені мен Балқаш кӛлі,
батысында Ташкент пен Түркістан, оңтүстігінде Қашғар, Атбасы, шығысында Алмалық
аралығын мекендеді.
Маңлай Сүбенің ең үлкені, яғни, орталығы Қашқар қаласы және оның тӛңірегі
моңғолдар державасына 1220 жылы қосып алынды. Деректер бойынша ол қосылу бұрынғы
кездердегі қытай, араб, қара-қытайлар жаулап алушылығындай қырып-жою, қан тӛгу арқылы
емес, бейбіт жолмен ауыр зардапсыз жүргізілді. Сонан кейінгі моңғолдардың «жарқын
патшалығы кезінде Қашғария гүлденудің бұрын-соңды болып кӛрмеген шыңына кӛтерілді».
Діни шыдамдылыққа байланысты мұсылман діні ӛзінің қатаң тәртібін біраз жұмсартты.
Қашғарияның кӛптеген қалалары ӛздерінің Қытай мен Батыс Түркістан арасындағы саудада
ұтымды жағдайын пайдаланып, бұл саладағы маңызын арттыра түсті.
Шығыс Түркістандағы дулаттардың мұндай ӛсіп-ӛнуі, экономикалық жағдайының
ӛркендеуі ұзаққа созылмады. 1242 ж. Шағатай қайтыс болған соң Шығыс Түркістан, ондағы
Қашғария Шыңғыстық әулеттің бір ӛкілінен екіншісіне ӛтіп, бірнеше рет бӛліске түсті, ӛзара
қырқыстың себепкері болды.
Енді халқының едәуір бӛлігін дулаттар құраған Шағатай ұлысының саяси, әлеуметтік-
экономикалық жағдайларына тоқталайық. Ал бұл жағдайлардың қандай болғандығы
кӛбінесе ұлысты басқарушылардың қабілеті мен жеке басының қасиеттеріне байланысты
екендігі де белгілі. Олай болса ең алдымен Шағатайдың ӛмірбаянына қысқаша тоқтала
кетелік. Шағатай–Шыңғысханның бәйбішесі Бӛртеден туған екінші баласы. Шыңғысханды
зерттеуге ӛмірінің жиырма жылын арнаған Сайшиял Зан Зен Пейдің еңбегіне сүйене отырып
Шағатай 1183 жылы туған деп жазады. Ол бірбеткей, тік мінезді ержүрек қолбасшы болған.
Кейде тіпті ӛрескел, құтырған мінез де кӛрсетіп қалатын. Ол хан әкесінің үлкен істерінде
ынта-жігерлілік кӛрсетіп отырды.
1211 ж. Шыңғысхан Алтын әулетті жаулауға аттанғанда Шағатай ағасы Жошымен, інісі
Үгедеймен бірге оң жол әскерін басқарды. 1219 ж. Хорезмге аттанғанда оған Отырар мен
Үргенішті бағындыру міндеті жүктелді. Шағатай мен Үгедейдің басшылығымен моңғол-
түркі әскері Отырарды жарты жылдай шабуылдады. 1220 жылғы кӛктемде ғана қала берілді.
Онан кейін 1221 жылғы наурыз-сәуір айларында Жошымен, Үгедеймен бірге Үргенішті
алуға қатысты. Осы қаланы алу кезінде Шағатай Жошының бұйрығын орындамай, оған
қарсы шыға берген соң, Шыңғысхан бас қолбасшылықты Үгедейге жүктеді. Ал, Жошы
әскерін алып, ӛз ұлысына қайтты.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
71
Бұл жерде Шағатайға байланысты мынадай бір оқиғаны айта кетелік. Бамиян қамалын
басып алу кезінде қаңғыма оқтан Шағатайдың ӛте жақсы кӛретін үлкен ұлы Мутуген
(Мугадуган) қаза тапқан болатын. Үргеніш алынғаннан кейін Шыңғысхан балалары
Шағатай, Үгедей, Тӛлемен тамақ ішіп отырып, оларға ашуланып, қабағын шыта қарапты.
Әсіресе, Шағатайға сұқтана қарай беріпті. Шағатай қатты абыржып қорыққанынан «ӛлсем де
хан әкенің әміріне қарсы шықпаймын» деп күмілжи беріпті. Сонда Шыңғысхан одан: «Сен
шын айтасың ба? Сен ӛз сӛзіңде тұрасың ба?» деп сұрапты. Шағатай ӛлсем де сӛзімде
тұрамын деген соң Шыңғысхан: «Сенің балаң Мугадуган (Мутуген – С.Т.) кездейсоқ
оқиғадан қайтыс болды, сен қайғырып, азап шекпе», - депті.
Бұл хабарды естігенде Шағатайдың кӛзі қарауытып, терең шұңқырға құлап кеткендей
күй кешіпті. Бірақ әкесінің бұйрығы есіне түсіп, ӛзін қолға алады, тамағына тығылған қасірет
кесегін қайта жұтып қояды. Алдындағы тамағын жеп болғанша кӛз жасына ерік бермей,
далаға шығады. Сонда ғана қайғысына ерік беріп, есі ауғанша іштегі құсасын сыртқа
шығарыпты. Бұл оқиға Шағатайдың хан-әкеге шексіз берілгендігінің, оны шын
сыйлағандығының белгісі еді.
Шағатай ұлысының Үгедей хан ӛлгенше (1241 ж.) жартылай да тәуелсіздігі болған жоқ.
Ұлыс Ұлы ханға толық бағынышты болды. Бұл кезде империя ішінде ӛзара қырқыстар
болған жоқ. Ол тыныштық дулаттар үшін қауіпсіздік, бейбіт еңбек, ӛсіп-ӛну кезі болды.
Мұндай тыныштыққа Шағатай мен Ұлы хан Үгедейдің бір-біріне деген сыйластығы да
септігін тигізді. Шағатай Үгедеймен үнемі тату-тәтті қатынаста болған. Оның таққа отыруын
шын кӛңілмен қолдаған. 1230 ж. Үгедей Алтын әулетіне қарсы соғысқа аттанғанда оған ӛз
әскерімен Шағатай да қосылған. Жиюн Зеудегі үш шың үшін шайқаста ерлік кӛрсетіп,
мақтауға ие болды. 1235 ж. моңғол басшылары батысқа екінші жорық жасамақ болғанда
Шағатай ол жорыққа үлкен ұлдарды аттандыруды ұсынды. Бұл жорық тарихқа «Үлкен
ұлдардың жаулап алушылығы» деген атпен енді.
Үгедей Ұлы хан болып сайланғаннан кейін Шағатай інісіне зор сый-құрмет кӛрсетіп,
ӛзін оған бағынышты министр ретінде ұстады. Сайшиял мынадай аңызды мысалға келтіреді.
Үгедей хан ағасы Шағатаймен шарап ішіп, қызып қалады. Екеуі атқа мініп, серуенге
шыққанда Шағатай астындағы атының Үгедей мінген аттан мықты екенін біле тұра
жарысуды ұсынады. Шағатайдың аты озып кетеді. Түнде ұйқыдан оянып, күндізгі ұлы
ханмен жарысқаны, оны басып озғаны есіне түсіп, бұл қылығының салт-дәстүрге лайық емес
екеніне қатты ұялады. Сол қылығы үшін таңертең ханның сарайына келіп, Үгедейге: «Кеше
мен хан иемнің алдында салтты бұздым. Жазамды алуға келдім. Ұру немесе ӛлтіру хан
иемнің қолында» - деп аяғына жығылыпты. Үгедей ханның кӛңілі босап, бір-екі жұмсақ
сӛзбен кінәлаумен шектеліпті. Шағатай ханның қайырымдылығына қатты риза болып, оған
81 ат сыйлапты. Бір нӛкеріне «Хан Шағатайды ӛлім жазасынан құтқарды» деп жар
салғыздырды.
Үгедей де Шағатайды аға тұтып, құрметтеді, маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша
онымен ақылдасып отырды. 1236 ж. Қытайда отбасы санының есебі алынды. Оларды ханның
туыстары мен министрлердің арасында бӛлгенде Шағатайға 47330 отбасы берілген. Сонан
кейін Шан Зеуден бір түмен отбасы тиіпті.
Шағатай Шыңғысхан орнатқан билік пен тәртіпті мүлтіксіз сақтап, заңды бұзушыларды
қатаң жазалап отырды. Шыңғысханның адалдық, адамгершілік жӛніндегі ӛсиеттерін ӛте
жоғары бағалап, басшылыққа алып отыратын Ялауаштың Масхуд деген баласына Шағатай
барлық шаруашылық жұмыстарды тапсырды.
Осы қысқаша ӛмірбаянынан заңды жақсы біліп, оны қатал сақтаған Шағатайдың
иелігіндегі дулаттардың ешқандай зорлық-зомбылыққа, қудалаушылыққа ұшырамағанын
байқаймыз. Жоғарыда айтылғандай, дулаттардың мекені де моңғолдар державасының
құрамына қосып алынғаннан кейін жаңа мемлекетте әсіресе сауданың қызу дамуына жете
мән берілді. Ол сауданың дәлелі – деректерде кездесетін Шағатай теңгелері болып табылады.
Шағатай ұлысының алтын теңгелері Алмалық қаласында соғылған.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
72
Ол деректің бірінде теңгелердің Шыңжаң жерінен табылғандығы айтылады.
«Шағатайлық теңге-тиындардың ең мол табылған жері – Үрімжінің батысынан 30 км.
келетін жердегі Санжы қаласының іргесіндегі ортағасырлық Чамбалық қаласының жұрты.
Ондағы құмырашылық шеберханасының орнынан табылған қыш құмыраның ішінен 1370
дана әр түрлі алтын, күміс теңгелер шыққан. Олардың ішіндегі 1364 дана күміс теңге
Шағатай ұлысының, 4 дана алтын теңге Алтын Орда хандығының, 1 дана күміс теңге Илхан
ұлысының ақшасы болып шыққан. Теңгелер ХІІІ ғасырдың 40-шы жылдарынан ХІҮ
ғасырдың басы аралығында Алмалықта, Ходжендте, Самарқандта, Қашқарда, Бұхарада,
Таразда және Хорезмде соғылған. Бұдан ӛзге шағатайлық теңгелерден Оңтүстік
Шыңжаңдағы Күшар ауданынан 100-ден астамы, Солтүстік Шыңжаңдағы Мори мен Шонжы
ауданынан 100-ден астам күміс теңге, Фукан қаласының жанындағы ортағасырлық Күлік
қала жұртынан 10 шақты алтын теңге, Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс етегіндегі
Боротала облысы аумағындағы Далта қала жұртынан (ортағасырлық Болат қаласы) 35 дана
алтын теңге, сондай-ақ соңғы жылдары кӛне Алмалық қаласының жұртынан да бірсыпыра
шағатайлық алтын-күміс теңгелер үздіксіз табылған, соңғы екі қаладан табылған теңгелер
сол жердің ӛзінде соғылған екен.
Жалпы Шыңжаңнан табылған шағатайлық теңгелердің дені Алмалықта соғылған, онан
қалса «Ұлуқ Орда» деп аталған жерде, Қашқарда, Таразда және т.б. жерлерде соғылған.
Алмалық ұлыстың ірі орталық қалаларының бірі болған». Сауда дамып, экономика
жанданғаннан кейін дулаттар жерінде біраз уақыт тұрақтылық орнағаны байқалады. Оған
дәлел–деректерде билік үшін, жер үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін күрес, ӛзара
қырқыстар туралы мәліметтердің кездеспейтіндігі. Бұл кезде дулат тайпасы алаңсыз ӛмір
сүріп жатты. Рас, Шағатай христиандарды қолдап, оларға қамқорлық жасап отырды. Ислам
дініндегі мұсылмандардың мүддесіне ұлы ханның кейбір ережелері (талаптары) қарама-
қайшы келіп отырды. Мысалы, моңғолдар заңы бойынша ағын суға түсуге, сойылатын
малды бауыздауға тиым салынды. «Шағатай ӛлтірілген мұсылман туралы хабар берген әрбір
адамға бір бәліш алтын (500 динар) сыйлап отырған». Бірақ Шағатайдың жақын
адамдарының ішінде мұсылмандар да болған. Мысалы тәжік нәсілінен шыққан бай кӛпес
Кутб-ад-дин Хабаш Амид Шағатайдың бажасы болғандықтан оның ең сенімді адамының бірі
еді.
Шағатайдың тӛрт мыңдық жергілікті (моңғолдық?) полкі табиғи жолмен ӛсіп-ӛніп,
кӛбеюі мүмкін еді. Бірақ ол үшін ұзақ уақыт, әрі қолайлы жағдай керек болатын. Ал ондай
ыңғайлы жағдай бола қоймады. Шағатайдың тек жергілікті моңғолдардан ғана емес, сондай-
ақ моңғолдана бастаған жалайыр сияқты түркіліктерден де тұратын әскері қаптаған
кӛшпенді түркілердің ортасына түсті. Сӛйтіп біріншіден, жергілікті халықтардың
моңғолдануының орнына моңғолдың шағатайлық ұланы біртіндеп түркіленіп кетті;
екіншіден Шағатайдың кезінде армияның басым кӛпшілігі жергілікті түркілерден тұратын
болды. Шыңғысхан ӛзі құрған империяны кӛшпенділердің жеңілген отырықшы халыққа
үстемдік орнатуы деп түсінді. Оның ойынша отырықшы халықтарды үстемдік
жүргізушілердің қажетін ӛтеп отырулары үшін кӛшпенділердің қолына құдайдың ӛзі берді.
Осы бағытты ұстанған Шыңғысханның балалары мен немерелерінің билігі кезінде Шағатай
ұлысының шығысында тұрып жатқан кӛшпенді дулат тайпасының мерейі үстем болып,
ұлыстағы билікке араласа бастады.
Уақытының бәрін інісі Үгедейдің қасында ӛткізіп, Шағатай ӛз ұлысында аз-ақ тұрды.
Барлық басшылық Қарағар нойонға жүктелді. Ол биліктен Шағатайдан кейінгі Есу-Мӛңке
мен Қара-Хулагу хандардың тұсында да айырылған жоқ. Оның билігі кезінде тұрақтылық
орнап, дулат, т.б. тайпалар бейбіт ӛмір сүрді. Сонымен, Шағатай ұлысының шығыс бӛлігін
мекендеген дулаттар үшін моңғолдар билігінің алғашқы қырық жылы бейбітшілік,
тыныштық пен тұрақтылық кезеңі болды. Бірақ ол тұрақтылық 1260 ж. ұлы хан билігі
Хұбылайға кӛшкен соң бұзылып, қанды анархияға айналды. Дулаттар елінің экономикалық-
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
73
мәдени дамуы дағдарысқа ұшырады. Ол дағдарыс дулаттардың саяси белсенділігін
арттырып, ұлыстың шығыс бӛлігінің дербес Моғолстан мемлекетіне айналуына себеп болды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. ІХ т. Арғын. 1 кітап. – Алматы, 2007.
2. Рашид-ад-дин. Сборник летописей. Т.1. кн.2. -69 б.
3. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1991. -102 б.
4. Стэнли Л.-П.Мусульманские династии. // Абул-Гази-Багадур-хан. Родословное древо
тюрков. – М.-Т.-Б., 1996. -461 б.
5. Большая энциклопедия. Под ред. С.Н.Южакова. Т.8. – СПб., 1905. -392, 774 с.
6. Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья. -Фрунзе, 1943. 43 -46 с.
7. Тынышпаев М. История казахского народа. -Алматы, 1993. -76 б.
8. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1991.19,33-40
б.б.
9. Караев О. Чагатайский улус. Государство Хайду. Могулистан. Бишкек, 1995. -17, 128
б.
10. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. -Алматы, 1994. -199 б.
11. Сайшиял. Сказание о Чингисхане. - 401 б.
12. Хасенов Ә. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны. – Алматы, 1996. -161 б.
13. Материалы к истории киргиз-казакского народа. – Ташкент, 1925. -57 б.
14. Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы, 2003. - 45 б.
15. Қожабек-Албани Б.Р. Мұхаммед Хайдар Дулати. – Алматы, 2000. -117 б.
16. Кашгария. Историко-географический очерк страны. – СПб., 1879. -79 б.
17. Сайшиял. Сказание о Чингисхане. – Улан-Удэ, 2006. - 388, 400 б.
18. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Т.2. – Алматы, 2005. -47-48 бб.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются проблемы социально-экономического, политического
положения племени Дулат со времени монгольского завоевания, активное участие его в
образовании Моголистана.
Достарыңызбен бөлісу: |